Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 26 маусымдағы № 643 Жарлығымен бекітілген Судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өтуі туралы ереженің 13-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған тағылымдамадан өту туралы Үлгілік келісім (бұдан әрі – Үлгілік келісім) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) (бұдан әрі – Департамент) Персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімі:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресми жариялануын;
3) тіркелген бұйрықты алғаннан кейін бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкісіне орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Облыстық және оларға теңестірілген соттар әкімшілерінің басшылары осы бұйрықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Департаменттің Ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімі мен Персоналды басқару бөлімі (кадр қызметі) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімінің меңгерушісі А.Б. Рахымбековаға жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы |
І. Испанов |
Тағылымдамадан өту туралы
ҮЛГІЛІК КЕЛІСІМ
Ескерту. Үлгілік келісім жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (ҚР Жоғарғы Соты аппаратының) басшысының 14.06.2019 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
___________________________ | 20__жылғы "__"__________ (жасалған күні) |
Бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының
жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының аппараты) (бұдан әрі - уәкілетті орган) атынан ________________________
соттар әкімшісінің басшысы (Соттар әкімшісінің атауы)
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
_________________________________________________________________
бір тараптан, бұдан әрі Судьялыққа кандидат деп
аталатын _________________________________________________ екінші тараптан және
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
бұдан әрі "Жұмыс беруші" деп аталатын _______________________________
___________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жұмыс берушінің лауазымы)
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 26 маусымдағы № 643 Жарлығымен
бекітілген Судьялыққа үміткерлердің тағылымдамадан өтуі туралы ережеге (бұдан әрі –
Ереже) сәйкес және
____________________________________________________________________
(облыстық және оған теңестірілген соттың атауы)
төрағаcының _____________ жылғы___________ № _____өкімінің негізінде Тағылымдамадан
өту туралы келісімді (бұдан әрі - Келісім) жасасты.
Тағылымдамадан өту орны:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
1. Келісім нысаны
1. Осы Келісімнің нысаны судьялыққа кандидаттың іскерлік, кәсіби және адамгершілік қасиеттерін зерделеу, оның судья өкілеттіктерін жүзеге асыру перспективасын айқындау, судьялыққа кандидаттың жергілікті соттарда жұмыстың ерекшеліктерін зерделеуі, судья лауазымындағы жұмыс үшін қажетті практикалық және ұйымдастырушылық дағдыларды игеруі мақсатында оның тағылымдамадан өтуі кезінде туындайтын Тараптардың өзара қарым-қатынастары болып табылды.
2. Тағылымдамадан өту шарттары және тәртібі
2. Тағылымдамадан өту негізгі жұмыс орнынан қол үзе отырып, тұрақты негізде жүзеге асырылады.
3. Тағылымдамадан өту шарттары және тәртібі Ереженің 3-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Тағылымдамадан өту кезеңінде жұмыс беруші судьялыққа кандидатқа еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен жалақысы сақталмайтын демалыс береді.
5. Тағылымдамадан өту кезеңінде "Мемлекеттік бюджет есебiнен қамтылған барлық органдардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 646 қбпү қаулысымен белгіленген судьялыққа кандидатқа бір жылға дейінгі еңбек өтілі бар аудандық және оған теңестірілген сот судьясы лауазымдық айлықақысының 70% мөлшерінде жалақының белгіленген сомасы төленеді.
3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
6. Уәкілетті орган:
1) судьялыққа кандидаттан осы Келісімнің шарттарын, жұмыс істеу тәртібі ережелерін, еңбек тәртібін сақтауды талап етуге;
2) судьялыққа кандидат осы Келісімде белгіленген міндеттерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда тағылымдама үйлестірушісі - облыстық сот судьясына жазбаша түрде хабарлауға;
3) судьялыққа кандидат тағылымдамадан өту кезеңінде келтірген материалдық залалдың орнын толтыруды талап етуге құқылы.
7. Уәкілетті орган:
1) судьялыққа кандидатты тағылымдамадан өту үшін облыстық сот төрағасының өкімімен белгіленген аудандық және оған теңестірілген соттарда (бұдан әрі - аудандық сот), облыстық және оған теңестірілген соттарда (бұдан әрі - облыстық сот) қауіпсіз еңбек жағдайымен жұмыс орнымен қамтамасыз етуге;
2) судьялыққа кандидаттың тағалымдамадан өтудің жеке жоспарын орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық базаға, арнайы әдебиетке және материалдық-техникалық құралдарға қол жеткізуін қамтамасыз етуге;
3) судьялыққа кандидаттың аудандық немесе облыстық сотта тағылымдамадан өтудің бекітілген тәртібін сақтауын бақылауды жүзеге асыруға;
4) судьялыққа кандидатқа жалақының белгіленген сомасын уақтылы және толық көлемде төлеуге;
5) судьялыққа кандидатты облыстық сот төрағасының, уәкілетті орган басшысының актілерімен таныстыруға міндетті.
8. Судьялыққа кандидаттың:
1) уәкілетті органнан осы Келісімнің орындалуын талап етуге;
2) еңбек қауіпсіздігі мен еңбектің қорғалуына;
3) тағалымдамадан өтудің жеке жоспарын орындауға қажетті нормативтік құқықтық базаға, арнайы әдебиетке және материалдық-техникалық құралдарға қол жеткізуге;
4) жалақының белгіленген сомасының уақтылы және толық көлемде төленуіне;
5) Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларда міндетті әлеуметтік сақтандыруға;
6) заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен өзінің құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуына;
7) еңбек қауіпсіздігі мен еңбектің қорғалуына сәйкес жабдықталған жұмыс орнына құқығы бар.
9. Судьялыққа кандидат:
1) Судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өтуінің үлгі бағдарламасының негізінде әзірленген тағылымдамадан өтудің жеке жоспарының іс-шараларын орындауға;
2) тағылымдама күнделігін жүргізуге;
3) тағылымдамадан өту барысында алынған азаматтардың жеке өмірін, ар-намысын, қадiр-қасиетiн қозғайтын мәліметтерді жария етпеуге;
4) іскерлік әдепті сақтауға, киімнің іскерлік талаптарын ұстануға;
5) жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігінің талаптарын сақтауға;
6) еңбек тәртібін сақтауға;
7) тағылымдама ұйымдастырылған соттың ішкі тәртіптеріне бағынуға;
8) аудандық, облыстық сотта тағылымдамадан өтудің белгіленген мерзімін, ережесін және тәртібін сақтауға;
9) еңбек қызметін куәландыратын құжаттарды, жеке куәлігін, карталық базада 20 сандық ағымдағы есеп шот ашқандығы туралы хабарламаны, электрондық нұсқадағы фотосурет ұсынуға;
10) мемлекеттік мүлікті ұқыпты пайдалануға;
11) ____________________________________________________________
_______________________________________________________ сот(тар)ындағы
(жалпы отырыстың оң қорытындысының қолданысы кезеңінде)
судьялардың бос лауазымдарына арналған конкурсқа қатысуға;
12) судьялардың тиісті бос лауазымдарына конкурсқа қатысудан бас тартқан жағдайда, оны тағылымдамадан өтуге жұмсалған мемлекет қаражатын қайтаруға міндетті.
10. Жұмыс беруші:
1) судьялыққа кандидаттан уәкілетті органмен және жұмыс берушімен қатынастарда міндеттемелерді тиісінше орындауды талап етуге құқылы.
11. Жұмыс беруші:
1) тағылымдамадан өту кезеңінде судьялыққа кандидатқа жалақысы сақталмайтын демалыс беруге;
2) тағылымдамадан өту кезеңінде судьялыққа кандидаттың жұмыс орнын (лауазымын) сақтауға;
3) тағылымдама аяқталғаннан кейін судьялыққа кандидатқа бұрынғы лауазымына сәйкес жұмыс беруге міндетті.
4. Өзге шарттар
12. Осы Келісім бірдей заңды күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде әрбір тарап үшін бір-бір данадан үш данада жасалды.
13. Келісімнің қолданысы:
1) тағылымдамадан өту мерзімі аяқталған;
2) Ереженің 4-тармағында көзделген негіздер бойынша тағылымдама тоқтатылған;
3) Ереженің 19-тармағына сәйкес тағылымдамадан өту мерзімінен бұрын тоқтатылған;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасыylf көзделген өзге жағдайларда қолданысы тоқтатылады.
14. Осы Келісім тағылымдама басталған күнінен бастап күшіне енеді.
Тараптардың мекенжайы мен деректемелері
Соттар әкімшісі |
Судьялыққа кандидат |
Жұмыс беруші |
Ескертпе: Егер судьялыққа кандидат еңбек қатынастарында болмаса, тағылымдамадан өту туралы келісім уәкілетті орган басшысы мен судьялыққа кандидат арасында жасалады.