"Атом энергиясын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 24.09.2024 № 338 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналдың біліктілігін арттыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының | |
Энергетика министрі | В. Школьник |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________ Е. Досаев
2016 жылғы 17 ақпан
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 13 бұйрығымен бекітілген |
Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналдың біліктілігін арттыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 24.09.2024 № 338 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналдың біліктілігін арттыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Атом энергиясын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 19) тармақшасына сәйкес әзірленді және атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналдың біліктілігін арттыру тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 24.09.2024 № 338 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Атом энергиясы пайдаланылатын салада қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен персоналдың біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді.
2-тарау. Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналдың біліктілігін арттыру тәртібі
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 24.09.2024 № 338 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. Персоналдың біліктілігін арттыру атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналдың тиісті кәсіби деңгейін қолдау және білімі мен дағдыларын арттырудағы қажеттілікті қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылады.
Атом энергиясы пайдаланылатын салада қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар персоналдың барлық санаттары үшін біліктілікті арттыру жөніндегі бағдарламаларды әзірлейді және тұрақты негізде орындайды.
4. Біліктілікті арттыру бағдарламасы мыналарды:
1) персоналдың регламенттік, штаттан тыс және авариялық әрекеттерді орындау үшін қажет білімін және практикалық дағдыларын қолдауды;
2) жұмыста кемшіліктермен, атом энергиясы пайдаланылатын объектілердің модификацияларымен және (немесе) рәсімдердің өзгеруімен анықталған, функционалдық міндеттердің көлемі өзгерген жағдайда персоналдың теориялық білімі мен практикалық дағдыларын жетілдіруді;
3) жеткіліксіз білім анықталған бөлімдерді тереңдете қараумен бастапқы дайындық үдерісінде оқылатын жекелеген қолданбалы пәндердің негіздерін білу деңгейін арттыруды;
4) қондырғыны қауіпсіз пайдалануға жауапкершілік деңгейін көтеруді;
5) атом энергиясы пайдаланылатын объектіні пайдаланудың тиімділігін жүйелі бағалаудың көмегімен анықталатын персоналдың жұмыстағы кемшіліктерін талдауды;
6) атом энергиясы пайдаланылатын объектіні пайдалануға қатысты, күрделі міндеттерге тұрақты дайындау арқылы жедел персонал жұмысының тиімділігін арттыруды;
7) олардың өз лауазымдық міндеттерін, функциялары мен міндеттерін орындау үшін қажет дағдыларды дамытуды;
8) персонал өзінің лауазымдық міндеттерін, функциялары мен міндеттерін орындау үшін қажет дәрежеде радиациялық қорғау және бақылау мәселелерін қамтиды.
5. Авариялар жағдайында ерекше функцияларды атқаратын персонал осы функцияларды орындау үшін біліктілігін арттырады. Өрт қауіпсіздігіне жауапты персоналдың біліктілігін арттыру бағдарламалары өртке қарсы жаттығуларды қамтиды.
6. Персоналдың біліктілігін арттыру бес жылда кемінде бір рет өткізіледі.
7. Біліктілікті арттыру бағдарламаларын атом энергиясы пайдаланылатын салада қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар олардың дайындықтың қажеттілігіне сәйкестігі мен тиімділігін анықтау мақсатында кезең-кезеңмен қайта қарайды. Біліктілікті арттыру бағдарламаларын қайта қарау кезінде нормативтік құжаттардағы, атом энергиясы пайдаланылатын объектінің құрылымындағы өзгерістерге, сондай-ақ пайдалану тәжірибесіне, соның ішінде:
1) жаңа немесе түрлендірілген қондырғыларға немесе жабдыққа;
2) жаңа немесе қайта қаралған рәсімдерге;
3) жаңа реттеуші талаптарға;
4) персоналдан, кіші буын басшылардан, оқып-үйренушілерден, нұсқаушылар құрамынан, бағдарламаларды бағалау нәтижелерінен кері байланысқа, осы пайдаланушы ұйымдағы немесе саланың басқа ұйымдарындағы оқиғаларға;
5) оқиғалардың түпкілікті себептерін талдауға, түзетуші әрекеттерге;
6) оқып-үйренушілердің үлгермеу жағдайларын қоса алғанда, дайындық үдерісінде туындайтын мәселелерге;
7) персоналдың қызметіндегі кемшіліктерге;
8) персоналдың қызметін немесе дайындығын реттейтін жаңа немесе қайта қаралған нормаларға;
9) білімі мен пайдалану тәжірибесін сақтаумен байланысты келелі мәселелерге ерекше көңіл бөлінеді.
8. Біліктілікті арттыру қорытындысы бойынша, оқытуды өткендігін растайтын құжат беріледі.