Мемлекеттік қала құрылысы кадастры саласында мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағаларын белгілеу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 114 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 29 наурызда № 13550 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қоса берілген Мемлекеттік қала құрылысы кадастры саласында мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағалары белгіленсін.

      2. Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде осы бұйрықтың көшірмесін баспа және электрондық түрде мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға, сондай-ақ тіркелген бұйрық алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күнінің ішінде осы тармақтың

      1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрі Е. Досаев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 29 ақпандағы № 114
бұйрығына қосымша

Мемлекеттік қала құрылысы кадастры саласында мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағалары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 25.12.2023 № 156 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрындағы ақпаратты есепке алу (тіркеу, деректерді енгізу)

р/с
Атауы Өлшем бірлігі Бағасы, теңге (қосымша құн салығын есепке алмай)

1

Жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы

объект

3 478

2 Инженерлік-геодезиялық ізденістер материалдары (топографиялық және атқарушылық түсірілім)1

2.1

жауапкершіліктің III (төмендетілген) деңгейіндегі объектілері

га

6 480

2.2

техникалық жағынан күрделі емес, жауапкершіліктің II (қалыпты) деңгейіндегі объектілер

8 594

2.3

техникалық жағынан күрделі, жауапкершіліктің I (жоғары) және II (қалыпты) деңгейіндегі объектілері

10 916

2.4

технологиялық күрделі объектілердің

13 486

*Ескертпе:
1) объектілерді техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызу Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларына сәйкес айқындалады (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 165 бұйрығы).
2) ұсынылған материалдарды мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу және инженерлік-геодезиялық ізденістер жүргізу жөніндегі нормативтердің ережелеріне сәйкестікке талдау, мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – МҚҚК ААЖ) кеңістіктік байланыстыруды жүзеге асыру.
3) тіркеу тәртібі Қала құрылысы жобаларын, жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректер базасында тіркеу қағидаларына (Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 16 маусымдағы № 172/НҚ бұйрығы) сәйкес жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрынан мәліметтер ұсыну

Атауы Өлшем бірлігі Бағасы, теңге (қосымша құн салығын есепке алмай)

1

МҚҚК ААЖ-дан жобалау алдындағы және жобалау құжаттамалары бойынша мәліметтер беру

объект

1 222

2

МҚҚК ААЖ-дан инженерлік желілердің, ғимараттардың және (немесе) құрылыстардың нақты орналасу схемасын ұсыну (үзінді көшірме)

га

12 217

3

Бекітілген қала құрылысы жобаларынан (БЖ, ЕТЖЖ) кадастрлық жоспарды жасау және беру

объект

2 068

4

МҚҚК ААЖ арқылы ақпараттық ресурстарға қол жетімділікті беру:

Бір пайдаланушының қолжетімділігі (ай)

-

4.1

шекаралардағы барлық ақпараттық қабаттарға (ашық деректер):

-

бір елді мекеннің;

1 560

республикалық маңызы бар елді мекеннің және астананың;

2 079

4.2

шекаралардағы бір ақпараттық қабатқа:

-

бір елді мекеннің;

1 040

республикалық маңызы бар елді мекеннің және астананың.

1 560

Ескертпе:
1) МҚҚК ААЖ базасынан аумақтың кадастрлық жоспары мен схемалары бастапқы координаттар жүйесіндегі dwg-файл немесе shp-файл форматында ұсынылады. Бастапқы координаттар жүйесінде shp-файл форматындағы схемаларды дайындау құны 1,2 коэффициентімен осы кестенің бағалары бойынша айқындалады;
2) МҚҚК ААЖ-дан мәліметтерді беру тәртібі Қазақстан Республикасының мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізудің және одан ақпарат және (немесе) мәліметтер ұсынудың қағидаларына (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 244 бұйрығы) сәйкес жүзеге асырылады.
3) ақпараттық қабаттар Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу бойынша бекітілген нормативтік құжатқа сәйкес айқындалады (ҚР ИИДМ ҚТҮКШІК төрағасының 2022 жылғы 2 қарашадағы № 201-НҚ бұйрығы);
4) Ақпарат ұсыну және МҚҚК ААЖ қабаттарына қолжетімділік беру "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

3-тарау. Инженерлік коммуникацияларды түгендеу

р/с№ Жұмыстардың атауы Күрделілік санаты1, теңге/га (қосымша құн салығын есепке алмай)
1 2 3

1

1:500 масштабты жоспарды құра отырып, құрылыс салынған аумақтардағы жерасты және жерүсті коммуникацияларын түгендеу

29 167

45 350

77 152

2

1:500 масштабты жоспарды құра отырып, құрылыс салынбаған аумақтардағы жерасты және жерүсті коммуникацияларын түгендеу

6 962

12 420

17 124

Ескертпе:
1) түгендеудің күрделілік санатының сипаттамасы:
Құрылыс салынған аумақтар:
1 санат
ахуалы қарапайым/құрылысы сирек, аздап жерасты коммуникациялары, рельс жолдары, жеке тұрған ағаштарымен көгалдары бар елді мекендер, көлік пен жаяу жүргіншілер қозғалысы баяу;
қарапайым конфигурациялы құрылыс салынған, жерасты және жерүсті коммуникацияларының сирек желісі, отырғызылған шағын екпелері мен ахуалдың басқа элементтері бар орамішілік аумақтар.
2 санат
орташа күрделі ахуалы/орташа құрылыс салынған, жоспарлаудың күрделі конфигурациясы, жерасты және жерүсті коммуникацияларының, рельс жолдарының дамыған желісі, ағаштары мен көгалдары бар елді мекендер, көлік және жаяу жүргіншілер қозғалысы қарқынды;
қарапайым конфигурациялы құрылыс салынған, жерасты және жерүсті коммуникацияларының дамыған желісі, шағын ағаштары немесе жерасты және жерүсті коммуникацияларының сирек желісі және көптеген аула құрылыстары, қоршаулары, ағаштары бар тығыз құрылыс салынған орамішілік аумақтар.
3 санат
ахуалы күрделі, жерасты, жербеті және жерүсті коммуникацияларының тығыз желісі, рельс жолдары, көгалдары мен ағаштары көп елді мекендер, көлік және жаяу жүргіншілер қозғалысы өте қарқынды немесе таулы жерлерде (курорттық қалалар, таулардағы қалалар) тығыз құрылысы, өте күрделі орналасуы немесе шашыраңқы құрылысы бар шағын қалалар;
күрделі конфигурациялы тығыз құрылысы, көптеген ғимараттар, қоршаулар, ағаштар, жерасты және жер үсті коммуникацияларының тығыз желісі бар орамішілік аумақтар.
Құрылыс салынбаған аумақтар:
1 санат
төбелер және шоқылармен оқшауланған жыралар және сайлармен аздап қиылысқан, өсінділерсіз сирек абаттандырылған орманмен немесе сирек бұталы тоғаймен көмкерілген қолайлы бедерлі жазық жер; контурлардың саны шамалы;
айқын көрсетілген контурларының шағын санымен ірі бедерлі нысандарымен ашық адырлы жер;
ағысы, арнасы мен тармағы аз ашық өзен жайылмасы, батпағы өтуге оңай; сирек арықтар желісі бар суармалы маусымдық дақылдардың ашық учаскелері.
2 санат
жыралар және сайлармен қиылысқан, кей жерде өсінділері бар орманды алқаптармен немесе тығыз бұталармен көмкерілген жазық жер, контурлар саны орташа;
бедерінің ірі нысандары бар, өсіндісі немесе бұтасы жоқ сирек орманмен көмкерілген адырлы жер, контурлар саны орташа; орташа күрделі бедерлі және контурлары аз ашық таулы жер;
өзеннің жайылмасы жартылай жабық, жартылай батпақты, ағысы, арнасы мен тармағы аз; батпағы өтуге орташа;
арықтардың желісі бар суармалы маусымдық дақылдардың жартылай жабық учаскелері және бақтар мен жүзімдіктер алып жатқан жазық аумақтар.
3 санат
жыралар және сайлармен едәуір қиылысқан, бұталары бар тығыз орман басқан, жазық немесе адырлы жер;
толығымен сулы-батпақты, үйінділер және құлаған ағаштары бар орманмен көмкерілген, шөп басқан, батпақты жер; күрделі бедерлі шөлді аудандар;
күрделі бедерлі нысандары бар орманды таулы аймақ; тау беткейлеріндегі бақтар мен жүзімдіктердің аумақтары;
күрделі майда бедерлі өзен жайылмасы, толығымен шөп басқан, көптеген ағысы, арнасы мен тармағы бар, батпақты; батпағы өтуге қиын; арықтардың тығыз желісі бар суармалы маусымдық дақылдардың (бақтардың) жабық учаскелері.
2) Инфрақұрылымдық деректерді жаңарту осы кестенің бағасына сәйкес жүргізіледі;
3) Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректер базасына графикалық және атрибутивтік ақпаратты (цифрлауды) енгізу нәтижесінде Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу жөніндегі бекітілген нормативтік құжатқа сәйкес құрылыстардың, абаттандырудың және барлық инженерлік, көлік коммуникацияларының орналасқан жері туралы ақпараттық қабаттарды қамтитын 1:500 масштабтағы елді мекендердің цифрлық электрондық картасы құрылады (ҚР ИИДМ ҚТҮКШІК төрағасының 2022 жылғы 2 қарашадағы № 201-НҚ бұйрығы).



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады