Ескерту. Қаулының күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.11.2019 № 196 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызметтер көрсету және қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің дилерлік қызметінің қағидалары бекітілсін.
2. Монетарлық операциялар және активтерді басқару департаменті (Молдабекова Ә.М.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ.О. Пірматовқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 ақпаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Д. Ақышев |
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 23 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі дилерлік қызметінің қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.11.2018 № 293 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Осы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі дилерлік қызметінің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Ұлттық Банк туралы заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) Қазақстан Республикасының қаржы нарығындағы дилерлік қызметті жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
Ұлттық Банктің Қазақстан Республикасының қаржы нарығындағы дилерлік қызметі 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) және 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) (бұдан әрі – Азаматтық кодекс), Ұлттық Банк туралы заңның "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы (бұдан әрі – Банктер туралы заң) және "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) Қазақстан Республикасының Заңдарының талаптарымен реттеледі және жүзеге асырылады.
2. Ұлттық Банктің брокерлік қызметі деп Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақша-кредит саясатын (бұдан әрі – ақша-кредит саясаты) іске асыру және Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету шеңберінде Ұлттық Банктің атынан қаржы құралдарымен операциялар жүргізуге және мәмілелер жасауға бағытталған қызмет түсініледі.
3. Қағидалар шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтерді инвестициялық басқару, сондай-ақ бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу бойынша мәмілелер жасау арқылы банкаралық ақша беру жүйесінің пайдаланушыларына Ұлттық Банктің қосымша өтімділік беруі арқылы банкаралық ақша аудару жүйесінде өтімділік тәуекелін, кредит және жүйелік тәуекелдерді басқару мақсатында Ұлттық Банк жүргізетін операцияларға қолданылмайды.
4. Қағидаларда Банктер туралы заңда, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңда көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) баға белгілеу – қаржы құралының бағасы (бағамы, пайыздық мөлшерлеме);
2) бағалы қағаздармен мәмілелер – бағалы қағаздарды сатып алу/сату кіретін ашық нарық операциялары, тікелей және кері РЕПО операциялары;
3) банкаралық нарық – ұйымдастырылмаған нарықта шетел валютасын, шетел валютасындағы бағалы қағаздары, төлем құжаттарын сатып алу немесе/ және сату бойынша операцияларды жүзеге асыру кезінде туындайтын қатынастардың жиынтығы;
4) биржалық нарық – сауда-саттықты тікелей жүргізу арқылы ұйымдастыру және техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйелерін пайдалана отырып жасалатын қатынастардың жиынтығы;
5) валюта – Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің ақша бірлігі (заңды төлем қаражаты);
6) валюталық мәміле – биржалық және банкаралық нарықта валюта сатып алу немесе/және сату;
7) валюталық нарық – банкаралық немесе биржалық нарықтарда шетел валютасын, шетел валютасындағы төлем құжаттарын сатып алу және/немесе сату бойынша операцияларды жүзеге асыру кезінде туындайтын қатынастардың жиынтығы;
8) валюталау күні – жасалған мәміле бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру күні;
9) депозиттік аукцион – қарсы әріптестің Ұлттық Банкте депозиттер (банктік салымдар) орналастыруға өтінімдер беруін білдіретін сауда-саттық нысаны;
10) есеп айырысу бөлімшесі – Ұлттық Банктің ақша-кредит саясатының операциялары бойынша есеп айырысуды жүзеге асыратын бөлімшесі;
11) жұмыс күні – Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдары қолма-қол шетел валютасымен операциялар жүргізу үшін ашық болатын уақты кезеңі;
12) қарсы әріптес – Ұлттық Банкпен жасалатын мәмілеге қатысушы;
13) локо своп – түрі мен сапасы бойынша бірдей тазартылған бағалы металдардың орналасқан жерін айырбастау бойынша операция;
14) мәміле күні – Ұлттық Банк пен қарсы әріптес арасында валюталық мәміле жасалатын нақты күн;
15) мәміле паспорты – мәміледе көрсетілген талаптарға сәйкес мәміленің жасалғанын куәландыратын құжат;
16) операциялық күн – қаржы құралдарымен операциялар жүргізілетін және мәмілелер жасалатын, төлемдер мен ақша аударымдарын қабылдау және өңдеу жүзеге асырылатын уақыт кезеңі;
17) сауда бөлімшесі – Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты операцияларын жүзеге асыру және Ұлттық Банктің активтерін басқару үшін жауапты бөлімшесі;
18) своп сапа – түрі бойынша бірдей, бірақ сапасы бойынша әртүрлі тазартылған бағалы металдарды айырбастау бойынша операция;
19) тазартылған бағалы металдар – бұл Лондон бағалы металдар нарығы қауымдастығының (London bullion market association) немесе Лондон платина тобы металдары қауымдастығының (London Platinum and Palladium Market) талаптарына және/немесе Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы мемлекеттерде белгіленген сапа стандарттарына және талаптарына және/немесе шығарылған елінің сапа стандарттарына және техникалық талаптарына (алтын үшін тазалық таңбасы 995/1000 төмен емес, платина және палладий үшін 999,5/1000 төмен емес және күміс үшін 999/1000 төмен емес таңба) сәйкес ең төменгі сынамдағы метал сапасы бар құйма түріндегі бағалы металдар;
20) туынды қаржы құралдарымен мәміле – тараптардың құқықтар мен міндеттемелерді сатып алу немесе/және сату немесе базалық активке айырбастау операциялары;
20-1) Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты жөніндегі техникалық комитеті – Ұлттық Банктің ұйымдық құрылымына кірмейтін, Ұлттық Банктің ішкі қаржы нарығында қалыптасқан ахуалды ескере отырып алдағы кезеңге арналған ақша-кредит саясаты саласындағы оралымды іс-қимылын айқындайтын консультативтік-кеңесші орган;
21) Ұлттық Банктің басшылығы – Ұлттық Банктің Төрағасы, Ұлттық Банк Төрағасының орынбасарлары;
22) Bloomberg, Reuters FX Trading жүйелері, KASE, NEXT биржа терминалдары – мәмілелер жасау мақсатында пайдаланушылары арасында байланыс жүзеге асырылатын мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етулер және жабдықтар кешендері;
23) "cut-off time" – мәмілелер жасауды аяқтау уақыты және/немесе есеп айырысуларды орындауды аяқтау уақыты;
23-1) eTransfer.kz электрондық құжаттар алмасу жүйесі – берілетін деректерді қорғаудың криптографиялық құралдарын көздейтін және олардың кепілдікпен жеткізілуін қамтамасыз ететін қор биржасы мен оның мүшелері арасындағы электрондық құжат айналымының мамандандырылған жүйесі;
24) LIBOR сыйақы мөлшерлемесі – мерзімінің өтуі қалыптасқан күні Лондон қаласының уақыты бойынша таңғы сағат 11.30-да тіркелген бір күн мерзімі бар банкаралық қарыздар бойынша орташа алынған пайыздық мөлшерлеме.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.06.2018 № 133 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.08.2019 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.5. Ұлттық Банктің басшылығы ақша-кредит саясаты шеңберінде ақша-кредит саясатының құралдары бойынша стратегиялық шешімдерді айқындайды және қабылдайды.
Ақша-кредит саясаты шеңберіндегі операциялар мен жасалатын мәмілелер бойынша жедел шешімдер қабылдауды Ұлттық Банктің сауда бөлімшесінің басшылығы Ұлттық Банктің басшылығымен келісе отырып, ағымдағы нарық жағдайына сәйкес жүзеге асырады.
2-тарау. Ұлттық Банк пен қарсы әріптес арасында келісім жасау тәртібі
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.11.2018 № 293 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
6. Қаржы құралдарымен мәмілелер жасау үшін әлеуетті қарсы әріптес Қағидалардың 8-тармағында көзделген құжаттарды Ұлттық Банкке ұсына отырып, Ұлттық Банк пен қарсы әріптес арасында қаржы құралдарымен мәмілелер жасасуға қосылу шарты (бұдан әрі – Қосылу шарты) немесе мәмілелер жасасу туралы келісім (бұдан әрі – Мәмілелер туралы келісім) және (немесе) депозиттер (банктік салымдар) қабылдау туралы және жинақ шотын ашу және жүргізу туралы келісім (бұдан әрі – Депозиттер қабылдау туралы келісім) жасалады.
Мыналарды:
1) Қосылу шартын және Мәмілелер туралы келісімді жасасу үшін жауапты бөлімше сауда бөлімшесі болып табылады;
2) Депозиттер қабылдау туралы келісімді жасасу үшін жауапты бөлімше есеп айырысу бөлімшесі болып табылады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.06.2018 № 133 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.7. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.06.2018 № 133 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
8. Қосылу шартын және (немесе) Депозиттер қабылдау туралы келісімді жасасу үшін Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын әлеуетті қарсы әріптес (ислам банктерін қоспағанда) Ұлттық Банкке мынадай құжаттарды:
1) бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік орган берген лицензияның (Қосылу шартына сәйкес бағалы қағаздармен мәмілелер жасасқан жағдайда) болуы туралы мәліметтерді көрсете отырып Қосылу шартына қосылуға "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпаратты тасымалдау қаржылық автоматтандырылған жүйесі арқылы электрондық түрдегі не әлеуетті қарсы әріптестің уәкілетті тұлғасы қол қойған қағаз тасымалдағыштағы өтінішті және (немесе) Ұлттық Банк басшылығының атына жазылған Депозиттерді қабылдау туралы келісімді жасасуға өтінішхатты;
2) қарсы әріптес қызметкерлерінің қаржы құралдарымен мәмілелер жасасуға уәкілеттілердің қарсы әріптес бекіткен тізімін;
3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы не клиент-заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесін;
4) жарғыны не оның нотариат куәландырған көшірмесін, ал қарсы әріптес өз қызметін үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын болса – қызметті үлгі жарғы негізінде жүзеге асыру фактісін растайтын құжатты;
5) мәміле паспортына қол қоюға уәкілетті қарсы әріптес қызметкерлерінің қол қою үлгілері бар нотариат куәландырған құжатты ұсынады.
Мәмілелер туралы келісім және (немесе) Депозиттерді қабылдау туралы келісім жасасу үшін ислам банкі болып табылатын әлеуетті қарсы әріптес Ұлттық Банкке мынадай құжаттарды:
1) бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік орган берген лицензияның (мәмілелер туралы келісімге және (немесе) депозиттерді қабылдау туралы келісімге сәйкес бағалы қағаздармен мәмілелер жасасқан жағдайда) болуы туралы мәліметтерді көрсете отырып Мәмілелер туралы келісім жасасуға Ұлттық Банк басшылығының атына жазылған өтінішхатты;
2) қарсы әріптес қызметкерлерінің қаржы құралдарымен мәмілелер жасасуға уәкілеттілердің қарсы әріптес бекіткен тізімін;
3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы не клиент-заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесін;
4) жарғыны не оның нотариат куәландырған көшірмесін, ал қарсы әріптес өз қызметін үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын болса – қызметті үлгі жарғы негізінде жүзеге асыру фактісін растайтын құжатты;
5) мәміле паспортына қол қоюға уәкілетті қарсы әріптес қызметкерлерінің қол қою үлгілері бар нотариат куәландырған құжатты ұсынады.
Мәмілелер туралы келісім және (немесе) Депозиттерді қабылдау туралы келісім жасасу үшін Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын әлеуетті қарсы әріптес Ұлттық Банкке мынадай құжаттарды:
1) Мәмілелер туралы келісім және (немесе) Депозиттерді қабылдау туралы келісім жасасуға Ұлттық Банк басшылығының атына жазылған өтінішхатты;
2) құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмесін (шет мемлекеттердің ұлттық (орталық) банктерін қоспағанда);
3) бейрезидент елінің уәкілетті органы берген (шет мемлекеттердің ұлттық (орталық) банктерін қоспағанда) банк операцияларын жүргізуге арналған лицензияның нотариат куәландырған көшірмесін;
4) операциялар жасау кезінде қол қою үлгілері бар құжатқа сәйкес төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті адамның (адамдардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесін (көшірмелерін);
5) бар болса, Қазақстан Республикасы бейрезидентінің Қазақстан Республикасында салық төлеуші ретінде тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесін;
6) соңғы үш жылдағы шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсынады.
Ұлттық Банк пен қарсы әріптес арасында жасалған Қосылу шарты және (немесе) Мәмілелер туралы келісім болған жағдайда, қарсы әріптестің осы тармақта көзделген құжаттарды Ұлттық Банкке қайта ұсынбастан Депозиттерді қабылдау туралы келісімді жасасуына жол беріледі.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.06.2018 № 133 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.8-1. Ұлттық Банк әлеуетті қарсы әріптес Қағидалардың 8-тармағына сәйкес ұсынған құжаттарды қарайды және ұсынылған құжаттар Қағидалардың 8-тармағына сәйкес келген жағдайда, олар Ұлттық Банкке келіп түскен күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Қосылу шартын, Мәмілелер туралы келісімді және (немесе) Депозиттерді қабылдау туралы келісімді жасасуға дайын екендігін жазбаша хабарлайды немесе себептерін көрсете отырып бас тарту жібереді.
Ескерту. 2-тарау 8-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.06.2018 № 133 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.9. Мәмілелер туралы келісім және Депозиттерді қабылдау туралы келісім Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасының және Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның талаптарына сәйкес жазбаша нысанда жасалады. Тараптардың келісімі бойынша Мәмілелер туралы келісімге және (немесе) Депозиттерді қабылдау туралы келісімге Қағидаларға қайшы келмейтін қосымша талаптар енгізіледі.
Мәмілелер туралы келісімді және (немесе) Депозиттерді қабылдау туралы келісімді олар жасалғаннан кейін 14 (он төрт) жұмыс күнінен кешіктірмей Мәмілелер туралы келісімнің және (немесе) Депозиттерді қабылдау туралы келісімнің түпнұсқаларына кейіннен ауыстыра отырып, факсимильді көшірмелерімен алмасу арқылы жасасуға жол беріледі.
Ұлттық Банк оң шешім туралы жазбаша хабарлама жібергеннен кейін қарсы әріптес Қосылу шартына қосылған болып саналады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.06.2018 № 133 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3-тарау. Операциялар және мәмілелер
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.11.2018 № 293 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
10. Ұлттық Банк дилерлік қызмет шеңберінде операциялар мен мәмілелердің мынадай түрлерін жасайды:
1) валюталық өктемдік;
2) валюталық мәмілелер;
3) депозиттерді қабылдау;
4) депозиттік аукцион;
5) бағалы қағаздармен мәмілелер;
6) туынды қаржы құралдарымен мәмілелер;
7) Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарымен операциялар;
8) қарыздар беру;
9) тазартылған бағалы металдармен операциялар;
10) бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукциондары;
11) бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукциондары;
12) Азаматтық кодекске және Ұлттық Банк туралы заңға қайшы келмейтін мәмілелердің өзге де түрлері.
Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.06.2018 № 133 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.11. Ұлттық Банктің мәмілелері бойынша есеп мынадай талаптармен жүзеге асырылады:
1) спот алдындағы (мәміле күні не мәміле күнінен келесі жұмыс күні) Т+0, Т+1;
2) спот (мәміле күнінен екінші жұмыс күні) Т+2;
3) форвард-аутрайт (мәміле күнінен үшінші және одан кейінгі жұмыс күндері) Т+3 және одан жоғары.
12. Теңгемен мәмілелер мен операциялар үшін "сut-off time" операцияның немесе мәміленің түріне қарай белгіленеді. Шетел валютасындағы мәмілелер мен операциялар үшін "сut-off time" орындау (есеп айырысу) үшін қажетті уақыты және әрбір жеке валюта үшін кастодиан және/немесе корреспондент банк белгілеген шектеулер сақтала отырып белгіленеді.
Ұлттық Банктің мәмілелері мен операциялар үшін "сut-off time"-ды Ұлттық Банк белгілейді.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.08.2019 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.13. Ұлттық Банк пен қарсы әріптес арасындағы операциялар мен мәмілелер биржа нарығында да, банкаралық нарықта да жүргізіледі.
14. Биржа нарығында операциялар мен мәмілелер жасау сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Банкаралық нарықта операциялар мен мәмілелер жасау Қағидаларға сәйкес Қосылу шартының немесе Мәмілелер туралы келісімнің және (немесе) Депозиттерді қабылдау туралы келісімнің негізінде сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.06.2018 № 133 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.15. Биржа нарығында операциялар мен мәмілелер жасау үшін Ұлттық Банк KASE биржа терминалы арқылы қашықтан кіру режімінде биржа сауда-саттығына қатысады.
16. Биржа нарығында операциялар мен мәмілелерді жасау талаптары Ұлттық Банк пен қарсы әріптес арасында телефонмен не белгілеуді KASE биржа терминалына шығару жолымен дилерлер арасында келіссөздер жүргізу арқылы әрбір нақты жағдайда жеке айқындалады.
Банкаралық нарықта операциялар мен мәмілелер жасау талаптары Ұлттық Банк пен қарсы әріптес арасында әрбір нақты жағдайда:
1) Bloomberg немесе Reuters FX Trading жүйесі бойынша дилерлер арасында келіссөздер жүргізу арқылы;
2) қарсы әріптестен факс бойынша немесе электрондық поштамен мәміле паспортын қатар ала отырып, жазып алатын телефон арқылы жеке айқындалады.
Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.06.2018 № 133 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.17. Дилерлер мәміле талаптарын растаған сәттен бастап мәміле жасалған деп саналады.
Мәмілелердің талаптарын растау сәті болып:
1) қарсы әріптестен факс немесе электрондық пошта бойынша мәміле паспортын қатар ала отырып, жазылатын телефон арқылы мәміле талаптары мен өлшемдерін ауызша растаған сәт;
2) Bloomberg және Reuters FX Trading жүйелері бойынша мәміленің жасалғанын растау сәті;
3) KASE және NEXT биржа терминалы бойынша биржа сауда-саттығының қатысушысын қарсы баға белгілеу есебінен шығарылған баға белгілеудің қанағаттандырған сәті саналады.
Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.06.2018 № 133 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.18. Цифрлық тасымалдағыштардағы жазбалар, мәміле паспорттарының түпнұсқалары немесе көшірмелері, Bloomberg және Reuters FX Trading жүйелерінде мәмілелердің жасалғанын растайтын сөйлесулердің мәтіндері, KASE, NEXT биржа терминалдары және eTransfer.kz электрондық құжаттар алмасу жүйесі қалыптастыратын бастапқы құжаттар мәміленің жасалу фактісін растайтын құжаттар болып саналады.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.06.2018 № 133 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.19. Бір тарап басқа тараптан алған мәміле талаптарының растауында көрсетілген мәміле талаптары мәміле жасау кезінде тараптар келіскен талаптардан басқаша болған жағдайларда, тараптар мәміле жасау кезінде келіскен түпнұсқа талаптар негізінде алшақтықтарды реттеу үшін шаралар қабылдайды және қате жіберген тарап екінші тарапқа Қосылу шартының немесе Мәмілелер туралы келісімнің және (немесе) Депозиттерді қабылдау туралы келісімнің талаптарына сәйкес мәміленің түпнұсқа талаптарына сәйкес келетін растауды ұсынады.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.06.2018 № 133 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.20. Мәміле жасалғаннан кейін дилерлер, мәміле Bloomberg, Reuters FX Trading жүйелерінде немесе KASE немесе NEXT биржалық терминалдары арқылы жасалған жағдайдан басқа жағдайларда, мәміле паспорттарының көшірмелерімен алмасады. Тараптар Қосылу шартының немесе мәмілелер туралы келісімнің және (немесе) Депозиттерді қабылдау туралы келісімнің талаптарына сәйкес мәміле жасалғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей мәміле паспорттарының түпнұсқаларымен алмасады.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.06.2018 № 133 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.21. Мәміле ол бойынша есеп айырысу жүзеге асырылған сәттен бастап орындалған болып саналады. Есеп айырысуды жүзеге асыру үшін сауда бөлімшесі мәміле паспортын есеп айырысу бөлімшесіне тапсырады.
4-тарау. Валюта өктемдігі және валюталық мәмілелер
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.11.2018 № 293 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
22. Ұлттық Банк валюта өктемдігін биржа нарығында АҚШ долларының теңгеге қатысты бағамына әсер ету мақсатында жасайды.
23. Ұлттық Банк валюталық мәмілелерді шетел валютасына деген ішкі сұранысты (ұсынысты) қанағаттандыру (қамтамасыз ету) үшін банкаралық немесе биржа нарығында жасайды.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.06.2018 № 133 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.24. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.08.2019 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
5-тарау. Депозиттер (депозиттік салымдар) және депозиттік аукцион
Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.11.2018 № 293 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
25. Ұлттық Банк ақша-кредит саясатын іске асыру мақсатында депозиттік аукционды өткізеді және екінші деңгейдегі банктерден депозиттерді (банктік салымдарды) қабылдауды жүзеге асырады.
Ұлттық Банк Ұлттық Банкте банктік шоттарды иелерінен депозиттерді (банктік салымдарды) қабылдауды Ұлттық Банк туралы заңға сәйкес жүзеге асырады.
Ұлттық Банкте жинақ шотын ашу депозиттерді (банктік салымдарды) орналастыру үшін міндетті шарт болып табылады.
Депозиттік аукцион шеңберінде орналастырылатын депозиттерді (банктік салымдарды) қоспағанда, контрәріптестің Ұлттық Банкте операциялық күн ішінде Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты жөніндегі техникалық комитеті айқындаған мерзімге екі депозиттен (банк салымынан) аспайтын депозитті орналастыруына жол беріледі.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.08.2019 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.26. Депозиттік аукциондарды жүргізу және депозиттерді (депозиттік салымдарды) қабылдау Ұлттық Банк туралы заңның 29-бабына сәйкес Ұлттық Банк белгілеген мерзімде және сыйақы мөлшерлемелері бойынша жүзеге асырылады.
27. Депозиттік аукциондар және депозиттер (банктік салымдар) бойынша сыйақы сомасы қарапайым есептеу әдісі (сыйақыны есептеу депозит тартылған бірінші күннен бастап жүзеге асырылады) бойынша есептеледі, есептеу базасы ретінде ақшаның депозитте (банктік салымда) болу күндерінің нақты саны және жылына 360 (үш жүз алпыс) күн алынады.
Контрәріптестен қабылданатын депозиттің (банктік салымның) ең төмен көлемі:
1) ұлттық валютада – 10 (он) миллион теңгені;
2) шетел валютасында – 20 (жиырма) миллион АҚШ долларын құрайды.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.08.2019 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.28. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.08.2019 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
6-тарау. Бағалы қағаздармен мәмілелер
Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.11.2018 № 293 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
29. Бағалы қағаздармен мәмілелерді уәкілетті мемлекеттік орган берген бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары жасайды.
30. Биржа және банкаралық нарықтарда мәміле жасауды бір ізге түсіру мақсатында РЕПО ашу және жабу мәмілелерінің өлшемдерін есептеу сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
31. РЕПО операцияларының мерзімі бір және одан астам күнтізбелік күн құрайды. Бір жылдағы күн саны күнтізбелік 365 (үш жүз алпыс бес) күнге тең деп қабылданады.
32. Тікелей және кері РЕПО операциялары бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету үшін кепіл ретінде қабылданатын бағалы қағаздар түрлерін Ұлттық Банк белгілейді.
33. Автоматты РЕПО секторында жасалған РЕПО не тікелей РЕПО мәмілелері бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету үшін кепіл ретінде қабылданатын бағалы қағаздардың нарықтық құнын дисконттау пайызын айқындау сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
34. Биржадан тыс нарықта жасалған РЕПО мәмілелері бойынша нарықтық құнды дисконттау пайызын және РЕПО мәмілелері бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету үшін кепіл ретінде қабылданатын бағалы қағаздардың тізбесін Ұлттық Банк белгілейді.
35. РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша биржа және банкаралық нарықтағы сыйақы мөлшерлемесін Ұлттық Банк туралы заңның 29-бабына сәйкес Ұлттық Банк белгілейді.
36. Ұлттық Банк Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын және орналастыруды аукцион арқылы жүзеге асырады.
37. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.08.2019 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.7-тарау. Туынды қаржы құралдарымен мәмілелер
Ескерту. 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.11.2018 № 293 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
38. Ұлттық Банк туынды қаржы құралдарымен мәмілелерді жүзеге асырады.
39. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.08.2019 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.8-тарау. Қарыздар беру
Ескерту. 8-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.11.2018 № 293 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
40. Тұрақты қолжетімді қарыздар кері РЕПО операциялары арқылы күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге беріледі.
Ұлттық Банк қарыздардың өзге түрлерін Ұлттық Банк туралы заңға сәйкес береді.
Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.11.2018 № 293 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.9-тарау. Тазартылған бағалы металдармен мәмілелер
Ескерту. 9-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.11.2018 № 293 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
41. Тазартылған бағалы металдармен мәмілелер деп тазартылған бағалы металдармен депозиттік операцияларды, локо своп және сапа свопын қоса алғанда, тазартылған бағалы металдарға меншік құқығының және басқа да құқықтардың өтуіне байланысты мәмілелер түсініледі.
42. Валюталау күні 180 (бір жүз сексен) күннен асатын тазартылған бағалы металдармен мәмілелерге "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес валюталық реттеу режимдері қолданылады.
43. Бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін тазартылған алтынды сатып алуға дисконттың мөлшерлемесі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13617 болып тіркелген "Бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін аффинирленген алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 61 қаулысына сәйкес айқындалған құрамдас бөліктерден тұрады.
Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.06.2018 № 133 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.