Қаратөбе ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 10 ақпандағы № 17 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 28 ақпанда № 4692 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қаратөбе ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Аудан әкімі аппаратының басшысы (Ж.Сұлтан) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Өмірзақовқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А.Шахаров

  2017 жылғы 10 ақпандағы № 17
Қаратөбе ауданы әкімдігінің
қаулысына қосымша

Қаратөбе ауданы әкімдігінің кейбір күші жойылды деп танылған қаулыларының тізімі

      1. Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 6 мамырдағы № 79 "Қаратөбе ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3549 тіркелген, 2014 жылғы 13 маусымдағы "Қаратөбе өңірі" газетінде жарияланған) қаулысы.
      2. Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 79 "Қаратөбе ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3917 тіркелген, 2015 жылғы 4 маусымдағы "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысы.
      3. Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 80 "Қаратөбе ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3918 тіркелген, 2015 жылғы 5 маусымдағы "Қаратөбе өңірі" газетінде жарияланған) қаулысы.
      4. Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 25 қаңтардағы №13 "2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4272 тіркелген, 2016 жылғы 10 наурыздағы "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады