Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 2 қазандағы № 353 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 9 қазанда № 33526 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
А. Саткалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Экология және

      табиғи ресурстар министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2023 жылғы 2 қазандағы
№ 353 Бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Энергетика кәсіпорындары үшін өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 123 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10799 болып тіркелген):

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Энергетика кәсіпорындары үшін өрт қауіпсіздігі қағидаларында:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Энергетика кәсіпорындары үшін өрт қауіпсіздігі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 29) тармақшасына сәйкес әзірленген және энергетика кәсіпорындары үшін өрт қауіпсіздігінің тәртібін айқындайды.";

      212, 213-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "212. Жеке тұрған дизельді электр станциялары барлық периметрлері бойынша қоршалады, сондай-ақ өрт техникасына арналған жолдармен қамтамасыз етіледі.

      213. Жылжымалы дизельді электр станцияларын орнату кезінде "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 7-бабының 20) тармақшасына сәйкес бекітілетін техникалық регламент талаптарына сәйкес ғимараттар мен құрылыстарға дейін өртке қарсы қашықтық сақталады.

      Энергия өндіруші ұйымдар тұрақты телефонмен немесе байланыстың басқа да түрлерімен қамтамасыз етіледі.";

      405-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "405. Бастапқы өрт сөндіру құралдарының орналасқан жерін белгілеу үшін "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 7-бабының 20) тармақшасына сәйкес бекітілетін техникалық регламентке сәйкес үй-жайлардың ішіндегі және сыртындағы көрінетін жерлерге арнайы белгілер орнатылады.".

      2. "Атом энергиясын пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 37 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13466 болып тіркелген):

      бұйрықтың атауы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және "Атом энергиясын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 20-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналға қойылатын біліктілік талаптарында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналға қойылатын біліктілік талаптары "Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және "Атом энергиясын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 20-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналға қойылатын біліктілік талаптарын айқындайды.".

      3. "Радиоактивтi қалдықтарды және пайдаланылып болған ядролық отынды жинауды, сақтауды және көмудi ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 39 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13537 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Радиоактивті қалдықтарды және пайдаланылып болған ядролық отынды жинауды, сақтауды және көмуді ұйымдастыру қағидаларында:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. РАҚ жинау, сақтау және көму мынадай құжатталады:

      "1) жинау кезінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 25 тамыздағы № ҚР ДСМ-90 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29292 болып тіркелген) "Радиациялық қауіпті объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларға (бұдан әрі – Радиациялық қауіпті объектілерге санитариялық қағидалар) 33-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша қатты РАҚ-ты есепке алу журналы және Радиациялық қауіпті объектілерге санитариялық қағидаларға 33-қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша сұйық РАҚ-ты есепке алу журналы жүргізіледі;

      2) сақтау және көму кезінде Радиациялық қауіпті объектілерге санитариялық қағидаларға 33-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша қатты РАҚ-ты есепке алу журналы және Радиациялық қауіпті объектілерге санитариялық қағидаларға 33-қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша сұйық РАҚ-ты есепке алу журналы жүргізіледі және Радиациялық қауіпті объектілерге санитариялық қағидаларға 31-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қайта өңдеуге, кондициялауға, сақтауға, көмуге берілетін РАҚ партиясына паспорт толтырылады.";

      10-2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "10-2. РАҚ-ты контейнерлерде жинау жүзеге асырылады. Қатты РАҚ-ты бастапқы жинау үшін пластикат немесе қағаз қаптар пайдаланылады, олар кейін контейнерлерге тиеледі. Полимерлі пленкадан жасалған қаптар механикалық берік, төмен температураға барынша төзімді болады және қаптың жоғарғы жағын толтырғаннан кейін тығыз қатайтуға арналған сымы бар. Қалдықтарды қаптарға орналастырған кезде олардың өткір, тесетін және кесетін заттармен механикалық зақымдану мүмкіндігін болдырмайтын шаралар қолданылады. РАҚ контейнерлерін толтыру олардың шашырау және төгілу мүмкіндігін болдырмайтын жағдайларда радиациялық бақылау арқылы жүргізіледі.

      Құрамында жартылай ыдырау кезеңі 15 (он бес) тәуліктен кем радионуклидтер бар РАҚ басқа РАҚ-тан бөлек жиналады және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 тамыздағы № ҚР ДСМ-71 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29012 болып тіркелген) радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын гигиеналық нормативтерде (бұдан әрі – Гигиеналық нормативтер) келтірілген деңгейлерден аспайтын белсенділікке дейін төмендету үшін уақытша сақтау орындарында ұсталады.

      Осылай ұсталғаннан кейін қатты тұрмыстық қалдықтар өнеркәсіптік қалдықтар ретінде шығарылады, ал сұйық қалдықтарды ұйым айналымдық шаруашылық-техникалық сумен жабдықтау жүйесінде пайдаланады немесе шаруашылық-тұрмыстық кәріз жүйесіне төгеді.";

      28-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "28. Жағуға жіберілетін ҚРҚ кірерде бақылаудан өтеді. Құрамында жарылыс қауіпті заттар бар ҚРҚ жағуға болмайды. Жағылатын ҚРҚ-да жағу нәтижесінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 тамыздағы № ҚР ДСМ-70 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29011 болып тіркелген) "Қалалық және ауылдық елді мекендердегі, өнеркәсіптік ұйымдар аумақтарындағы атмосфералық ауаның гигиеналық нормативтерін бекіту туралы" (бұдан әрі – Атмосфералық ауаның гигиеналық нормативтері) белгіленген шектерден асатын мөлшерде агрессивті және уытты заттар пайда болатын материалдардың мөлшері шектеледі.".

      4. "Радионуклидті көздермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 49 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13542 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Радионуклидті көздермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Радионуклидті көздермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету қалыпты пайдалану және авария кезінде радиациялық әсердің персоналға, халыққа және қоршаған ортаға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 тамыздағы № ҚР ДСМ-71 бұйрығымен бекітілген "Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын гигиеналық нормативтерді бекіту туралы" гигиеналық нормативтерінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29012 болып тіркелген) белгіленген шектерден артық жол бермеу мақсатында көздерді техникалық жағынан ақаусыз жағдайда ұстау және жобалау және (немесе) өзге де техникалық құжаттамаға сәйкес пайдалану арқылы жүзеге асырылады.".

      5. "Ядролық және радиациялық қауіпсіздік" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 20 ақпандағы № 58 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15005 болып тіркелген):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Ядролық және радиациялық қауіпсіздік" техникалық регламентінде:

      27-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) ЯРЭҚ-ты қалыпты пайдалану жағдайларында персонал мен халықтың техногендік сәулеленуінің жеке өмір бойғы радиациялық қатерінің шегі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 тамыздағы № ҚР ДСМ-71 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29012 болып тіркелген) радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын гигиеналық нормативтермен белгіленген мәндерден жыл ішінде аспайды.".

      6. "Ядролық зерттеу қондырғыларының ядролық және радиациялық қауіпсіздігі" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 20 ақпандағы № 59 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15006 болып тіркелген):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Ядролық зерттеу қондырғыларының ядролық және радиациялық қауіпсіздігі" техникалық регламентінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Ядролық зерттеу қондырғыларының ядролық және радиациялық қауіпсіздігі" техникалық регламенті (бұдан әрі – Техникалық регламент) "Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және ядролық зерттеу реакторлары (бұдан әрі – ЗР), сындарлы құрастырмалары (бұдан әрі – СҚ) және сындарлы алды құрастырмалары (бұдан әрі – САҚ) бар ядролық зерттеу қондырғыларының тіршілік циклінің барлық кезеңіндегі ядролық және радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгілейді.".

      7. "Атом станцияларының ядролық және радиациялық қауіпсіздігі" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 20 ақпандағы № 60 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15007 болып тіркелген):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Атом станцияларының ядролық және радиациялық қауіпсіздігі" техникалық регламентінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Атом станцияларының ядролық және радиациялық қауіпсіздігі" техникалық регламенті (бұдан әрі – Техникалық регламент) "Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және атом станцияларының (бұдан әрі – AC) ядролық және радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгілейді.".

      8. "Теңізде, су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою үшін қажетті ресурстарға қойылатын ең төменгі нормативтер мен талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 130 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16951 болып тіркелген):

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексі 156-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теңізде, су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою үшін қажетті ресурстарға қойылатын ең төменгі нормативтер мен талаптарда:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Теңізде, су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою үшін қажетті ресурстарға қойылатын ең төменгі нормативтер мен талаптар (бұдан әрі – Ең төменгі нормативтер мен талаптар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 156-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.";

      Теңізде, су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою үшін қажетті ресурстарға қойылатын ең төменгі нормативтер мен талаптарға қосымшада:

      "Теңіз порттары. Мұнай төгілуінің бірінші деңгейі" деген 1-тарауда:

      "

1)

диспергенттер

0,4 м3

2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі 17-бабының 24-2) тармақшасына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекітетін мұнайдың теңізге және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарына авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттердің тізбесіне сәйкес диспергент түрін анықтау;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекітетін теңізде, Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың авариялық төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін айқындау қағидаларына сәйкес диспергенттерді қолдануға келісім;
ASTM F1413-07, ASTM F1737-2015, ASTM F2465-05*** халықаралық стандарттарының ұсынымдарына сәйкес іріктеу;
диспергент: мұнай арақатынасы 1:25

      " деген жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "

1)

диспергенттер

0,4 м3

Қазақстан Республикасының Экология кодексі 398-бабының 10- тармағына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекітетін Қазақстан Республикасының теңізінде және ішкі су айдындарына мұнайдың авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттердің тізбесіне сәйкес диспергент түрін анықтау;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекітетін Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың авариялық төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін айқындау қағидаларына сәйкес диспергенттердің қолданылуын келісу;
ASTM F1413-07, ASTM F1737-2015, ASTM F2465-05*** халықаралық стандарттарының ұсынымдарына сәйкес іріктеу;
диспергент: мұнай арақатынасы 1:25

      ";

      "Теңіз объектілері. Мұнай төгілуінің бірінші деңгейі" деген 2-тарауда:

      "

1)

диспергенттер

0,4 м3

2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі 17-бабының 24-2) тармақшасына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекітетін мұнайдың теңізге және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарына авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттердің тізбесіне сәйкес диспергент түрін анықтау;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекітетін теңізде, Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың авариялық төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін айқындау қағидаларына сәйкес диспергенттерді қолдануға келісім;
ASTM F1413-07, ASTM F1737-2015, ASTM F2465-05*** халықаралық стандарттарының ұсынымдарына сәйкес іріктеу
диспергент: мұнай арақатынасы 1:25

      " деген жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "

1)

диспергенттер

0,4 м3

Қазақстан Республикасының Экология кодексі 398-бабының 10- тармағына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекітетін Қазақстан Республикасының теңізінде және ішкі су айдындарына мұнайдың авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттердің тізбесіне сәйкес диспергент түрін анықтау;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекітетін Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың авариялық төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін айқындау қағидаларына сәйкес диспергенттердің қолданылуын келісу;
ASTM F1413-07, ASTM F1737-2015, ASTM F2465-05*** халықаралық стандарттарының ұсынымдарына сәйкес іріктеу
диспергент: мұнай арақатынасы 1:25

      "

      "Теңіз порттары мен объектілері. Мұнай төгілуінің екінші деңгейі" деген 3-тарауда:

      "

1)

диспергенттер

10 м3

2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі 17-бабының 24-2) тармақшасына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекітетін мұнайдың теңізге және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарына авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттердің тізбесіне сәйкес диспергент түрін анықтау;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекітетін теңізде, Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың авариялық төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін айқындау қағидаларына сәйкес диспергенттерді қолдануға келісім;
ASTM F1413-07, ASTM F1737-2015, ASTM F2465-05*** халықаралық стандарттарының ұсынымдарына сәйкес іріктеу;
диспергент: мұнай арақатынасы 1:25

      " деген жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "

1)

диспергенттер

10 м3

Қазақстан Республикасының Экология кодексі 398-бабының 10- тармағына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекітетін Қазақстан Республикасының теңізінде және ішкі су айдындарына мұнайдың авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттердің тізбесіне сәйкес диспергент түрін анықтау;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекітетін Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың авариялық төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін айқындау қағидаларына сәйкес диспергенттердің қолданылуын келісу;
ASTM F1413-07, ASTM F1737-2015, ASTM F2465-05*** халықаралық стандарттарының ұсынымдарына сәйкес іріктеу;
диспергент: мұнай арақатынасы 1:25

      ".

      9. "Көмірсутектер және уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімін, осы тізілімге енгізу үшін оларды бағалау өлшемшарттарын қоса алғанда, қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2018 жылғы 4 мамырдағы № 159 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16966 болып тіркелген):

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексі 62-бабының 3-2) тармақшасына және 63-бабының 3-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көмірсутектер және уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімін, осы тізілімге енгізу үшін оларды бағалау өлшемшарттарын қоса алғанда, қалыптастыру және жүргізу қағидаларында:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Көмірсутектер және уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімін, осы тізілімге енгізу үшін оларды бағалау өлшемшарттарын қоса алғанда, қалыптастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 62-бабының 3-2) тармақшасына және 63-бабының 3-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және көмірсутектер және уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімін осы тізілімге (бұдан әрі – Тізілім) енгізу үшін оларды бағалау өлшемшарттарын қоса алғанда, қалыптастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.".

      10. "Ядролық қару сынақтары жүргiзiлген жер учаскелерiн кешендi экологиялық зерттеп-қарау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 8 сәуірдегі № 126 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27680 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ядролық қару сынақтары жүргiзiлген жер учаскелерiн кешендi экологиялық зерттеп-қарау әдістемесінде:

      48-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "48. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 тамыздағы № ҚР ДСМ-71 бұйрығымен (Норматитвтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29012 болып тіркелген) бекітілген Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын гигиеналық нормативтердің (бұдан әрі – Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар) 3-параграфында белгіленген аршылған жыныстардағы, қалдықтардағы (шламдардағы) радионуклидтердің меншікті белсенділігінің рұқсат етілген деңгейлерінен асып кеткен кезде, жер қойнауын игеру салдарынан пайда болған радиоактивті ластануды жою жөніндегі іс-шаралар орындалады.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады