РҚАО-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 3-3/331 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9643 болып тіркелген, 2014 жылғы 23 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» газетінің № 249 (28472) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын, мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын, мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген, мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларында:
көрсетілген қағиданың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын, мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидалары»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын, мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 7-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.»;
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын, мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімі (бұдан әрі – Мемтізілім) – өндірісте шаруашылық пайдалануға ұсынылатын тұқымдарды қамтитын селекциялық жетістіктерінің тізілімі;»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемтізілімге селекциялық жетістіктеріне мемлекеттік сынақ өткізу нәтижесі бойынша тұқым стандартына сәйкес келетін шаруашылыққа пайдалы және ауыл шаруашылығы өндірісінде ұсынылған ауыл шаруашылығы малдары тұқымдарының барлық санаттары – ішкі тұқымаралық (аймақтық) және зауыттық типтері, зауыттық желілері мен құстардың кросстары, желілері енгізіледі.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Мемтізілім осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мынадай деректерді көрсете отырып жүргізіледі:
1) ауыл шаруашылығы малының өнімділік бағыттары бойынша түр атауы мен тұқымдары және Мемтізілімге мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктерін қосқан жылы (ұсынған жылы);
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Мемтізілімдегі әкімшілік облыстардың реттік нөмірлері;
3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын мал шаруашылығындағы селекциялық жетістіктер оригинаторларының реттік нөмірлері.»;
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2-қосымшасында:
оң жақтағы жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасында пайдалануға
ұсынылатын мал шаруашылығы
саласындағы селекциялық
жетістіктердің мемлекеттік тізілімін
жүргізу қағидаларына
2-қосымша»;
кестенің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын, мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміндегі әкімшілік облыстардың реттік нөмірлері»;
3-қосымшасында:
оң жақтағы жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасында пайдалануға
ұсынылатын мал шаруашылығы
саласындағы селекциялық
жетістіктердің мемлекеттік тізілімін
жүргізу қағидаларына
3-қосымша»;
кестенің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын, мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктер оригинаторларының реттік нөмірлері».
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгілінген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ 2016 жылғы 2 маусымнан ерте қолданысқа енгізілмейді.
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы _______ М. Құсайынов
2016 жылғы 18 наурыз
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2016 жылғы 11 наурыздағы
№ 104 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасында пайдалануға
ұсынылатын, мал шаруашылығы
саласындағы селекциялық
жетістіктердің мемлекеттік тізілімін
жүргізу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
20__ жылы Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын, мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімі (ауыл шаруашылығы жануарлары тұқымдарының санаттары)
№ |
Пайдалануға ұсынылатын, ауыл шаруашылығы малдарының түрі мен тұқымдарының атауы |
Ұсынылған жылы |
Ұсыныс берген облыстардың реттік нөмірлері |
Оригинатордың реттік нөмірі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |