Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 03.06.2022 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Аумақтарды дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының стратегиялық жоспарларын оларды бекіткенге дейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу туралы ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 27 наурыздағы № 78-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7600 болып тіркелген, 2012 жылғы 23 маусымда "Егемен Қазақстан" газетінде № 339-345 (27419) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Аумақтарды дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының стратегиялық жоспарларын оларды бекіткенге дейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу қағидаларын бекіту туралы";
бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Аумақтарды дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының стратегиялық жоспарларын оларды бекіткенге дейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аумақтарды дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының стратегиялық жоспарларын оларды бекіткенге дейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу туралы ережесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Аумақтарды дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының стратегиялық жоспарларын оларды бекіткенге дейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу қағидалары";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Аумақтарды дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының стратегиялық жоспарларын оларды бекіткенге дейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) аумақтарды дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының стратегиялық жоспарларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен және оның аумақтық бөлімшелерімен келісу және келісілген құжаттамаға өзгерістер енгізу тәртібін белгілейді.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 және "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы" 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлықтарының ережесін есепке ала отырып, 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексiнiң 98-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Осы Қағидалардың 3-тармағымен қамтылмаған ЖАО стратегиялық және бағдарламалық құжаттары қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен келісуге жатпайды.";
7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"ЖАО стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының, оның ішінде осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген жоспарлардың экологиялық бөлімдері қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен келісуге жатады.";
10-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) ескертулер болмаған жағдайда ЖАО стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын келісуді жүзеге асырады, оның iшiнде:
ЖАО стратегиялық жоспарлары және басқа да жоспарлары бойынша ЖАО атына келісу туралы хат ұсынады;
аумақтарды дамыту бағдарламаларының жобалары бойынша мемлекеттiк жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi органның мекенжайына осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы келісу парағын жолдайды;".
Қағидаларға қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі Қ. Бозымбаев
Нысан
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің
КЕЛІСУ ПАРАҒЫ
Аумақтарды дамыту бағдарламасының атауы _____________________________
_____________________________________________________________________
Әзірлеуші жергілікті атқарушы органның атауы_________________________
_____________________________________________________________________
Алынған күні | Келісуге жауапты адамдар | Келісу нәтижелері (қолы, күні) | |
лауазымы | Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) | ||