Жаңақала ауданы Бірлік ауылдық округі Бірлік ауылының көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 25 қарашадағы № 10 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 18 желтоқсанда № 4183 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Бірлік ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Бірлік ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жаңақала ауданы Бірлік ауылдық округі Бірлік ауылының "Қазақ ССР 60 жылдық" көшесі "Тәуелсіздік" көшесі деп қайта аталсын.
      2. Бірлік ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (А. Жақсыбаев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ауылдық округ әкімі Е. Еслямгалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады