Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналдың біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 13 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 15 наурызда № 13456 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Кіріспе жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің 24.09.2024 № 338 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Атом энергиясын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 6-бабының 19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналдың біліктілігін арттыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының


Энергетика министрі

В. Школьник

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Е. Досаев

      2016 жылғы 17 ақпан



  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2016 жылғы 20 қаңтардағы
№ 13 бұйрығымен
бекітілген

Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналдың біліктілігін арттыру қағидалары

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің 24.09.2024 № 338 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің 24.09.2024 № 338 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналдың біліктілігін арттыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Атом энергиясын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 6-бабының 19) тармақшасына сәйкес әзірленді және атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналдың біліктілігін арттыру тәртібін айқындайды.

      2. Атом энергиясы пайдаланылатын салада қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен персоналдың біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің 24.09.2024 № 338 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналдың біліктілігін арттыру тәртібі

      3. Персоналдың біліктілігін арттыру атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналдың тиісті кәсіби деңгейін қолдау және білімі мен дағдыларын арттырудағы қажеттілікті қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылады.

      Атом энергиясы пайдаланылатын салада қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар персоналдың барлық санаттары үшін біліктілікті арттыру жөніндегі бағдарламаларды әзірлейді және тұрақты негізде орындайды.

      4. Біліктілікті арттыру бағдарламасы мыналарды:

      1) персоналдың регламенттік, штаттан тыс және авариялық әрекеттерді орындау үшін қажет білімін және практикалық дағдыларын қолдауды;

      2) жұмыста кемшіліктермен, атом энергиясы пайдаланылатын объектілердің модификацияларымен және (немесе) рәсімдердің өзгеруімен анықталған, функционалдық міндеттердің көлемі өзгерген жағдайда персоналдың теориялық білімі мен практикалық дағдыларын жетілдіруді;

      3) жеткіліксіз білім анықталған бөлімдерді тереңдете қараумен бастапқы дайындық үдерісінде оқылатын жекелеген қолданбалы пәндердің негіздерін білу деңгейін арттыруды;

      4) қондырғыны қауіпсіз пайдалануға жауапкершілік деңгейін көтеруді;

      5) атом энергиясы пайдаланылатын объектіні пайдаланудың тиімділігін жүйелі бағалаудың көмегімен анықталатын персоналдың жұмыстағы кемшіліктерін талдауды;

      6) атом энергиясы пайдаланылатын объектіні пайдалануға қатысты, күрделі міндеттерге тұрақты дайындау арқылы жедел персонал жұмысының тиімділігін арттыруды;

      7) олардың өз лауазымдық міндеттерін, функциялары мен міндеттерін орындау үшін қажет дағдыларды дамытуды;

      8) персонал өзінің лауазымдық міндеттерін, функциялары мен міндеттерін орындау үшін қажет дәрежеде радиациялық қорғау және бақылау мәселелерін қамтиды.

      5. Авариялар жағдайында ерекше функцияларды атқаратын персонал осы функцияларды орындау үшін біліктілігін арттырады. Өрт қауіпсіздігіне жауапты персоналдың біліктілігін арттыру бағдарламалары өртке қарсы жаттығуларды қамтиды.

      6. Персоналдың біліктілігін арттыру бес жылда кемінде бір рет өткізіледі.

      7. Біліктілікті арттыру бағдарламаларын атом энергиясы пайдаланылатын салада қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар олардың дайындықтың қажеттілігіне сәйкестігі мен тиімділігін анықтау мақсатында кезең-кезеңмен қайта қарайды. Біліктілікті арттыру бағдарламаларын қайта қарау кезінде нормативтік құжаттардағы, атом энергиясы пайдаланылатын объектінің құрылымындағы өзгерістерге, сондай-ақ пайдалану тәжірибесіне, соның ішінде:

      1) жаңа немесе түрлендірілген қондырғыларға немесе жабдыққа;

      2) жаңа немесе қайта қаралған рәсімдерге;

      3) жаңа реттеуші талаптарға;

      4) персоналдан, кіші буын басшылардан, оқып-үйренушілерден, нұсқаушылар құрамынан, бағдарламаларды бағалау нәтижелерінен кері байланысқа, осы пайдаланушы ұйымдағы немесе саланың басқа ұйымдарындағы оқиғаларға;

      5) оқиғалардың түпкілікті себептерін талдауға, түзетуші әрекеттерге;

      6) оқып-үйренушілердің үлгермеу жағдайларын қоса алғанда, дайындық үдерісінде туындайтын мәселелерге;

      7) персоналдың қызметіндегі кемшіліктерге;

      8) персоналдың қызметін немесе дайындығын реттейтін жаңа немесе қайта қаралған нормаларға;

      9) білімі мен пайдалану тәжірибесін сақтаумен байланысты келелі мәселелерге ерекше көңіл бөлінеді.

      8. Біліктілікті арттыру қорытындысы бойынша, оқытуды өткендігін растайтын құжат беріледі.

Об утверждении Правил повышения квалификации персонала, занятого на объектах использования атомной энергии

Приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 20 января 2016 года № 13. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 15 марта 2016 года № 13456.

      Примечание ИЗПИ!
      Преамбула предусмотрена в редакции приказа Министра энергетики РК от 24.09.2024 № 338 (вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 19) статьи 6 Закона Республики Казахстан от 12 января 2016 года "Об использовании атомной энергии" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила повышения квалификации персонала, занятого на объектах использования атомной энергии.

      2. Комитету атомного и энергетического надзора и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе "Әділет", а также в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" Министерства юстиции Республики Казахстан для включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства энергетики Республики Казахстан и интранет-портале государственных органов;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства энергетики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра энергетики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр энергетики


Республики Казахстан

В. Школьник

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр национальной экономики

      Республики Казахстан

      _______________ Е. Досаев

      17 февраля 2016 года



  Утверждены
приказом Министра энергетики
Республики Казахстан
от 20 января 2016 года № 13

Правила повышения квалификации персонала, занятого на объектах использования атомной энергии

      Примечание ИЗПИ!
      Заголовок главы 1 предусмотрен в редакции приказа Министра энергетики РК от 24.09.2024 № 338 (вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

1. Общие положения

      Примечание ИЗПИ!
      Пункт 1 предусмотрен в редакции приказа Министра энергетики РК от 24.09.2024 № 338 (вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Настоящие Правила повышения квалификации персонала, занятого на объектах использования атомной энергии (далее – Правила), разработаны в соответствии с подпунктом 19) статьи 6 Закона Республики Казахстан от 12 января 2016 года "Об использовании атомной энергии" и определяют порядок повышения квалификации персонала, занятого на объектах использования атомной энергии.

      2. Физические и юридические лица, осуществляющие деятельность в области использования атомной энергии, обеспечивают повышение квалификации персонала в порядке, установленном настоящими Правилами.

      Примечание ИЗПИ!
      Заголовок главы 2 предусмотрен в редакции приказа Министра энергетики РК от 24.09.2024 № 338 (вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

2. Порядок повышения квалификации персонала, занятого на объектах использования атомной энергии

      3. Повышение квалификации персонала осуществляется в целях поддержания должного профессионального уровня и удовлетворения потребности в повышении знаний и навыков персонала, занятого на объектах использования атомной энергии.

      Физические и юридические лица, осуществляющие деятельность в области использования атомной энергии, разрабатывают и выполняют на регулярной основе программы по повышению квалификации для всех категорий персонала.

      4. Программа повышения квалификации включает:

      1) поддержание знаний и практических навыков персонала, необходимых для выполнения регламентных, нештатных и аварийных действий;

      2) совершенствование теоретических знаний и практических навыков персонала в случае изменения объема функциональных обязанностей, выявленных недостатков в работе, модификаций объектов использования атомной энергии и (или) изменений процедур;

      3) повышение уровня знаний основ отдельных прикладных дисциплин, изучаемых в процессе первичной подготовки, с углубленным рассмотрением разделов, по которым выявлены недостаточные знания;

      4) повышение уровня ответственности за безопасную эксплуатацию установки;

      5) анализ недостатков в работе персонала, выявляемых с помощью систематической оценки эффективности эксплуатации объекта использования атомной энергии;

      6) повышение эффективности работы оперативного персонала путем регулярной подготовки к сложным задачам, относящимся к эксплуатации объекта использования атомной энергии;

      7) развитие навыков, необходимых для исполнения им своих должностных обязанностей, функций и задач;

      8) вопросы радиационной защиты и контроля в той степени, в какой это необходимо для исполнения персоналом своих должностных обязанностей, функций и задач.

      5. Персонал, который выполняет особые функции в случае аварий, повышает квалификацию для выполнения этих функций. Программы повышения квалификации персонала, отвечающего за пожарную безопасность, включают противопожарные учения.

      6. Повышение квалификации персонала проводится не реже одного раза в пять лет.

      7. Программы повышения квалификации периодически пересматриваются физическими и юридическими лицами, осуществляющими деятельность в области использования атомной энергии, с целью определения их соответствия потребностям подготовки и эффективности. При пересмотре программ повышения квалификации особое внимание уделяется изменениям в нормативных документах, в конструкции объекта использования атомной энергии, а также опыте эксплуатации, в том числе:

      1) новым или модифицированным установкам или оборудованию;

      2) новым или пересмотренным процедурам;

      3) новым регулирующим требованиям;

      4) обратной связи от персонала, руководителей младшего звена, обучаемых, инструкторского состава, результатов оценки программ, событиям в данной эксплуатирующей организации или в других организациях отрасли;

      5) анализу коренных причин событий, корректирующим действиям;

      6) проблемам, возникающим в процессе подготовки, включая случаи неуспеваемости обучаемых;

      7) недостаткам в деятельности персонала;

      8) новым или пересмотренным нормам, регулирующим деятельность или подготовку персонала;

      9) проблемам, связанным с сохранением знаний и опыта эксплуатации.

      8. По итогам повышения квалификации выдается документ, подтверждающий прохождение обучения.