"Экспорттаушы 2020" және "Өнімділік 2020" бағдарламалары шеңберінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 839 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № 309 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 5 мамырда № 13687 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 26 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.01.2018 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 43-1-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Экспорттаушы 2020" және "Өнімділік 2020" бағдарламалары шеңберінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 839 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12060 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толылықтыру енгізілсін:

      атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Отандық өңделген тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің экспортын дамыту мен жылжытуға және еңбек өнімділігін арттыруды қолдауға бағытталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы";

      1-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) "Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптама жасау шығындарын өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйырыққа 7-қосымшаға сәйкес.";

      осы бұйырықпен бекітілген "Өнімділік 2020" бағдарламасы шеңберінде инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе сараптама жасау үшін шығындардың бір бөлігін төлеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Индустриялық–инновациялық жобаның кешенді жоспарының әзірлемесіне және/немесе сараптамасына кететін шығындардың орнын толтыру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Индустриялық–инновациялық жобаның кешенді жоспарының әзірлемесіне және/немесе сараптамасына кететін шығындардың орнын толтыру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік қызметті "Қазақстандық индустрия дамыту институты" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) және кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – КҚКО) көрсетеді.

      Мемлекеттік кызмет көрсету өтініштерін қабылдау көрсетілетін қызметті беруші немесе КҚКО арқылы жүзеге асырылады, нәтижелерді беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.";

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – шығындардың орнын толтыру жөніндегі келісім.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз жүзінде.

      7. "Мемлекеттік қызмет заңды тұлғалар - индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды алу үшін индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу шығыстарының төлемін алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе КҚКО жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметті көрсетілетін алушының ұйымның мөрі бар бірінші басшының қолы қойылған банк деректемелерін көрсете отырып, құралды алуға арналған өтінім;

      2) көрсетілетін қызметті алушы жарғысының көшірмесі;

      3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары және өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың (соның ішінде "электрондық үкімет" веб-порталынан алынған) немесе заңды тұлғаның (филиалдың, өкілдіктің) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктің көшірмелері;

      4) индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау бойынша көрсетілетін қызметті алушы мен қызметтер көрсететін орындаушы арасында жасалған шарттың көшірмесі;

      5) орындаушы индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау бойынша көрсеткен қызметтер актісінің көшірмесі;

      6) орындаушы индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау бойынша көрсеткен қызметтердің жалпы сомасына шот-фактураның көшірмесі;

      7) орындаушы индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау бойынша көрсеткен қызметтердің жалпы сомасына төлем тапсырмаларының көшірмесі;

      8) қызметтерді индустриялық–инновациялық жобаның кешенді жоспарының әзірлемесі және/немесе сараптамасы бойынша орындаушының көрсету нәтижелері бойынша бірінші басшының немесе оның орнында отырған тұлғаның қолы қойылған көрсетілетін қызметті алушының бланкісінде еркін нысанда рәсімделген көрсетілетін қызметті алушының есебі (бірінші басшыны ауыстырып отырған тұлға қол қойған кезде сенімхатты қоса тіркеу керек);

      9) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс орындаушысында қызметтер көрсету кезінде тартылатын ұсынылатын қызметтер саласындағы штаттағы және штаттан тыс мамандарының бар екендігін растайтын мәліметтер;

      10) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары және өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың (соның ішінде "электрондық үкімет" веб-порталынан алынған) немесе тартылатын орындаушының заңды тұлғасын (филиалын, өкілдігін) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктің көшірмелері;

      11) көрсетілген ұқсас қызметтердің, орындалған жұмыстардың қорытындылары бойынша ұсынымдар және/немесе пікірлер және/немесе актілердің кемінде 2 (екі) көшірмесі;

      12) қызметтерді көрсету кезінде тартылған штаттық және штаттан тыс мамандардың біліктілігін растайтын құжаттардың көшірмесі;

      13) құрал операторының ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсыну туралы оң шешімінің көшірмесі.

      Карталардың жобалары үшін техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу және/немесе оны сараптау шығыстарының төлемін алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе КҚКО жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының мөрі бар бірінші басшының қолы қойылған банк деректемелерін көрсете отырып, құралды алуға арналған өтінім;

      2) көрсетілетін қызметті алушы жарғысының көшірмесі;

      3) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары және өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың (соның ішінде "электрондық үкімет" веб-порталынан алынған) немесе тартылатын орындаушының заңды тұлғасын (филиалын, өкілдігін) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе жеке кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктің көшірмелері;

      4) Карталардың жобалары үшін техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу және/немесе сараптау бойынша көрсетілетін қызметті алушы мен қызметтер көрсететін орындаушы арасында жасалған шарттың көшірмесі;

      5) орындаушы Карталардың жобалары үшін техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу және/немесе сараптау бойынша көрсеткен қызметтер актісінің көшірмесі;

      6) орындаушы Карталардың жобалары үшін техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу және/немесе сараптау бойынша көрсеткен қызметтердің жалпы сомасына шот-фактураның көшірмесі;

      7) орындаушы карталардың жобалары үшін техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу немесе сараптау бойынша көрсеткен қызметтердің жалпы сомасына төлем тапсырмаларының көшірмелері;

      8) көрсетілетін қызметті алушының Индустриялық картасына және Өңірдің кәсіпкерлігін қолдау картасына қосылғанын растайтын құжаттың көшірмесі;

      9) бірінші басшы немесе оның орнына отырған тұлғаның қолы қойылған еркін нысанда жазылған өтініш беруші бланкісінде рәсімделген, Карта жобалары үшін техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу және/немесе сараптау бойынша қызметтерді орындаушының көрсетуі нәтижелері бойынша өтініш беруші есебі (бірінші басшыны ауыстырып отырған тұлға қол қойған кезде сенімхатты қоса тіркеу керек);

      10) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орындаушыда қызметтер көрсеткен кезде тартылатын ұсынылатын қызметтер саласындағы штаттағы және штаттан тыс мамандарының бар екендігін растайтын мәліметтер;

      11) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары және өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың (соның ішінде "электрондық үкімет" веб-порталынан алынған) немесе тартылатын орындаушының жеке кәсіпкерін (филиалын, өкілдігін) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктің көшірмелері немесе жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға орындаушыға мемлекеттік органдар беретін лицензияның, рұқсаттың көшірмелері ("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес осы құжаттар міндетті болған жағдайда);

      12) қызмет көрсету үшін тартылатын штаттық және штаттан тыс мамандардың біліктіліктерін растайтын құжаттардың көшірмелері;

      13) аккредиттелген сарапшылық ұйым немесе тиісті аттестаты бар сарапшы немесе мемлекеттік сарапшылық ұйым жүргізген техникалық-экономикалық негіздеменің ведомстводан тыс кешенді сараптамасының оң қорытындысының көшірмесі (осы қорытынды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті болған жағдайда).

      Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көрсетілген құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезде – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оның көшірмесінде құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіле отырып, тіркеу туралы қойылған белгі қағаз тасығыштағы өтініштің қабылданғанын растау болып табылады."

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналастырылған:

      Министрлік - www.mid.gov.kz;

      Комитет - www.comprom.gov.kz;

      Көрсетілетін қызметті беруші - www.kidi. gov.kz, www.pp2020.kz;

      КҚКО – www.palata.kz, www.business.gov.kz.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 79-99-20 (ішкі 1059, 1027, 1058, 1023, 1022).".

      қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму министрі

Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ____________________ Е. Досаев

      2016 жылғы 7 сәуір



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2016 жылғы 30 наурыздағы
№ 309 бұйрығына 1-қосымша
  "Индустриялық–инновациялық
жобаның кешенді жоспарының
әзірлемесіне және/немесе
сараптамасына кететін
шығындардың орнын толтыру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 1-қосымша

      Нысан

      "Қазақстандық индустрия дамыту

      институты" АҚ

      ______________________________

      (өтініш берушінің толық атауы)

Құралды алуға өтінім

      (сұраным беруші толтырады)

      1. Өтініш берушінің толық атауы

      2. Заңды мекенжайы (индекс, облыс, қала/аудан, елді мекен, көше, телефоны)

      3. Бірінші басшы (аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), тегі, лауазымы, жұмыс/ұялы телефонының нөмірі, электрондық мекенжайы)

      4. Өтініш берушіні мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі және күні

      5. Өтініш берушінің БСН (бизнес сәйкестендіру нөмірі)

      6. Саланың, қосалқы саланың атауы

      7. Негізгі қызмет түрі (экономикалық қызметтің жалпы жіктеуішінің кодын көрсете отырып)

      8. Шығарылатын өнімнің номенклатурасы

      9. Өтініш беруші қызметкерлерінің саны

      10. Өтініш берушінің белгіленген қуаты (заттай және ақшалай көріністе)

      11. Қуаттардың ағымдағы жүктелімі (пайыз)

      12. Өндірістік жабдықтың ағымдағы тозуы (пайыз)

      13. Ағымдық еңбек өнімділігі (мың теңге/адам және мың/АҚШ доллары/адам)

      14. Жоба мемлекеттік және/немесе салалық Бағдарламаның қатысушысы бола ма (болған ба) (егер солай болса, онда қандай құралдарды алғаныңызды көрсетіңіз)

      Қандай құралды қолдану жоспарлануда (қажеттісін

белгісімен белгілеңіз):

Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды алу үшін индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу;

Индустриялдық картасының жобалары үшін техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу және/немесе сараптау;

      15. Қағидалар шеңберінде мемлекеттік қолдауды тартудың мақсаты (қысқаша сипаттама, қажеттілікті негіздеу, нәтиже)

      16. Өтінім берілген құрал шеңберінде келтірілген шығындардың жалпы құны (теңге)

      17. Өтінім берілген құрал шеңберінде келтірілген шығындар кезеңі (басынан бастап соңына дейін (жыл, ай)

      18. Қызмет көрсететін орындаушының атауы

      19. Өтініш берушінің банктік деректемелерін көрсету

      Осы өтінім арқылы өтініш беруші ұсынған құжаттарының, бастапқы деректерінің, есептеулерінің, негіздемелерінің толықтығына және дұрыстығына жауапкершілікті өзіне алады.

      Өтініш беруші сұралып отырған құралдар шеңберінде жасалған іс-шаралар бойынша келген шығындар республикалық және/немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылмағанын растайды.

      Құралды алуға өтінімді толтырушы, байланыс жасаушы тұлға (аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), тегі, лауазымы, жұмыс/ұялы телефондарының нөмірі, электрондық мекенжайы): ______________________

      Өтінімді толтырған күні ______________________________

      Өтініш беруші басшысының қолы ________________________

      ______________________________________________________

      (қолы) (аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), тегі)

      М.О. (бар болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2016 жылғы 30 наурыздағы
№ 309 бұйрығына 2-қосымша
  "Индустриялық–инновациялық
жобаның кешенді жоспарының
әзірлемесіне және/немесе
сараптамасына кететін
шығындардың орнын толтыру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 2-қосымша

      Нысан

Орындаушыда, ұсынылатын қызметтер саласында жұмыс
тәжірибесінің, _______________ қызметтерді көрсету кезінде
тартылатын штаттық және штаттан тыс қызметкерлердің болуын
растайтын мәліметтер

      (өтініш берушінің фирмалық бланкісінде толтырылады)

      1. Орындаушының атауы ________________________________________.

      2. Орындаушыны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі және күні

      _______________________________________________________________

      3. Орындаушының соңғы ______ жыл ішінде көрсеткен ұқсас қызметтерінің көлемі (ұсынылатын қызметтер саласында жұмыстар 2 (екі) жылдан кем емес).

Көрсетілген қызметтер атауы

Тапсырыс берушілердің атауы және олардың телефон нөмірлері

Қызмет көрсеткен орны және жылы

Шарт құны, теңге (көрсетілмеуі де мүмкін)

1

2

3

4


      4. Қызметкерлердің біліктілігі мен тәжірибесі (осы шарт бойынша міндеттемелерін орындау үшін орындаушы жұмысқа тартқан қызметкерлер көрсетіледі)

р/с

Аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), тегі

Лауазымы

Осы бағыт бойынша қызмет көрсету саласындағы жұмыс өтілі

Дипломы, куәлігі және басқа да білімі туралы құжаттар бойынша біліктілігі мен мамандығы (№, серияны және беру күнін көрсету)

Мамандығы бойынша санаты, разряды, сыныбы (бар болса)

Азаматтығы

1

2

3

4

5

6

7


      Жоғарыда көрсетілген барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын.

      Өтініш берушінің басшысы

      ______ _____________________________________________________________

      (қолы) (аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), тегі) (бар болған жағдайда)

      М.О.

      Осы нысанды өтініш беруші "Технологиялық процестерді жетілдіру" құралы шеңберінде жүргізілген энергоаудит бойынша шығындарды мәлімдеген кезде толтырмайды.

      Осы мәліметтердің 3-тармағы өтініш беруші "Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау" құралы шеңберінде техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу және/немесе сараптау бойынша, сондай-ақ "Кәсіпорын құзыреттілігін арттыру" құралы шеңберінде білім беретін және ғылыми ұйымдарда, ғылыми-өнеркәсіптік, өнеркәсіптік кәсіпорындарда кадрларды, оның ішінде топ-менеджерлерді даярлау және/немесе қайта даярлау бойынша шығындарды мәлімдеген кезде толтырмайды.

О внесении изменений и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 31 июля 2015 года № 839 "Об утверждении стандартов государственных услуг, оказываемых в рамках программ "Экспортер 2020" и "Производительность 2020"

Приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 марта 2016 года № 309. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 5 мая 2016 года № 13687. Утратил силу приказом Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 12 января 2018 года № 26 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратил силу приказом Министра по инвестициям и развитию РК от 12.01.2018 № 26 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 1 статьи 43-1 Закона Республики Казахстан от 24 марта 1998 года "О нормативных правовых актах" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 31 июля 2015 года № 839 "Об утверждении стандартов государственных услуг, оказываемых в рамках программ "Экспортер 2020" и "Производительность 2020" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 12060, опубликованный 9 октября 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующие изменения и дополнение:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Об утверждении стандартов государственных услуг, направленных на развитие и продвижение экспорта отечественных обработанных товаров, услуг и поддержку повышения производительности труда";

      подпункт 7) пункта 1 изложить в следующей редакции:

      "7) стандарт государственной услуги "Возмещение затрат на разработку и/или экспертизу комплексного плана индустриально-инновационного проекта" согласно приложению 7 к настоящему приказу.";

      в стандарте государственной услуги "Оплата части затрат на разработку или экспертизу комплексного плана инвестиционного проекта в рамках программы "Производительность 2020", утвержденном указанным приказом:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Стандарт государственной услуги "Возмещение затрат на разработку и/или экспертизу комплексного плана индустриально-инновационного проекта";

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Государственная услуга "Возмещение затрат на разработку и/или экспертизу комплексного плана индустриально-инновационного проекта" (далее – государственная услуга).";

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Государственная услуга оказывается акционерным обществом "Казахстанский институт развития индустрии" (далее – услугодатель) и центрами обслуживания предпринимателей (далее – ЦОП).

      Прием заявления для оказания государственной услуги осуществляется через услугодателя и ЦОП, а выдача результата осуществляется через услугодателя.";

      пункты 6 и 7 изложить в следующей редакции:

      "6. Результат оказания государственной услуги – соглашение о возмещении затрат.

      Форма предоставления результата оказания государственной услуги – бумажная.

      7. Государственная услуга оказывается на бесплатной основе юридическим лицам – субъектам индустриально-инновационной деятельности (далее – услугополучатель).";

      пункт 9 изложить в следующей редакции:

      "9. Перечень документов, необходимых для оказания государственной услуги при обращении услугополучателя к услугодателю или ЦОП для получения возмещения затрат на разработку комплексного плана индустриально-инновационного проекта для получения долгосрочного лизингового финансирования:

      1) заявка на получение инструмента с указанием банковских реквизитов, подписанное первым руководителем с печатью услугополучателя по форме, согласно приложению 1 к настоящему стандарту;

      2) копия устава услугополучателя;

      3) копия справки о государственной регистрации (перерегистрации) юридического лица, учетной регистрации (перерегистрации) их филиалов и представительств (в том числе полученной с веб-портала "электронного правительства") или свидетельства о государственной (учетной) регистрации (перерегистрации) юридического лица (филиала, представительства) или свидетельства о государственной регистрации индивидуального предпринимателя;

      4) копия договора, заключенного между услугополучателем и исполнителем, предоставляющим услуги по разработке и/или экспертизе комплексного плана индустриально-инновационного проекта;

      5) копия акта оказанных услуг исполнителем по разработке и/или экспертизе комплексного плана индустриально-инновационного проекта;

      6) копия счет-фактуры на общую сумму оказанных услуг исполнителем по разработке и/или экспертизе комплексного плана индустриально-инновационного проекта;

      7) копия платежных поручений на общую сумму оказанных услуг исполнителем по разработке и/или экспертизе комплексного плана индустриально-инновационного проекта;

      8) отчет услугополучателя по итогам оказания исполнителем услуг по разработке и/или экспертизе комплексного плана индустриально-инновационного проекта, оформленного на бланке услугополучателя в произвольной форме за подписью первого руководителя или лица, замещающего его (при подписании лица, замещающего первого руководителя заявителя приложить доверенность);

      9) сведения, подтверждающие наличие у исполнителя работ в сфере предоставляемых услуг, штатных и внештатных специалистов, привлекаемых при оказании услуг по форме, согласно приложению 2 к настоящему стандарту;

      10) копия справки о государственной регистрации (перерегистрации) юридических лиц, учетной регистрации (перерегистрации) их филиалов и представительств (в том числе полученной с веб-портала "электронного правительства") или свидетельства о государственной (учетной) регистрации (перерегистрации) юридического лица (филиала, представительства) или свидетельства о государственной регистрации индивидуального предпринимателя, привлекаемого исполнителя;

      11) копия не менее 2 (двух) актов и/или рекомендаций и/или отзывов по итогам оказанных исполнителем аналогичных услуг, выполненных работ;

      12) копия документов, подтверждающих квалификацию штатных и внештатных специалистов, привлекаемых для оказания услуг;

      13) копия положительного решения оператора инструмента о предоставлении долгосрочного лизингового финансирования.

      Перечень документов, необходимых для оказания государственной услуги при обращении услугополучателя к услугодателю или ЦОП для получения возмещения затрат на разработку и/или экспертизу технико-экономического обоснования для проектов Карты:

      1) заявка на получение инструмента с указанием банковских реквизитов, подписанное первым руководителем с печатью услугополучателя по форме, согласно приложению 1 к настоящему стандарту;

      2) копия устава услугополучателя;

      3) копия справки о государственной регистрации (перерегистрации) юридических лиц, учетной регистрации (перерегистрации) их филиалов и представительств (в том числе полученной с веб-портала "электронного правительства") или свидетельства о государственной (учетной) регистрации (перерегистрации) юридического лица (филиала, представительства) или свидетельства о государственной регистрации индивидуального предпринимателя;

      4) копия договора, заключенного между услугополучателем и исполнителем, предоставляющим услуги по разработке и/или экспертизе технико-экономического обоснования для проектов Карты;

      5) копия акта оказанных услуг исполнителем по разработке и/или экспертизе технико-экономического обоснования для проектов Карты;

      6) копия счет-фактуры на общую сумму оказанных услуг исполнителем по разработке и/или экспертизе технико-экономического обоснования для проектов Карты;

      7) копия платежных поручений на общую сумму оказанных услуг исполнителем по разработке и/или экспертизе технико-экономического обоснования для проектов Карты;

      8) копия документа, подтверждающего включение услугополучателя в Карту поддержки предпринимательства региона;

      9) отчет услугополучателя по итогам оказания исполнителем услуг по разработке и/или экспертизе технико-экономического обоснования для проектов Карты, оформленного на бланке услугополучателя в произвольной форме за подписью первого руководителя или лица, замещающего его (при подписании лица, замещающего первого руководителя заявителя приложить доверенность);

      10) сведения, подтверждающие наличие у исполнителя работ в сфере предоставляемых услуг, штатных и внештатных специалистов, привлекаемых при оказании услуг по форме, согласно приложению 2 к настоящему стандарту;

      11) копии справки о государственной регистрации (перерегистрации) юридических лиц, учетной регистрации (перерегистрации) их филиалов и представительств (в том числе полученной с веб-портала "электронного правительства") или свидетельства о государственной (учетной) регистрации (перерегистрации) юридического лица (филиала, представительства) или свидетельства о государственной регистрации индивидуального предпринимателя привлекаемого исполнителя или копию лицензии, разрешения, выдаваемых исполнителю государственными органами на занятие отдельными видами деятельности (в случае, если данные документы обязательны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 16 мая 2014 года "О разрешениях и уведомлениях");

      12) копии документов, подтверждающих квалификацию штатных и внештатных специалистов, привлекаемых исполнителем для оказания услуг;

      13) копия положительного заключения комплексной вневедомственной экспертизы технико-экономического обоснования, проведенной аккредитованной экспертной организацией или экспертом, имеющим соответствующий аттестат, или государственной экспертной организацией (в случае, если данное заключение обязательно в соответствии с законодательством Республики Казахстан).

      При сдаче услугополучателем указанных в настоящем пункте документов услугодателю – подтверждением принятия заявления на бумажном носителе является отметка на его копии о регистрации в канцелярии услугодателя с указанием даты и времени приема пакета документов.";

      пункт 13 изложить в следующей редакции:

      "13. Адреса мест оказания государственной услуги размещены на интернет-ресурсе:

      Министерства - www.mid.gov.kz;

      Комитета - www.comprom.gov.kz;

      Услугодателя - www.kidi.gov.kz, www.pp2020.kz;

      ЦОП – www.palata.kz, www.business.gov.kz.";

      пункт 15 изложить в следующей редакции:

      "15. Контактные телефоны справочных служб по вопросам оказания государственной услуги: 8 (7172) 79-99-20 (вн. 1059, 1027, 1058, 1023, 1022).";

      приложение изложить в новой редакции согласно приложению 1 к настоящему приказу;

      дополнить приложением 2 согласно приложению 2 к настоящему приказу.

      2. Комитету индустриального развития и промышленной безопасности Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан (Ержанов А.К.) обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) направление копии настоящего приказа в печатном и электронном виде на официальное опубликование в периодические печатные издания, информационно-правовую систему "Әділет" в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан, а также в Республиканский центр правовой информации в течение пяти рабочих дней со дня получения зарегистрированного приказа для включения в эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан и на интранет-портале государственных органов;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр


по инвестициям и развитию


Республики Казахстан

А. Исекешев

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр национальной экономики

      Республики Казахстан

      ______________ Е. Досаев

      7 апреля 2016 года



  Приложение 1
к приказу Министра
по инвестициям и развитию
Республики Казахстан
от 30 марта 2016 года № 309
Приложение 1
к стандарту государственной
услуги "Возмещение затрат на
разработку и/или экспертизу
комплексного плана
индустриально-инновационного
проекта"

      Форма

      АО "Казахстанский институт

      развития индустрии"

      от____________________________

      (полное наименование заявителя)

Заявка на получение инструмента

      (заполняется заявителем)

      1. Полное наименование заявителя

      2. Юридический адрес (индекс, область, город/район, населенный пункт, улица, телефон)

      3. Первый руководитель (фамилия, имя, отчество (при наличии), должность, номер рабочего/сотового телефона, электронный адрес)

      4. Номер и дата государственной регистрации (перерегистрации) заявителя

      5. БИН (бизнес идентификационный номер) заявителя

      6. Наименование отрасли, подотрасли

      7. Основной вид деятельности (с указанием кода общего классификатора экономической деятельности)

      8. Номенклатура выпускаемой продукции

      9. Численность работников заявителя

      10. Установленная мощность заявителя (в натуральном и денежном выражении)

      11. Текущая загруженность мощностей (процент)

      12. Текущий износ производственного оборудования (процент)

      13. Текущая производительность труда (тысяч тенге/человек и тысяч/долларов США/человек)

      14. Является (-лся) ли проект участником государственных и/или отраслевых Программ (если да, то укажите в каких и какие инструменты получали)

      Какой инструмент планируется использовать (необходимое отметьте

):

разработка комплексного плана индустриально-инновационного проекта для получения долгосрочного лизингового финансирования;

разработка и/или экспертиза технико-экономического обоснования для проектов Карты индустриализации.

      15. Цель привлечения государственной поддержки в рамках Правил (краткое описание, обоснование необходимости, результат)

      16. Общая стоимость затрат, понесенных в рамках заявленного инструмента (тенге)

      17. Период, по которому понесены затраты в рамках заявленного инструмента (от и до (месяц, год)

      18. Наименование исполнителя, оказавшего услуги

      19. Указать банковские реквизиты заявителя

      Данной заявкой заявитель берет на себя ответственность за полноту и достоверность представленных документов, исходных данных, расчетов, обоснований.

      Заявитель подтверждает, что затраты по мероприятиям, понесенные в рамках запрашиваемого (ых) инструмента (ов), не финансировались за счет средств республиканского и/или местного бюджетов.

      Контактное лицо, заполнившее заявку на получение инструмента (фамилия, имя, отчество (при наличии), должность, номер рабочего/сотового телефона, электронный адрес): _________________

      Дата заполнения заявки ____________

      Руководитель заявителя _________ ______________________________

      (подпись) (Фамилия, имя, отчество

      (при наличии)

      М.П. (при наличии)

  Приложение 2
к приказу Министра
по инвестициям и развитию
Республики Казахстан
от 30 марта 2016 года № 309
Приложение 2
к стандарту государственной
услуги "Возмещение затрат на
разработку и/или экспертизу
комплексного плана
индустриально-инновационного
проекта"

      Форма

Сведения, подтверждающие наличие у исполнителя опыта работ
в сфере предоставляемых услуг, штатных и внештатных
специалистов, привлекаемых при оказании услуг

      _____________________________________________

      (заполняется на фирменном бланке заявителя)

      1. Наименование исполнителя _________________________________.

      2. Номер и дата государственной регистрации (перерегистрации) исполнителя _________________________________________________________

      3. Объем аналогичных услуг, оказанных исполнителем в течение последних ______ лет (не менее 2 (два) работ в сфере предоставляемых услуг).

Наименование оказанных услуг

Наименование заказчиков и номера их телефонов

Место и год оказания услуг

Стоимость договора, тенге (может не указываться)

1

2

3

4


      4. Квалификация и опыт сотрудников (указываются сотрудники, которых исполнитель привлек для исполнения обязательств по данному договору)

№ п/п

Фамилия, имя отчество (при наличии)

Должность

Стаж работы в сфере оказания услуг по данному направлению

Квалификация или специальность по диплому, свидетельству и другим документам об образовании (указать №, серию и дату выдачи)

Категория, разряд, класс по специальности (при наличии)

Гражданство

1

2

3

4

5

6

7


      Достоверность всех сведений, указанных выше, подтверждаю.

      Руководитель заявителя

      _____________ ______________________________________

      (подпись) (Фамилия, имя, отчество (при наличии))

      М.П. (при наличии)

      Данная форма не заполняется заявителем при заявлении затрат по проведенному энергоаудиту в рамках инструмента "Совершенствование технологических процессов".

      Пункт 3 настоящих сведений не заполняется заявителем при заявлении затрат по разработке и/или экспертизе технико-экономического обоснования в рамках инструмента "Разработка и/или экспертиза комплексного плана индустриально-инновационного проекта", а также по подготовке и/или переподготовки кадров, в том числе топ-менеджеров в образовательных и научных организациях, научно-промышленных, промышленных предприятиях в рамках инструмента "Повышение компетенции предприятия".