«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-1-бабы 3-тармағына, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабы 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 87 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13353 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 14 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1, 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Жетекшілік ететін вице-министр:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ак тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 8 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
______________Б. Имашев
2016 жылғы 17 мамыр
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрі
______________ Т. Дүйсенова
2016 жылғы 12 мамыр
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_____________Қ. Бишімбаев
2016 жылғы 16 мамыр
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің 2016 жылғы
12 мамырдағы № 424
бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушының 2016 жылғы
26 қаңтардағы № 87 бұйрығына
1-қосымша
Міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің) бағалары
Р/с |
(Жұмыстардың, көрсетілетін қызметтің) тауарлардың атауы |
Өлшем бірлігі |
ҚҚС қоспағанда, бағасы, теңгемен |
1 |
2 |
3 |
4 |
1 |
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражатынан әлеуметтік төлем алушылардың макеттерді қалыптастыру |
1 макет |
2117,91 |
2 |
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражатынан әлеуметтік төлем сомаларын алушылардың шоттарына аудару |
1 төлем |
256,30 |
3 |
Әлеуметтік аударымдарды және (немесе) олар бойынша өсімпұлды төлеушілерден Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аудару |
1 төлем тапсырмасы |
6,84 |
4 |
Жеке сәйкестендіру нөмірі жоқ және (немесе) деректемелерінде қателер жіберілген әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы үшін аударылған әлеуметтік аударымдардың сомаларын төлеушіге қайтару және қате есепке жатқызылған немесе артық төленген әлеуметтік аударымдар және (немесе) әлеуметтiк аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегенi үшiн өсімпұлдар сомаларын қайтару |
1 төлем тапсырмасы |
485,35 |
5 |
Жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық қызмет көрсету |
1 ақпарат |
459,56 |
6 |
Әлеуметтік төлемдер мөлшері туралы ақпаратты ұсыну |
1 ақпарат |
181,92 |
7 |
Әлеуметтік төлемдер саны мен орташа сомасы туралы ақпаратты ұсыну |
1 ақпарат |
197,13 |
8 |
Аударылған міндетті әлеуметтік төлемдер сомасы туралы төлеушілерді растау |
1 ақпарат |
219,89 |
Ескерулер:
ҚҚС – қосылған құн салығы
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің 2016 жылғы
12 мамырдағы № 424
бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушының 2016 жылғы
26 қаңтардағы № 87 бұйрығына
2-қосымша
Әлеуметтік қамтамасыз ету және зейнетақы саласындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің) бағалары
Р/с |
(Жұмыстардың, көрсетілетін қызметтің) тауарлардың атауы |
Өлшем бірлігі |
ҚҚС қоспағанда, бағасы, теңгемен |
1 |
2 |
3 |
4 |
1 |
Республикалық бюджеттен зейнетақы алушылардың, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың және мемлекеттік арнайы жәрдемақы алушылардың макеттерді қалыптастыру |
1 макет |
2499,74 |
2 |
Республикалық бюджеттен жәрдемақы алушылар үшін макеттерді қалыптастыру |
1 макет |
2117,91 |
3 |
Республикалық бюджет есебінен төленетін зейнетақы, жәрдемақы және басқа да төлемдер сомаларын алушылардың шоттарына аудару |
1 төлем |
256,30 |
4 |
Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлды агенттерден бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және баланың бір жасқа толғанға дейін күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді алушыларға бюджет қаражаты есебінен субсидияланатын міндетті зейнетақы жарналарын аудару |
1 төлем тапсырмасы |
14,46 |
5 |
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды агентке оның өтініші бойынша қайтару |
1 төлем тапсырмасы |
403,02 |
6 |
Заңды және жеке тұлғаларға ақпараттық көрсетілетін қызмет ұсыну |
1 ақпарат |
459,56 |
7 |
Зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері туралы ақпарат беру |
1 ақпарат |
181,92 |
8 |
Белгілі бір кезеңге міндетті зейнетақы жарналары аударымдарының саны және орташа сомасы туралы ақпарат ұсыну |
1 ақпарат |
197,13 |
9 |
Зейнетақы төлемдерінің саны және орташа сомасы туралы ақпарат беру |
1 ақпарат |
197,13 |
10 |
Міндетті зейнетақы жарналарының 3 айдағы аударымдарының саны мен сомасы туралы ақпарат, айлар бөлінісінде |
1 ақпарат |
189,73 |
11 |
Міндетті зейнетақы жарналарының 6 айдағы аударымдарының саны мен сомасы туралы ақпарат, айлар бөлінісінде |
1 ақпарат |
207,01 |
12 |
Міндетті зейнетақы жарналарының 12 айдағы аударымдарының саны мен сомасы туралы ақпарат, айлар бөлінісінде |
1 ақпарат |
334,01 |
13 |
Міндетті зейнетақы жарналарының 36 айдағы аударымдарының саны мен сомасы туралы ақпарат, айлар бөлінісінде |
1 ақпарат |
461,30 |
14 |
Салымшылардың саны және олардың аударымдарының мөлшері туралы ақпаратты БСН/ЖСН бөлінісінде салымшылардың тізімдерімен қоса ұсыну |
1 ақпарат |
219,89 |
15 |
Салымшының міндетті зейнетақы жарналарының аударылған сомасы туралы агенттерге растау |
1 ақпарат |
219,89 |
Ескерулер:
ҚҚС – қосылған құн салығы;
БСН - бизнес сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмiрлерiн.