Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қаратөбе ауданы бойынша нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. "Қаратөбе ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 16 қаңтардағы № 26 "Қаратөбе ауданы бойынша нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3420 тіркелген, 2014 жылғы 26 ақпанда "Қаратөбе өңірі" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Аудан әкімі аппаратының басшысы (К. Суйеугалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Өмірзақовқа жүктелсін.
6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Шахаров |
Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы № 8 қаулысына қосымша |
Қаратөбе ауданы бойынша нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі
1. Бір жылдан астам жұмыс істемеген адамдар;2. 50 (елу) жастан асқан адамдар;
3. Бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарының түлектері;
4. Алған мамандық бойынша еңбек өтілі және тәжірибесі жоқ жастар;
5. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның жолдамасы бойынша оқуды бітірген тұлғалар.