"Біліктілік комиссиялары туралы ережені, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 355 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 42 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 25 ақпанда № 13246 болып тіркелді

       РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз

      «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Біліктілік комиссиялары туралы ережені, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 355 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11234 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 22 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларында:
      2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беруге өтініштерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе www.egov.kz «электронды үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады»;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Нысаны «Кәсіби диплом нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 22 қазандағы № 1000 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12551 болып тіркелген) бекітілген дипломдарды беру Мемлекеттік корпорация арқылы аумақтық бөлімшелерде жүзеге асырылады»;
      21-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) дипломды бұрын берген аумақтық бөлімшеге Мемлекеттік корпорация немесе Портал арқылы жоғалту немесе бүлдіру жағдайлары мен себептерін көрсете отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;»;
      26-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;».
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың
интранет-порталында орналастырылуын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң, бірақ 2016 жылдың 1 наурызынан бұрын емес қолданысқа енгізіледі. 

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі                  Ә. Исекешев

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі
      _____________ А. Сәрінжіпов
      2016 жылғы 27 қаңтар

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау және әлеуметтік
      даму министрі
      _____________ Т. Дүйсенова
      2016 жылғы 27 қаңтар 

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      _____________ Е. Досаев
      2016 жылғы 29 қаңтар

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 355 "Об утверждении Положения о квалификационных комиссиях, Правил дипломирования и аттестации лиц командного состава судов, подлежащих государственной регистрации в Государственном судовом реестре Республики Казахстан"

Приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 22 января 2016 года № 42. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 25 февраля 2016 года № 13246

      Примечание РЦПИ!
      Порядок введения в действие см. п.4

      В соответствии с пунктом 1 статьи 43-1 Закона Республики Казахстан от 24 марта 1998 года «О нормативных правовых актах» ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 355 «Об утверждении Положения о квалификационных комиссиях, Правил дипломирования и аттестации лиц командного состава судов, подлежащих государственной регистрации в Государственном судовом реестре Республики Казахстан» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11234, опубликованный 22 июня 2015 года в информационно-правовой системе «Әділет») следующие изменения:
      в Правилах дипломирования и аттестации лиц командного состава судов, подлежащих государственной регистрации в Государственном судовом реестре Республики Казахстан, утвержденных указанным приказом:
      часть вторую пункта 2 изложить в следующей редакции:
       «Прием заявления на дипломирование лиц командного состава судов осуществляется через Государственную корпорацию «Правительство для граждан» (далее – Государственная корпорация) либо на веб-портале «электронного правительства» www.egov.kz (далее – Портал).»;
      пункт 10 изложить в следующей редакции:
      «10. Выдача дипломов, форма которых утверждена приказом Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 22 октября 2015 года № 1000 «Об утверждении формы профессионального диплома» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 12551), осуществляются в территориальных подразделениях через Государственную корпорацию.»;
      подпункт 1) пункта 21 изложить в следующей редакции:
      «1) заявление по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам с изложением обстоятельств и причин утери или порчи в территориальное подразделение раннее выдавшее диплом через Государственную корпорацию или Портал;»;
      в подпункте 1) пункта 26 на государственном языке вносятся изменения, текст на русском языке не меняется.
      2. Комитету транспорта Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан (Асавбаев А.А.) обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) направление копии настоящего приказа в печатном и электронном виде на официальное опубликование в периодические печатные издания и информационно-правовую систему «Әділет» в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан, а также в Республиканский центр правовой информации в течение десяти календарных дней со дня получения зарегистрированного приказа для включения в эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;
      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан и на интранет-портале государственных органов;
      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) пункта 2 настоящего приказа.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня со дня его первого официального опубликования, но не ранее 1 марта 2016 года.

      Министр
      по инвестициям и развитию
      Республики Казахстан                       А. Исекешев

      «СОГЛАСОВАН»
      Министр образования и науки
      Республики Казахстан
      _____________ А. Саринжипов
      27 января 2016 года

      «СОГЛАСОВАН»
      Министр здравоохранения
      и социального развития
      Республики Казахстан
      _____________ Т. Дуйсенова
      27 января 2016 года

      «СОГЛАСОВАН»
      Министр национальной экономики
      Республики Казахстан
      ______________ Е. Досаев
      29 января 2016 года