Казталов ауданы әкімінің 2013 жылғы 30 қаңтардағы "Казталов ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" № 1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 4 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 наурызда № 3859 болып тіркелді

і      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Жаңажол ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 84 ұсынысына сәйкес, Казталов аудандық сайлау комиссиясының келісімі бойынша аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Казталов ауданы әкімінің 2013 жылғы 30 қаңтардағы № 1 "Казталов ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3192 тіркелген, 2013 жылғы 8 наурыздағы "Ауыл айнасы" газетінде жарияланған) шешімінің қосымшасына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      27 -тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "27. № 245 сайлау учаскесі.
      Шекаралары: Жаңажол, Танат ауылдары, Қараоба, Айғанша, Дәсі, Ақкөл, Құлақ, Сад, Малақан, Қаражыра, Сұлтаншеген ауылшаруашылығы мекендері.
      Дауыс беру үшін учаскенің орналасқан жері: Жаңажол ауылы, С. Датұлы көшесі, 25 үй, ауылдық мәдениет үйі.";
      38 -тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "38. № 256 сайлау учаскесі.
      Шекаралары: Көмекші ауылы, Төремұрат, Жылти, Нарөлген, Байжиен ауылшаруашылығы мекендері.
      Дауыс беру үшін орналасқан жері: Көмекші ауылы, С. Зұлқашев көшесі, 11/1 үй, ауылдық клуб.".
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы М. Құсайыновқа жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы

Н. Құтхожин

      КЕЛІСІЛДІ:
      Казталов аудандық сайлау
      комиссиясының төрағасы
      Н. Құтхожин
      12 наурыз 2015 ж.



О внесении изменений в решение акима Казталовского района от 30 января 2013 года № 1 "Об образовании избирательных участков на территории Казталовского района"

Решение акима Казталовского района Западно-Казахстанской области от 19 марта 2015 года № 4. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 20 марта 2015 года № 3859

      В соответствии с Конституционным Законом Республики Казахстан от 28 сентября 1995 года "О выборах в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и по представлению акима Жанажолского сельского округа от 3 марта 2015 года № 84, по согласованию с Казталовской районной избирательной комиссией аким района РЕШИЛ:
      1. Внести в приложение решения акима Казталовского района от 30 января 2013 года № 1 "Об образовании избирательных участков на территории Казталовского района" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3192, опубликованное 8 марта 2013 года в газете "Ауыл айнасы") следующие изменения:
      пункт 27 изложить в следующей редакции:
      "27. Избирательный участок № 245.
      Границы: села Жанажол, Танат, сельскохозяйственные пункты Қараоба, Айғанша, Дәсі, Ақкөл, Құлақ, Сад, Малақан, Қаражыра, Сұлтаншеген.
      Место расположение участка для голосования: село Жанажол, улица С. Датулы, дом 25, сельский дом культуры.";
      пункт 38 изложить в следующей редакции:
      "38. Избирательный участок № 256.
      Границы: село Комекши, сельскохозяйственные пункты Төремұрат, Жылти, Нарөлген, Байжиен.
      Место расположение участка для голосования: село Комекши, улица С. Зулкашева, дом 11/1, сельский клуб.".
      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на руководителя аппарата акима района М. Кусаинова.
      3. Настоящее решение вводится в действие со дня первого официального опубликования.
 
 

      Исполняющий обязанности
      акима района

Н. Кутхожин

      СОГЛАСОВАНО:
      председатель Казталовской
      районной избирательной комиссии
      Н. Кутхожин
      12 марта 2015 г.