Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 17.06.2019 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Телерадио хабарларын тарату туралы" 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 12-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған міндетті теле-, радиоарналар тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы | А. Рау |
Қазақстан Респукбликасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 368 бұйрығымен бекітілген |
Міндетті теле-, радиоарналар тізбесі
Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 31.05.2018 № 246 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ | Теле-, радиоарналардың атауы | Тарату аумағы |
1 | 2 | 3 |
1. | "Қазақстан" |
Қазақстан Республикасы |
2. | "Хабар" | |
3. | "24 KZ" | |
4. | "Балапан" | |
5. | "Ел арна" | |
6. | "Kazsport" | |
7. | "Первый канал Евразия" | |
8. | "Астана" | |
9. | "КТК" | |
10. | "МИР" | |
11. | "НТК" | |
12. | "7 арна" | |
13. | "31 арна" | |
14. | "СТВ" | |
15. | "Алматы" |