Ескерту. Күші жойылды – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 16.11.2020 № 286 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Арнайы су пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың суды алу немесе ағызу құрылыстарында немесе құрылғыларында орнатылатын суды есепке алу аспаптарын пломбалау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Ауыл шаруашылығы министрінің | |
міндетін атқарушы | С. Омаров |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________ Е. Досаев
2016 жылғы 29 наурыз
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
міндетін атқарушысының
2016 жылғы 18 наурыздағы № 127
бұйрығымен беітілген
"Арнайы су пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың суды алу немесе ағызу құрылыстарында немесе құрылғыларында орнатылатын суды есепке алу аспаптарын пломбалау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. "Арнайы су пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың суды алу немесе ағызу құрылыстарында немесе құрылғыларында орнатылатын суды есепке алу аспаптарын пломбалау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Су ресурстары комитетiнің су ресурстарын пайдалануды және қорғауды реттеу жөніндегі бассейндік инспекциялары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті корсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 15 ( он бес) жұмыс күн;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызметті корсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті корсету нәтижесі – осы стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнайы су пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың суды алу немесе ағызу құрылыстарында немесе құрылғыларында орнатылатын суды есепке алу аспаптарына пломба орнату (алып тастау) актісі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) тегін көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма (қоса алғанда) аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
9. Көрсетілетін қызметі алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар:
1) осы стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) өтініш берушінің немесе өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты (сәйкестендіру үшін);
3) суды есепке алу аспабы паспортының көшірмесі;
4) салыстырып тексеру мерзімі аяқталған немесе ол болмаған жағдайда, суды есепке алу аспабын салыстырып тексеру актісі.
Көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі қойылғаны қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде шағым осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Шағым жазбаша түрде почта арқылы немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларда электрондық түрде не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Мыналардың:
1) жеке тұлғаның шағымында – оның тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), почталық мекенжайы көрсетіледі;
2) заңды тұлғаның шағымында – оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар
12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mgov.kz интернет-ресурсындағы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.
13. Көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.
14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.mgov.kz интернет-ресурсында көрсетілген, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.
нысан
Арнайы су пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың суды алу немесе ағызу құрылыстарында немесе құрылғыларында орнатылатын суды есепке алу аспаптарына пломба орнату (алып тастау) актісі
20__жылғы " " ____________ № ______
Су пайдаланушының қатысуымен ________________________________________
кәсіпорынның атауы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
мемлекеттік инспектор _____________________________________________________________ жасады.
лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
____________ суды есепке алу аспабы ____________________ су тартқышта
су өлшегіштің маркасы ұңғыманың №, орналасқан жері
тексеруден өтті ____________________ тексерілген күні _______________
ұйымның атауы
пломба № ____________
Суды есепке алу аспабының көрсеткіштері _____________________________
Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 88-бабына сәйкес су объектілерінің жай-күйіне теріс әсер ету мақсатында судың зиянды әсер етуін, ластануын және қоқыстануын болдырмайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген, сондай-ақ су тұтынуды және ағынды су ағызуды есепке aлу аспаптарымен жабдықталмаған жаңа және реконструкцияланатын объектiлердi пайдалануға енгізуге тыйым салынады.
Мемлекеттік инспектор ___________________________________
мөр орны (бар болған жағдайда) қолы
Су пайдаланушы ___________________________________
мөр орны (бар болған жағдайда) қолы
нысан
__________________________________________________
(мемлекеттік органның толық атауы)
__________________________________________________
(жеке тұлғаның аты, тегі, әкесінің аты (бар болған
жағдайда немесе заңды тұлғаның атауы )
Өтініш берушінің заңды мекенжайы _________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің №,
телефон)
Өтініш берушінің деректемелері ___________________
(бизнес сәйкестендіру нөмірі/ жеке сәйкестендіру
нөмірі)
Өтініш
Суды есепке алу аспабына / аспабынан пломба орнатуды (алып тастауды)
сұраймын (қажеттісінің асты сызылсын)________________________________
(ұйымның атауы)
Суды есепке алу аспабы ______________________________________________
(суды есепке алу аспабының маркасы, зауыттық нөмірі)
Суды есепке алу аспабын бассейндік инспекцияда тіркеу күні __________
Cу пайдалануға рұқсат құжатының нөмірі және күні ____________________
Пломбаны алып тастау күні мен акт нөмірі (қайта жүгінғен
жағдайда)_______________
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
суды есепке алу аспаптарының паспортының көшірмесі, суды есепке
алу аспабын салыстырып тексеру актісі (суды есепке алу
аспаптарының паспортында жүргізілген салыстырып тексеру туралы
ақпарат болмаған жағдайда).
________________________________________ ____________________________
өкілдің тегі, аты, әкесінің аты өкілдің лауазымы
(бар болған жағдайда)
Қоса беріледі _______ парақта.
Мәліметтердің дұрыстығын растаймын.
Өтінішті беру күні:
Мөр орны (бар болған жағдайда)