Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Шыңғырлау ауыл халқының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Шыңғырлау ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылдық округінің Шыңғырлау ауылының кейбір көше атаулары:
"Жуков" көшесі – "Маршал Жуков" көшесі;
"1 Май" көшесі – "Ынтымақ" көшесі;
"Панфилов" көшесі – "Генерал Иван Панфилов" көшесі;
"Гагарина" көшесі – "Юрий Гагарин" көшесі;
"Победы" көшесі – "Жеңіс" көшесі;
"Аксайская" көшесі – "Ақсай" көшесі;
"Набережная" көшесі – "Елек өзені жағалауы" көшесі;
"Рабочая" көшесі – "Хиуаз Доспанова" көшесі;
"С. Датұлы" (1 тұйық көшесі) – "Бөкенбай батыр" көшесі;
"Д. Бесчасова" (1 тұйық көшесі) – "Қонақай" көшесі;
"Луговая" көшесі – "Көкжайлау" көшесі деп қайта аталсын.
2. Шыңғырлау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Суиындыков Т.) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шыңғырлау ауылдық округі | |
әкімінің міндетін атқарушысы | Қ. Искалиев |