"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қоса берілген Мемлекеттік қала құрылысы кадастры саласында мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағалары белгіленсін.
2. Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде осы бұйрықтың көшірмесін баспа және электрондық түрде мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға, сондай-ақ тіркелген бұйрық алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күнінің ішінде осы тармақтың
1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Ұлттық экономика министрі | Е. Досаев |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 114 бұйрығына қосымша |
Мемлекеттік қала құрылысы кадастры саласында мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағалары
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 25.12.2023 № 156 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрындағы ақпаратты есепке алу (тіркеу, деректерді енгізу)
р/с № | Атауы | Өлшем бірлігі | Бағасы, теңге (қосымша құн салығын есепке алмай) |
---|---|---|---|
1 | Жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы | объект | 3 478 |
2 Инженерлік-геодезиялық ізденістер материалдары (топографиялық және атқарушылық түсірілім)1 | |||
2.1 | жауапкершіліктің III (төмендетілген) деңгейіндегі объектілері | га | 6 480 |
2.2 | техникалық жағынан күрделі емес, жауапкершіліктің II (қалыпты) деңгейіндегі объектілер | 8 594 | |
2.3 | техникалық жағынан күрделі, жауапкершіліктің I (жоғары) және II (қалыпты) деңгейіндегі объектілері | 10 916 | |
2.4 | технологиялық күрделі объектілердің | 13 486 | |
*Ескертпе: |
2-тарау. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрынан мәліметтер ұсыну
№ | Атауы | Өлшем бірлігі | Бағасы, теңге (қосымша құн салығын есепке алмай) |
---|---|---|---|
1 | МҚҚК ААЖ-дан жобалау алдындағы және жобалау құжаттамалары бойынша мәліметтер беру | объект | 1 222 |
2 | МҚҚК ААЖ-дан инженерлік желілердің, ғимараттардың және (немесе) құрылыстардың нақты орналасу схемасын ұсыну (үзінді көшірме) | га | 12 217 |
3 | Бекітілген қала құрылысы жобаларынан (БЖ, ЕТЖЖ) кадастрлық жоспарды жасау және беру | объект | 2 068 |
4 | МҚҚК ААЖ арқылы ақпараттық ресурстарға қол жетімділікті беру: | Бір пайдаланушының қолжетімділігі (ай) | - |
4.1 | шекаралардағы барлық ақпараттық қабаттарға (ашық деректер): | - | |
бір елді мекеннің; | 1 560 | ||
республикалық маңызы бар елді мекеннің және астананың; | 2 079 | ||
4.2 | шекаралардағы бір ақпараттық қабатқа: | - | |
бір елді мекеннің; | 1 040 | ||
республикалық маңызы бар елді мекеннің және астананың. | 1 560 | ||
Ескертпе: |