Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 2016 жылғы 25 қазандағы № 24 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 28 қарашада № 14467 болып тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 08.04.2020 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 08.04.2020 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 25 наурыздағы № 64 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13574 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 15 сәуірде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Заң департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығының" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      4) осы бұйрықтың Агенттіктің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттіктің аппарат басшысына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Мемлекеттік қызмет істері және
      сыбайлас жемқорлыққа қарсы
      іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қ. Қожамжаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау және

      әлеуметтік даму министрі

      ____________ Т. Дүйсенова

      31 қазан 2016 жыл

  Қазақстан Республикасының
  Мемлекеттік қызмет істері және
  сыбайлас жемқорлыққа қарсы
  іс-қимыл агенттігі төрағасының
  2016 жылғы 25 қазандағы
  № 24 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі

      Ескерту. Тізілімнің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 08.04.2020 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Тізілімге өзгеріс енгізілді – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 13.07.2017 № 144 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

№ р/р
 

Буын
 

Саты
 

Лауазымдар атауы
 

1
 

2
 

3
 

4
 

БЛОК А (басқарушылық персонал)
 

1.
 

А1
 

1
 

"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бұдан әрі – МБА) басшысы (ректор)
 

2.
 

1-1
 

МБА басшысының орынбасары (вице-ректор)
 

3.

А2

1

МБА институты/мектебі/филиалы директоры, Орталық басшысы, ғалымхатшысы, бас бухгалтері

4.

1-1

МБА институты/мектебі/ филиалы директорының орынбасары, Орталық басшысының орынбасары, Қызмет басшысы, бас бухгалтерінің орынбасары

5.
 

А3
 

1
 

МБА кафедра меңгерушісі, Қызмет басшысының орынбасары, бөлім басшысы
 

6.
 

1-1
 

МБА сектор меңгерушісі, кабинет меңгерушісі, бөлім басшысының орынбасары
 

БЛОК В (негізгі персонал)
 

7.
 

В1
 

1
 

МБА профессоры, бас ғылыми қызметкері
 

8.
 

2
 

МБА доценті (қауымдастырылған профессор), жетекші ғылыми қызметкері, бас сарапшысы
 

9.
 

3
 

МБА аға оқытушысы, аға ғылыми қызметкері, жетекші сарапшысы
 

10.
 

4
 

МБА ғылыми қызметкері, кеңесшісі, аға сарапшысы, аға әдіскері
 

11.
 

5
 

МБА ассистенті, кіші ғылыми қызметкері, сарапшысы, әдіскері
 

БЛОК С (әкімшілік персонал)
 

12.
 

С1
 


МБА бас әкімшісі, бас редакторы, бас инспекторы, бас инженері, баспасөз хатшысы, ректордың көмекшісі
 

13.
 

С2
 


Біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар:
Бухгалтер, экономист, заңгер, барлық мамандықтар бойынша инженерлер, консультант, аудармашы, библиограф, кітапханашы, мастер, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі маман, мемлекеттік сатып алу жөніндегі маман, дыбыс режиссері, инструктор, механик, мұрағатшы, инспектор.
 

14.
 

С3
 


Біліктілігі орта деңгейдегі мамандар:
Барлық мамандықтар бойынша инженерлер, мастер, техник, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі маман, мемлекеттік сатып алу жөніндегі маман, дыбыс режиссері, нұсқаушы, механик, мұрағатшы, инспектор.
Меңгеруші: шаруашылық, қойма, бюро (анықтама, машинаға теру, ақпараттық, көшіру-көбейту бойынша), видеотека, гараж, іс жүргізу, сақтау камерасы, жатақхана.
 

Блок D (қосалқы персонал)
 

15.
 

D
 


Техникалық орындаушылар:
Комендант, іс жүргізуші, рұқсатнама бюросының кезекшісі, оператор (компьютерлік техника, бейне-дыбыс жазу бойынша), күзетші, байланыс жүйелері мен көшіру-көбейту машиналарының операторы, хатшы, диспетчер, архивариус.
 


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады