Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 31.03.2020 № 276 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының айналымы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 19 мамырдағы № 462 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11394 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 26 маусымда, "Егемен Қазақстан" газетінде 2015 жылғы 28 шілдеде № 141 (28619) болып жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген "Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын әкелуге, әкетуге және транзиттеуге рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
4-бөлім алынып тасталсын.
2. Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау департаменті (С.Т. Құсетов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-лейтенанты М.Ғ. Демеуовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ішкі істер министрі | |
полиция генерал-полковнигі | Қ. Қасымов |