Ескерту. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.10.2020 № 514 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
РҚАО-ның!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Теміржол көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 555 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11428 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 21 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жылжымалы құрамды мемлекеттік тiркеу" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартында:
3-тармақ екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация" коммерциялық емес акционерлік қоғамы" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);";
4-тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 8 (сегіз) жұмыс күні;";
8-тармақтың 1) тармақшасының абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Респубилкасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – сенбі аралығында, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін;";
9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) Мемлекеттік корпорацияға:
жылжымалы құрамды мемлекеттік тізілімде мемлекеттік тiркеу (қайта тіркеу) үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2, 3, 4, 5-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік тіркеуге не қайта тіркеуге жататын жылжымалы құрам паркінің тізбесі;
меншік құқығын растайтын құжат не мүліктік жалдау (жалға алу), лизинг не мүлікті сенімгерлік басқару шарты;
жылжымалы құрамының әрбір бірлігіне берген дайындауыш зауыттың техникалық паспорты (формуляры);
тартқыш, сондай-ақ мотор-вагонды жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу кезінде – тіркеу алымының бюджетке төленгенiн растайтын құжат;
уәкілетті өкілі жүгінген кезде - өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат;
Жылжымалы құрамды Мемлекеттік тізілімнен шығару үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
жылжымалы құрамды еркін нысанда есептен шығару туралы акті, не жылжымалы құрамның зақымдануы және/немесе жоғалуы туралы құжат, не мүлікті жалдау (жалға алу), лизинг шарты;
2) порталда:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініштің электрондық көшірмесі;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2, 3, 4, 5-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік тіркеуге не қайта тіркеуге жататын жылжымалы құрам паркі тізбесінің электрондық көшірмесі;
меншік құқығын растайтын құжаттың не мүліктік жалдау (жалға алу), лизинг не мүлікті сенімгерлік басқару шартының электрондық көшірмесі;
жылжымалы құрамының әрбір бірлігіне берген дайындаушы зауыттың техникалық паспортының (формуляры) электрондық көшірмесі;
тартқыш, сондай-ақ мотор-вагонды жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу кезінде – тіркеу алымының бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
уәкілетті өкілі жүгінген кезде - өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі;
жылжымалы құрамды Мемлекеттік тізілімнен шығару үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
жылжымалы құрамды еркін нысанда есептен шығару туралы актінің, не жылжымалы құрамның зақымдануы және/немесе жоғалуы туралы құжаттың, не мүлікті жалдау (жалға алу), лизинг шартының электрондық көшірмесі;
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған, жеке басты растайтын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметті Мемлекеттік корпорация қызметкері, көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Мемлекеттік корпорация қызметкері Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім алады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде құжаттардың түпнұсқасынан электрондық көшірмесін жасайды, одан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын (немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкілі) құжатты көрсеткен кезде тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация нәтижелерді бір ай ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті алушыға одан әрі сақтауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы барлық қажетті құжаттардың берген кезде - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көресету үшін сұрауды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.";
11-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты береді.";
3–тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздгіне) шағымдану тәртібі";
4–тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар";
көрсетілеген стандартқа 6-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартында:
екінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация" коммерциялық емес акционерлік қоғамы" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);";
үшінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Мемлекеттік корпорация;";
4-тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыру – 2 (екі) жұмыс күні;";
8-тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – сенбі аралығында, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін;";
9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) Мемлекеттік корпорацияға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
өтініш беруші өкілін растайтын құжат;
тіркеу алымының бюджетке төленгенін растайтын құжат;
кепілдік туралы шарт немесе кепілдік талаптары қамтылған шарт.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған, жеке басты растайтын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметті Мемлекеттік корпорация қызметкері, көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаған кезінде құжаттардың түпнұсқасынан электрондық көшірмесін жасайды, одан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Мемлекеттік корпорация қызметкері Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын (немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкілі) құжатты көрсеткен кезде тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация нәтижелерді бір ай ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті алушыға одан әрі сақтауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жібереді.
2) ЕДБ-де:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес ЕДБ қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған өтініш;
тіркеу алымының бюджетке төленгенін растайтын құжат;
мемлекеттік қызметті алушының және ЕДБ қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында кепілдік туралы шарт немесе кепілдік талаптары қамтылған шарт.
ЕДБ-де құжаттарды қабылдауды және электрондық өтінішті жіберуді ЕДБ қызметкері жүзеге асырады.";
10-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты береді;";
3–тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздгіне) шағымдану тәртібі";
11-тармақтың төртінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік корпорация қызметкері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда, шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына беріледі.
Жазбаша және поштамен келіп түскен шағымды Мемлекеттік корпорацияда қабылдауын растауы оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта қойылады) болып табылады.";
4–таураудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар";
14-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік корпорацияның - www.con.gov.kz интернет-ресурстарда орналастырылған.";
көрсетілген стандартқа 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электронды түрде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алаған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жирма бір күн өткен соң, бірақ 2016 жылғы 1 наурыздан бұрын емес қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Инвестициялар және даму министрі | Ә. Исекешев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_________________ Е. Досаев
2016 жылғы 27 қаңтар
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 40 бұйрығына 1-қосымша |
|
"Жылжымалы құрамды мемлекеттік тiркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымша |
(Көрсетілетін қызметті алушының тегі,
аты, болса әкесінің аты не ұйымының атауы)
__________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Нысан
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы филиалының №__ бөлімшесі (мекенжайын көрсету керек) "Жылжымалы құрамды мемлекеттік тiркеу" мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1) _______________________________;
2) _______________________________;
3) ....
Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
Т.А.Ә.А. (көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері) (қолы)
Телефон:
Алдым: Т.А.Ә.А./көрсетілетін қызметті алушының қолы
20__ ж. "___" _________
нысан
(Көрсетілетін қызметті алушының тегі,
аты, болса әкесінің аты не ұйымының атауы)
__________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы филиалының №__ бөлімшесі (мекенжайын көрсету керек) "Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1) _______________________________;
2) _______________________________;
3) ....
Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
Т.А.Ә.А. (көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері) (қолы)
Телефон:
Алдым: Т.А.Ә.А./көрсетілетін қызметті алушының қолы
20__ ж. "___" _________