"Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу ісін жүргізу және пайдалану Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 39 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 25 мамырдағы № 106 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 1 шілдеде № 13860 болып тіркелді

      Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды есепке алуды жүргізу және пайдалануды жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының "Прокуратура туралы" Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу ісін жүргізу және пайдалану Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 39 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6986 болып тіркелген, "Казахстанская правда" газетінде 2011 жылғы 23 маусымда № 196 (26617) жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      Осы бұйрықпен бекітілген, Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу ісін жүргізу және пайдалану ережесінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу ісін жүргізу және пайдалану Ережесі (бұдан әрі – Ереже) "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Заңын, "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңын, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңын ақпараттық және статистикалық сүйемелдеу мақсатында әзірленді.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы талаптарының орындалуын және онда көзделген тәртіптік шаралардың қолданылуын өзінің құзыреті шеңберінде қамтамасыз ететін құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілері осы Ереженің 6 және 15-тармақтарында көрсетілген құжаттарды Комитетке өз уақытында ұсынады.";

      5-тармақтың 1), 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Конституциялық заңы 34-бабының 1-тармағының 5), 11) және 11-1) тармақшаларында;

      2) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңы 61-бабының 7), 8), 9), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 21) - тармақшаларында";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік органның кадр қызметі (одан әрі – кадр қызметі) адамның жағымсыз себептермен босатылу, әскери бөлімнің (мекеменің) жеке құрамы тізімінен шығарылу дерегі бойынша адамның шығарылған сәтінен бастап үш жұмыс күні ішінде аумақтық басқармаларда осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес, екі данада мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды есепке алудың № 1-ЖС нысанды карточкасы (бұдан әрі – карточка), адамды жағымсыз себептермен жұмыстан босату туралы бұйрықтың үзінді көшірмесін және жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін қоса отырып береді.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Карточканың 1-деректемесінде жағымсыз себептермен босатылған тұлғаның қызмет еткен органының атауы көрсетіледі. 2 және 2.1 деректемеде жағымсыз себептермен босатылған адамның ведомстволық иемденуі көрсетіледі. 3-деректемеде мемлекеттік қызметтен босатудың негізі көрсетіледі.

      4-деректемеде органның жұмыстан босату туралы бұйрығының (шешімнің) нөмірі мен бұйрықтың шығарылған күні көрсетіледі.

      6-11 деректемелерде босатылған тұлғаны анықтау мәліметтері көрсетіледі.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Карточка қызметкерді жұмыстан босатқан орган басшысының және кадр қызметі басшысының (оларды алмастыратын адамдардың) қолымен расталуға жатады. Басшы және жауапты тұлға 12, 13 деректемеде өзінің тегін, лауазымын және карточканы толтырған күнді көрсетуі тиіс.

      14, 15 деректемелер осы Ережеге қоса берілетін 2-қосымшаға сәйкес, жағымсыз себептермен босатылған адамдарды есепке алудың бірыңғай журналының (бұдан әрі – журнал) мәліметтеріне сәйкес, тіркеу нөмірін, тіркелген күнді, тегін көрсетіп, карточкаға қолын қоятын аумақтық басқарма қызметкері толтырады.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Аумақтық басқармалар карточкаларды журналға тіркейді.

      Оны қойғаннан кейін жиырма төрт сағат ішінде аумақтық басқарманың қызметкері деректемелердің дұрыс толтырылуы мен түгелдігін тексереді және карточканы деректер банкіне енгізуді жүзеге асырады. Егер енгізу мерзімінің аяқталуы демалыс немесе мереке күніне келсе, карточка одан кейінгі бірінші жұмыс күні енгізіледі.

      Карточканың бір данасы тіркелген және енгізілген соң үш жұмыс күні ішінде Комитетке жолданады, ал екіншісі өңдеуге және аумақтық басқармада сақтауға жатады.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Адамдарды босату туралы шешім өзгертілсе немесе алып тасталса, уәкілетті мемлекеттік орган шешім өзгертілген немесе алып тасталған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде аумақтық басқармаға осы Ережеге қоса берілген 3-қосымшаға сәйкес, мөр басылған, осы дерек бойынша хабарламаны екі данада, сондай-ақ адамды босату туралы шешімнің өзгертілгенін немесе алып тасталғанын растайтын материалдарды екі данада жолдайды.

      Аумақтық басқарма хабарламаның бір данасын және адамды босату туралы шешімнің заңда белгіленген тәртіпте өзгертілгенін немесе алып тасталғанын растайтын материалдардың бір данасын Комитетке ұсынады, бұл Комитеттің орталықтандырылған есепке алу деректеріне түзету енгізуі үшін негіз болып табылады.

      Адамдарды жағымсыз себептермен босату туралы шешімді өзгертуді немесе күшін жоюды растайтын материалдар және өзге де құжаттар келіп түскен сәттен бастап жиырма төрт сағат ішінде деректер банкін жүргізуге жауапты Комитет қызметкері деректер банкінде тиісті түзетуді жүзеге асырады. Егер енгізу мерзімінің аяқталуы демалыс немесе мереке күніне келсе, түзету одан кейінгі бірінші жұмыс күні жүргізіледі.";

      Мынадай мазмұндағы 15-1 тармақпен толықтырылсын:

      "15-1. Карточкаларды есепке алудың толықтығы мен ұсынудың уақытылы болуын қамтамасыз ету мақсатында, құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілері тоқсан сайын, есептік кезеңнен кейінгі айдың оныншы күніне дейін тиісті аумақтық басқармамен бірге салыстыру жүргізеді.";

      19-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Тұлғалар туралы ақпаратты сұрату Комитет порталының "Жеке тұлғаға талап" ақпараттық сервисі арқылы жүзеге асырылады. Осы порталда құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерін тіркеу мүмкіндігі болмаған жағдайда, мәліметтерді алу әрбір тексерілетін тұлғаға жеке рәсімделген талапты Комитетке және оның аумақтық басқармасына жолдау арқылы жүргізіледі.";

      25-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тексерілетін тұлға туралы мәліметтер бар болмаса, сұраудың артқы жағына "Мәліметтер жоқ" делінген мөр басылған таңба қойылады, сұрауды тексерген күн, мөртаңбаның нөмірі және сұрауды тексерген қызметкердің қолы қойылады. Тексерілуші тұлғаның мемлекеттік қызметтен жағымсыз уәждер бойынша шығарылуы туралы мәліметтер орталықтандырылған есепке алуда бар болған жағдайда, олар сұраудың артқы жағында "ААЖ №.__" (автоматтандырылған ақпараттық жүйе) мөрін қойып және тексерген күні мен тексерушінің қолын қойып бейнеленеді.".

      2. Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу ісін жүргізу және пайдалану Ережесінің 1-қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауды;

      3) осы бұйрықтың көшірмесін оны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      5) осы бұйрықтың мүдделі құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне, сонымен қатар Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жолдануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Бас Прокуроры

Ж. Асанов


  Қазақстан Республикасы Бас
Прокурорының 2016 жылғы
25 мамыр № 106 бұйрығына
қосымша
  Мемлекеттік қызметтен
жағымсыз себептермен
босатылған адамдарды арнайы
есепке алу ісін жүргізу және
пайдалану Ережесінің
1-қосымшасы Нысан

№ 1- ЖС нысанның мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды
есепке алу карточкасы
(органның кадр қызметімен қалыптастырады)

      1.___________________________________________________________________

      (органның атауы)

      2. Жасады: лауазымды адам, саяси мемлекеттік қызметкер, мемлекеттік

      қызметкер.

      2.1. Жасады: әкім, судья, сот органдарының қызметкері;

      құқық қорғау органдарының қызметкерлері: прокуратура, ішкі істер,

      сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеу қызметі;

      арнайы органдардың қызметкерлерімен: Ұлттық қауіпсіздік комитеті,

      мемлекеттік күзет қызметі, "Сырбар" сыртқы барлау қызметі;

      органдардың әскери қызметші-қызметкерлерімен: қорғаныс министрлігі,

      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі, әскери прокуратура,

      мемлекеттік күзет қызметі, Ұлттық гвардия, әскери полиция;

      министрліктер қызметшілерімен: әділет, қаржы, білім және ғылым, ауыл

      шаруашылығы, сыртқы істер, мәдениет және спорт, ұлттық экономика,

      инвестициялар және даму, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму,

      энергетика; мемлекеттік қызмет істері жөніндегі, ақпарат және

      коммуникация;

      әкімдіктер мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметшілері, өзге

      де мемлекеттік құрылымдардың қызметшілері.

      3. Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатудың негіздері:

      "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі

      туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабы

      1-тармағының 5) тармақшасы осы судьяға қатысты айыптау үкiмiнiң заңды

      күшiне енуi, қылмыстық істің ақталмайтын негіздер бойынша сотқа

      дейінгі сатыда тоқтатылуы; 1-тармағының 11) тармақшасы кәсiби

      жарамсыздығына орай судьяның атқаратын лауазымына сай келмейтiнi

      туралы Сот жюриі біліктілік комиссиясының шешiмi; 1-тармағының 11-1)

      тармақшасы судьяның тәртіптік теріс қылық жасағаны немесе "Қазақстан

      Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы"

      Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабында көрсетілген

      талаптарды орындамағаны үшін оны лауазымынан босату қажеттігі туралы

      Сот жюриі тәртіптік комиссиясының шешімі.

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы"

      Қазақстан Республикасы Заңының 61-бабы 1-тармағының 7) тармақшасы

      мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң өз кірістері мен өзіне меншік

      құқығымен тиесілі мүлкі туралы көрiнеу жалған мәлiметтер ұсынуы;

      1-тармағының 8) тармақшасы Қазақстан Республикасының заңдарында

      белгiленген мiндеттерді және (немесе) шектеулердi сақтамауы;

      1-тармағының 9) тармақшасы өзіне заңды түрде тиесілі ақшаны,

      сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлікті қоспағанда, коммерциялық

      ұйымдардың жарғылық капиталындағы меншiк құқығымен тиесілі үлестерді,

      акцияларды (акцияны) және пайдаланылуы кірістер алуға әкелетін өзге

      де мүлікті сенiмгерлік басқаруға бермеуi; 1-тармағының 11) тармақшасы

      сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауы; 1-тармағының 12)

      тармақшасы қылмыс не қасақана қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін

      соттың айыптау үкiмiнің заңды күшіне енуi; 1-тармағының 13)

      тармақшасы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған немесе сыбайлас

      жемқорлық құқық бұзушылық не мемлекеттік қызметке кір келтіретін

      тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін бұрын қызметтен шығарылған,

      сондай-ақ қылмыстық топ құрамында қылмыс жасаған адамды мемлекеттік

      әкімшілік лауазымға қабылдау; 1-тармағының 14) тармақшасы қылмыстық

      топ құрамында жасалған қылмыс туралы соған қатысты қылмыстық істі

      қылмыстық қудалау органы немесе сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық

      кодексі Ерекше бөлігінің тиісті бабында көзделген бас бостандығынан

      айыру түріндегі жазаның төменгі шегінің мерзімі аяқталғанға дейін

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі 35-бабы бірінші

      бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының

      негізінде тоқтатқан адамды мемлекеттік әкімшілік лауазымға қабылдау;

      1-тармағының 15) тармақшасы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін

      қылмыстық істің Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі

      35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе

      36-бабының негізінде тоқтатылуы, сондай-ақ қылмыстық топ құрамында

      жасалған қылмыс туралы қылмыстық істі қылмыстық қудалау органының

      немесе соттың Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі Ерекше

      бөлігінің тиісті бабында көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі

      жазаның төменгі шегінің мерзімі аяқталғанға дейін Қазақстан

      Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі 35-бабы бірінші бөлігі 3),

      4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде

      тоқтатуы; 1-тармағының 16) тармақшасы мемлекеттiк қызметке

      қабылдаудан бас тартуға негiз болып табылатын көрiнеу жалған

      құжаттарды немесе мәлiметтердi мемлекеттiк қызметке кiру кезiнде

      ұсынуы; 1-тармағының 21) тармақшасы мемлекеттік қызметке кір

      келтіретін тәртіптік теріс қылық жасауы.

      "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының

      80-бабы 1-тармағының 12) тармақшасы қызметтік тәртіпті өрескел

      бұзғаны үшін; 1-тармағының 12-1) тармақшасы аумақтық құқық қорғау

      органының басшысы - қылмыстық құқық бұзушылықтарды есепке алудан

      жасыруға; бағынысындағы қызметкердің азаматтардың Қазақстан

      Республикасы Конституциясының ІІ бөлімінде көзделген, заңды күшіне

      енген сот актілерінде не қылмыстық қудалау органдарының Қазақстан

      Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі

      3), 4), 9), 10), 11) және 12) тармақтарының және 36-бабының негізінде

      қылмыстық істі тоқтату туралы шешімдерінде белгіленген конституциялық

      құқықтарын өрескел бұзумен байланысты қылмыс жасауына; 1-тармағының

      14) тармақшасы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауына

      байланысты; 1-тармағының 15) тармақшасы қылмыс жасағаны үшін соттың

      айыптау үкімінің заңды күшіне енуіне, қылмыс туралы қылмыстық істің

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші

      бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының

      негізінде тоқтатылуына байланысты; 1-тармағының 16) тармақшасы "Құқық

      қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының

      2-тармағында көрсетілген мәліметтерді бермегені немесе бұрмалағаны

      үшiн.

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы"

      Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 1-тармағының 13) тармақшасы

      мынадай теріс себептер бойынша: 1-қылмыс жасағаны үшін соттың

      айыптау, оның ішінде шартты түрде айыптау үкімінің заңды күшіне енуі;

      2-қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы

      Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10)

      және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылуы;

      3-Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әскери

      атағынан айыру; 4-әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде

      алкогольдік, есірткілік немесе өзге де масаң күйге ұшырататын

      заттарды тұтыну; 5-денсаулық жағдайы бойынша және отбасы жағдайлары

      бойынша шығарылған жағдайларды қоспағанда, әскери оқу орнынан (әскери

      факультеттен) шығарылу; 6-әскери қызметшінің келісімшарттың

      талаптарын жүйелі түрде бұзуы; 7-педагогтік, ғылыми және өзге де

      шығармашылық қызметтен басқа, кез келген ақылы қызмет түрлерімен

      айналысу; 8-әскери қызметшінің ауыр салдарларға әкеп соқтырған

      қауіпсіздік шараларын, оның ішінде өрт қауіпсіздігін не қызметтік

      көлікте жүру қауіпсіздігін бұзуы; 9-әскери қызметшінің қатарынан үш

      және одан да көп сағат бойы дәлелсіз себептермен қызметте болмауы;

      10-ақшалай қаражатпен немесе әскери мүлікпен тікелей жұмыс істейтін

      әскери қызметшінің кінәратты әрекеттер жасауы, егер бұл әрекеттер

      командир (бастық) тарапынан оған сенімді жоғалту үшін негіз болса;

      11-мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді, оларды тасығыштарды

      жария етуге немесе жоғалтуға әкеп соқтырған құпиялылық режимін

      қамтамасыз ету жөніндегі белгіленген талаптардың бұзылуы;

      12-Қазақстан Республикасының еңбек және сыбайлас жемқорлыққа қарсы

      заңнамасында айқындалған жағдайлар.

      "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары

      туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабы 14-тармағының 1)

      тармақшасы қызметкердің қызметте, оның ішінде ара-тұра болуы,

      алкогольден, есірткіден, психотроптан, уытқұмарлықтан (оларға ұқсас

      заттардан) масаң күйде болуы, сондай-ақ есірткілік, психотроптық,

      уытқұмарлық масаң күйге ұшырататын заттарды (оларға ұқсас заттарды)

      пайдалануы, оның ішінде ара-тұра пайдалануы, сондай-ақ

      мамандандырылған медициналық мекемелерде (наркологиялық

      диспансерлерде) алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық

      масаң күйге ұшырататын заттарды (оларға ұқсас заттарды) пайдалануға,

      оның ішінде ара-тұра пайдалануға медициналық куәландырудан өтуден бас

      тарту немесе жалтару; 14-тармағының 2) тармақшасы қызмет жағдайын

      жеке пайдакүнемдік мақсаттарда пайдалану; 14-тармағының 3) тармақшасы

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың лауазымдық

      міндеттері болып табылатын жағдайларды қоспағанда, кәсіпкерлік

      қызметтің кез келген түрімен, оның ішінде коммерциялық делдалдықпен

      айналысу; 14-тармағының 4) тармақшасы қызмет жағдайын пайдалана

      отырып, жұмыс орындау мен қызмет көрсету және сол үшін заңсыз сыйақы

      алу; 14-тармағының 5) тармақшасы қылмыс жасағаны үшін соттың айыптау

      үкімінің заңды күшіне енуі немесе қылмыс жасағаны үшін қылмыстық

      жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің

      35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының және

      36-бабының негізінде босатылуы; 14-тармағының 6) тармақшасы тәрбиелеу

      функцияларын орындайтын қызметкердің атқарып жүрген лауазымына жат

      әрекет жасауы; 14-тармағының 7) тармақшасы тікелей ақшалай

      қаражаттарға немесе мемлекеттік мүлікке қызмет көрсететін

      қызметкердің кінәлі іс-әрекеттер жасауы, егер бұл әрекеттер өкілетті

      басшы тарапынан оған сенімді жоғалтуға негіз берсе; 14-тармағының

      8)тармақшасы мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді тарату;

      14-тармағының 9) тармақшасы бір жұмыс күнінде қатарынан үш және одан

      да көп сағат дәлелді себептерсіз қызметке шықпау; 14-тармағының 10)

      тармақшасы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында, "Қазақстан

      Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" және "Сыбайлас

      жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының

      заңдарында айқындалған жағдайларда жүргізіледі.

      4. Бұйрық (шешім) № ________ "____" ____________ 20 __ ж.

      5. Жазалау шарасы қолданылды: атқарып отырған лауазымынан босату (1)

      6. Жағымсыз себептер бойынша босатылған тулғалар туралы мәліметтер.

ТЕГІ

АТЫ

ӘКЕСІНІҢ АТЫ (болғанда)





      7. Туған күні "____" __________________ 19 ____ ж.

      8. Туған жері_____________________________________

      9. Тұрғылықты мекенжайы

      (тіркелген)__________________________________________________________

      9.1 Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) |_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|

      10. Жұмыс орны ______________________________________________________

      11. Лауазымы ________________________________________________________

      12. Қызметкер босатылған органның кадр қызметінің басшысы

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (тегі, қолы)

      12.1 Карточканы толтырған кадр қызметінің жауапты тұлғасы

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болғанда), қолы)

      13. Толтыру күні "____" _________________ 20____ ж.

      14. Аймақтық басқармада тіркеу күні "_____" _____________ 20 _____ ж.

      Бірыңғай журнал бойынша материалдың (хаттаманың) №

      _____________________________________________________________________

      15. Аймақтық басқарманың қызметкері _________________________________

       (лауазымы, тегі, қолы)

      Ескерту: карточка ресми статистикалық құжат болып табылады; оған қол

      қойған тұлғалар көрінеу мәліметтер енгізгені үшін заңмен белгіленген

      тәртіпте жауапты болады.

О внесении изменений и дополнения в приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 29 апреля 2011 года № 39 "Об утверждении Правил ведения и использования учета лиц, уволенных с государственной службы по отрицательным мотивам"

Приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 25 мая 2016 года № 106. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 1 июля 2016 года № 13860

      В целях совершенствования ведения и использования учета лиц, уволенных с государственной службы по отрицательным мотивам, руководствуясь подпунктом 4-1) статьи 11 Закона Республики Казахстан "О Прокуратуре", ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 29 апреля 2011 года № 39 "Об утверждении Правил ведения и использования учета лиц, уволенных с государственной службы по отрицательным мотивам" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6986, опубликованный в газете "Казахстанская правда" от 23 июня 2011 года № 196 (26617)) следующие изменения и дополнение:
      В Правилах ведения и использования учета лиц, уволенных с государственной службы по отрицательным мотивам, утвержденных указанным приказом:
      пункт 1 изложить в следующей редакции:
      "1. Настоящие Правила ведения и использования учета лиц, уволенных с государственной службы по отрицательным мотивам (далее - Правила) разработаны в целях информационного и статистического сопровождения Закона Республики Казахстан от 22 декабря 2003 года "О государственной правовой статистике и специальных учетах", Закона Республики Казахстан от 6 января 2011 года "О правоохранительной службе", Закона Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года "О государственной службе Республики Казахстан".";
      пункт 3 изложить в следующей редакции:
      "3. Субъекты правовой статистики и специальных учетов, обеспечивающие в пределах своих полномочий исполнение требований Закона Республики Казахстан "О государственной службе Республики Казахстан" и применение предусмотренных в нем дисциплинарных мер, своевременно представляют в Комитет документы, указанные в пунктах 6 и 15 настоящих Правил.";
      подпункты 1), 2) пункта 5 изложить в следующей редакции:
      "1) в подпунктах 5), 11) и 11-1) пункта 1 статьи 34 Конституционного закона Республики Казахстан от 25 декабря 2000 года "О судебной системе и статусе судей Республики Казахстан;
      2) в подпунктах 7), 8), 9), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 21) пункта 1 статьи 61 Закона Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года "О государственной службе Республики Казахстан";
      пункт 6 изложить в следующей редакции:
      "6. Кадровой службой государственного органа (далее – кадровая служба) по факту увольнения лица по отрицательным мотивам в течение трех рабочих дней с момента увольнения лица, исключения из списков личного состава воинской части (учреждения) выставляется карточка учета лиц, уволенных с государственной службы по отрицательным мотивам формы № 1-ОМ (далее – карточка) в территориальные управления в двух экземплярах, согласно приложению 1 к настоящим Правилам, с приложением копии приказа об увольнении лица по отрицательным мотивам и документа удостоверяющего личность лица.";
      пункт 9 изложить в следующей редакции:
      "9. В реквизите 1 карточки указывается наименование органа, из которого уволено лицо по отрицательным мотивам. Реквизит 2 и 2.1 определяет ведомственную принадлежность лица, уволенного по отрицательным мотивам. В реквизите 3 указываются основания увольнения с государственной службы.
      В реквизите 4 подлежит отражению номер приказа (решения) органа об увольнении и дата вынесения приказа.
      В реквизитах 6-11 указываются установочные данные уволенного лица.";
      пункт 10 изложить в следующей редакции:
      "10. Карточка подлежит подписанию руководителем и ответственным лицом кадровой службы (лицами, их заменяющими) органа, из которого уволен сотрудник. Руководитель и ответственное лицо в реквизитах 12, 13 указывают свою фамилию, должность и дату заполнения карточки.
      Реквизиты 14, 15 заполняются сотрудником территориального управления, который в соответствии с данными единого журнала учета лиц, уволенных по отрицательным мотивам (далее - журнал) согласно приложению 2 к настоящим Правилам, указывает регистрационный номер, дату его регистрации, свою фамилию и подписывает карточку.";
      пункт 12 изложить в следующей редакции:
      "12. Территориальными управлениями карточки регистрируются в журнале.
      В течение двадцати четырех часов с момента ее выставления сотрудник территориального управления проверяет правильность заполнения и полноту реквизитов, и осуществляет ввод карточки в банк данных. Если окончание срока ввода приходится на выходной или праздничный день, то карточка вводится на следующий первый рабочий день.
      Один экземпляр карточки в течение трех рабочих дней после регистрации и ввода направляется в Комитет, второй подлежит обработке и хранению в территориальном управлении.";
      пункт 15 изложить в следующей редакции:
      "15. В случае изменения или отмены решения об увольнении лица, уполномоченный государственный орган в течение трех рабочих дней с момента изменения или отмены решения направляет в территориальное управление в двух экземплярах сообщения по данному факту, заверенные печатью, согласно приложению 3 к настоящим Правилам, а также в двух экземплярах материалы, подтверждающие изменение или отмену решения об увольнении лица.
      Территориальным управлением один экземпляр сообщения и один экземпляр материалов, подтверждающих изменение или отмену решения об увольнении лица, предоставляются в Комитет, что является основанием для внесения Комитетом корректировки в данные централизованного учета.
      В течение двадцати четырех часов с момента поступления материалов и иных документов, подтверждающих изменение либо отмену решения об увольнении лица по отрицательным мотивам, сотрудник Комитета, ответственный за ведение банка данных, осуществляет соответствующую корректировку в банке данных. Если окончание срока ввода приходится на выходной или праздничный день, то корректировка производится на следующий первый рабочий день.";
      дополнить пунктом 15-1 следующего содержания:
      "15-1. В целях обеспечения полноты учета и контроля своевременности предоставления карточек, субъектами правовой статистики и специальных учетов ежеквартально, до десятого числа месяца, следующего за отчетным периодом, проводятся сверки с соответствующим территориальным управлением.";
      часть первую пункта 19 изложить в следующей редакции:
      "19. Истребование информации о лицах осуществляется через информационный сервис на портале Комитета "Требование на физическое лицо". При отсутствии возможности регистрации субъектов правовой статистики и специальных учетов на данном портале, получение сведений производится путем направления в Комитет и его территориальный орган требования, оформленного на каждое проверяемое лицо отдельно.";
      часть третью пункта 25 изложить в следующей редакции:
      "При отсутствии на учете сведений о проверяемом лице, на обратной стороне запроса ставится штамп с оттиском "Сведений нет", дата проверки запроса, номер штампа и подпись сотрудника, проверившего запрос. При наличии на централизованном учете сведений, об увольнении проверяемого лица с государственной службы по отрицательным мотивам, они отражаются на обратной стороне запроса с проставлением штампа "АИС №__" (автоматизированная информационная система), указанием даты проверки и подписи проверяющего лица.".
      2. Приложение 1 к Правилам ведения и использования учета лиц, уволенных с государственной службы по отрицательным мотивам, изложить в редакции, согласно приложению к настоящему приказу.
      3. Комитету по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан (далее - Комитет) обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) официальное опубликование настоящего приказа в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе нормативных правовых актов "Әділет" в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации;
      3) направление копии настоящего приказа в течение пяти рабочих дней со дня его получения в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" Министерства юстиции Республики Казахстан для размещения в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;
      4) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Генеральной прокуратуры Республики Казахстан;
      5) направление настоящего приказа заинтересованным субъектам правовой статистики и специальных учетов, а также территориальным органам Комитета для исполнения.
      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Председателя Комитета.
      5. Настоящий приказ вводится в действие со дня его первого официального опубликования.
 

Генеральный Прокурор
 


Республики Казахстан
 

Ж. Асанов
 

   


Приложение к приказу
Генерального Прокурора
Республики Казахстан
от 25 мая 2016 года № 106
Приложение 1
к Правилам ведения и
использования учета лиц,
уволенных с государственной
службы по отрицательным мотивам

      Форма
 

Карточка учета лиц, уволенных с государственной службы
по отрицательным мотивам формы № 1-ОМ
(составляется кадровой службой органа)

      1.___________________________________________________________________
      (наименование органа)
      2. Совершено: должностным лицом, политическим государственным
      служащим, государственным служащим.
      2.1. Совершено: акимом, судьей, сотрудником судебных органов;
      сотрудниками правоохранительных органов: прокуратуры, внутренних дел,
      антикоррупционной службы и службы экономических расследований;
      сотрудниками специальных органов: Комитета национальной безопасности,
      службы государственной охраны, службы внешней разведки "Сырбар";
      сотрудниками–военнослужащими органов: министерства обороны,
      пограничной службы Комитета национальной безопасности, военной
      прокуратуры, службы государственной охраны, Национальной гвардии,
      военной полиции;
      служащими министерств: юстиции, финансов, образования и науки,
      сельского хозяйства, иностранных дел, культуры и спорта, национальной
      экономики, по инвестициям и развитию, здравоохранения и социального
      развития, энергетики; по делам государственной службы, информации и
      коммуникаций;
      служащими акиматов и их структурных подразделений, служащими прочих
      государственных структур.
      3. Основания увольнения с государственной службы по отрицательным
      мотивам:
      Статья 34 Конституционного закона Республики Казахстан "О
      судебной системе и статусе судей Республики Казахстан" - п.1 п.п.5)
      вступление в законную силу обвинительного приговора в отношении этого
      судьи, прекращение уголовного дела на досудебной стадии по
      нереабилитирующим основаниям; п.1 п.п.11) решение квалификационной
      комиссии Судебного жюри о несоответствии судьи занимаемой должности в
      силу профессиональной непригодности; п.1 п.п.11-1) решение
      дисциплинарной комиссии Судебного жюри о необходимости освобождения
      от должности судьи за совершение им дисциплинарного проступка или
      невыполнение требований, указанных в статье 28 Конституционного
      закона Республики Казахстан "О судебной системе и статусе судей
      Республики Казахстан".
      Статья 61 Закона Республики Казахстан "О государственной службе
      Республики Казахстан" - п.1 п.п.7) представление административным
      государственным служащим заведомо ложных сведений о доходах и
      имуществе, принадлежащем ему на праве собственности; п.1 п.п.8)
      несоблюдение обязанностей и (или) ограничений, установленных законами
      Республики Казахстан; п.1 п.п.9) непередача в доверительное
      управление принадлежащих на праве собственности долей, акций (акцию)
      в уставном капитале коммерческих организаций и иного имущества,
      использование которого влечет получение доходов, за исключением
      денег, законно принадлежащих этому лицу, а также имущества,
      переданного в имущественный наем; п.1 п.п.11) совершение
      коррупционного правонарушения; п.1 п.п.12) вступление в законную силу
      обвинительного приговора суда за совершение преступления либо
      умышленного уголовного проступка; п.1 п.п.13) прием на
      административную государственную должность лица, совершившего
      коррупционное преступление или ранее уволенного за совершение
      коррупционного правонарушения либо дисциплинарного проступка,
      дискредитирующего государственную службу, а также совершившего
      преступление в составе преступной группы; п.1 п.п.14) прием на
      административную государственную должность лица, в отношении которого
      уголовное дело о преступлении в составе преступной группы прекращено
      органом уголовного преследования или судом на основании пунктов 3),
      4), 9), 10) и 12) части первой статьи 35 или статьи 36
      Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан, до истечения
      срока нижнего предела наказания в виде лишения свободы,
      предусмотренного соответствующей статьей Особенной части Уголовного
      кодекса Республики Казахстан; п.1 п.п.15) прекращение уголовного дела
      на основании пунктов 3), 4), 9), 10) и 12) части первой статьи 35 или
      статьи 36 Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан за
      совершение коррупционного преступления, а также уголовного дела о
      преступлении в составе преступной группы – органом уголовного
      преследования или судом на основании пунктов 3), 4), 9), 10) и 12)
      части первой статьи 35 и статьи 36 Уголовно-процессуального кодекса
      Республики Казахстан до истечения срока нижнего предела наказания в
      виде лишения свободы, предусмотренного соответствующей статьей
      Особенной части Уголовного кодекса Республики Казахстан; п.1 п.п.16)
      представление при поступлении на государственную службу заведомо
      ложных документов или сведений, которые могли являться основаниями
      для отказа в приеме на государственную службу; п.1 п.п.21) совершение
      дисциплинарного проступка, дискредитирующего государственную службу.
      Статья 80 Закона Республики Казахстан "О правоохранительной
      службе" - п.1 п.п.12) грубое нарушение служебной дисциплины, п.1
      п.п.12-1) непринятие мер руководителем территориального
      правоохранительного органа по недопущению укрытия преступлений от
      учета; укрытия уголовных правонарушений от учета; совершения
      подчиненным сотрудником преступления, связанного с грубым нарушением
      конституционных прав граждан, предусмотренных разделом II Конституции
      Республики Казахстан, установленных вступившими в законную силу
      судебными актами, либо решениями органов уголовного преследования о
      прекращении уголовного дела на основании пунктов 3), 4), 9), 10), 11)
      и 12) части первой статьи 35 или статьи 36 Уголовно-процессуального
      кодекса Республики Казахстан; п.1 п.п.13) за совершение проступка,
      дискредитирующего правоохранительный орган; п.1 п.п.14) в связи с
      совершением коррупционного правонарушения; п.1 п.п.15) вступление в
      законную силу обвинительного приговора суда за совершение
      преступления, прекращение уголовного дела о преступлении на основании
      пунктов 3), или 4), 9), 10) и 12) части первой статьи 35 или статьи
      36 Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан; п.1 п.п.16)
      за непредставление искажение сведений, указанных в пункте 2 статьи 6
      Закона Республики Казахстан "О правоохранительной службе".
      Статья 26 Закона Республики Казахстан "О воинской службе и
      статусе военнослужащих" - п.1 п.п.13): 1 - вступления в законную силу
      обвинительного приговора суда за совершение преступления, в том числе
      условно; 2 - освобождения от уголовной ответственности за совершение
      преступления на основании пунктов 3), 4), 9), 10) и 12) части первой
      статьи 35 или статьи 36 Уголовно-процессуального кодекса Республики
      Казахстан; 3 – лишение воинского звания в установленном
      законодательством Республики Казахстан порядке; 4 – употребление при
      исполнении обязанностей воинской службы веществ, вызывающих состояние
      алкогольного, наркотического или иного опьянения; 5 – отчисления из
      военного учебного заведения (военного факультета), за исключением
      случаев отчисления по состоянию здоровья и по семейным
      обстоятельствам; 6 – систематического нарушения военнослужащим
      условий контракта; 7 – занятия любыми видами оплачиваемой
      деятельности, кроме педагогической, научной и иной творческой
      деятельности; 8 – нарушение военнослужащим мер безопасности, в том
      числе пожарной безопасности либо безопасности движения на служебном
      транспорте, которое повлекло тяжкие последствия; 9 – отсутствия
      военнослужащего на службе без уважительной причины в течение трех и
      более часов подряд; 10 – совершения виновных действий военнослужащим,
      непосредственно обслуживающим денежные средства или военное
      имущество, если эти действия дают основания для утраты доверия к нему
      со стороны командира (начальника); 11 – нарушения установленных
      требований по обеспечению режима секретности, повлекших разглашение
      или утрату сведений, составляющих государственные секреты, их
      носителей; 12 – определенных трудовым и антикоррупционным
      законодательством Республики Казахстан.
      Статья 51 Закона Республики Казахстан "О специальных
      государственных органах" - п.14 п.п.1) нахождения сотрудника на
      службе, в том числе эпизодическом, состоянии алкогольного,
      наркотического, психотропного, токсикоманического опьянения (их
      аналогов), а также в случаях употребления, в том числе
      эпизодического, веществ, вызывающих состояния наркотического,
      психотропного, токсикоманического опьянения (их аналогов), а также
      отказа или уклонения от прохождения медицинского освидетельствования
      в специализированных медицинских учреждениях (наркологических
      диспансерах) на предмет употребления, в том числе эпизодического,
      веществ, вызывающих состояние алкогольного, наркотического,
      психотропного, токсикоманического опьянения (их аналогов); п.14
      п.п.2) использования служебного положения в личных корыстных целях;
      п.14 п.п.3) занятия любыми видами предпринимательской деятельности, в
      том числе коммерческим посредничеством, за исключением случаев, когда
      это является их должностными обязанностями в соответствии с
      законодательством Республики Казахстан; п.14 п.п.4) выполнения работ
      и оказания услуг с использованием служебного положения и получения за
      это незаконного вознаграждения; п.14 п.п.5) вступления в законную
      силу обвинительного приговора суда за совершение преступления или
      освобождения от уголовной ответственности за совершение преступления
      на основании пунктов 3), 4), 9), 10) и 12) части первой статьи 35 или
      статьи 36 Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан; п.14
      п.п.6) совершения сотрудником, выполняющим воспитательные функции,
      проступка, не совместимого с нахождением на занимаемой должности;
      п.14 п.п.7) совершения виновных действий сотрудником, непосредственно
      обслуживающим денежные средства или государственное имущество, если
      эти действия дают основания для утраты доверия к нему со стороны
      уполномоченного руководителя; п.14 п.п.8) разглашения сведений,
      составляющих государственные секреты; п.14 п.п.9) невыхода на службу
      без уважительных причин, трех и более часов подряд за один рабочий
      день; п.14 п.п.10) определенных трудовым законодательством Республики
      Казахстан, законами Республики Казахстан "О государственной службе
      Республики Казахстан" и "О противодействии коррупции".
      4. Приказ (решение) № ________ от "____" ____________ 20 __ г.
      5. Применена мера взыскания: увольнение с занимаемой должности (1)
      6. Сведения о лице, уволенном по отрицательным мотивам
 

ФАМИЛИЯ
 

ИМЯ
 

ОТЧЕСТВО (при его наличии)
 




   

             7. Дата рождения "____" __________________ 19 ____ г.
      8. Место рождения_____________________________________
      9. Адрес проживания (регистрации)_____________________________________ ____
      9.1 Индивидуальный идентификационный номер (ИИН)
      |_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|
      10. Место работы ____________________________________________________
      11. Должность _______________________________________________________
      12. Руководитель органа, из которого уволен сотрудник _______________
      _____________________________________________________________________
      (фамилия, подпись)
      12.1 Ответственное лицо кадровой службы, заполнившее карточку________
      _____________________________________________________________________
      (должность, фамилия, имя, отчество (при его наличии), подпись)
      13. Дата заполнения "____" _________________ 20____ г.
      14. Дата регистрации в региональном управлении "_____"_______________
      20 ____ г.
      № материала (протокола) по единому журналу___________________________
      15. Сотрудник регионального управления_______________________________
      _____________________________________________________________________
      (должность, фамилия, подпись)
      Примечание: карточка является официальным статистическим документом;
      лица, подписавшие ее, за внесение заведомо ложных сведений несут
      ответственность в установленном законодательством порядке.