Ескерту. Күші жойылды – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 25.10.2016 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Әкімшілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Жауапты хатшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қалыптасқан құқықтық қатынастарға қатысты таралады.
Министр | Т. Донақов |
"КЕЛІСІЛДІ":
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
____________ Т. Дүйсенова
29 наурыз 2016 ж.
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет
істері министрінің
2016 жылғы 25 наурыздағы
№ 64 бұйрығымен
бекітіген
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің
азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі
№ р/р | Буын | Саты | Лауазымдар атауы |
1 | 2 | 3 | 4 |
БЛОК А (басқарушылық персонал) | |||
1. | А1 | 1 | "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" (бұдан әрі – МБА) Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы (ректор) |
2. | 1-1 | МБА басшысының орынбасары (вице-ректор) | |
3. | А2 | 1 | МБА Институт/Мектеп директоры, Орталық басшысы, ғалым хатшы, бас бухгалтер |
4. | 1-1 | МБА Институт/Мектеп директорының орынбасары, орталық басшысының орынбасары, Қызмет басшысы, бас бухгалтердің орынбасары | |
5. | А3 | 1 | МБА кафедра меңгерушісі, Қызмет басшысының орынбасары, бөлім басшысы |
6. | 1-1 | МБА сектор меңгерушісі, кабинет меңгерушісі | |
БЛОК В (негізгі персонал) | |||
7. | В1 | 1 | МБА профессор, бас ғылыми қызметкер |
8. | 2 | МБА доцент, жетекші ғылыми қызметкер, бас сарапшы | |
9. | 3 | МБА аға оқытушы, аға ғылыми қызметкер, жетекші сарапшы | |
10. | 4 | МБА ғылыми қызметкер, кеңесші, аға сарапшы, аға әдіскер | |
11. | 5 | МБА кіші ғылыми қызметкер, сарапшы, әдіскер | |
БЛОК С (әкімшілік персонал) | |||
12. | С1 | МБА бас әкімші, бас редактор, бас инспектор, бас инженер, баспасөз хатшысы, ректордың көмекшісі | |
13. | С2 |
Біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар: | |
14. | С3 |
Біліктілігі орта деңгейдегі мамандар: | |
Блок D (қосалқы персонал) | |||
15. | D |
Техникалық орындаушылар: |