«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 44-4) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша шығыстар нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге үлгілік шарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 163 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7613 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 29 мамырдағы № 274-278 (27352) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша шығыс нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге арналған үлгілік шарттарды бекіту туралы»;
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес магистр дәрежесін алу үшін оқуды ұйымдастыруға (конкурсқа мемлекеттік қызметшілер, ғылыми-педагог қызметкерлер, инженерлік-техникалық қызметкерлер, мәдениет қызметкерлері, шығармашылық қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдары редакциясының қызметкерлері санаттары бойынша қатысқан адамдар үшін);»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы көлемін анықтау үшін шығыстар нормаларындағы елдер бөлімінде:
1-тармақта:
реттік нөмірі 40-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
40. |
Қазақстан Республикасы* |
130 мың теңге |
150 мың теңге |
- |
- |
- |
- |
- |
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 41, 42-жолдармен толықтырылсын:
«
41. |
Бахрейн Корольдігі |
700 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
700 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
- |
560 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
675 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
50 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
50 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
42. |
Біріккен Араб Әмірліктері |
800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
- |
560 АҚШ долларына балама сомаданартық емес |
675 АҚШ долларына баламасомадан артық емес |
50 АҚШ долларына балама сомаданартық емес |
50 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Магистр дәрежесін алу үшін оқуды ұйымдастыруға арналған (конкурсқа мемлекеттік қызметшілер, ғылыми-педагог қызметкерлер, жоғары оқу орындарының түлектері, мәдениет қызметкерлері, шығармашылық қызметкерлер, бұқаралық ақпарат құралдары редакциясының қызметкерлері санаттары бойынша қатысқан адамдар үшін) үлгілік шартында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Магистр дәрежесін алу үшін оқуды ұйымдастыруға арналған (конкурсқа мемлекеттік қызметшілер, ғылыми-педагог қызметкерлер, инженерлік-техникалық қызметкерлер, мәдениет қызметкерлері, шығармашылық қызметкерлер, бұқаралық ақпарат құралдары редакциясының қызметкерлері санаттары бойынша қатысқан адамдар үшін) үлгілік шарт».
2. Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық ынтымақтастық департаменті (С.М. Өмірбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықтың алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі Е. Сағадиев