Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 17.05.2021 № 286 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 78 қаулысымен бекітілген құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне және олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне, зейнеткерлеріне, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің балаларына олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін тиісті мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық және санаторий-курорттық қызмет көрсету қағидаларының 13-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ішкі істер органдарының санаторий-іріктеу комиссиялары туралы ереже бекітілсін.
2. Астана, Алматы қалаларының және облыстардың ішкі істер департаменттерінің бастықтары Астана, Алматы қалаларының және облыстардың ішкі істер департаменттері емханалары бар госпитальдарында және емханаларында санаторий-іріктеу комиссияларын осы бұйрыққа сәйкес құруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тыл департаменті (С.В. Каверников) заңнамамен белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықтың көшірмесін баспа және электрондық түрде оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жолдауды;
3) осы тіркелген бұйрықты алған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 2), 3) және 4)-тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Б.Б. Бисенқұловқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тыл департаментіне (С.В. Каверников) жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | |
полиция генерал-полковнигі | Қ. Қасымов |
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
_________ Ж. Асанов
5 мамыр 2016 жыл
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет
істері министрі
_________ Т. Донақов
3 мамыр 2016 жыл
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_________ Б. Сұлтанов
29 сәуір 2016 жыл
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 400 бұйрығымен бекітілген |
Ішкі істер органдарының санаторий-іріктеу
комиссиялары туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ішкі істер органдарының санаторий-іріктеу комиссиялары туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) 2016 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 78 қаулысымен бекітілген құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне және олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне, зейнеткерлеріне, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің балаларына олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін тиісті мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық және санаторий-курорттық қызмет көрсету қағидаларының 13-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Емханасы бар орталық госпиталінің, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың ішкі істер департаменттерінің емханалары бар госпитальдарының және емханаларының (бұдан әрі – ішкі істер органдарының медициналық ұйымдары) санаторий-іріктеу комиссиялары қызметтері тәртібін айқындайды.
2. Осы Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия алу) жағдайлары туралы акт - қызметтік міндеттерін орындау кезінде қызметкердің мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия алу) фактісін және жағдайларды растайтын құжат;
2) санаториялық-курорттық емдеу – санаториялық-куроттық ұйымда адамдардың уақытша болу жағдайларында жүргізілетін қалпына келтіру емінің және (немесе) медициналық оңалтудың түрі;
3) ішкі істер органдарының санаторий-іріктеу комиссиясы (бұдан әрі - санаторий-іріктеу комиссиясы) – ішкі істер органдарының медициналық ұйымдарында құрылатын және қызметтік міндеттерін орындау кезінде мертіккен (жараланған, жарақат, контузия алған) құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне емделгеннен кейін бюджет қаражаты есебінен санаторий-курорттық емделуі үшін медициналық айғақтардың (қарсы айғақтардың) бар болуын анықтайтын комиссия.
3. Санаторий-іріктеу комиссиясы өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Контитуциясын, заңдарын, Қазақстан Републикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2-тарау. Санаторий-іріктеу комиссиясының міндеттері мен
функциялары
4. Санаторий-іріктеу комиссиясының міндеттері:
1) қызметтік міндеттерін орындау кезінде мертіккен (жараланған, жарақат, контузия алған) құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің арасынан емделгеннен кейін бюджет қаражаты есебінен санаторий-курорттық емделуі үшін іріктеу жүргізу;
2) қызметтік міндеттерін орындау кезінде мертіккен (жараланған, жарақат, контузия алған) құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне емделгеннен кейін бюджет қаражаты есебінен санаторий-курорттық емделуі үшін медициналық айғақтардың (қарсы айғақтардың) бар болуын анықтау болып табылады.
5. Санаторий-іріктеу комиссиясының функциясы қызметтік міндеттерін орындау кезінде мертіккен (жараланған, жарақат, контузия алған) құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне бюджет қаражаты есебінен санаторий-курорттық емделуіне айғақтың (қарсы айғақтардың) бар болуы туралы санаторий-іріктеу комиссиясының қорытындысын осы Ереженің қосымшасына сәйкес нысан бойынша шығару болып табылады.
3-тарау. Санаторий-іріктеу комиссиясының қызметін ұйымдастыру
6. Ішкі істер органдарының медициналық ұйымдарында санаторий-іріктеу комиссиясының құрамы, жұмыс тәртібі мен кестесі ішкі істер органдарының медициналық ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі. Санаторий-іріктеу комиссиясына төраға, кемінде үш дәрігерден тұратын комиссия мүшелері және хатшы кіреді.
Санаторий-іріктеу комиссияның құрамы немесе жұмыс тәртібі өзгерген жағдайда өзгерістер және (немесе) толықтырулар тиісті бұйрыққа енгізіледі.
7. Санаторий-іріктеу комиссиясының төрағасы болып ішкі істер органдары медициналық ұйымының басшысы не болмаса ішкі істер органдары медициналық ұйым басшысы орынбасарларының бірі тағайындалады.
Төраға комиссияның жұмысын ұйымдастырады және санаторий-іріктеу комиссиясына осы Ережеде жүктелген міндеттері мен функцияларының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.
8. Санаторий-іріктеу комиссиясының мүшелері ішкі істер органдарының штаттық әскери-дәрігерлік комиссиясының сарапшы-дәрігері, ішкі істер органдары медициналық ұйымының құрылымдық бөліністерінің меңгерушілері, маман-дәрігерлері (оның ішінде сала бойынша) болып табылады.
9. Санаторий-іріктеу комиссиясының хатшысы болып ішкі істер органдары медициналық ұйымының медицина қызметкері тағайындалады.
10. Хатшы санаторий-іріктеу комиссиясының мүшелеріне комиссия отырысының өткізілу күні мен уақыты туралы хабарлайды, санаторий-іріктеу комиссиясы отырысының хаттамасын рәсімдейді және санаторий-іріктеу комиссиясының қорытындысын тіркеу журналын жүргізеді.
11. Емдеуші дәрігер қызметтік міндеттерін орындау кезінде мертіккен (жараланған, жарақат, контузия алған) құқық қорғау органдарының қызметкерін ем аяқталғаннан кейін санаторий-іріктеу комиссиясына қарау үшін мына құжаттарды:
1) әскери-дәрігерлік комиссиясы немесе ішкі істер органдары медициналық ұйымдары берген денсаулыққа зақым келтіру дәрежесі туралы анықтаманың көшірмесін;
2) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) 027/е нысан бойынша амбулаториялық, стационарлық науқастың медициналық картасынан көшірмесін;
3) қызмет өткеру орнынан қызметкердің мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия алу) жағдайлары туралы актінің көшірмесі немесе қызметтік міндеттерін орындау кезінде құқық қорғау органдары қызметкерінің мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия алу) фактісі бойынша қызметтік тексеру қорытындысының көшірмесін ұсынады.
12. Санаторий-іріктеу комиссиясы құжаттардың толық пакетін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды және қызметтік міндеттерін орындау кезінде мертіккен (жараланған, жарақат, контузия алған) құқық қорғау органдарының қызметкерін бюджет қаражаты есебінен санаторий-курорттық емдеуге жіберу үшін медициналық айғақтардың (қарсы айғақтардың) бар болуы туралы шешім қабылдайды.
13. Санаторий-іріктеу комиссияның шешімі, егер оны мүшелерінің басым көпшілігі қолдаған жағдайда қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының даусы шешуші болып саналады.
14. Санаторий-іріктеу комиссиясының қабылданған шешімі екі жұмыс күні ішінде қызметтік міндеттерін орындау кезінде мертіккен (жараланған, жарақат, контузия алған) құқық қорғау органдары қызметкерінің қызмет өткеру орнына жолданады. Санаторий-іріктеу комиссиясы қорытындысының қолданылу мерзімі 3 ай. Санаторий-іріктеу комиссиясы қорытындысының көшірмесі амбулаторлық пациенттің медициналық картасына енгізіледі.
Ішкі істер органдарының санаторий-іріктеу комиссиялары туралы ережеге қосымша |
Нысан
Ішкі істер органдарының санаторий-іріктеу
комиссиясының қорытындысы
20__жылғы "___" _______№ ___
Санаторий-іріктеу комиссиясы емделгеннен кейін қызметтік
міндеттерін орындау кезінде мертіккен (жараланған, жарақат, контузия
алған) құқық қорғау органдары қызметкерінің
_____________________________________________________________________
қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда),
арнайы атағы
_____________________________________________________________________
лауазымы, жұмыс орны
құжаттарын қарап, қызметтік міндеттерін орындау кезінде мертіккен
(жараланған, жарақат, контузия алған) құқық қорғау органдары
қызметкерінің бюджет қаражаты есебінен санаторий-курорттық ем алу
үшін, мына себептер бойынша:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(медициналық айғақтар, қарсы айғақтар)
бар болуы туралы қорытынды шығарады.
Санаторий-курорттық емнің мерзімі ____ күн.
Санаторий-іріктеу комиссиясының төрағасы: _____________________
Санаторий-іріктеу комиссиясының мүшелері: _____________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
Санаторий-іріктеу комиссиясының қорытындысы екі данада ресімделді.