Бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 29 наурыздағы № 293 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 29 сәуірде № 13649 болып тіркелді.

      "Бағалы металдар мен асыл тастар туралы" 2016 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму министрі

Ә. Исекешев


  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2016 жылғы 29 наурыздағы
№ 293 бұйрығымен
бекітілген

Бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесін
қалыптастыру қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Бағалы металдар мен асыл тастар туралы" 2016 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 4-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленген және бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесін (бұдан әрі - Тізбе) қалыптастыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) аффинаждау – бағалы металдарды қоспалардан және ілеспе құрауыштардан тазалау, бағалы металдарды ұлттық немесе халықаралық стандартқа сәйкес келетін сапаға дейін жеткізу процесі;

      2) бағалы металдар – кез келген күйдегі және түрдегі алтын, күміс, платина және платина тобындағы металдар (палладий, иридий, родий, рутений және осмий);

      3) бағалы металдарды өндіру субъектілері – Қазақстан Республикасының аумағында бағалы металдарды өндіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары;

      4) құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлары – өңделмеген бағалы металдар (оның ішінде, құйма түріндегі Доре қорытпасы, катодты металл), мырыш шөгінділері, бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтары, бағалы металдардың кендері мен концентраттары, құрамында бағалы металдар бар түсті металдардың кендері, концентраттары және күлі, түсті металдар өндірісінің жартылай өнімдері;

      5) уәкілетті орган – бағалы металдарды өндіруді және бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымын реттеу саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

2. Бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесін
қалыптастыру тәртібі

      3. Тізбеге бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеуді және (немесе) аффинаждауды жүзеге асыратын және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесіне деректерді енгізу туралы хабарламаны (бұдан әрі - Хабарлама) берген бағалы металдарды өндіру субъектілері жатады.

      4. Бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады және уәкілетті органмен бекітіледі. Тізбеге деректерді енгізуді хабарлама негізінде уәкілетті орган жүзеге асырады.

      5. Уәкілетті орган хабарлама түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде мынадай:

      1) бағалы металдарды өндіру субъектісін Тізбеге енгізу туралы;

      2) бағалы металдарды өндіру субъектісін Тізбеге енгізуден бас тарту туралы шешімдердің біреуін шығара отырып, оны қарастырады.

      6. Бағалы металдарды өндіру субъектісін Тізбеге енгізуден бас тартуға бағалы металдарды өндіру субъектісі ұсынған хабарламаның осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанға сәйкес келмеуі негіз болып табылады.

      7. Тізбеге енгізу туралы шешім уәкілетті органның бұйрығы нысанында қабылданады, ол уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.

      8. Тізбеге енгізілген деректер өзгерген жағдайда, бағалы металдарды өндіру субъектісі уәкілетті органға ерікті нысанда хабарлайды, оның негізінде уәкілетті орган хабарламаны алған сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде Тізбеге тиісті өзгерістерді енгізеді.

      9. Бағалы металдарды өндіру субъектісі бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеу және (немесе) аффинаждау бойынша қызметін тоқтатқан жағдайда, уәкілетті орган осы бағалы металдарды өндіру субъектісін, оның ерікті нысанда ұсынылған хабарламасы негізінде, осы хабарламаны алған сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде Тізбеден шығарады.

  Бағалы металдарды өндіру
субъектілерінің тізбесін
қалыптастыру қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

      _____________________

      (мемлекеттік органның

      _____________________

      толық атауы)

Бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесіне
деректерді енгізу туралы хабарлама

      1. Осымен____________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      _______________негізінде әрекет ететін ____________________тұлғасында

      _____________________________________________________________________

      (құрамында бағалы металы бар шикізат тауарының түрін көрсете

      _____________________________________________________________________

      отырып, технологиялық операциялар түрлерінің атауын көрсетіледі)

      бойынша қызметті жүзеге асыратындығы туралы хабарлайды.

      2. Заңды тұлғаның орналасқан орны

      _____________________________________________________________________

      (пошталық индексі, облыс, қала, аудан, елді-мекені, көше атауы,

      үй/ғимарат/ құрылыс нөмірі)

      3. Электрондық поштасы

      _____________________________________________________________________

      4. Телефоны

      _____________________________________________________________________

      5. Факс

      _____________________________________________________________________

      Осы хабарламаны бере отырып өтініш беруші мыналарды растайды:

      барлық көрсетілген деректер дұрыс болып табылады және оларға

      қызметті жүзеге асыру мәселелер бойынша кез келген ақпаратты жіберуге

      болады;

      заңды тұлғаға мәлімделген қызмет түрімен айналысуға сотпен

      тыйым салынбайды;

      заңды тұлға қызметін жүзеге асыру үшін міндетті болып табылатын

      Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз

      етеді.

      7. Өтініш беруші_____ _______________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты - бар болған жағдайда)

      Берілген күні:
20 __ жылғы "____" ___________
Мөр орны (бар болған жағдайда)
Бағалы металдарды өндіру
субъектілерінің тізбесін
қалыптастыру қағидаларына
2-қосымша1053 ысан

Бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесі

Бағалы металдарды өндіру субъектілерінің атауы

БСН

Орналасу орны

Байланыс телефоны

Электрондық поштасы, факс

Технологиялық операциялардың түрлері

Құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларының түрлері










Об утверждении Правил формирования перечня субъектов производства драгоценных металлов

Приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 29 марта 2016 года № 293. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 апреля 2016 года № 13649.

      В соответствии с подпунктом 10) статьи 4 Закона Республики Казахстан от 14 января 2016 года "О драгоценных металлах и драгоценных камнях" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила формирования перечня субъектов производства драгоценных металлов.

      2. Комитету индустриального развития и промышленной безопасности Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан (Ержанов А.К.) обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) направление копии настоящего приказа в печатном и электронном виде на официальное опубликование в периодические печатные издания и информационно-правовую систему "Әділет" в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан, а также в Республиканский центр правовой информации в течение пяти рабочих дней со дня получения зарегистрированного приказа для включения в эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан и на интранет-портале государственных органов;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие после дня его первого официального опубликования.

Министр


по инвестициям и развитию


Республики Казахстан

А. Исекешев


  Утверждены
приказом Министра
по инвестициям и развитию
Республики Казахстан
от 29 марта 2016 года № 293

Правила формирования перечня субъектов
производства драгоценных металлов
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила формирования перечня субъектов производства драгоценных металлов (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 10) статьи 4 Закона Республики Казахстан от 14 января 2016 года "О драгоценных металлах и драгоценных камнях" (далее – Закон) и определяют порядок формирования перечня субъектов производства драгоценных металлов (далее - Перечень).

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) аффинаж – процесс очистки драгоценных металлов от примесей и сопутствующих компонентов, доведение драгоценных металлов до качества, соответствующего национальному или международному стандарту;

      2) драгоценные металлы – золото, серебро, платина и металлы платиновой группы (палладий, иридий, родий, рутений и осмий) в любом состоянии и виде;

      3) субъекты производства драгоценных металлов – юридические лица Республики Казахстан, осуществляющие производство драгоценных металлов на территории Республики Казахстан;

      4) сырьевые товары, содержащие драгоценные металлы, – необработанные драгоценные металлы (в том числе сплав Доре в виде слитка, катодные металлы), цинковые осадки, лом и отходы драгоценных металлов, руды и концентраты драгоценных металлов, руды, концентраты и зола цветных металлов, полупродукты производства цветных металлов, содержащие драгоценные металлы;

      5) уполномоченный орган – центральный исполнительный орган, осуществляющий руководство, а также в пределах, предусмотренных законодательством Республики Казахстан, межотраслевую координацию в области регулирования производства драгоценных металлов и оборота драгоценных металлов и драгоценных камней, сырьевых товаров, содержащих драгоценные металлы, ювелирных и других изделий.

2. Порядок формирования перечня субъектов производства
драгоценных металлов

      3. В Перечень включаются субъекты производства драгоценных металлов, осуществляющие переработку и (или) аффинаж драгоценных металлов и сырьевых товаров, содержащих драгоценные металлы и подавшие уведомление о внесении данных в перечень субъектов производства драгоценных металлов (далее – Уведомление) по форме, согласно приложению 1 к настоящим Правилам.

      4. Перечень субъектов производства драгоценных металлов формируется по форме, согласно приложению 2 к настоящим Правилам и утверждается уполномоченным органом. Внесение данных в Перечень осуществляется уполномоченным органом на основании уведомления.

      5. Уполномоченный орган рассматривает уведомление в течение 5 рабочих дней со дня его поступления с вынесением одного из следующих решений:

      1) о включении субъекта производства драгоценных металлов в Перечень;

      2) об отказе во включении субъекта производства драгоценных металлов в Перечень.

      6. Основанием для отказа во включении субъекта производства драгоценных металлов в Перечень является несоответствие уведомления, представленного субъектом производства драгоценных металлов форме, согласно приложению 1 к настоящим Правилам.

      7. Решение о включении в Перечень принимаются в форме приказа уполномоченного органа, который подлежит размещению на интернет-ресурсе уполномоченного органа.

      8. В случаях изменения данных внесенных в Перечень, субъект производства драгоценных металлов уведомляет уполномоченный орган в произвольной форме, на основании которого уполномоченным органом вносятся соответствующие изменения в Перечень в течение 5 рабочих дней с момента получения уведомления.

      9. В случае прекращения субъектом производства драгоценных металлов деятельности по переработке и (или) аффинажу драгоценных металлов и сырьевых товаров, содержащих драгоценные металлы, данный субъект производства драгоценных металлов исключается уполномоченным органом из Перечня на основании его уведомления, представленного в произвольной форме, в течение 5 рабочих дней с момента получения данного уведомления.

  Приложение 1
к Правилам формирования перечня
субъектов производства драгоценных
металлов

      Форма

      В ______________________

      (полное наименование

      ______________________

      государственного органа)

Уведомление
о внесении данных в перечень субъектов
производства драгоценных металлов

      1. Настоящим _________________________________________________

      (полное наименование юридического лица, бизнес-идентификационный

      номер)

      в лице____________, действующий на оснований ________________________

      уведомляет об осуществления деятельности по__________________________

      _____________________________________________________________________

      (указывается наименование видов технологических операций, с

      _____________________________________________________________________

      указанием вида сырьевого товара, содержащего драгоценные металлы)

      2. Место нахождения юридического лица

      _____________________________________________________________________

      (почтовый индекс, область, город, район, населенный пункт,

      наименование улицы, номер дома/здания/строения)

      3. Электронная почта

      _____________________________________________________________________

      4. Телефоны

      _____________________________________________________________________

      5. Факс

      _____________________________________________________________________

      Подавая данное уведомление, заявитель подтверждает

      нижеследующее:

      все указанные данные являются достоверными, и на них может быть

      направлена любая информация по вопросам осуществления деятельности;

      юридическому лицу не запрещено судом заниматься заявленным

      видом деятельности;

      юридическое лицо обеспечивает соблюдение требований

      законодательства Республики Казахстан, обязательных для осуществления

      деятельности.

      7. Заявитель____________ ____________________________________________

      (подпись) (фамилия, имя, отчество – (при его наличии)

      Дата подачи:

      "__" ______ 20__года

      Место печати (при наличии)

  Приложение 2
к Правилам формирования перечня
субъектов производства драгоценных
металлов

      Форма

Перечень субъектов производства драгоценных металлов

Наименование субъектов производства драгоценных металлов

БИН

Место нахождение

Контактный телефон

Электронная почта,

факс

Виды технологических операций

Виды сырьевого товара содержащего драгоценные металлы