"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, мөлшерін есептеу (айқындау), қайта есептеу, сондай-ақ олардың жүзеге асырылу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 236 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 468 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 7 шілдеде № 13886 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 8 маусымдағы № 217 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 08.06.2020 № 217 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, мөлшерін есептеу (айқындау), қайта есептеу, сондай-ақ олардың жүзеге асырылу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 236 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11224 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 22 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, мөлшерін есептеу (айқындау), қайта есептеу, сондай-ақ олардың жүзеге асырылу қағидаларында:

      2-тармақта:

      8) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "17-1) халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі – жұмыспен қамту орталығы) – ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында құратын мемлекеттік мекеме;";

      3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) портал арқылы – әлеуметтік төлем тағайындау үшін:

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жұмысынан айырылған адамдарды қоспағанда, жұмысынан айырылған жағдайда (жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы мәліметтер болған кезде);

      бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Әлеуметтік төлемді тағайындау өтініштің (оның ішінде электрондық) және мынадай құжаттардың негізінде жүзеге асырылады:

      жеке басын куәландыратын (сәйкестендіру үшін);

      сондай-ақ:

      1) асыраушысынан айырылған жағдайда:

      асыраушының қайтыс болғаны туралы куәлік немесе соттың адамды хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы немесе қайтыс болды деп жариялау туралы шешімі;

      қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) адаммен туыстық қатынастарды растайтын құжаттар, неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы, қайтыс болған асыраушының балаларының туу туралы, асырап алу туралы, әке (ана) болуды белгілеу туралы куәліктер;

      осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша отбасы мүшелері күндізгі оқу нысанында білім алатын оқушылар немесе студенттер болып табылатыны туралы жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарынан алынған анықтамалар (жыл сайын жаңартылады);

      асырап алғанын растайтын құжат (қажет болған кезде);

      2) жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайларда:

      жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты берілген еңбекке уақытша жарамсыздық парағы (парақтары);

      өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар үшін қосымша – нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5446 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 622 бұйрығымен бекітілген Дербес шоттарды жүргізу ережелеріне 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік кіріс органдары берген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салыстырып тексеру актісі;

      3) бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда:

      баланың (балалардың) туу туралы куәлiк (куәліктері) не туу туралы актілік жазбадан үзінді-көшірме;

      қамқоршылық немесе қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган берген баланы (балаларды) асырап алу туралы соттың шешімінен үзінді-көшірме (бір жасқа толмаған баланы (балаларды) асырап алған жағдайларда);

      баланың (балалардың) қайтыс болғаны туралы куәлiк (куәліктері) не қайтыс болғаны туралы актілік жазбадан үзінді-көшірме;

      4) жұмысынан айырылған жағдайда:

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша еңбек қатынастарының бұзылғанын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді-көшірме.

      Бұл ретте, әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша баланың (балалардың) туу туралы куәлiгі не туу туралы актілік жазбадан үзінді-көшірме талап етілмейді.";

      8-тармақ алып тасталсын;

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Өтініш беруші құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған не әлеуметтік төлемді тағайындауға құқығы болмаған жағдайда өтініш берушіге кідіртпей осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі."

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Негіздер болған жағдайда Қордың филиалы мемлекеттік органдар мен тиісті ұйымдар арқылы тиісті ақпаратқа сұрау салу жолымен әлеуметтік төлем тағайындау үшін ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексереді. Бұл ретте әлеуметтік төлем тағайындау туралы шешiм қабылдауды ұзарту мерзiмi бiр айдан аспауға тиіс.

      Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі өтініш берушіге осы Қағидаларға 21-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарға тексеру жүргізілетіні туралы хабарлама береді.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайға тағайындалған әлеуметтік төлемнің сомасы туралы не оны тағайындаудан бас тарту туралы осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама (анықтамалар), еңбек ету қабiлетінен айырылу жағдайына тағайындалған әлеуметтік төлемнің сомасы туралы не оны тағайындаудан бас тарту туралы осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама (анықтамалар) Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне алушының өзі жүгінген не алушыдан нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша үшiншi адам жүгінген кезде беріледі.";

      26-тармақта:

      бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Сот шешімімен іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған қамқоршылықтағы (қорғаншылықтағы) адам үшін төлемдер алатын қамқоршы (қорғаншы) ауысқан, жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі, жалпы еңбек ету дәрежесін белгілеу мерзімі немесе асырауындағы адамдардың саны өзгерген жағдайларда, Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі жаңадан ұсынылған мәлiметтермен толықтырылған ІЭМ-ді және бекіту үшін шешімнің жобасын дайындайды және Қордың филиалына жібереді.";

      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлемді тағайындау үшін бiр жасқа толмаған бала қайтыс болғаннан кейін жүгінген жағдайда әлеуметтiк төлем қайтыс болған айды қоса ала отырып тағайындалады.";

      мынадай мазмұндағы 29-1-тармақпен толықтырылсын:

      "29-1. Егер әлеуметтік төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау үшін портал арқылы келіп түскен электрондық өтінімдер бойынша ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексеру мақсатында қосымша құжаттарды ІЭМ-ге қосып тіркеу қажеттілігі анықталса, Қордың филиалы Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне ІЭМ-ді осы Қағидаларға 22-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік төлем тағайындауға құжаттарды жете ресімдеу қажеттігі туралы хабарламамен қайтарады. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі электрондық хабарлама келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы жібереді.

      Жете ресімдеу мерзімі отыз жұмыс күнінен аспайды. Егер талап етілген құжаттар отыз жұмыс күні ішінде ұсынылмаса, Қордың филиалы әлеуметтік төлем тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады.";

      47-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Асырауындағы адамдар саны азайған жағдайда асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің мөлшерін қайта есептеуді Мемлекеттік корпорация алушының өтініші негізінде қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауындағы адамдардың біреуіне асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем тоқтатылған күннен бастап жүргізеді.";

      мынадай мазмұндағы 48-1-тармақпен толықтырылсын:

      "48-1. Мемлекеттік корпорация ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 1-күніне дейін жұмыспен қамту орталығымен жұмыссыз ретінде есептен шығарылған, жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді алушылардың тізімдеріне Қорға беру үшін "Еңбек нарығы" ақпараттық жүйесі арқылы салыстырып тексеру жүргізеді.

      Салыстырып тексеру нәтижелері бойынша Қор Заңның 23-бабының 8-тармағына сәйкес жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді тоқтату туралы шешім қабылдайды.

      Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді тоқтату туралы шешімді осы Қағидаларға 26-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алушыға бұл туралы себептерін көрсете отырып, Мемлекеттік корпорация арқылы міндетті түрде хабарлай отырып, Қор қабылдайды.

      Жұмыссыз адамды халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарына, қоғамдық жұмыстарға және кәсіптік оқытуға жіберген жағдайларда, жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер тоқтатылмайды.

      Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді тоқтату туралы осы Қағидаларға 26-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне алушы өзі жүгінген не алушыдан нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша үшiншi адам жүгінген кезде беріледі.";

      осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 26-1-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бір данасын баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Денсаулық сақтау және әлеуметтік


даму министрі

Т. Дүйсенова

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      _____________ Д. Абаев

      2016 жылғы 3 маусым

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрі

      _____________ Е. Сағадиев

      2016 жылғы 6 маусым



  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 31 мамырдағы
№ 468 бұйрығына
1-қосымша
  Мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру қорынан төленетін
әлеуметтік төлемдерді тағайындау,
мөлшерін есептеу (айқындау), қайта есептеу,
сондай-ақ олардың жүзеге асырылу
қағидаларына
26-1-қосымша

      Нысан

Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін
әлеуметтік төлемді тоқтату туралы хабарлама

      20__ жылғы "___" _______________№___

      Азамат (ша)__________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Туған күні _____ жылғы "___" ____________

      Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем

      _____________________________________________________________________

      негіздеме (себебін көрсету)

      20__ жылғы "___" ____________ бастап тоқтатылады.

      Жауапты адамның ЭЦҚ-сымен куәландырылды

      ____________________________________________________________________

      (жауапты адамның лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 17 апреля 2015 года № 236 "Об утверждении Правил назначения, исчисления (определения), перерасчета размеров социальных выплат из Государственного фонда социального страхования, а также их осуществления"

Приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 31 мая 2016 года № 468. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 7 июля 2016 года № 13886. Утратил силу приказом Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 8 июня 2020 года № 217.

      Сноска. Утратил силу приказом Приказ Министра труда и социальной защиты населения РК от 08.06.2020 № 217 (вводится в действие с 1 января 2020 года и подлежит опубликованию).

      В соответствии с подпунктом 11) статьи 11 Закона Республики Казахстан от 25 апреля 2003 года "Об обязательном социальном страховании" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 17 апреля 2015 года № 236 "Об утверждении Правил назначения, исчисления (определения), перерасчета размеров социальных выплат из Государственного фонда социального страхования, а также их осуществления" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан за № 11224, опубликован в информационно-правовой системе "Әділет" 22 июня 2015 года) следующие изменения и дополнения:

      в Правилах назначения, исчисления (определения), перерасчета размеров социальных выплат из Государственного фонда социального страхования, а также их осуществления, утвержденных указанным приказом:

      в пункте 2:

      подпункт 8) исключить;

      дополнить подпунктом 17-1) следующего содержания:

      "17-1) центр занятости населения (далее – центр занятости) – государственное учреждение, создаваемое местным исполнительным органом района, городов областного и республиканского значения, столицы в целях реализации активных мер содействия занятости, организации социальной защиты от безработицы и иных мер содействия занятости в соответствии с Законом Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения";";

      подпункт 4) пункта 3 изложить в следующей редакции:

      "4) через портал – для назначения социальной выплаты:

      на случай потери работы (при наличии сведений о регистрации в качестве безработного), за исключением лиц, потерявших работу по основаниям, предусмотренным подпунктами 1), 2) и 3) пункта 1 статьи 52 Трудового кодекса Республики Казахстан);

      на случай потери дохода в связи с уходом за ребенком по достижении им возраста одного года.";

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Назначение социальной выплаты осуществляется на основании заявления (в том числе электронного), и документов:

      удостоверяющие личность (для идентификации);

      а также:

      1) на случай потери кормильца:

      свидетельства о смерти кормильца или решения суда о признании лица безвестно отсутствующим или об объявлении умершим;

      документов, подтверждающих родственные отношения с умершим (признанным судом безвестно отсутствующим или объявленным умершим), свидетельства о заключении брака (супружества), о расторжении брака (супружества), о рождении детей умершего кормильца, об усыновлении (удочерении), об установлении отцовства (материнства);

      справки из организации общего среднего, технического и профессионального, послесреднего и высшего образования о том, что члены семьи являются учащимися или студентами, обучающимися по очной форме обучения, по форме согласно приложению 6 к настоящим Правилам (обновляется ежегодно);

      документа, подтверждающего усыновление (удочерение) (при необходимости);

      2) на случаи потери дохода в связи с беременностью и родами, усыновлением (удочерением) новорожденного ребенка (детей):

      листа (листов) временной нетрудоспособности, выданных в связи с беременностью и родами, усыновлением (удочерением) новорожденного ребенка (детей);

      для самостоятельно занятых лиц дополнительно – акт сверки по налогам и другим обязательным платежам в бюджет, выданный органами государственных доходов, по форме согласно приложению 17 Правил ведения лицевых счетов, утвержденных приказом Министра финансов Республики Казахстан от 29 декабря 2008 года № 622, зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 5446;

      3) на случай потери дохода в связи с уходом за ребенком по достижении им возраста одного года:

      свидетельства (свидетельств) о рождении ребенка (детей) либо выписки из актовой записи о рождении;

      выписки из решения суда об усыновлении (удочерении) ребенка (детей), выданной органом, осуществляющим функции по опеке или попечительству (в случаях усыновления (удочерения) ребенка (детей) в возрасте до одного года);

      свидетельства (свидетельств) о смерти ребенка (детей) либо выписки из актовой записи о смерти.

      4) на случай потери работы:

      выписка из акта работодателя, подтверждающая расторжение трудовых отношений по основаниям, предусмотренным подпунктами 1), 2) и 3) пункта 1 статьи 52 Трудового кодекса Республики Казахстан.

      При этом, для назначения социальных выплат представление свидетельства о рождении ребенка (детей) либо выписки из актовой записи о рождении по регистрациям, произведенным на территории Республики Казахстан после 13 августа 2007 года, не требуется.";

      пункт 8 исключить;

      пункт 13 изложить в следующей редакции:

      "13. В случае представления заявителем неполного пакета документов и (или) документов с истекшим сроком действия, либо отсутствия права на назначение социальной выплаты заявителю безотлагательно выдается расписка об отказе в приеме документов по форме согласно приложению 8 к настоящим Правилам.";

      пункт 18 изложить в следующей редакции:

      "18. При наличии оснований филиал Фонда проверяет достоверность документов, представленных для назначения социальной выплаты, путем запроса соответствующей информации через государственные органы и соответствующие организации. При этом, срок продления принятия решения о назначении социальной выплаты не должен превышать один месяц.

      Отделение Государственной корпорации выдает заявителю уведомление о проведении проверки документов по форме согласно приложению 21 к настоящим Правилам.";

      пункт 25 изложить в следующей редакции:

      "25. Справка (справки) о сумме назначенной социальной выплаты на случай потери дохода в связи с беременностью и родами, усыновлением (удочерением) новорожденного ребенка (детей) либо об отказе в ее назначении по форме согласно приложению 16 к настоящим Правилам, справка (справки) о сумме назначенной социальной выплаты на случай утраты трудоспособности либо об отказе в ее назначении по форме согласно приложению 17 к настоящим Правилам выдается получателю при личном обращении либо обращении третьего лица по нотариально удостоверенной доверенности от получателя в отделение Государственной корпорации.";

      в пункте 26:

      часть первую изложить в следующей редакции:

      "26. В случаях смены опекуна (попечителя), получающего выплаты за опекаемого (подопечного), признанного решением суда недееспособным или ограниченно дееспособным, изменения степени утраты общей трудоспособности, срока установления степени утраты общей трудоспособности или числа иждивенцев отделение Государственной корпорации готовит ЭМД, дополненный вновь представленными сведениями и проект решения для утверждения и направляет в филиал Фонда.";

      дополнить частью четвертой следующего содержания:

      "В случае обращения за назначением социальной выплаты на случай потери дохода в связи с уходом за ребенком по достижении им возраста одного года после смерти ребенка, не достигшего возраста одного года, социальная выплата назначается по месяц смерти включительно.";

      дополнить пунктом 29-1 следующего содержания:

      "29-1. Если для принятия решения о назначении (отказе в назначении) социальной выплаты выявляется необходимость приобщения к ЭМД дополнительных документов в целях проверки достоверности представленных документов по электронным заявкам, поступившим через портал, филиал Фонда возвращает ЭМД в отделение Государственной корпорации с уведомлением о необходимости дооформления документов на назначение социальной выплаты по форме согласно приложению 22 к настоящим Правилам. Отделение Государственной корпорации в течение пяти рабочих дней со дня поступления электронного уведомления направляет его услугополучателю через портал.

      Срок дооформления не превышает тридцать рабочих дней. Если в течение тридцати рабочих дней требуемые документы не представлены, филиал Фонда выносит решение об отказе в назначении социальной выплаты.";

      часть пятую пункта 47 изложить в следующей редакции:

      "В случае уменьшения количества иждивенцев перерасчет размера социальной выплаты на случай потери кормильца производится Государственной корпорацией со дня прекращения социальной выплаты на случай потери кормильца одному из иждивенцев умершего (признанного судом безвестно отсутствующим или объявленного умершим) кормильца на основании заявления получателя.";

      дополнить пунктом 48-1 следующего содержания:

      "48-1. Государственной корпорацией ежемесячно до 1 числа, следующего за отчетным месяцем, производится сверка с центром занятости списков получателей социальной выплаты на случай потери работы, снятых с учета в качестве безработных, через информационную систему "Рынок труда" для передачи в Фонд.

      По результатам сверки Фонд принимает решение о прекращении социальной выплаты на случай потери работы, согласно пункту 8 статьи 23 Закона.

      Решение о прекращении социальной выплаты на случай потери работы принимается Фондом с обязательным уведомлением об этом получателя с указанием причин по форме согласно приложению 26-1 к настоящим Правилам через Государственную корпорацию.

      В случаях направления безработного центром занятости в рамках активных мер содействия занятости на социальные рабочие места, общественные работы и профессиональное обучение социальные выплаты на случай потери работы не прекращаются.

      Уведомление о прекращении социальной выплаты на случай потери работы по форме согласно приложению 26-1 к настоящим Правилам выдается получателю при личном обращении либо обращении третьего лица по нотариально удостоверенной доверенности от получателя в отделение Государственной корпорации.";

      дополнить приложением 26-1 согласно приложению 1 к настоящему приказу.

      2. Департаменту социального обеспечения и социального страхования в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение пяти рабочих дней со дня получения зарегистрированного настоящего приказа направление в одном экземпляре его копии в печатном и электронном виде на государственном и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа направление его копии на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и в информационно-правовой системе "Әділет";

      4) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан;

      5) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2), 3) и 4) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан Жакупову С.К.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр здравоохранения


и социального развития


Республики Казахстан

Т. Дуйсенова

      СОГЛАСОВАН

      Министр информации

      и коммуникаций

      Республики Казахстан

      ________ Д. Абаев

      3 июня 2016 года

      СОГЛАСОВАН

      Министр образования и науки

      Республики Казахстан

      ________ Е. Сагадиев

      6 июня 2016 года



  Приложение 1
к приказу Министра
здравоохранения и социального
развития Республики Казахстан
от 31 мая 2016 года № 468
Приложение 26-1
к Правилам назначения,
исчисления (определения),
перерасчета размеров социальных
выплат из Государственного фонда
социального страхования и их
осуществления

      Форма

Уведомление о прекращении социальной выплаты
на случай потери работы

      № ______ от "__" __________ 20 __ года

      Гражданин (ка) _________________________________________

      (фамилия, имя, отчество (при его наличии)

      Дата рождения "___" _________ ____ года

      Социальная выплата на случай потери работы прекращается

      с "__" __________ 20 _ года

      _____________________________________________________________________

      основание (указать причины)

      Удостоверено электронной цифровой подписью ответственного лица

      _____________________________________________________________________

      (должность и фамилия, имя, отчество (при его наличии)

      ответственного лица)