і Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Жаңажол ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 84 ұсынысына сәйкес, Казталов аудандық сайлау комиссиясының келісімі бойынша аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Казталов ауданы әкімінің 2013 жылғы 30 қаңтардағы № 1 "Казталов ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3192 тіркелген, 2013 жылғы 8 наурыздағы "Ауыл айнасы" газетінде жарияланған) шешімінің қосымшасына мынадай өзгерістер енгізілсін:
27 -тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"27. № 245 сайлау учаскесі.
Шекаралары: Жаңажол, Танат ауылдары, Қараоба, Айғанша, Дәсі, Ақкөл, Құлақ, Сад, Малақан, Қаражыра, Сұлтаншеген ауылшаруашылығы мекендері.
Дауыс беру үшін учаскенің орналасқан жері: Жаңажол ауылы, С. Датұлы көшесі, 25 үй, ауылдық мәдениет үйі.";
38 -тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"38. № 256 сайлау учаскесі.
Шекаралары: Көмекші ауылы, Төремұрат, Жылти, Нарөлген, Байжиен ауылшаруашылығы мекендері.
Дауыс беру үшін орналасқан жері: Көмекші ауылы, С. Зұлқашев көшесі, 11/1 үй, ауылдық клуб.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы М. Құсайыновқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы |
Н. Құтхожин |
КЕЛІСІЛДІ: |