Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 37 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 15 наурызда № 13466 болып тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 02.10.2023 № 353 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және "Атом энергиясын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 20-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 02.10.2023 № 353 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналға қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

      2. "Атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыс істейтін персоналға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 12 ақпандағы № 81 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10518 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 cәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының


Энергетика министрі

В. Школьник

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _______________ Е. Досаев

      2016 жылғы 17 ақпан

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2016 жылғы 5 ақпандағы
№ 37 бұйрығымен
бекітілген

Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналға қойылатын біліктілік талаптары

      Ескерту. Біліктілік талаптары жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 28.05.2018 № 215 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналға қойылатын біліктілік талаптары "Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және "Атом энергиясын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 20-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналға қойылатын біліктілік талаптарын айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 02.10.2023 № 353 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персонал мынадай санаттарға бөлінеді:

      1) мамандар – жоғары буын басшыларын, аға басшыларды (бөлімдер мен секторлардың бастықтарын);

      кіші буын басшыларын (аға операторларды, техникалық қызмет көрсету және техникалық қолдау топтарының бастықтарын және олардың орынбасарларын) қамтитын персонал;

      қызметі атом энергиясы пайдаланылатын объектіні пайдалануға байланысты инженерлік және (немесе) ғылыми персонал;

      2) техниктер – бақылау-өлшеу аппаратурасының техниктерін, радиациялық бақылау техниктерін , химиялық зертхана техниктерін, техник-механиктерді, техник-электриктерді және электрондық аппаратура техниктерін қамтитын персонал, сондай-ақ ядролық қондырғыны пайдалануға байланысты жұмыстармен тікелей айналысатын өзге де мамандандырылған персонал;

      3) жұмысшылар – дәнекерлеушілерді, слесарьларды, механиктерді, электриктерді, механизмдер операторларын және басқа да білікті жұмысшы персоналды қамтитын персонал.

2-тарау. Мамандарға қойылатын біліктілік талаптары

      3. Радиациялық қауіптілігі 1 және 2 санатты объектілер үшін атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін мамандарға қойылатын біліктілік талаптары:

      1) ұйым жұмысының бағдарына сәйкес келетін техникалық мамандықтар бойынша дипломмен расталған жоғары білімі;

      2) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес, құжат түрінде расталған атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде кемінде бес жыл жұмыс өтілі;

      3) біліктілігін және тиісті лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес дайындықтан өткенін растайтын сертификаттар, куәліктер болуын қамтиды.

      4. Радиациялық қауіптілігі 3 және 4 санатты объектілер үшін атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін мамандарға қойылатын біліктілік талаптары:

      1) ұйым жұмысының бағдарына сәйкес келетін мамандықтар бойынша дипломмен расталған жоғары білімі;

      2) біліктілігін және тиісті лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес дайындықтан өткенін растайтын сертификаттар, куәліктер болуын қамтиды.

3-тарау. Техниктерге қойылатын біліктілік талаптары

      5. Радиациялық қауіптілігі 1 және 2 санатты объектілер үшін атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін техниктерге қойылатын біліктілік талаптары:

      1) ұйым жұмысының бағдарына сәйкес келетін техникалық мамандықтар бойынша дипломмен расталған жоғары, орта білімнен кейінгі білімі немесе орта білімі (техникалық және кәсіптік);

      2) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес, құжат түрінде расталған атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде кемінде бір жыл жұмыс өтілі;

      3) біліктілігін және тиісті лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес дайындықтан өткенін растайтын сертификаттар, куәліктер болуын қамтиды.

      6. Радиациялық қауіптілігі 3 және 4 санатты объектілер үшін атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін техниктерге қойылатын біліктілік талаптары:

      1) ұйым жұмысының бағдарына сәйкес келетін техникалық мамандықтар бойынша дипломмен расталған жоғары, орта білімнен кейінгі білімі немесе орта білімі (техникалық және кәсіптік);

      2) біліктілігін және тиісті лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес дайындықтан өткенін растайтын сертификаттар, куәліктер болуын қамтиды.

4-тарау. Жұмысшыларға қойылатын біліктілік талаптары

      7. Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін жұмысшыларға қойылатын біліктілік талаптары:

      ұйым жұмысының бағдарына сәйкес келетін мамандықтар бойынша дипломмен расталған орта білімнен кейінгі білімі немесе орта білімі болуын қамтиды.

      Үй-жайларды, жабдықтарды және материалдарды қатерсіздендіру (радиоактивті ластанудан тазарту) бойынша жұмыстарды жүргізу үшін, сонымен қатар радиациялық оңалту, аумақтарды және объектілерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін жоғарғы, орта білімнен кейінгі білімі немесе орта (техникалық және кәсіби) білімі жоқ жұмысшыларды тартуға рұқсат етіледі.

Об утверждении Квалификационных требований к персоналу, занятому на объектах использования атомной энергии

Приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 5 февраля 2016 года № 37. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 15 марта 2016 года № 13466.

      Сноска. В заголовок внесено изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется приказом Министра энергетики РК от 02.102023 № 353 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 3) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О радиационной безопасности населения" и пунктом 3 статьи 20 Закона Республики Казахстан "Об использовании атомной энергии" ПРИКАЗЫВАЮ:

      Сноска. Преамбула - в редакции приказа Министра энергетики РК от 02.102023 № 353 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемые Квалификационные требования к персоналу, занятому на объектах использования атомной энергии.

      2. Признать утратившим силу приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 12 февраля 2015 года № 81 "Об утверждении квалификационных требований к персоналу, занятому на объектах использования атомной энергии" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10518, опубликованный 9 апреля 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет").

      3. Комитету атомного и энергетического надзора и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе "Әділет", а также в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" Министерства юстиции Республики Казахстан для включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства энергетики Республики Казахстан и интранет-портале государственных органов;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства энергетики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 2) и 3) настоящего пункта.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра энергетики Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования.

Министр энергетики


Республики Казахстан

В. Школьник

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр национальной экономики

      Республики Казахстан

      __________________ Е. Досаев

      17 февраля 2016 года



  Утверждены
приказом Министра энергетики
Республики Казахстан
от 5 февраля 2016 года № 37

Квалификационные требования к персоналу, занятому на объектах использования атомной энергии

      Сноска. Квалификационные требования в редакции приказа Министра энергетики РК от 28.05.2018 № 215 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования).

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Квалификационные требования к персоналу, занятому на объектах использования атомной энергии, разработаны в соответствии с подпунктом 3) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О радиационной безопасности населения" и пунктом 3 статьи 20 Закона Республики Казахстан "Об использовании атомной энергии" и определяют квалификационные требования к персоналу, занятому на объектах использования атомной энергии.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции приказа Министра энергетики РК от 02.102023 № 353 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Персонал, занятый на объектах использования атомной энергии, подразделяется на следующие категории:

      1) специалисты – персонал, который включает руководителей высшего звена, старших руководителей (начальников отделов и секторов);

      руководителей младшего звена (старших операторов, начальников групп технического обслуживания и технической поддержки и их заместителей);

      инженерный и (или) научный персонал, деятельность которого связана с эксплуатацией объекта использования атомной энергии;

      2) техники – персонал, который включает техников контрольно-измерительной аппаратуры, техников радиационного контроля, техников химической лаборатории, техников-механиков, техников-электриков и техников электронной аппаратуры, а также иной специализированный персонал, непосредственно занятый в работах, связанных с эксплуатацией ядерной установки;

      3) рабочие – персонал, который включает сварщиков, слесарей, механиков, электриков, операторов механизмов и другой квалифицированный рабочий персонал.

Глава 2. Квалификационные требования к специалистам

      3. Квалификационные требования к специалистам, занятым на объектах использования атомной энергии для объектов 1 и 2 категорий радиационной опасности, включают наличие:

      1) высшего образования, подтвержденного дипломом, по технической специальности, соответствующей профилю работы организации;

      2) стажа работы не менее пяти лет на объектах использования атомной энергии, подтверждаемый документально, в соответствии со статьей 35 Трудового кодекса Республики Казахстан;

      3) сертификатов, свидетельств, удостоверений, подтверждающих квалификацию и прохождение соответствующей функциональным обязанностям должности подготовки.

      4. Квалификационные требования к специалистам, занятым на объектах использования атомной энергии для объектов 3 и 4 категорий радиационной опасности, включают наличие:

      1) высшего образования, подтвержденного дипломом, по специальности, соответствующей профилю работы организации;

      2) сертификатов, свидетельств, удостоверений, подтверждающих квалификацию и прохождение соответствующей функциональным обязанностям должности подготовки.

Глава 3. Квалификационные требования к техникам

      5. Квалификационные требования к техникам, занятым на объектах использования атомной энергии для объектов 1 и 2 категорий радиационной опасности, включают наличие:

      1) высшего, послесреднего образования или среднего образования (технического и профессионального), подтвержденного дипломом, по технической специальности, соответствующей профилю работы организации;

      2) стажа работы не менее одного года на объектах использования атомной энергии, подтверждаемый документально, в соответствии со статьей 35 Трудового кодекса Республики Казахстан;

      3) сертификатов, свидетельств, удостоверений, подтверждающих квалификацию и прохождение соответствующей функциональным обязанностям должности подготовки.

      6. Квалификационные требования к техникам, занятым на объектах использования атомной энергии для объектов 3 и 4 категорий радиационной опасности, включают наличие:

      1) высшего, послесреднего образования или среднего образования (технического и профессионального), подтвержденного дипломом, по технической специальности, соответствующей профилю работы организации;

      2) сертификатов, свидетельств, удостоверений, подтверждающих квалификацию и прохождение соответствующей функциональным обязанностям должности подготовки.

Глава 4. Квалификационные требования к рабочим

      7. Квалификационные требования к рабочим, занятым на объектах использования атомной энергии, включают наличие:

      послесреднего образования или среднего образования (технического и профессионального), подтвержденного дипломом по специальности, соответствующей профилю работы организации.

      Для проведения работ по дезактивации (очистке от радиоактивного загрязнения) помещений, оборудования и материалов, а также для проведения работ по радиационной реабилитации, рекультивации территорий и объектов допускается привлекать рабочих, не имеющих высшее, послесреднее или среднее образование (техническое и профессиональное).