"Қаратөбе ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 79 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 мамырда № 3917 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 10 ақпандағы № 17 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 10.02.2017 № 17 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" № 148 Заңын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Қаратөбе ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. "Қаратөбе ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Аудан әкімі аппаратының басшысы (К. Суйеугалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. Иманғалиевке жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А. Шахаров

  2015 жылғы 29 сәуірдегі № 79
Қаратөбе ауданы әкiмдiгiнiң
қаулысымен бекiтiлдi

"Қаратөбе ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Қаратөбе ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі аудан аумағында ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Қаратөбе ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Қаратөбе ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Қаратөбе ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Қаратөбе ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Қаратөбе ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қаратөбе ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Қаратөбе ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 090800, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылы, Ғ. Құрманғалиев көшесі, № 19. 
      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қаратөбе ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже "Қаратөбе ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Қаратөбе ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. "Қаратөбе ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Қаратөбе ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Қаратөбе ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Қаратөбе ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. "Қаратөбе ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
      Қаратөбе ауданының жергілікті атқарушы органының қызметін сапалы және мерзімді ақпараттық-талдаулық қолдау және ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз ету.
      14. Міндеттері:
      "Қаратөбе ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеті ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.
      15. Функциялары:
      1) агроөнеркәсiптiк кешен субъектілерін заңнамаға сәйкес және осы саладағы және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру;
      2) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
      3) ауылдық аумақтарды дамытудың мониторингін жүргізу;
      4) елді мекендерде ауыл шаруашылығы малын ұстау мен жаюдың ережелерін әзірлеу;
      5) агроөнеркәсiптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргізу және оны облыстың жергілікті атқарушы органына (әкімдігіне) беру;
      6) тиісті өңірде азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізу және облыстың жергілікті атқарушы органына (әкімдігіне) есептілік ұсыну;
      7) "Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі" конкурсын өткізу;
      8) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады;
      9) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады;
      10) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізуді жүзеге асырады;
      11) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына емтихандар қабылдау және куәліктер беруді жүргізеді;
      12) заңнамада белгіленген тәртіппен ауыл шаруашылығы саласындағы субсидия төлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмыс органын ұйымдастырады және жүзеге асырады;
      13) иесі жоқ жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
      14) ауданның жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
      15) жер қойнауын пайдаланудың мемлекеттік геологиялық зерттеуге және барлауға байланысты мақсаттары үшін жер учаскелерін беру жөніндегі аудандық атқарушы органның ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
      16) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөніндегі ұсыныстар дайындау;
      17) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
      18) мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;
      19) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
      20) ауданның жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
      21) елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
      22) жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;
      23) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;
      24) ауданның жер балансын жасау;
      25) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;
      26) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;
      27) жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
      28) ауданның жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөніндегі ұсыныстар дайындау;
      29) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
      30) пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланып жатқан жерді анықтау;
      31) жерді резервке қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
      32) жер-кадастрлық жоспарды бекіту жатады.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтауға;
      2) заңнамаларда белгіленген тәртіппен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапты болуға;
      4) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;
      5) мемлекеттік органдардың иелігіндегі ақпараттық деректер банкін пайдалануға;
      6) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдармен және мемлекеттік емес мекемелермен және ұйымдармен "Қаратөбе ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзырына жатқызылған мәселелер бойынша қызметтік хат алмасуға;
      7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

3. "Қаратөбе ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      17. "Қаратөбе ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Қаратөбе ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. "Қаратөбе ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. "Қаратөбе ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады, оған басшылық жасайды және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауап береді;
      2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) заңнамаларда белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және ынталандыру бойынша шараларды алады, өз құзіретіне жататын еңбек қатынастарының мәселелерін шешеді;
      4) бұйрықтарға қол қояды;
      5) барлық мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;
      6) мемлекеттік функцияларды атқарумен байланысты емес, үшінші жақтарға қатысты мемлекеттік мекеме атынан шешім қабылдауға сенімхат береді;
      7) сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауапты болады;
      8) мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің, заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің, Үкімет қаулыларының және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі өкімдерінің, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі мен әкімінің, аудан әкімдігі мен әкімі актілерінің, әкім орынбасарларының тапсырмаларының, өз өкілеттіктері шегінде қабылдаған облыстық және аудандық мәслихат актілерінің жедел және нақты орындалуы үшін дербес жауапты болады;
      9) өзіне жүктелген міндеттердің орындалмағаны үшін заңнамада белгіленген тәртіппен жауапты болады;
      10) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Қаратөбе ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. "Қаратөбе ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      20. "Қаратөбе ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Қаратөбе ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      21. "Қаратөбе ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қаратөбе ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Қаратөбе ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      23. "Қаратөбе ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения о государственном учреждении "Отдел сельского хозяйства и земельных отношений Каратобинского района"

Постановление акимата Каратобинского района Западно-Казахстанской области от 29 апреля 2015 года № 79. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 29 мая 2015 года № 3917. Утратило силу постановлением акимата Каратобинского района Западно-Казахстанской области от 10 февраля 2017 года № 17

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Каратобинского района Западно-Казахстанской области от 10.02.2017 № 17 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Руководствуясь Гражданским кодексом Республики Казахстан от 27 декабря 1994 года, Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 148 "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан" акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемое Положение о государственном учреждении "Отдел сельского хозяйства и земельных отношений Каратобинского района".
      2. Государственному учреждению "Отдел сельского хозяйства и земельных отношений Каратобинского района" принять необходимые меры вытекающие из настоящего постановления, в соответствии с действующим законодательством.
      3. Руководителю аппарата акима района (К. Суйеугалиев) обеспечить государственную регистрацию данного постановления в органах юстиции, его официальное опубликование в информационно-правовой системе "Әділет" и в средствах массовой информации.
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Р. Имангалиева.
      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.
      Аким района А. Шахаров

  Утверждено
постановлением акимата
Каратобинского района
от 29 апреля 2015 года № 79

Положение о государственном учреждении
"Отдел сельского хозяйства и земельных отношений Каратобинского района"

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Отдел сельского хозяйства и земельных отношений Каратобинского района" является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере сельского хозяйства и земельных отношений на территории района.
      2. Государственное учреждение "Отдел сельского хозяйства и земельных отношений Каратобинского района" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, и иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      3. Государственное учреждение "Отдел сельского хозяйства и земельных отношений Каратобинского района" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      4. Государственное учреждение "Отдел сельского хозяйства и земельных отношений Каратобинского района" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      5. Государственное учреждение "Отдел сельского хозяйства и земельных отношений Каратобинского района" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      6. Государственное учреждение "Отдел сельского хозяйства и земельных отношений Каратобинского района" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя государственного учреждения "Отдел сельского хозяйства и земельных отношений Каратобинского района" и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      7. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Отдел сельского хозяйства и земельных отношений Каратобинского района" утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      8. Местонахождение юридического лица: индекс 090800, Республика Казахстан, Западно-Казахстанская область, Каратобинский район, село Каратоба, улица Г. Курмангалиева, № 19.
      9. Полное наименование государственного органа – государственное учреждение "Отдел сельского хозяйства и земельных отношений Каратобинского района".
      10. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения "Отдел сельского хозяйства и земельных отношений Каратобинского района".
      11. Финансирование деятельности государственного учреждения "Отдел сельского хозяйства и земельных отношений Каратобинского района" осуществляется из местного бюджета.
      12. Государственному учреждению "Отдел сельского хозяйства и земельных отношений Каратобинского района" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения "Отдел сельского хозяйства и земельных отношений Каратобинского района".
      Если государственному учреждению "Отдел сельского хозяйства и земельных отношений Каратобинского района" законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности государственного учреждения "Отдел сельского хозяйства и земельных отношений Каратобинского района"

      13. Миссия государственного учреждения "Отдел сельского хозяйства и земельных отношений Каратобинского района":
      качественная и своевременная информационно-аналитическая поддержка и организационно-правовое обеспечение деятельности местного исполнительного органа Каратобинского района;
      14. Задачи:
      Основной задачей государственного учреждения "Отдел сельского хозяйства и земельных отношений Каратобинского района" является реализация государственной политики в сфере сельского хозяйства и земельных отношений.
      15. Функции:
      1) осуществление государственной поддержки субъектов агропромышленного комплекса в соответствии с законодательством и другими нормативными правовыми актами в данной сфере;
      2) осуществление государственной технической инспекции в области развития агропромышленного комплекса;
      3) проведение мониторинга развития сельских территорий;
      4) разработка правил содержания и выпаса сельскохозяйственных животных в населенных пунктах;
      5) проведение сбора оперативной информации в области агропромышленного комплекса и сельских территорий и предоставление ее местному исполнительному органу (акимату) области;
      6) ведение учета запасов продовольственных товаров в соответствующем регионе и представление отчетности в местный исполнительный орган (акимат) области;
      7) проведение конкурса "Лучший по профессии в агропромышленном комплексе";
      8) осуществляет государственную регистрацию тракторов и изготовленных на их базе самоходных шасси и механизмов, прицепов к ним, включая прицепы со смонтированным специальным оборудованием, самоходных сельскохозяйственных, мелиоративных и дорожно-строительных машин и механизмов, специальных машин повышенной проходимости;
      9) осуществляет государственную регистрацию залога тракторов и изготовленных на их базе самоходных шасси и механизмов, прицепов к ним, включая прицепы со смонтированным специальным оборудованием, самоходных сельскохозяйственных мелиоративных и дорожно-строительных машин и механизмов, специальных машин повышенной проходимости;
      10) осуществляет ежегодно государственный технический осмотр тракторов и изготовленных на их базе самоходных шасси и механизмов, прицепов к ним, включая прицепы со смонтированным специальным оборудованием, самоходных сельскохозяйственных, мелиоративных и дорожно-строительных машин и механизмов, специальных машин повышенной проходимости;
      11) осуществляет прием экзаменов и выдачи удостоверений на право управления тракторами и изготовленными на их базе самоходными шасси и механизмами, самоходными сельскохозяйственными, мелиоративными и дорожно-строительными машинами, а также специальными машинами повышенной проходимости;
      12) осуществляет и организует рабочий орган межведомственной комиссии по выплате субсидии в области сельского хозяйства в установленном законодательством порядке;
      13) выявление бесхозяйных земельных участков и организация работы по постановке их на учет;
      14) подготовка предложений и проектов решений местного исполнительного органа района по предоставлению земельных участков и изменению их целевого назначения;
      15) подготовка предложений и проектов решений районного исполнительного органа по предоставлению земельных участков для целей недропользования, связанных с государственным геологическим изучением недр и разведкой;
      16) подготовка предложений по принудительному отчуждению земельных участков для государственных нужд;
      17) определение делимости и неделимости земельных участков;
      18) утверждение кадастровой (оценочной) стоимости конкретных земельных участков, продаваемых в частную собственность государством;
      19) организация проведения землеустройства и утверждение землеустроительных проектов по формированию земельных участков;
      20) организация разработки проектов зонирования земель, проектов и схем по рациональному использованию земель района;
      21) организация разработки проектов земельно-хозяйственного устройства территорий населенных пунктов;
      22) организация проведения земельных торгов (конкурсов, аукционов);
      23) проведение экспертизы проектов и схем районного значения, затрагивающих вопросы использования и охраны земель;
      24) составление баланса земель районов;
      25) ведение учета собственников земельных участков и землепользователей, а также других субъектов земельных правоотношений;
      26) выдача паспортов земельных участков сельскохозяйственного назначения;
      27) заключение договоров купли-продажи и договоров аренды земельного участка и временного безвозмездного землепользования и осуществление контроля за исполнением условий заключенных договоров;
      28) подготовка предложений по выдаче разрешений местным исполнительным органом района, на использование земельных участков для проведения изыскательских работ;
      29) подготовка предложений по переводу сельскохозяйственных угодий из одного вида в другой;
      30) выявление земель, неиспользуемых и используемых с нарушением законодательства Республики Казахстан;
      31) подготовка предложений по резервированию земель;
      32) утверждение земельно-кадастрового плана.
      16. Права и обязанности:
      1) соблюдать законодательство Республики Казахстан;
      2) уплачивать налоги и другие обязательные платежи в бюджет в установленном законодательством порядке;
      3) нести ответственность в соответствии с законодательными актами Республики Казахстан;
      4) запрашивать и получать в установленном законодательством порядке от государственных органов, организаций, их должностных лиц необходимую информацию и материалы;
      5) пользоваться информационными банками данных, имеющимся в распоряжении государственных органов;
      6) вести служебную переписку с государственными органами и негосударственными учреждениями и организациями по вопросам, отнесенным к ведению государственного учреждения "Отдел сельского хозяйства и земельных отношений Каратобинский района";
      7) осуществляет иные права и обязанности в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

3. Организация деятельности государственного учреждения
"Отдел сельского хозяйства и земельных отношений Каратобинского района"

      17. Руководство государственным учреждением "Отдел сельского хозяйства и земельных отношений Каратобинского района" осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Отдел сельского хозяйства и земельных отношений Каратобинского района" задач и осуществление им своих функций.
      18. Первый руководитель государственного учреждения "Отдел сельского хозяйства и земельных отношений Каратобинского района" назначается на должность и освобождается от должности акимом района в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.
      19. Полномочия первого руководителя государственного учреждения "Отдел сельского хозяйства и земельных отношений Каратобинского района":
      1) организует и руководит работой государственного учреждения и несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение задач и осуществление им своих функции;
      2) в соответствии с законодательством назначает на должность и освобождает от должности сотрудников государственного учреждения;
      3) в установленном законодательством порядке налагает дисциплинарные взыскания и применяет меры по поощрению сотрудников государственного учреждения, решает вопросы трудовых отношений, которые отнесены к его компетенции;
      4) подписывает приказы;
      5) представляет интересы государственного учреждения во всех государственных органах и иных организациях;
      6) выдает доверенности на право представления государственного учреждения в отношениях с третьими лицами, не связанные с исполнением государственных функций;
      7) ведет работу по борьбе с коррупцией и несет персональную ответственность за работу в данном направлении;
      8) несет персональную ответственность за выполнение задач, возложенных на отдел, оперативное и четкое исполнение законов, актов Президента Республики Казахстан, постановлений Правительства и распоряжений Премьер-министра Республики Казахстан, актов акима и акимата Западно-Казахстанской области, акима и акимата района, поручений заместителей акима района, актов областного, районного маслихата, принятых в пределах их компетенции;
      9) за невыполнение возложенных на него обязанностей несет ответственность, в порядке установленном законодательством;
      10) осуществляет иные полномочия в соответствии с действующим законодательством.
       Исполнение полномочий первого руководителя государственного учреждения "Отдел сельского хозяйства и земельных отношений Каратобинского района" в период его отсутствия осуществляется лицом, его заменяющим в соответствии с действующим законодательством.

4. Имущество государственного учреждения
"Отдел сельского хозяйства и земельных отношений Каратобинского района"

      20. Государственное учреждение "Отдел сельского хозяйства и земельных отношений Каратобинского района" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество государственного учреждения "Отдел сельского хозяйства и земельных отношений Каратобинского района" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      21. Имущество, закрепленное за государственным учреждением "Отдел сельского хозяйства и земельных отношений Каратобинского района", относится к коммунальной собственности.
      22. Государственное учреждение "Отдел сельского хозяйства и земельных отношений Каратобинского района" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного учреждения
"Отдел сельского хозяйства и земельных отношений Каратобинского района"

      23. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Отдел сельского хозяйства и земельных отношений Каратобинского района" осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан.