Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылдық округінің Шыңғырлау ауылындағы кейбір көше атауларын қайта атау туралы

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 68 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 23 қыркүйекте № 4058 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Шыңғырлау ауыл халқының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Шыңғырлау ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылдық округінің Шыңғырлау ауылының кейбір көше атаулары:
      "Жуков" көшесі – "Маршал Жуков" көшесі;
      "1 Май" көшесі – "Ынтымақ" көшесі;
      "Панфилов" көшесі – "Генерал Иван Панфилов" көшесі;
      "Гагарина" көшесі – "Юрий Гагарин" көшесі;
      "Победы" көшесі – "Жеңіс" көшесі;
      "Аксайская" көшесі – "Ақсай" көшесі;
      "Набережная" көшесі – "Елек өзені жағалауы" көшесі;
      "Рабочая" көшесі – "Хиуаз Доспанова" көшесі;
      "С. Датұлы" (1 тұйық көшесі) – "Бөкенбай батыр" көшесі;
      "Д. Бесчасова" (1 тұйық көшесі) – "Қонақай" көшесі;
      "Луговая" көшесі – "Көкжайлау" көшесі деп қайта аталсын.
      2. Шыңғырлау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Суиындыков Т.) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Шыңғырлау ауылдық округі
      әкімінің міндетін атқарушысы Қ. Искалиев

О переименовании некоторых улиц села Шынгырлау Чингирлауского сельского округа Чингирлауского района

Решение акима Чингирлауского сельского округа Чингирлауского района Западно-Казахстанской области от 7 сентября 2015 года № 68. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 23 сентября 2015 года № 4058

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с Законами Республики Казахстан "О местном государственном управление и самоуправлении в Республике Казахстан" от 23 января 2001 года, "Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан" от 8 декабря 1993 года, с учетом мнения населения села Шынгырлау и на основании заключения областной ономастической комиссии аким Чингирлауского сельского округа РЕШИЛ:
      1. Переименовать некоторые улицы села Шынгырлау Чингирлауского сельского округа Чингирлауского района:
      улица "Жуков" – улица "Маршал Жуков";
      улица "1 Май" – улица "Ынтымақ";
      улица "Панфилов" – улица "Генерал Иван Панфилов";
      улица "Гагарина" – улица "Юрий Гагарин";
      улица "Победы" – улица "Жеңіс";
      улица "Аксайская" – улица "Ақсай";
      улица "Набережная" – улица "Елек өзені жағалауы";
      улица "Рабочая" – улица "Хиуаз Доспанова";
      улица "С. Датұлы" (1 тупиковая) – улица "Бөкенбай батыр";
      улица "Д. Бесчасова" (1 тупиковая) – улица "Қонақай";
      улица "Луговая" – улица "Көкжайлау".
      2. Главному специалисту аппарата акима Чингирлауского сельского округа (Т. Суиндыков) обеспечить государственную регистрацию данного решения в органах юстиции, его официальное опубликование в информационно-правовой системе "Әділет" и в средствах массовой информации.
      3. Контроль за исполнением данного решения оставляю за собой.
      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.
      Исполняющий обязанности акима
      Чингирлауского сельского округа К. Искалиев