Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 07.04.2020 № 362 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
РҚАО-ның ескертпесі!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз!
"Мемлекеттік қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-тармағының 1-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 285 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11154 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 18 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшамен бекітілген "Мемлекеттік мүлікті жалға алушылармен (сенімгерлік басқарушылармен) жасалған жалдау (сенімгерлік басқару) шарттары бойынша оларға Мемлекеттік мүлік тізілімінен шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен мемлекеттік бюджетке түскен төлемдер туралы мәліметтерді қамтитын анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартында (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты):
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;
2) www.e.gov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:
құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 20 (жиырма) минут;
электрондық кезек талонын алған сәттен бастап күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
Мемлекеттік корпорация қызметкері ресімдеуге рұқсат етілген ең ұзақ уақыт – 15 (он бес) минут;
2) порталға жүгінген кезде – 10 (он) минут.";
8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-сенбі аралығында, көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша "электрондық" кезек тәртібінде жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады.";
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Мемлекеттік корпорацияға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
жеке басты куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының не сенімхат бойынша уәкілетті өкілдің жеке басын сәйкестендіру үшін);
"Мемлекеттік корпорацияның қызметкері Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесіндегі деректерді көрсетілетін қызметті алушы құжаттарының түпнұсқаларымен салыстырады және көрсетілетін қызметті алушыға берілген құжаттардың түпнұсқаларын қайтарады;";
екінші бөлігі 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мен Мемлекеттік корпорацияның қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттар қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.";
3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі";
екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Мемлекеттік корпорацияның филиал, бөлім басшысының атына жіберіледі.";
төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің, Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде күні мен уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.";
бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің, Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.";
4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Өзін-өзі қарап күту, өздігінен жүріп-тұру, бағдарлай алу қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері 1414 немесе 8 800 080 7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы тұрғылықты жеріне барып отырып жүргізеді.";
14-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурсында;";
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына 4-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (Э.К. Өтепов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімдік баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы | |
Қаржы министрі | Б. Сұлтанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрінің м.а.
_______________________ Ж. Қасымбек
2016 жылғы "__" ________________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
_______________________ Е. Досаев
2016 жылғы 27 қаңтар
Нысан
(көрсетілетін қызметті алушының тегі,
аты, бар болса әкесінің аты
(бұдан әрі – Т.А.Ә.) не ұйымының атауы)
__________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорацияcы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының № ____ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) мемлекеттік қызмет көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес көрсетілсін) құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1) ______________________________;
2) ______________________________;
3) ______________________ ұсынбауыңызға байланысты бас тартады.
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден екі данада жасалды.
Т.А.Ә. (Мемлекеттік корпорация қызметкері) (қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә. _____________
Телефон _______________________
Алдым: Т.А.Ә./ көрсетілетін қызметті алушының қолы
20__жылғы "__" _________