Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің клиенттердің активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруы қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 18 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 26 ақпанда № 13286 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 19 қарашадағы № 196 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.11.2019 № 196 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызметтер көрсету және қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің клиенттердің активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруы қағидалары бекітілсін.

      2. Монетарлық операциялар және активтерді басқару департаменті (Молдабекова Ә.М.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ.О. Пірматовқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 ақпаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 28 қаңтардағы
№ 18 қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің клиенттердің активтерін
сенімгерлік басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруы қағидалары

      1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің клиенттердің активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Ұлттық Банк туралы заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) клиенттердің активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      2. Қағидалар Ұлттық Банктің Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруына қолданылмайды.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.12.2018 № 323 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.12.2018 № 323 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Ұлттық Банктің клиенттердің активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі қызметі 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) және 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (бұдан әрі – Азаматтық кодекс), Ұлттық Банк туралы заңға және Қағидаларға сәйкес реттеледі және жүзеге асырылады.

      4. Азаматтық кодекспен, Ұлттық Банк туралы заңмен, Қағидалармен реттелмеген бөлігінде Ұлттық Банктің клиенттердің активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі қызметі Ұлттық Банктің ішкі құжаттарымен және клиенттің активтерін сенімгерлік басқару шарттарымен (бұдан әрі – сенімгерлік басқару шарты) реттеледі.

      5. Қағидаларда Азаматтық кодексте көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) активтер – клиентке тиесілі ақша мен қаржы құралдары;

      2) бағалы қағаздар – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарылған және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған шетелдік эмитенттердің, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары;

      3) бэнчмарк – клиенттің стратегиялық мүдделерін көрсететін, клиент эталон ретінде таңдайтын қаржы құралдарының немесе индикативтік көрсеткіштердің жиынтығы. Бэнчмарк кірістілігі активтерді басқару кірістілігін бағалау шамасы болып табылады;

      4) инвестициялық көкжиек – клиенттің активтерін инвестициялау нәтижесі айқындалатын уақыт аяқталғаннан кейінгі уақыт бөлігі;

      5) инвестициялық кіріс – активтерді инвестициялау нәтижесінде алынған олардың өсімі;

      6) клиент – Ұлттық Банкпен сенімгерлік басқару шартын жасасқан заңды тұлға;

      7) клиенттің портфелі – клиенттің ақшасы мен қаржы құралдарының жиынтығы;

      8) мүдделер қақтығысы – Ұлттық Банк пен оның клиентінің мүдделері өзара сәйкес келмейтін, бірмезгілде Ұлттық Банк сенімгерлік басқарушы да, операция/мәміле тарапы да болатын жағдай;

      9) стратегиялық мүдделер – кірістіліктің қалаулы деңгейі және тәуекелге тағаттылық таныту;

      10) сыртқы қаржы нарығы – шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының резиденттері мен Қазақстан Республикасының бейрезиденттері арасында мәмілелер жасау барысында қалыптасатын қатынастар жиынтығы;

      11) уәкілетті бөлімшелер – Ұлттық Банктің клиенттердің активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру бойынша функциялар жүктелген бөлімшелері;

      12) үстеме кірістілік – нақты қол жеткізілген кірістілік деңгейі мен бэнчмарк кірістілігі деңгейінің арасындағы айырма;

      13) ішкі қаржы нарығы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы резиденттерінің арасында мәмілелер жасау барысында қалыптасатын қатынастар жиынтығы.

      6. Клиенттің активтерімен мәмілелерді Ұлттық Банк ішкі қаржы нарығында да, сыртқы қаржы нарығында да клиенттің есебінен және соның мүддесі үшін жасайды.

2-тарау. Клиенттердің активтерін сенімгерлік басқару бойынша қызметті жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті бөлімшелердің функциялары

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.12.2018 № 323 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Ұлттық Банк клиенттердің активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі қызметті жүзеге асырған кезде мынадай функцияларды орындайды:

      1) клиенттермен сенімгерлік басқару шарттарын дайындайды және жасайды;

      2) клиенттердің активтерімен мәмілелерді олардың есебінен және олардың мүддесі үшін өз атынан жасайды және орындайды;

      3) сенімгерлік басқарудағы активтерді қосалқы есепке алуды жүзеге асырады;

      4) клиентке сенімгерлік басқару шартында көзделген мерзімдерде және тәртіппен клиенттің активтерін сенімгерлік басқаруға байланысты ақпаратты ұсынады;

      5) Ұлттық Банктің есепке алу жүйесінің деректерін клиенттің, кастодианның, орталық депозитарийдің және/немесе тіркеушінің деректеріне сәйкестігін салыстырып тексеруді жүзеге асырады;

      6) клиенттердің активтерін сенімгерлік басқару бойынша Азаматтық кодексте және сенімгерлік басқару шартында белгіленген құқықтардың шектеулерін сақтайды;

      7) сенімгерлік басқару шарты бойынша ақпараттық, консультациялық және басқа да қызмет түрлерін көрсетеді.

      8. Клиенттердің активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі мәмілелерді жасауға және орындауға ағымдағы бақылауды уәкілетті бөлімшелердің басшылары жүзеге асырады.

3-тарау. Ұлттық Банктің клиенттердің активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі қызметін жүзеге асыруы

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.12.2018 № 323 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Ұлттық Банктің клиенттің активтерін сенімгерлік басқаруды тиімді жүзеге асыруы мақсатында клиент дербес немесе Ұлттық Банкпен бірлесіп активтерді басқарудың инвестициялық стратегиясын және бэнчмарк құрылымын не оның болмауын айқындайды.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.12.2018 № 323 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Ұлттық Банктің клиенттің активтерін сенімгерлік басқаруға қабылдауы Ұлттық Банк Басқармасының қаулысы негізінде жүзеге асырылады.

      11. Әлеуетті клиент сенімгерлік басқару шартын жасау мақсатында Ұлттық Банкке мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) клиенттің жазбаша сұратуларға қол қоюға уәкілетті қызметкерлерінің қол қою үлгілері бар нотариат куәландырған құжат үш данада;

      2) егер Ұлттық Банктің клиенттің активтерін сенімгерлік басқаруы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тікелей көзделмесе, клиенттің уәкілетті органының Ұлттық Банкке активтерді сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімінің көшірмесі;

      3) жарғы не оның нотариат куәландырған көшірмесі, ал егер клиент өз қызметін үлгі жарғы негізінде жүзеге асырса – қызметін үлгі жарғы негізінде жүзеге асыру фактісін растайтын құжаттар.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.12.2018 № 323 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      12. Сенімгерлік басқару шарты Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының талаптарына сәйкес Ұлттық Банк пен клиент арасында жазбаша нысанда жасалады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.12.2018 № 323 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      13. Сенімгерлік басқару шартын оны жасасқан күннен кейін 14 (он төрт) жұмыс күнінен кешіктірмей кейіннен сенімгерлік басқару шартының түпнұсқаларымен алмаса отырып факсимильді көшірмелермен алмасу жолымен жасауға жол беріледі.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің клиенттердің
активтерін сенімгерлік басқару
жөніндегі қызметті жүзеге
асыруы қағидаларына қосымша

      Нысан

Клиенттердің активтерін сенімгерлік басқару шарты

      Алматы қаласы 20_ жылғы "___" _______________

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі республикалық мемлекеттік мекемесі, бұдан әрі "Ұлттық Банк" деп аталады, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы негізінде іс-әрекет жасайтын ___________________ арқылы, бір жағынан, және _____________________, бұдан әрі "Клиент" деп аталады, ________ негізінде іс-әрекет жасайтын ___________________ арқылы, екінші жағынан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар", ал жеке "Тарап" деп аталады немесе жоғарыда көрсетілгендей Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің клиенттердің активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруы қағидаларын (бұдан әрі – Қағидалар) басшылыққа ала отырып төмендегілер жайында осы Клиенттердің активтерін сенімгерлік басқару шартын (бұдан әрі – Шарт) жасады.

      1. Шарттың мәні

      1.1. Клиент Ұлттық Банкке активтерді береді, ал Ұлттық Банк өз атынан және Клиенттің мүддесі үшін оның иелік етуіне, пайдалануына және басқаруына берілген активтерді сенімгерлік басқаруды жүзеге асыруға міндеттенеді.

      1.2. Клиенттің сенімгерлік басқаруға берілетін активтерінің құрамы осы Шарттың 1-қосымшасында көзделген.

      2. Негізгі ережелер

      2.1. Ұлттық Банк активтерді тиісінше басқару мақсатында Клиент өз активтерімен қандай іс-әрекеттер жасай алатын болса сондай кез келген іс-әрекеттер жасауға құқылы, Ұлттық Банк инвестициялық шешімдерді нарықтық талаптарға және Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын 2-қосымшада көзделген Клиенттің инвестициялық стратегиясына (бұдан әрі – Клиенттің Инвестициялық стратегиясы) сәйкес өздігінен қабылдайды.

      2.2. Клиенттің активтерін сенімгерлік басқару өз атынан және Клиенттің есебінен Клиенттің Инвестициялық стратегиясында рұқсат етілген қаржы құралдарымен мәміле жасау қажеттілігін болжайды.

      2.3. Ұлттық Банк қызмет көрсету кезінде Клиенттің Инвестициялық стратегиясына және Шартқа сәйкес жасалатын мәмілелер бойынша кіріс алуға немесе шығынның болмауына кепілдік бермейді. Ұлттық Банк Клиенттің активтерін Клиенттің Инвестициялық стратегиясында рұқсат етілген қаржы құралдарына инвестициялауға байланысты, оның ішінде үшінші тұлғалардың міндеттерін орындамауына, банкрот болуына немесе таратылуына байланысты қандай да бір шығын және/немесе кіріс алмағаны үшін жауапкершілік атқармайды.

      2.4. Клиенттің Инвестициялық стратегиясының өлшемдерін анықтауды және талдауды Клиент Ұлттық Банкпен келісім бойынша жүргізеді.

      2.5. Клиент Шарт бойынша пайда алушы болып табылады. Активтерді орналастырудан нақты алынған инвестициялық кіріс Ұлттық Банктің кірісі болып табылмайды және егер Шартта өзгеше көзделмесе, қайта инвестициялауға жатады.

      2.6. Клиент сенімгерлік басқаруға берілетін активтерге үшінші тұлғалардың құқықтары жоқ екендігін растайды және кепілдік береді.

      2.7. Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақша-кредит саясатын іске асыру және активтерді сенімгерлік басқаруды жүзеге асыру арасында мүдделер қақтығысы туындаған кезде біріншіге басымдық беріледі.

      2.8. Ұлттық Банк Клиенттің өтініші негізінде ақшаны есепке алу үшін банк шотын, орталық депозитарийде бағалы қағаздарды есепке алу үшін ДЕПО жеке қосалқы шотын және Қазақстан Республикасының кастодиан-бейрезидентінде жеке шот ашады.

      2.9. Ұлттық Банк Клиенттердің активтерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асыру кезеңінде Клиенттің Инвестициялық стратегиясы шеңберінде инвестициялық кірісті алу немесе олар бойынша тәуекелдерді және зияндарды барынша азайту мақсатында Клиенттердің активтерін инвестициялау бойынша шешім қабылдайды.

      2.10. Ұлттық Банк клиенттің активтерін сенімгерлік басқару тиімділігін клиенттің Инвестициялық стратегиясында белгіленген шектеулерді ескере отырып белгілі бір инвестициялық көкжиек үшін тиісті бэнчмарктарға қатысты Клиент портфелінің үстеме кірістілігін анықтау жолымен бағалайды.

      2.11. Салықтар және төленетін басқа да міндетті төлемдер 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес төленеді.

      3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      3.1. Клиент Ұлттық Банктен оның активтерін сенімгерлік басқарумен байланысты ақпаратты жазбаша сұратуға және алуға құқылы.

      3.2. Клиент:

      1) Ұлттық Банкке активтерді сенімгерлік басқаруды жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты ұсынуға;

      2) Шарттың 5.3.-тармағында көзделген мерзімде Ұлттық Банкке Шарттың 5-тарауына сәйкес активтерді сенімгерлік басқарумен байланысты комиссиялық сыйақыны және шығыстарды төлеуге;

      3) ай сайын, есептік айдан кейінгі айдың 10-на (онына) дейін Ұлттық Банкке қарсы салыстырып тексеру үшін:

      сенімгерлік басқаруға берілген/сенімгерлік басқарудан алынған активтерді салыстырып тексеру актісін;

      ақша қалдығын және айналысын салыстырып тексеру актісін;

      көрсетілген қызмет үшін дебиторлық/кредиторлық берешекті салыстырып тексеру актісін;

      көрсетілген қызмет үшін кірістерді/шығыстарды салыстырып тексеру актісін ұсынуға;

      4) активтерді Шарттың 4-тарауының талаптарына сәйкес сенімгерлік басқарудан алу туралы жазбаша сұрату ұсынуға;

      5) Ұлттық Банкпен келіскеннен кейін Клиенттің Инвестициялық стратегиясына өзгерістерді енгізуге;

      6) өзгерістер енгізілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Ұлттық Банкке Клиенттің Инвестициялық стратегиясына енгізілген барлық өзгерістер туралы хабарлауға;

      7) Клиенттің Инвестициялық стратегиясы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келмегені үшін жауапты болуға міндеттенеді.

      3.3. Ұлттық Банк:

      1) Клиент Шарттың 5.3.-тармағын бұзған жағдайда, Клиенттің банк шотынан акцептсіз тәртіппен ақшаны алуға;

      2) Клиенттен:

      Клиенттің активтерін сенімгерлік басқарғаны үшін комиссиялық сыйақы төлеуді;

      Ұлттық Банк Клиентің активтерін сенімгерлік басқарумен байланысты шеккен нақты шығыстарын өтеуді;

      Шарттың 6.1.-тармағына сәйкес өсімпұл төлеуді талап етуге құқылы.

      3.4. Ұлттық Банк Клиенттің Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы және шетел валютасындағы ақшасын олар Клиенттің портфеліне келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде инвестициялауға және/немесе қайта инвестициялауға міндеттенеді. Клиенттің кастодианда ашылған, тиісті үзінді-көшірмелермен расталған тиісті шоттарына ақша түскен күн Клиенттің портфеліне ақша түскен күн болып табылады.

      4. Активтерді алу және толықтыру

      4.1. Клиенттің активтерін толықтыру шектеусіз жүзеге асырылады.

      4.2. Клиенттің активтерін толық немесе ішінара алу Клиенттің жазбаша сұратуы негізінде 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асыралады. Егер өзгешесі Клиенттің Инвестициялық стратегиясында көзделмесе, Клиент активтерді алу басталған күнге дейін 5 (бес) жұмыс күні бұрын жазбаша сұратуды береді.

      4.3. Клиенттің портфелін алу және толықтыру ақшамен де және қаржы құралдарымен де жүргізіледі. Қаржы құралдарымен көрсету бойынша алу/толықтыру сомасының есебіне қаржы құралдарының алу/толықтыру күніндегі нарықтық құны қабылданады.

      5. Активтерді сенімгерлік басқарумен байланысты комиссиялық сыйақыны және шығыстарды төлеу

      5.1. Клиент Ұлттық Банкке активтерді сенімгерлік басқару үшін қызметке Ұлттық Банктің тарифтеріне сәйкес ақы төлейді, сондай-ақ Ұлттық Банк Шарт бойынша қызмет көрсету кезінде нақты шеккен шығыстарын өтейді.

      5.2. Ұлттық Банктің активтерді сенімгерлік басқарумен байланысты шығыстарына:

      1) кастодиандардың, орталық депозитарийлердің, сауда-саттық ұйымдастырушылардың қызметтеріне ақы төлеу;

      2) активтерді сенімгерлік басқарумен байланысты төлемдерді жүргізу бойынша шығыстар;

      3) активтерді сенімгерлік басқару кезінде туындауы мүмкін басқа да шығыстар, оның ішінде оларды бағалау бойынша шығыстар жатады.

      5.3. Ай сайын, Ұлттық Банктің шот-фактурасын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Клиент Ұлттық Банкке комиссиялық сыйақы төлейді және Ұлттық Банк активтерді сенімгерлік басқарумен байланысты нақты шеккен шығыстарын өтейді.

      6. Тараптардың жауапкершілігі

      6.1. Клиент Ұлттық Банкке комиссиялық сыйақы және көрсетілген қызмет үшін нақты шеккен шығыстарға Шартта көрсетілген мерзімде ақы төлеуді кешіктірген жағдайда, ол Ұлттық Банкке ақы төлеген күнді қоспағанда әрбір кешіктірілген жұмыс күні үшін төленуге тиісті сомадан 0,01% (ноль бүтін жүзден бір пайыз) мөлшерінде өсімпұл төлейді.

      7. Төтенше жағдай

      7.1. Дүлей күшке жататын табиғи апаттар, авариялар, өрт, жаппай тәртіпсіздіктер, ереуілдер, әскери іс-қимылдар туындаған жағдайда, сондай-ақ осы Шартта көрсетілген қызмет түрлеріне тікелей немесе жанама тыйым салатын, Тараптардың Шарт бойынша өзінің функцияларын орындауына кедергі келтіретін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық және құқықтық актілерінің қабылдауы, егер зардап шеккен Тарап осындай жағдай туындаған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күннен кешіктірмей және байланыс болған кезде орын алған жағдай туралы басқа Тарапқа хабарласа, сондай-ақ төтенше жағдайлардың зардаптарын тезірек жою үшін барлық күш-жігерін жұмсаса өздеріне қабылдаған міндеттемелерін орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

      7.2. Шарттың 7.1.-тармағында көрсетілген дүлей күш жағдайлары ықпал ету объектісі болған Тарап басқа Тараптың талап етуі бойынша болған оқиғалар туралы растайтын құжаттарды, сондай-ақ шеккен зиян көлемін есептеуге байланысты уәкілетті органның растаған кез келген құжаттаманы ұсынуға міндетті.

      7.3. Тараптардың Шарт бойынша міндеттемелерін орындауы дүлей күш жағдайлары орын алған уақытта тоқтатылады және олар аяқталғаннан кейін бірден қайта жаңғыртылады.

      7.4. Шарттың 7.1.-тармағында көрсетілген дүлей күш жағдайлары тоқтатылғаннан кейін, Тараптар Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауды жалғастыруға міндетті.

      8. Дауларды шешу тәртібі

      8.1. Тараптар осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау барысында туындаған келіспеушіліктер келіссөздер арқылы шешіледі.

      8.2. Егер Тараптар келіссөздер арқылы келісімге келмесе, реттелмеген барлық даулар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес сотта қаралады.

      9. Шарттың қолданылу мерзімі

      9.1. Осы Шарт Тараптар оған қол қойған күннен бастап күшіне енеді және белгіленбеген мерзімге жасалады.

      9.2. Әрбір Тарап басқа Тарапқа болжамды бұзылатын күнге дейін 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын жазбаша ескерте отырып, осы Шартты бұзуға құқылы.

      9.3. Осы Шарт бұзылған кезде Ұлттық Банк Шарт бұзылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сенімгерлік басқаруда тұрған активтерді Клиент көрсеткен шотқа аударады. Клиент 5 (бес) жұмыс күні ішінде Ұлттық Банкке көрсетілген қызмет үшін комиссиялық сыйақы сомасын толық көлемде ақы төлеуге, сондай-ақ Ұлттық Банк Клиенттің активтерін сенімгерлік басқаруға байланысты нақты шеккен шығыстарын өтеуге міндеттенеді.

      10. Басқа да талаптар

      10.1. Шарттың 10.2.-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Шартқа өзгерістер Шартқа қосымша келісім жасау арқылы ресімделеді, оған Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қояды және Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

      10.2. Тарап атауы, орналасқан жері, деректемелері өзгерген жағдайда, басқа Тарапқа тиісті шешім қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде растайтын құжаттарды қоса бере отырып жазбаша хабарлауға міндетті.

      10.3. Тараптар қайта құрылған жағдайда барлық құқықтары мен міндеттері Тараптардың құқықтық мирасқорларына өтеді.

      10.4. Шарт төрт түпнұсқа данада жасалды: екеуі мемлекеттік тілде және екеуі орыс тілінде, олардың екі данасы (бір мемлекеттік тілде және бір орыс тілінде) Ұлттық Банкте қалады және екі данасы (бір мемлекеттік тілде және бір орыс тілінде) Клиентке беріледі. Әрбір данасының заң күші бірдей.

      10.5. Шартта реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.

      11. Тараптардың орналасқан жері және деректемелері

      Ұлттық Банк Клиент

      Ұлттық Банктің атынан Клиенттің атынан

  Клиенттердің активтерін
сенімгерлік басқару
шартына 1-қосымша

      Клиенттің сенімгерлік басқаруға берілетін активтерінің құрамы

  Клиенттердің активтерін
сенімгерлік басқару
шартына 2-қосымша

      Клиенттің Инвестициялық стратегиясы

Об утверждении Правил осуществления Национальным Банком Республики Казахстан деятельности по доверительному управлению активами клиентов

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 18. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 26 февраля 2016 года № 13286. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 19 ноября 2019 года № 196.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 19.11.2019 № 196 (вводится в действие с 01.01.2020).

      В целях реализации Закона Республики Казахстан от 24 ноября 2015 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам неработающих кредитов и активов банков второго уровня, оказания финансовых услуг и деятельности финансовых организаций и Национального Банка Республики Казахстан" Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила осуществления Национальным Банком Республики Казахстан деятельности по доверительному управлению активами клиентов.

      2. Департаменту монетарных операций и управления активами (Молдабекова А.М.) в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) совместно с Департаментом правового обеспечения (Сарсенова Н.В.) государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) направление настоящего постановления в республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан":

      на официальное опубликование в информационно-правовой системе "Әділет" в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      для включения в Государственный реестр нормативных правовых актов Республики Казахстан, Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан в течение десяти календарных дней со дня его получения Национальным Банком Республики Казахстан после государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего постановления на официальном интернет-ресурсе Национального Банка Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Департаменту международных отношений и связей с общественностью (Казыбаев А.К.) обеспечить направление настоящего постановления на официальное опубликование в периодических печатных изданиях в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Пирматова Г.О.

      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяется на отношения, возникшие с 1 февраля 2016 года.

Председатель


Национального Банка

Д. Акишев


  Утверждены
постановлением Правления
Национального Банка
Республики Казахстан
от 28 января 2016 года № 18

Правила
осуществления Национальным Банком Республики Казахстан
деятельности по доверительному управлению активами клиентов

      1. Настоящие Правила осуществления Национальным Банком Республики Казахстан деятельности по доверительному управлению активами клиентов (далее – Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 30 марта 1995 года "О Национальном Банке Республики Казахстан" (далее – Закон о Национальном Банке) и определяют порядок осуществления Национальным Банком Республики Казахстан (далее – Национальный Банк) деятельности по доверительному управлению активами клиентов.

      2. Правила не распространяются на осуществление Национальным Банком деятельности по доверительному управлению активами Национального фонда Республики Казахстан и пенсионными активами Единого накопительного пенсионного фонда.

      Сноска. Пункт 2 в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 28.12.2018 № 323 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 1. Общие положения

      Сноска. Заголовок главы 1 в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 28.12.2018 № 323 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Деятельность Национального Банка по доверительному управлению активами клиентов регулируется и осуществляется в соответствии с Гражданским кодексом Республики Казахстан (Общая часть) от 27 декабря 1994 года и Гражданским кодексом Республики Казахстан (Особенная часть) от 1 июля 1999 года (далее – Гражданский кодекс), Законом о Национальном Банке и Правилами.

      4. В части, не урегулированной Гражданским кодексом, Законом о Национальном Банке, Правилами, деятельность Национального Банка по доверительному управлению активами клиентов регулируется внутренними документами Национального Банка и договорами доверительного управления активами клиента (далее – договор доверительного управления).

      5. В Правилах используются понятия, предусмотренные Гражданским кодексом, а также следующие понятия:

      1) активы – деньги и финансовые инструменты, принадлежащие клиенту;

      2) ценные бумаги – ценные бумаги, эмитированные в соответствии с законодательством Республики Казахстан и иностранных эмитентов, выпущенные в соответствии с законодательством других государств, международных финансовых организаций;

      3) бэнчмарк – набор финансовых инструментов или индикативных показателей, выбираемый клиентом в качестве эталона, отражающий стратегические интересы клиента. Доходность бэнчмарка служит мерой при оценке доходности управления активами;

      4) инвестиционный горизонт – отрезок времени, по истечении которого определяется результат инвестирования активов клиента;

      5) инвестиционный доход – прирост активов, полученный в результате их инвестирования;

      6) клиент – юридическое лицо, заключившее с Национальным Банком договор доверительного управления;

      7) портфель клиента – деньги и набор финансовых инструментов клиента;

      8) конфликт интересов – ситуация, при которой интересы Национального Банка и его клиента не совпадают между собой, где Национальный Банк одновременно выступает и доверительным управляющим и стороной операции/сделки;

      9) стратегические интересы – желаемый уровень доходности и толерантность к риску;

      10) внешний финансовый рынок – совокупность отношений, складывающихся в процессе совершения сделок между резидентами Республики Казахстан и нерезидентами Республики Казахстан в соответствии с законодательством иностранного государства;

      11) уполномоченные подразделения – подразделения Национального Банка, на которые возложены функции по осуществлению деятельности по доверительному управлению активами клиентов;

      12) сверхдоходность – разница между фактически достигнутым уровнем доходности и уровнем доходности бэнчмарка;

      13) внутренний финансовый рынок – совокупность отношений, складывающихся в процессе совершения сделок между резидентами Республики Казахстан в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      6. Сделки с активами клиента совершаются Национальным Банком за счет и в интересах клиента как на внутреннем финансовом рынке, так и на внешнем финансовом рынке.

Глава 2. Функции уполномоченных подразделений по осуществлению деятельности по доверительному управлению активами клиентов

      Сноска. Заголовок главы 2 в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 28.12.2018 № 323 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. При осуществлении деятельности по доверительному управлению активами клиентов Национальный Банк выполняет следующие функции:

      1) готовит и заключает договоры доверительного управления с клиентами;

      2) от своего имени заключает и исполняет сделки с активами клиентов за их счет и в их интересах;

      3) осуществляет вспомогательный учет активов, находящихся в доверительном управлении;

      4) представляет клиенту информацию, связанную с доверительным управлением активами клиента, в сроки и порядке, предусмотренные договором доверительного управления;

      5) осуществляет сверку данных системы учета Национального Банка на их соответствие данным клиента, кастодиана, центрального депозитария и/или регистратора;

      6) соблюдает ограничения прав по доверительному управлению активами клиентов, установленными Гражданским кодексом и договором доверительного управления;

      7) оказывает информационные, консультационные и другие виды услуг по договору доверительного управления.

      8. Текущий контроль за заключением и исполнением сделок по доверительному управлению активами клиентов осуществляют руководители уполномоченных подразделений.

Глава 3. Осуществление Национальным Банком деятельности по доверительному управлению активами клиентов

      Сноска. Заголовок главы 3 в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 28.12.2018 № 323 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      9. В целях эффективного осуществления Национальным Банком доверительного управления активами клиента клиент определяет инвестиционную стратегию управления активами и структуру бэнчмарка либо его отсутствие самостоятельно или совместно с Национальным Банком.

      Сноска. Пункт 9 в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 28.12.2018 № 323 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      10. Принятие активов клиента в доверительное управление Национальным Банком осуществляется на основании постановления Правления Национального Банка.

      11. В целях заключения договора доверительного управления потенциальный клиент представляет в Национальный Банк следующие документы:

      1) нотариально удостоверенный документ с образцами подписей работников клиента, уполномоченных на подписание письменных запросов, в трех экземплярах;

      2) копию решения уполномоченного органа клиента о передаче Национальному Банку активов в доверительное управление, если доверительное управление активами клиента Национальным Банком прямо не предусмотрено законодательными актами Республики Казахстан;

      3) устав либо его нотариально засвидетельствованную копию, а в случае если клиент осуществляет свою деятельность на основании типового устава – документы, подтверждающие факт осуществления деятельности на основании типового устава.

      Сноска. Пункт 11 в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 28.12.2018 № 323 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      12. Договор доверительного управления заключается между Национальным Банком и клиентом в письменной форме в соответствии с требованиями гражданского законодательства Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 12 в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 28.12.2018 № 323 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      13. Допускается заключение договора доверительного управления путем обмена факсимильными копиями с последующим обменом оригиналов договора доверительного управления не позднее 14 (четырнадцати) рабочих дней после дня его заключения.

  Приложение
к Правилам осуществления
Национальным Банком
Республики Казахстан
деятельности по доверительному
управлению активами клиентов

      Форма

      Договор

      доверительного управления активами клиента

      г. Алматы "___" _________ 20__года

      Республиканское государственное учреждение Национальный Банк

      Республики Казахстан, именуемое в дальнейшем "Национальный Банк", в

      лице ______________________, действующего на основании Закона

      Республики Казахстан от 30 марта 1995 года "О Национальном Банке

      Республики Казахстан", с одной стороны, и

      ________________________________________, именуемое в дальнейшем

      "Клиент", в лице _______________________________, действующего на

      основании _____________, с другой стороны, далее совместно именуемые

      "Стороны", а по отдельности "Сторона" или как указано выше,

      руководствуясь Правилами осуществления Национальным Банком Республики

      Казахстан деятельности по доверительному управлению активами клиентов

      (далее – Правила), заключили настоящий Договор доверительного

      управления активами клиента (далее – Договор) о нижеследующем.

      1. Предмет Договора

      1.1. Клиент передает Национальному Банку активы, а Национальный Банк обязуется осуществлять от своего имени и в интересах Клиента доверительное управление переданными в его владение, пользование и распоряжение активами.

      1.2. Состав активов Клиента, передаваемых в доверительное управление, предусмотрен приложением 1 к Договору.

      2. Основные положения

      2.1. Национальный Банк вправе совершать любые действия, какие мог бы совершить Клиент со своими активами с целью надлежащего управления ими, Инвестиционные решения Национальный Банк принимает самостоятельно в соответствии с рыночными условиями и инвестиционной стратегией Клиента, предусмотренной приложением 2 (далее – Инвестиционная стратегия Клиента), которая является неотъемлемой частью Договора.

      2.2. Доверительное управление активами Клиента предполагает необходимость заключать от своего имени и за счет Клиента сделки с финансовыми инструментами, разрешенными Инвестиционной стратегией Клиента.

      2.3. При оказании услуг Национальный Банк не гарантирует Клиенту получение дохода или отсутствие убытков по сделкам, совершаемым в соответствии с Инвестиционной стратегией Клиента и Договором. Национальный Банк не несет ответственности за какие-либо убытки и/или неполученные доходы в связи с инвестированием активов Клиента в финансовые инструменты, разрешенные Инвестиционной стратегией Клиента, в том числе связанные с неисполнением обязательств, банкротством или ликвидацией третьих лиц.

      2.4. Определение и анализ параметров Инвестиционной стратегии Клиента проводится Клиентом по согласованию с Национальным Банком.

      2.5. Выгодоприобретателем по Договору является Клиент. Инвестиционный доход, фактически полученный от размещения активов, не является доходом Национального Банка и подлежит реинвестированию, если иное не предусмотрено Договором.

      2.6. Клиент подтверждает и гарантирует, что на активы, передаваемые в доверительное управление, отсутствуют права третьих лиц.

      2.7. При возникновении конфликта интересов между реализацией государственной денежно-кредитной политики Республики Казахстан и осуществлением доверительного управления активами приоритет отдается первому.

      2.8. Национальный Банк на основании заявления Клиента открывает банковский счет для учета денег, лицевой субсчет ДЕПО для учета ценных бумаг в центральном депозитарии и лицевой счет в кастодиане-нерезиденте Республики Казахстан.

      2.9. В период осуществления доверительного управления активами Клиентов Национальный Банк самостоятельно принимает решения по инвестированию активов Клиента с целью получения инвестиционного дохода или минимизации рисков и убытков по ним в рамках Инвестиционной стратегии Клиента.

      2.10. Эффективность доверительного управления активами Клиента оценивается Национальным Банком путем определения сверхдоходности портфеля Клиента по отношению к соответствующим бэнчмаркам за определенный инвестиционный горизонт с учетом установленных ограничений в Инвестиционной стратегии Клиента.

      2.11. Налоги и другие обязательные платежи в бюджет уплачиваются в соответствии с Кодексом Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет".

      3. Права и обязанности Сторон

      3.1. Клиент вправе письменно запрашивать и получать от Национального Банка информацию, связанную с доверительным управлением его активами.

      3.2. Клиент обязуется:

      1) представлять Национальному Банку информацию, необходимую для осуществления доверительного управления активами;

      2) в сроки, указанные в пункте 5.3. Договора, оплачивать Национальному Банку комиссионное вознаграждение и расходы, связанные с доверительным управлением активами, в соответствии с главой 5 Договора;

      3) ежемесячно, до 10-го (десятого) числа месяца, следующего за отчетным, представлять Национальному Банку для встречной сверки:

      акт сверки активов переданных/изъятых из доверительного управления;

      акт сверки остатков и оборотов денег;

      акт сверки дебиторской/кредиторской задолженности за оказанные услуги;

      акт сверки доходов/расходов за оказанные услуги;

      4) представлять письменный запрос об изъятии активов из доверительного управления в соответствии с главой 4 Договора;

      5) вносить изменения в Инвестиционную стратегию Клиента после согласования с Национальным Банком;

      6) уведомлять Национальный Банк обо всех изменениях, внесенных в Инвестиционную стратегию Клиента в течение 2 (двух) рабочих дней со дня внесения изменений;

      7) нести ответственность за несоответствие Инвестиционной стратегии Клиента требованиям нормативных правовых актов Республики Казахстан.

      3.3. Национальный Банк вправе:

      1) производить изъятие денег с банковских счетов Клиента в безакцептном порядке в случае нарушения Клиентом пункта 5.3. Договора;

      2) требовать от Клиента:

      уплаты комиссионного вознаграждения за доверительное управление активами Клиента;

      возмещения фактически понесенных Национальным Банком расходов, связанных с доверительным управлением активами Клиента;

      уплаты пени в соответствии с пунктом 6.1. Договора.

      3.4. Национальный Банк обязуется инвестировать и/или реинвестировать деньги Клиента в национальной валюте Республики Казахстан и иностранной валюте в течение 5 (пяти) рабочих дней с даты их поступления в портфель Клиента. Датой поступления денег в портфель Клиента является дата поступления денег на соответствующие счета Клиента, открытые у кастодиана, подтвержденные соответствующими выписками.

      4. Изъятие и пополнение активов

      4.1. Пополнение активов Клиента осуществляется без ограничений.

      4.2. Полное или частичное изъятие активов Клиента осуществляется на основании письменного запроса Клиента в течение 5 (пяти) рабочих дней. Клиент представляет письменный запрос за 5 (пять) рабочих дней до даты начала изъятия активов, если иное не предусмотрено Инвестиционной стратегией Клиента.

      4.3. Изъятие и пополнение портфеля Клиента происходит как в деньгах, так и в финансовых инструментах. За расчет суммы изъятия/пополнения, выраженной в финансовых инструментах, принимается рыночная стоимость самих финансовых инструментов на дату изъятия/пополнения активов.

      5. Оплата комиссионного вознаграждения и расходов, связанных

      с доверительным управлением активами

      5.1. Клиент оплачивает Национальному Банку услуги за доверительное управление активами в соответствии с тарифами Национального Банка, а также возмещает фактически понесенные Национальным Банком расходы при предоставлении услуг по Договору.

      5.2. К расходам Национального Банка, связанным с доверительным управлением активами, относятся:

      1) оплата услуг кастодианов, центрального депозитария, организаторов торгов;

      2) расходы по проведению платежей в связи с доверительным управлением активами;

      3) другие расходы, которые могут возникнуть при осуществлении доверительного управления активами, в том числе по их оценке.

      5.3. Ежемесячно, в течение 10 (десяти) рабочих дней со дня получения счета-фактуры Национального Банка, Клиент оплачивает Национальному Банку комиссионное вознаграждение и возмещает фактически понесенные Национальным Банком расходы, связанные с доверительным управлением активами.

      6. Ответственность Сторон

      6.1. Клиент в случае задержки оплаты Национальному Банку комиссионного вознаграждения и фактически понесенных расходов за оказанные услуги в сроки, указанные в Договоре, уплачивает Национальному Банку пеню в размере 0,01% (ноль целых одной десятой процента) от суммы, подлежащей уплате за каждый рабочий день задержки, не включая день оплаты.

      7. Форс-мажор

      7.1. В случае возникновения обстоятельств непреодолимой силы, к которым относятся стихийные бедствия, аварии, пожары, массовые беспорядки, забастовки, военные действия, а также принятия нормативных правовых и правовых актов Республики Казахстан, прямо или косвенно запрещающих указанные в Договоре виды деятельности, препятствующие осуществлению Сторонами своих функций по Договору, они освобождаются от ответственности за неисполнение взятых на себя обязательств, если не позднее 3 (трех) рабочих дней с момента наступления таких обстоятельств и при наличии связи Сторона, пострадавшая от их влияния, доведет до другой Стороны известие о случившемся, а также предпримет все усилия для скорейшей ликвидации последствий форс-мажорных обстоятельств.

      7.2. Сторона, ставшая объектом воздействия обстоятельств непреодолимой силы, указанных в пункте 7.1. Договора, обязана по требованию другой Стороны представить подтверждающие документы о произошедших событиях, а также любую документацию, связанную с исчислением объема понесенного ущерба, заверенные уполномоченными органами.

      7.3. Исполнение Сторонами обязательств по Договору приостанавливается на время действия обстоятельств непреодолимой силы и возобновляется сразу после их прекращения.

      7.4. После прекращения действия обстоятельств непреодолимой силы, указанных в пункте 7.1. Договора, Стороны обязаны продолжить исполнение своих обязательств по Договору.

      8. Порядок разрешения споров

      8.1. Разногласия, возникающие в процессе исполнения Сторонами своих обязательств по Договору, решаются путем переговоров.

      8.2. В случае если Стороны не пришли к соглашению путем переговоров, все неурегулированные споры рассматриваются судом в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      9. Срок действия Договора

      9.1. Договор вступает в силу со дня его подписания обеими Сторонами и заключается на неопределенный срок.

      9.2. Каждая из Сторон имеет право расторгнуть Договор, письменно уведомив об этом другую Сторону за 30 (тридцать) календарных дней до предполагаемой даты расторжения.

      9.3. При расторжении Договора Национальный Банк в течение 5 (пяти) рабочих дней с даты расторжения Договора, переводит активы, находящиеся в доверительном управлении на указанный Клиентом счет. Клиент обязуется в течение 5 (пяти) рабочих дней оплатить в полном объеме Национальному Банку сумму комиссионного вознаграждения за оказанные услуги, а также возместить фактически понесенные Национальным Банком расходы, связанные с доверительным управлением активами Клиента.

      10. Прочие условия

      10.1. Изменения к Договору, за исключением случаев, предусмотренных пунктом 10.2. Договора, оформляются путем заключения дополнительного соглашения к Договору, которое подписывается уполномоченными представителями обеих Сторон и является неотъемлемой частью Договора.

      10.2. В случае изменения наименования, местонахождения, реквизитов Сторона обязана письменно уведомить другую Сторону в течение 10 (десяти) рабочих дней со дня принятия соответствующего решения с приложением подтверждающих документов.

      10.3. При реорганизации Сторон все права и обязанности переходят к правопреемникам Сторон.

      10.4. Договор составлен в четырех подлинных экземплярах: два на государственном и два на русском языках, из которых два экземпляра (один на государственном и один на русском языках) остаются в Национальном Банке и два экземпляра (один на государственном и один на русском языках) передаются Клиенту. Каждый экземпляр имеет одинаковую юридическую силу.

      10.5. Вопросы, не урегулированные Договором, разрешаются в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.

      11. Места нахождения и реквизиты Сторон

Национальный Банк

Клиент

За Национальный Банк

За Клиента

  Приложение 1
к Договору доверительного
управления активами клиента

      Состав активов Клиента, передаваемых в доверительное управление

  Приложение 2
к Договору доверительного
управления активами клиента

      Инвестиционная стратегия Клиента