Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 10.12.2018 № 2 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 3) және 8) тармақшаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 33 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9779 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ереженің 13-тармағы 9) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) "Халықтың құқық қорғау органдарына сенімділік деңгейі" (коды 7842105, индексі УДН, кезеңділігі біржолғы) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) "Халықтың құқық қорғау органдарына сенімділік деңгейі" (коды 7842105, индексі УДН, кезеңділігі біржолғы) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Ұлттық экономика министрлігі | |
Статистика комитеті | |
төрағасының міндетін атқарушы | Б. Иманәлиев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
____________ А. Дауылбаев
2016 жылғы 13 сәуір
КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ішкі министрі
_________________ Қ. Қасымов
2016 жылғы 15 ақпан
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер
комитетінің төрағасы
_________________ Д. Ерғожин
2016 жылғы 23 ақпан
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
Министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл ұлттық
бюроның төрағасы
_________________ Қ. Қожамжаров
2016 жылғы 3 наурыз
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2016 жылғы 2 ақпандағы № 27 бұйрығына 1-қосымша |
Мемлекеттік статистика органдары құпиялылығына кепілдік береді Конфиденциальность гарантируется органами государственной статистики | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2016 жылғы ________________ № _____ бұйрығына 1-қосымша | ||||||||||||||||||
Жалпымемлекеттік статистикалық байқау бойынша статистикалық нысан Статистическая форма общегосударственного статистического наблюдения | Приложение 1 к приказу исполняющего обязанности Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от ________________ 2016 года № | ||||||||||||||||||
Аумақтық органға тапсырылады Представляется территориальному органу |
| ||||||||||||||||||
Статистикалық нысанды www.stat.gov.kz сайтынан алуға болады Статистическую форму можно получить на сайте www.stat.gov.kz | |||||||||||||||||||
Статистикалық нысан коды 7842105 Код статистической формы 7842105 | Халықтың құқық қорғау органдарына сенімділік деңгейі Уровень доверия населения к правоохранительным органам | ||||||||||||||||||
УДН | |||||||||||||||||||
Бір жолғыЕдиновременная | Есепті кезеңОтчетный период | Жыл Год | |||||||||||||||||
Пікіртерімге 15 және одан жоғары жастағы үй шаруашылығының мүшелері қатысады В опросе принимают участие члены домашних хозяйств в возрасте 15 лет и старше | |||||||||||||||||||
Тапсыру мерзімі – 12 қазан Срок представления – 12 октября | |||||||||||||||||||
1. Елді мекеннің атауы (қала, аудан, селолық округ) Наименование населенного пункта (города, района, сельского округа)___________________________ | |||||||||||||||||||
2. ӘАОЖ1 бойынша елді мекеннің коды Код населенного пункта по КАТО | |||||||||||||||||||
3. Елді мекен типінің коды (1 - қала, 2 – ауыл) Код типа населенного пункта (1 - город, 2 - село) | |||||||||||||||||||
4. Респонденттің реттік нөмірі Порядковый номер респондента | |||||||||||||||||||
5. Интервьюердің коды Код интервьюера | |||||||||||||||||||
6. Сұхбатты өткізу күні Дата проведения интервью число месяц год | күні число | айы месяц | жылы год |
____________________________
1ӘАОЖ - Әкімшілік аумақтық объектілер жіктеуіші ҚР 11-2009
КАТО - Классификатор административно-территориальных объектов ГК РК 11-2009
1. РЕСПОНДЕТТЕР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР | 1. СВЕДЕНИЯ О РЕСПОНДЕНТАХ | |||||||
1. Жынысы | 1. Пол | |||||||
ер | 1 | мужчина | ||||||
әйел | 2 | женщина | ||||||
2. Ұлты | 2. Национальность | |||||||
қазақтар | 1 | казахи | ||||||
орыстар | 2 | русские | ||||||
өзбектер | 3 | узбеки | ||||||
украиндар | 4 | украинцы | ||||||
ұйғырлар | 5 | уйгуры | ||||||
басқа ұлттар | 6 | другие национальности | ||||||
3. Жасы | 3. Возраст | |||||||
4. Сіздің некедегі жағдайыңыз | 4. Ваше состояние в браке | |||||||
еш уақытта некеде тұрмаған | 1 | никогда не состоял (а) в браке | ||||||
некеде тұрады | 2 | состоит в браке | ||||||
тұл (ер), жесір (әйел) | 3 | вдовец, вдова | ||||||
ажырасқан | 4 | разведен (а) | ||||||
5. Білім деңгейі | 5. Уровень образования | |||||||
жоғары оқу орнынан кейінгі білім | 1 | послевузовское образование | ||||||
жоғары білім | 2 | высшее образование | ||||||
аяқталмаған жоғары білім | 3 | незаконченное высшее образование | ||||||
техникалық және кәсіби білім | 4 | техническое и профессиональное образование | ||||||
жалпы орта білім | 5 | общее среднее образование | ||||||
негізгі орта білім | 6 | основное среднее образование | ||||||
бастауыш білім | 7 | начальное образование | ||||||
ешқандай білім деңгейіне қол жеткізбеген | 8 | не достигнут никакой уровень образования | ||||||
6. Жұмыспен қамтылу мәртебесі | 6. Статус занятости | |||||||
ұйымда, кәсіпорында жалдану бойынша жұмыс | 1 | работа по найму в организации, предприятии | ||||||
жеке тұлғаларға жалдану бойынша жұмыс | 2 | работа по найму у отдельных физических лиц | ||||||
шаруа немесе фермер қожалығында жалдамалы жұмыс | 3 | работа по найму в крестьянском или фермерском хозяйстве | ||||||
қызмет көрсетуге азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша жұмыс | 4 | работа по договору гражданско-правового характера на оказание услуг | ||||||
өз бетінше жұмыспен қамтылған қызметкерлер (өз есебінен жұмыс істейтіндер) | 5 | самостоятельные работники (работающие за свой счет) | ||||||
жұмыс беруші | 6 | работодатель | ||||||
шаруа немесе фермер қожалықтарының, отбасылық кәсіпорындардың көмектесетін (ақы төленбейтін) қызметкерлері | 7 | помогающие (неоплачиваемые) работники семейных предприятий, крестьянских или фермерских хозяйств | ||||||
өндірістік кооператив мүшелері | 8 | члены производственного кооператива | ||||||
денсаулық жағдайына байланысты жұмыс істемейді | 9 | не работает по состоянию здоровья | ||||||
күндізгі бөлімде оқитын студент | 10 | студент очного отделения | ||||||
үй шаруашылығымен айналысу | 11 | ведение домашнего хозяйства | ||||||
зейнеткерлікке шығу | 12 | выход на пенсию | ||||||
жұмыс істемейді, бірақ жұмыс іздеуде және жұмыс істеуге дайын | 13 | не работает, но ищет работу и готов (а) приступить к работе | ||||||
жұмыс істемейді және жұмыс іздеп жүрген де жоқ | 14 | не работает, но и не ищет работу | ||||||
2. ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ | 2. СВЕДЕНИЯ О ПРАВОНАРУШЕНИЯХ | |||||||
7. Соңғы 3 жылда Сізге қатысты қандай да бір қылмыс не құқыққа қайшы әрекет жасалды ма? (жоқ немесе жауап беруден бас тартамын 19 сұрақ) | 7. Было ли совершено какое-либо преступление либо противоправное действие в отношении Вас за последние 3 года? (нет или отказываюсь отвечать вопрос 19) | |||||||
иә | 1 | да | ||||||
жоқ | 2 | нет | ||||||
жауап беруден бас тартамын | 3 | отказываюсь отвечать | ||||||
8. Соңғы 12 айда Сізге қатысты қандай да бір қылмыс не құқыққа қайшы әрекет жасалды ма? | 8. Было ли совершено какое-либо преступление либо противоправное действие в отношении Вас за последние 12 месяцев? | |||||||
иә | 1 | да | ||||||
жоқ | 2 | нет | ||||||
жауап беруден бас тартамын | 3 | отказываюсь отвечать | ||||||
9. Сіз қандай да бір қылмыс түрінің не құқыққа қайшы әрекеттің құрбаны болдыңыз ба? (жауаптың бірнеше нұсқасы болуы мүмкін) | 9. Жертвой какого вида преступного либо противоправного действия Вы стали? (возможно несколько вариантов ответа) | |||||||
ұрлық | 1 | кража | ||||||
тонау | 2 | грабеж | ||||||
алаяқтық | 3 | мошенничество | ||||||
автокөлікті ұрлау (айдап салу) | 4 | кражи автомобилей (угон) | ||||||
денсаулыққа зиян келтіру (ауыр, ауырлығы орташа, жеңіл) | 5 | причинение вреда здоровью (тяжкий, средней тяжести, легкий) | ||||||
зорлау және зорлауға оқталу | 6 | изнасилование и покушение на изнасилование | ||||||
бұзақылық | 7 | хулиганство | ||||||
сыбайлас жемқорлық | 8 | коррупция | ||||||
қорқытып алу | 9 | вымогательство | ||||||
өртеу | 10 | поджог | ||||||
өзге (көрсетіңіз) ________________________ | 11 | иное (указать) __________________________ | ||||||
10. Соңғы құқық бұзушылық немесе құқыққа қайшы әрекет қай жерде болды немесе орын алды? | 10. Где произошло или имело место последнее преступление или противоправное действие? | |||||||
үйде | 1 | дома | ||||||
тұрып жатқан ауданда | 2 | в районе проживания | ||||||
басқа елді мекенде | 3 | в другом населенном пункте | ||||||
жұмыста | 4 | на работе | ||||||
өзге (көрсетіңіз)_____________________ | 5 | иное (указать) _________________________ | ||||||
11. Сіз осы қылмыс немесе құқыққа қайшы әрекеттер бойынша өтінішпен құқық қорғау органдарына жүгіндіңіз бе? (иә 13 сұрақ) | 11. Обращались ли Вы в правоохранительные органы с заявлением по поводу данного преступления или противоправного действия? (да вопрос 13) | |||||||
иә | 1 | да | ||||||
жоқ | 2 | нет | ||||||
12. Сіз құқық қорғау органдарына неге жүгінбедіңіз? (жауаптан кейін 19 сұраққа) | 12. Почему Вы не обратились в правоохранительные органы? (после ответа к вопросу 19) | |||||||
жариялағым келмеді | 1 | не хотел (а) огласки | ||||||
құқық қорғау органдары жұмысының оң нәтижелі болатынына сенбедім | 2 | не верил (а) в положительный результат работы правоохранительных органов | ||||||
туыстарым айнытты | 3 | отговорили родственники | ||||||
құқық қорғау органының қызметкері айнытты | 4 | отговорил сотрудник правоохранительного органа | ||||||
құқық бұзушының тарапынан болған қысым салдарынан | 5 | вследствие давления со стороны правонарушителя | ||||||
құқық қорғау органдары сыбайласқан деп ойлаймын | 6 | считаю, что правоохранительные органы коррумпированы | ||||||
өз бетінше іс-әрекет жасады | 7 | совершил самостоятельные действия | ||||||
созбалауға байланысты көп уақыт алады | 8 | занимает много времени по причине волокиты | ||||||
13. Сіз нақты қандай құқық қорғау органдарына жүгіндіңіз? | 13. В какие именно правоохранительные органы Вы обращались? | |||||||
прокуратура органдары | 1 | органы прокуратуры | ||||||
ішкі істер органдары | 2 | органы внутренних дел | ||||||
сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет | 3 | антикоррупционная служба | ||||||
экономикалық тергеу қызметі (экономикалық және қаржылық қылмыстар, "көлеңкелі" экономика саласындағы қылмыстар) | 4 | служба экономических расследований (экономические и финансовые преступления, преступления в сфере "теневой" экономики) | ||||||
азаматтық қорғау органдары | 5 | органы гражданской защиты | ||||||
14. Сіздің өтінішіңіз қабылданды (тіркелді) ма? (иә 16 сұрақ) | 14. Было ли принято (зарегистрировано) Ваше заявление? (да вопрос 16) | |||||||
иә | 1 | да | ||||||
жоқ | 2 | нет | ||||||
15. Сіздің өтінішіңіз қабылданбаған (тіркелмеген) жағдайда, себебін көрсетіңіз | 15. В случае, если Ваше заявление не было принято (зарегистрировано), то укажите причину | |||||||
қылмыс құрамының жоқтығынан | 1 | отсутствие состава преступления | ||||||
ұсақ-түйек құқық бұзушылық (бұзақылық, ұялы телефонды ұрлау және тағы басқа) | 2 | мелкое правонарушение (хулиганство, кража мобильного телефона и так далее) | ||||||
жауап беруге қиналамын | 3 | затрудняюсь ответить | ||||||
өзге (көрсетіңіз) ________________________ | 4 | иное (указать) ___________________________ | ||||||
16. Сіздің өтінішіңіз бойынша тергеу нәтижелері туралы Сізге хабарлады ма? | 16. Сообщили ли Вам о результатах расследования по Вашему заявлению? | |||||||
иә | 1 | да | ||||||
жоқ | 2 | нет | ||||||
17. Сіздің өтінішіңіз бойынша қылмыс жасаған кінәлі адамдар анықталды ма? | 17. Были ли установлены виновные лица в совершении преступления по Вашему заявлению? | |||||||
иә | 1 | да | ||||||
жоқ | 2 | нет | ||||||
18. Сіздің өтінішіңіз бойынша тергеу нәтижелері Сізді қанағаттандырды ма? | 18. Были ли Вы удовлетворены результатом расследования по Вашему заявлению? | |||||||
иә | 1 | да | ||||||
жоқ | 2 | нет | ||||||
3. СЕНІМДІЛІК ДӘРЕЖЕСІ | 3. СТЕПЕНЬ ДОВЕРИЯ | |||||||
19. Егер Сіз жасалған қылмыстың куәгері болсаңыз, ол туралы құқық қорғау органдарына хабарлайсыз ба? | 19. Если бы Вы стали свидетелем совершения преступления, сообщили бы Вы об этом правоохранительным органам? | |||||||
иә | 1 | да | ||||||
жоқ | 2 | нет | ||||||
20. Егер Сіз қандай да бір қылмыстың құрбаны болсаңыз, кімге жүгінер едіңіз? (егер жауап 1 болса 22 сұрақ) | 20. В случае если бы Вы стали жертвой какого-либо преступления, к кому бы Вы обратились? (если вариант ответа 1 вопрос 22) | |||||||
құқық қорғау органдары | 1 | правоохранительные органы | ||||||
Қазақстан Республикасының жергілікті атқару органдары (әкімдіктер) | 2 | местные исполнительные органы (акиматы) Республики Казахстан | ||||||
сот | 3 | суд | ||||||
үкіметтік емес ұйымдары | 4 | неправительственные организации | ||||||
БАҚ | 5 | СМИ | ||||||
достар (таныстар) | 6 | друзья ( знакомые) | ||||||
туыстар | 7 | родственники | ||||||
ешкімге жүгінбеймін | 8 | ни к кому бы не обратился | ||||||
21. Сіз құқық қорғау органдарына жүгінуден неліктен бас тартар едіңіз? | 21. Почему бы Вы не стали обращаться в правоохранительные органы? | |||||||
құқық қорғау органдары жұмысының оң нәтижелі болатынына сенбейтіндіктен | 1 | не верю в положительный результат работы правоохранительных органов | ||||||
жариялағым келмейтіндіктен | 2 | не хотел (а) бы огласки | ||||||
құқық қорғау органдарын сыбайлас деп ойлайтындығымнан | 3 | считаю, что правоохранительные органы коррумпированы | ||||||
созбалауға байланысты көп уақыт алады | 4 | занимает много времени по причине волокиты | ||||||
22. Сіз құқық қорғау органдары Сізді және Сіздің мүддеңізді қорғайтынына сенімдісіз бе? | 22. Как Вы считаете, правоохранительные органы смогут защитить Вас и Ваши интересы? | |||||||
иә | 1 | да | ||||||
жоқ | 2 | нет | ||||||
23. Сіз құқық қорғау органдарының қайсысына көбірек сенесіз? | 23. Кому из правоохранительных органов Вы больше всего доверяете? | |||||||
прокуратура органдары | 1 | органы прокуратуры | ||||||
ішкі істер органдары | 2 | органы внутренних дел | ||||||
сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет | 3 | антикоррупционная служба | ||||||
экономикалық тергеу қызметі (экономикалық және қаржылық қылмыстар, "көлеңкелі" экономика саласындағы қылмыстар) | 4 | служба экономических расследований (экономические и финансовые преступления, преступления в сфере "теневой" экономики) | ||||||
азаматтық қорғау органдары | 5 | органы гражданской защиты | ||||||
24. Құқық қорғау органдарына сенімділік немесе сенімсіздік дәрежесін көрсетіңіз | 24. Укажите, пожалуйста, степень Вашего доверия или недоверия к правоохранительным органам | |||||||
а) прокуратура органдары | а) органы прокуратуры | |||||||
сенімділіктің жоғары дәрежесі | 1 | высокая степень доверия | ||||||
сенімділіктің орташа дәрежесі | 2 | средняя степень доверия | ||||||
сенімділіктің төмен дәрежесі | 3 | низкая степень доверия | ||||||
сенбеймін | 4 | не доверяю | ||||||
бұл құрылыммен ешқашан кездескен емеспін | 5 | никогда не сталкивался с данной структурой | ||||||
б) ішкі істер органдары | б) органы внутренних дел | |||||||

в) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет | в) антикоррупционная служба | |||||||

г) экономикалық тергеу қызметі (экономикалық және қаржылық қылмыстар, "көлеңкелі" экономика саласындағы қылмыстар) | г) служба экономических расследований (экономические и финансовые преступления, преступления в сфере "теневой" экономики) | |||||||

д) азаматтық қорғау органдары | д) органы гражданской защиты | |||||||

25. Сіздің құқық қорғау органдарына сенбеуіңіздің немесе сенімділік деңгейінің төмен болуының себебі? | 25. В чем причина Вашего недоверия или низкой степени доверия правоохранительным органам? | |||||||
а) прокуратура органдары | а) органы прокуратуры | |||||||
қызметкерлердің кәсіпқорлық деңгейі төмен | 1 | низкий уровень профессионализма сотрудников | ||||||
қызметі халықты қорғауға емес көбінесе жазалау шараларымен байланысты | 2 | деятельность чаще связана с мерами наказания, чем с защитой прав граждан | ||||||
бұдан бұрын кездестік және оң нәтиже болмады | 3 | ранее сталкивались и не получили положительного результата | ||||||
қорқыныш сезінемін | 4 | испытываю страх | ||||||
оларды сыбайлас деп санаймын | 5 | считаю, что они коррумпированы | ||||||
қызметінің нәтижесі төмен | 6 | низкая результативность деятельности | ||||||
төтенше жағдайлар туындаған кезінде баяу ден қояды | 7 | медленно реагируют при возникновении чрезвычайных ситуаций | ||||||

26. Сіздің ой-пікіріңізге кім немесе не әсер тигізді? | 26. Кто или что повлияло на Ваше мнение? | |||||||
өзімнің тәжірибем | 1 | личный опыт | ||||||
БАҚ жарияланымдары және хабарламалары | 2 | публикации и сообщения в СМИ | ||||||
интернет | 3 | интернет | ||||||
достар (таныстар) | 4 | друзья (знакомые) | ||||||
туыстар | 5 | родственники | ||||||
құқық қорғау органдарының әрекеті немесе әрекетсіздігі | 6 | действие или бездействие правоохранительных органов | ||||||
27. Сіз құқық қорғау органдарына неге сенесіз? | 27. Почему Вы доверяете правоохранительным органам? | |||||||
а) прокуратура органдары | а) органы прокуратуры | |||||||
жүгінулерге жедел ден қойылды | 1 | оперативно среагировали на обращение | ||||||
жүгіну кезінде оң нәтиже болды | 2 | был положительный результат при обращении | ||||||
қызметкерлердің жоғарғы кәсіпқорлығы | 3 | высокий профессионализм сотрудников | ||||||
басқа (көрсетіңіз) ________________________ | 4 | другое (укажите) _________________________ | ||||||
б) ішкі істер органдары | б) органы внутренних дел | |||||||
үндеулерге жедел ден салу | 1 | оперативно среагировали на обращение | ||||||
үндеу кезінде оң нәтиже болды | 2 | был положительный результат при обращении | ||||||
қызметкерлердің жоғарғы кәсіпқорлығы | 3 | высокий профессионализм сотрудников | ||||||
басқа (көрсетіңіз) ________________________ | 4 | другое (укажите) _________________________ | ||||||
в) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет | в) антикоррупционная служба | |||||||
үндеулерге жедел ден салу | 1 | оперативно среагировали на обращение | ||||||
үндеу кезінде оң нәтиже болды | 2 | был положительный результат при обращении | ||||||
қызметкерлердің жоғарғы кәсіпқорлығы | 3 | высокий профессионализм сотрудников | ||||||
басқа (көрсетіңіз) ________________________ | 4 | другое (укажите) _________________________ | ||||||
г) экономикалық тергеу қызметі (экономикалық және қаржылық қылмыстар, "көлеңкелі" экономика саласындағы қылмыстар) | г) служба экономических расследований (экономические и финансовые преступления, преступления в сфере "теневой" экономики) | |||||||
үндеулерге жедел ден салу | 1 | оперативно среагировали на обращение | ||||||
үндеу кезінде оң нәтиже болды | 2 | был положительный результат при обращении | ||||||
қызметкерлердің жоғарғы кәсіпқорлығы | 3 | высокий профессионализм сотрудников | ||||||
басқа (көрсетіңіз) ________________________ | 4 | другое (укажите) _________________________ | ||||||
д) азаматтық қорғау органдары | д) органы гражданской защиты | |||||||
үндеулерге жедел ден салу | 1 | оперативно среагировали на обращение | ||||||
үндеу кезінде оң нәтиже болды | 2 | был положительный результат при обращении | ||||||
қызметкерлердің жоғарғы кәсіпқорлығы | 3 | высокий профессионализм сотрудников | ||||||
басқа (көрсетіңіз) ________________________ | 4 | другое (укажите) _________________________ | ||||||
28. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңсыз әрекеті немесе әрекетсіздігімен түйістіңіз ба? (егер жауап 4 болса 30 сұрақ) | 28. Сталкивались ли Вы с незаконными действиями или бездействием сотрудников правоохранительных органов? (если вариант ответа 4 вопрос 30) | |||||||
өзім түйістім | 1 | лично сталкивался | ||||||
достар (таныстар) түйісті | 2 | друзья ( знакомые) сталкивались | ||||||
туыстарым түйісті | 3 | родственники сталкивались | ||||||
ешқашан түйіскен жоқпын | 4 | никогда не сталкивался | ||||||
29. Жоғарыда көрсетілген құқық қорғау органдарының заңсыз әрекеті немесе әрекетсіздігіне арыздандыңыз ба? | 29. Было ли обращение с жалобой на вышеуказанные незаконные действия или бездействие сотрудников правоохранительных органов? | |||||||
иә | 1 | да | ||||||
жоқ | 2 | нет | ||||||
жауап беруге қиналамын | 3 | затрудняюсь ответить | ||||||
30. Сіз қалай ойлайсыз құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңсыз әрекеті мен әрекетсіздігіне арыздану мән-жайға жақсы әсер ете алады ма? | 30. Как Вы считаете, в случае незаконных действий или бездействия со стороны сотрудников правоохранительных органов, изменится ли ситуация к лучшему если обратиться с жалобой? | |||||||
иә | 1 | да | ||||||
жоқ | 2 | нет | ||||||
жауап беруге қиналамын | 3 | затрудняюсь ответить | ||||||
31. Сізден құқық қорғау органдарының жұмысына жәрдем көрсетуді сұраса Сіз жәрдем көрсететінбедіңіз? | 31. Как Вы поступите, если Вас попросят оказать содействие в работе правоохранительных органов? | |||||||
әрдайым қолдан келерлік жәрдем көрсетемін | 1 | всегда окажу посильную помощь | ||||||
егер қылмыс жасалған болса жәрдем көрсетемін | 2 | окажу содействие, в случае если совершено преступление | ||||||
егер ынталандырылатын болса жәрдем көрсетемін | 3 | окажу содействие, если это будет поощряться | ||||||
өзім жалғыз жәрдем көрсетпеймін тек басқа азаматтармен бірлесіп | 4 | в одиночку не буду оказывать содействие, только совместно с другими гражданами | ||||||
қорқу себебі бойынша бас тартамын | 5 | откажусь по причине страха | ||||||
жәрдем көрсетпеймін | 6 | не буду оказывать содействие | ||||||
4. ӨЗ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫЛЫҚ ДЕҢГЕЙІН СУБЪЕКТИВТІ БАҒАЛАУ | 4. ВОСПРИЯТИЕ СОБСТВЕННОЙ БЕЗОПАСНОСТИ И СУБЪЕКТИВНАЯ ОЦЕНКА УРОВНЯ ПРЕСТУПНОСТИ | |||||||
32. Өзіңіз тұратын ауданның көшесінде жалғыз жүрсеңіз өзіңізді қаншалықты қауіпсіз сезінесіз? | 32. Насколько Вы чувствуете себя в безопасности идя по улице один (одна) в районе своего проживания? | |||||||
толық қауіпсіз | 1 | в полной безопасности | ||||||
жеткілікті деңгейде қауіпсіз | 2 | достаточно безопасно | ||||||
қауіпсіз емес | 3 | не безопасно | ||||||
33. Тәуліктің қараңғы бөлігінде өзіңіз тұратын ауданның көшесінде келе жатқанда қаншалықты қауіпсіз сезінесіз? (1, 2-жауап болса 35 сұрақ) | 33. Насколько Вы чувствуете себя в безопасности идя по улице в районе своего проживания в темное время суток? (если вариант ответа 1 или 2 вопрос 35) | |||||||
толық қауіпсіз | 1 | в полной безопасности | ||||||
жеткілікті деңгейде қауіпсіз | 2 | достаточно безопасно | ||||||
қауіпсіз емес | 3 | не безопасно | ||||||
34. Қараңғыда немесе күндіз жалғыз далаға шыққанда өзіңізді қауіпсіздікте сезінбейтіндігіңізді айттыңыз, неге? (3 жауап нұсқасынан көп болмауы керек) | 34. Вы сказали, что чувствуете себя не безопасно, когда в темноте или днем один (одна) выходите на улицу, почему? (не более 3-х вариантов ответов) | |||||||
ауру/іс-әрекетке қабілеттілігі жоқ | 1 | болезнь/недееспособность | ||||||
өте қарт адам | 2 | слишком пожилой/ая | ||||||
шабуылға ұшыраудан қорқу | 3 | страх подвергнуться нападению | ||||||
үйін тонап кетуден қорқу | 4 | страх совершения кражи дома | ||||||
қараңғыдан қорқу | 5 | страх темноты | ||||||
жалғыз шығудан қорқу | 6 | страх выходить одному | ||||||
жалпы қылмыстылықтан қорқамын, өзімді қауіпсіз сезінбеймін | 7 | боязнь преступности в целом, не чувствую себя в безопасности | ||||||
басқа (көрсету) | 8 | другое (указать) | ||||||
35. Сіз немесе сіздің отбасыңыздан біреу қандай да болсын қылмыс немесе құқыққа қайшы әрекетке ұшырауы мүмкін екендігіне Сіз қаншалықты алаңдайсыз? | 35. Насколько Вы обеспокоены тем, что Вы или кто-нибудь из Вашей семьи может подвергнуться какому-либо преступлению или противоправному действию? | |||||||
қатты алаңдаймын | 1 | очень обеспокоен (а) | ||||||
жеткілікті деңгейде алаңдаймын | 2 | достаточно обеспокоен (а) | ||||||
аздап алаңдаймын | 3 | немного обеспокоен (а) | ||||||
тіпті алаңдамаймын | 4 | совсем не беспокоюсь | ||||||
36. Сіз алаяқтар есеп шотыңыздан немесе банктік картаңыздан шешіп алу арқылы ақшалай қаражатыңызды жоғалту мүмкін екендігіне алаңдайсыз ба? | 36. Обеспокоены ли Вы возможностью потери денежных средств путем снятия их мошенниками со счетов или банковской карты? | |||||||
иә | 1 | да | ||||||
жоқ | 2 | нет | ||||||
шотым (банктік картам) жоқ | 3 | не имею счета (банковской карты) | ||||||
37. Соңғы 3 айда Сізде қылмысқа немесе құқыққа қайшы келетін әрекетке ұшырайтындай қорқынышты сезінген нақты бір жағдай болды ма (болған қылмыс фактісін немесе құқыққа қайшы әрекетті қоспағанда)? | 37. За последние 3 месяца была ли конкретная ситуация, когда Вы испытали страх подвергнуться преступлению или противоправному действию (исключая факт произошедшего преступления или противоправного действия)? | |||||||
иә | 1 | да | ||||||
жоқ | 2 | нет | ||||||
38. Сіз тұратын аудандағы көшелерде құқық қорғау органдары қаншалықты жиі күзетте жүреді (машинамен немесе жаяу)? | 38. Как часто правоохранительные органы патрулируют (на машине или пешком) по улицам в районе Вашего проживания? | |||||||
жиі | 1 | часто | ||||||
кейде | 2 | редко | ||||||
ешқашан | 3 | никогда | ||||||
жауап беруге қиналамын | 4 | затрудняюсь ответить | ||||||
39. Сіздің ойыңызша, Сіз тұратын ауданда қылмыстылықты құқық қорғау органдары қаншалықты бақылайды? | 39. По Вашему мнению, насколько правоохранительные органы контролируют преступность в районе Вашего проживания? | |||||||
айтарлықтай дәрежеде | 1 | в значительной степени | ||||||
жеткілікті деңгейде | 2 | на достаточном уровне | ||||||
төмен деңгейде | 3 | на низком уровне | ||||||
мүлдем бақыламайды | 4 | вообще не контролируют | ||||||
жауап беруге қиналамын | 5 | затрудняюсь ответить | ||||||
40. Сіз тұратын аудандағы криминогендік ахуалды жалпы қалай бағалайсыз? | 40. Как Вы в целом, оцениваете криминогенную ситуацию в районе Вашего проживания? | |||||||
Қанағаттанарлық | 1 | удовлетворительно (ая) | ||||||
қанағаттанарлықсыз | 2 | неудовлетворительно (ая) | ||||||
жауап беруге қиналамын | 3 | затрудняюсь ответить | ||||||
41. Сіздің көзқарасыңыз бойынша Сіз тұратын аудандағы соңғы 12 айдағы қылмыстылық деңгейі? | 41. На Ваш взгляд, уровень преступности в районе Вашего проживания, за последние 12 месяцев? | |||||||
Ұлғайды | 1 | возрос | ||||||
төмендеді | 2 | снизился | ||||||
сол деңгейде қалды | 3 | остался на том же уровне | ||||||
жауап беруге қиналамын | 4 | затрудняюсь ответить | ||||||
42. Сіздің ойыңызша құқық қорғау органдары, халықтың құқығын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жақсарту үшін қандай шаралар қолдануы керек? (бұл сұрақта респондент 3 жауап нұсқасына дейін таңдауына болады) | 42. По Вашему мнению, какие меры нужно предпринять правоохранительным органам, для улучшения защиты прав и обеспечения безопасности граждан? (в этом вопросе респондент может выбрать не более 3-х вариантов ответов) | |||||||
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын өзгерту | 1 | изменить действующее законодательство Республики Казахстан | ||||||
құқық қорғау органдары қызметкерлерінің біліктілік деңгейін арттыру | 2 | повысить уровень квалификации сотрудников правоохранительных органов | ||||||
құқық қорғау органдарының қызметін бақылауды арттыру | 3 | повысить контроль за деятельностью правоохранительных органов | ||||||
құқық қорғау органдары қызметкерлерінің еңбекақысын жоғарылату | 4 | повысить заработную плату сотрудникам правоохранительных органов | ||||||
құқық қорғау органдары қызметінің ашықтық дәрежесін арттыру | 5 | повысить степень прозрачности деятельности правоохранительных органов | ||||||
халық арасында құқықтық сауаттылықты арттыру бойынша іс-шаралар өткізу | 6 | проведение мероприятий по повышению правовой грамотности среди населения | ||||||
құқық қорғау органдары қызметкерлерінің штатын ұлғайту, техникалық жабдықталуын жақсарту | 7 | увеличить штат сотрудников, улучшить техническую оснащенность правоохранительных органов | ||||||
көшелерді жиі күзету, телефон қоңырауларына және халықтың өтініштеріне жедел ден қою | 8 | чаще патрулировать на улицах, оперативно реагировать на телефонные звонки и обращения населения | ||||||
көшелерді бейнетіркегіштермен (бейнекамералармен) жабдықтау | 9 | оснащение улиц оперативными видеорегистраторами (видеокамерами) | ||||||
құқық қорғау органдарына қызметкерлерді іріктеу қағидасын күшейту | 10 | ужесточить правила отбора сотрудников в правоохранительные органы | ||||||
құқық қорғау органдарының жұмысын және азаматтардың оң үн қатуына айқындау | 11 | больше освещать работу правоохранительных органов и положительные отклики граждан | ||||||
халық алдында үнемі есеп беру | 12 | регулярная отчетность перед населением | ||||||
жауап беруге қиналамын | 13 | затрудняюсь ответить | ||||||
басқа | 14 | другое |
43. Біз сұхбатты аяқтаймыз. Сізің өміріңізде құқық қорғау органдары қызметімен байланысты Сіздің айтқыңыз келген бірақ біз оған қатысты сұрамаған қандайда болмасын қосымша мәліметтер бар ма? Сізде қандайда бір қосымша түсіндірмелер немесе толықтырулар бар ма? | 43. Мы завершаем интервью. Есть ли какие-либо дополнительные сведения о каких-либо событиях в Вашей жизни, связанных с деятельностью правоохранительных органов, о которых Вы хотели бы сообщить и в отношении которых мы не задали вопросы? Есть ли у Вас какие-либо комментарии или дополнения? | ||||||||||||||
ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫҢЫЗ ҮШІН АЛҒЫС АЙТАМЫЗ!
БЛАГОДАРИМ ЗА СОТРУДНИЧЕСТВО!
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2016 жылғы 2 ақпандағы № 27 бұйрығына 2-қосымша |
Халықтың құқық қорғау органдарына сенімділік деңгейі бойынша іріктемелі зерттеудің нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 7842105, индексі УДН, кезеңділігі біржолғы)
1. Осы "Халықтың құқық қорғау органдарына сенімділік деңгейі" (коды 7842105, индексі УДН, кезеңділігі біржолғы) бойынша іріктемелі зерттеудің нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 8) тармақшасына сәйкес әзірленген және "Халықтың құқық қорғау органдарына сенімділік деңгейі" (коды 7842105, индексі УДН, кезеңділігі біржолғы) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыруды нақтылайды.
2. Осы статистикалық нысанды толтыру мақсатында келесі анықтамалар қолданылады:
1) алаяқтық – яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену;
2) бұзақылық – қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметтемеу анық көрінетін, азаматтарға күш қолданумен не оны қолдану қатерін төндірумен, сол сияқты бөтеннiң мүлкiн жоюмен немесе бүлдiрумен не барынша арсыздықпен ерекшеленетiн әдепсiз әрекеттер жасаумен ұштасқан аса қатыгездікпен бұзу;
3) денсаулыққа жеңіл зиян – денсаулықтың қысқа мерзімге (жиырма бір күннен аспайтын мерзімге) бұзылуына немесе жалпы еңбек қабiлетiн (оннан бiр бөлігiнен кем) тұрақты түрде болмашы жоғалтуға әкеп соққан адамның денсаулығына келтірілген зиян;
4) денсаулыққа ауырлығы орташа зиян – адамның денсаулығына, оның өміріне қауіпті емес, денсаулықтың ұзақ уақыт (жиырма бір күннен астам мерзімге) бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетін (үштен бір бөлігінен кем) тұрақты түрде айтарлықтай жоғалтуға әкеп соққан зиян;
5) денсаулыққа ауыр зиян – адамның денсаулығына, оның өміріне қауіпті зиян не денсаулыққа: көру, сөйлеу, есту қабілетінен немесе қандай да бір ағзадан айырылуға; ағзаның өз функцияларын жоғалтуына; бет-әлпетінің қалпына келмейтіндей бұзылуына; жалпы еңбек қабілетінің кемінде үштен бірін айтарлықтай тұрақты түрде жоғалтумен ұласқан денсаулықтың бұзылуына; кәсіби еңбек қабілетін толық жоғалтуға; жүктілікті үзуге; психиканың бұзылуына; нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыруға әкеп соққан өзге де зиян;
6) жұмыс берушілер – өзінің меншікті кәсіпорнын басқаратын немесе қандай да бір экономикалық қызмет түрінде тәуелсіз кәсіпкерлік қызметпен айналысатын және бір немесе бірнеше жалдамалы қызметкерлері бар адамдар;
7) зорлау - жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау;
8) қылмыс – Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексімен жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты жасалған, қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік);
9) құқық қорғау органы – адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделерінің сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз ететін, өз құзыретіне сәйкес қылмыстылыққа және өзге де құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттің саясатын іске асыратын, заңдылықты қамтамасыз ету мен қоғамдық тәртіпті қолдау, құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын алу, жолын кесу, тергеу, қылмыстық істер бойынша сот шешімдерін атқару жөнінде арнаулы өкілеттіктер берілген мемлекеттік орган;
10) қорқытып алушылық – күш қолдану не бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдiру қатерін төндіріп, сол сияқты жәбiрленушiнi немесе оның жақындарын масқаралайтын мәлiметтердi не жариялануы жәбiрленушiнiң немесе оның жақындарының мүдделерiне елеулі зиян келтiруi мүмкiн өзге де мәлiметтердi тарату қатерін төндіріп бөтеннің мүлкін немесе мүлiкке құқықты беруді немесе мүлiктiк сипаттағы басқа да әрекеттер жасауды талап ету;
11) қылмыстық құқық бұзушылықтар – қоғамға қауіптілік және жазаланушылық дәрежесіне қарай қылмыстар және қылмыстық теріс қылықтар болып бөлінеді;
12) қылмыстық теріс қылық – қоғамға зор қауіп төндірмейтін, болмашы зиян келтірген не адамның жеке басына, ұйымға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтіру қатерін туғызған айыпты жасалған іс-әрекет (әрекет не әрекетсіздік) танылады;
13) сыбайлас жемқорлық – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу;
14) тонау – яғни бөтеннің мүлкін ашық жымқыру;
15) ұрлық – яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру.
3. Статистикалық нысанды интервьюер әрбір жеке алынған үй шаруашылығына толтырады, 15 және одан жоғары жастағы отбасы мүшелерінің екі ересек адамына толтырылады (жынысы бойынша бөліп көрсетумен: ер және әйел). Үй шаруашылығында тек әйелдер немесе тек ерлер тұрып жатқанда интервьюер статистикалық нысанды тек екі әйелге немесе тек екі ер адамға толтырады (жағдайға байланысты). Егер де үй шаруашылығында осы жас санатына жататын тек бір адам болса, онда интервьюер статистикалық нысанды үй шаруашылығының бір мүшесіне толтырады.
Үй шаруашылығында сауалнаманың талаптарына сәйкес келетін екеуден көп респонденттер тұрып жатқанда пікіртерім үшін респонденттерді іріктеу "ең жақын туған күн" әдісімен жүзеге асырылады (туған күні ең жақын кезеңде болатын үй шарушылығының мүшесі таңдалады).
Байқау кезеңі 2016 жылғы 15 қыркүйектен бастап 15 қазанға дейінгі кезең болып табылады. Статистикалық нысанды пікіртерім жүргізуге уәкілетті тұлға толтырады (бұдан әрі – интервьюер).
4. Титулдық парақтың 1-тармағында қаланың, ауданның (қаланың) және ауылдық елді мекеннің (округтің) атауы көрсетіледі.
2-тармақтан 5-тармаққа дейін супервайзерлер (интервьюердің жұмысын бақылауды қамтамасыз ететін статистика органының қызметкері) интервьюерлерге ұсынған, зерттелетін респонденттердің тізімдерінде көрсетілген деректемелерге сәйкес толтырылады, 6-тармақта сұхбатты өткізу күні көрсетіледі.
5. Интервьюер сұрақтарды және респондентке арналған жауаптардың нұсқаларын оқиды. Респондент жауапты таңдағаннан кейін интервьюер жауаптың тиісті нұсқасына белгі қояды. Респондент жауабы нұсқасының коды дөңгелектеліп қоршалады.
6. 1-бөлімде респонденттер туралы мәліметтер толтырылады: жынысы, ұлты, жасы (пікіртерім кезіндегі толық жасы), неке жағдайы, білімі, жұмысы және жұмыспен қамтылу жағдайы.
7. 1-бөлімнің 5-сұрағында респонденттің білім деңгейі белгіленеді. Сұрақ қазіргі уақытта оқып жатқан оқушылар мен студенттерге және де оқу бітіргендерге қойылады.
1-жолда академиялық немесе ғылыми дәрежесі бар (магистр, ғылым кандидаты, ғылым докторы, PhD докторы) респонденттер белгіленеді.
2-жолда жоғары оқу орнын (институт, академия, университет және тағы басқа) бітірген респонденттер белгіленеді.
3-жолда жоғарғы оқу орында оқудың жартысынан асатын мерзімі (2 курс және одан жоғары) ішіндегі оқыған респонденттер белгіленеді.
4-жолда кәсіптік лицейді (кәсіптік техникалық мектепті), училищені, колледжді (техникумді) бітірген респонденттер белгіленеді.
5-жолда жалпы білім беретін мектептің 11 сыныбын бітірген респонденттер белгіленеді (қазіргі уақытта училище немесе колледжде
(9 сыныптан кейін), жоғарғы оқу орнында оқиды).
6-жолда жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбын бітірген респонденттер белгіленеді (қазіргі уақытта 10-11 сыныптарда немесе училище, колледжде оқиды; 1992 жылы және одан бұрын толық емес орта мектепті (жеті (8 немесе 9) жазғы мектепті бітірген)).
7-жолда бастауыш мектепті бітірген респонденттер белгіленеді (қазіргі уақытта 5-9 сыныптарда оқиды; 1972 жылы және одан бұрын 4 сыныпты бітірген немесе үшжылдық бастауыш мектептің 3 сыныбын бітірген).
8-жолда ешқандай білім деңгейіне қол жеткізбеген респонденттер белгіленеді.
8. 2-бөлім респондентке қатысты қылмыстардың жасалуы, оның түрлері мен құқық қорғау органдарымен арыздардың тіркелуі туралы сұрақтардан тұрады.
9. 13-сұрақтан бастап 21-сұраққа дейін 11-сұраққа оң жауап берген респонденттерге ғана қойылады. Теріс жауап бергенде немесе жауаптан бас тартқанда респондентке 3-бөлімнің сұрақтары 22-сұрақтан бастап қойылады.
10. 3-бөлім респонденттердің құқық қорғау органдарына сенімділік дәрежесін сипаттайтын бірқатар сұрақтарды қамтиды
11. 4-бөлімде респондент өзінің қауіпсіздігін қабылдауы және өзі тұратын ауданда қылмыстылық деңгейін субъективті бағалауы туралы сұрақтар қойылады.
12. Сұхбат аяқталғаннан кейін статистикалық нысан енгізілген мәліметтердің дұрыстығы мәніне мұқият тексеріледі. Қалып қойған сұрақтар анықталған немесе жауаптардағы жазулар түсініксіз болған жағдайда үй шаруашылығына қайта бару қажет.