Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.08.2017 № 299 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгі нысанын, Субсидиялау шартының, Кепілдік шартының, Грант беру туралы шарттың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 736 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12480 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 30 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы 2020" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысына, "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 шілдедегі № 599 қаулысына, "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 cәуірдегі № 234 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгі нысанында:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарт (бұдан әрі – Шарт):
бірлесіп "Тараптар", ал әрқайсысы жеке алғанда "Тарап" деп немесе төменде көрсетілгендей аталатын,
1) "Бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісі":
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
атынан ______________________________________________ негізінде
әрекет ететін __________________________________________________ және
2) "Қаржы агенттігі":
"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының атынан
____________________________ негізінде әрекет ететін ________________
_____________________________________________________________________
арасында:
"Бизнестің жол картасы -2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы 2020" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысына (бұдан әрі – Бағдарлама);
"Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Субсидиялау қағидалары) және "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидаларына (бұдан әрі – Кепілдік беру қағидалары) сәйкес жасалды.";
1-тармақтың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"15) кәсіпкер – жеке кәсіпкерлік субъектісі, оның ішінде өз қызметін Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес жүзеге асыратын ісін жаңа бастап келе жатқан жас кәсіпкер, ісін жаңа бастап келе жатқан кәсіпкер;";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Шарттың талаптары бойынша Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі республикалық бюджет және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан нысаналы трансферт қаражаты есебінен жергілікті бюджетке берілген, субсидиялау мен кепілдік беру үшін көзделген қаражатты қаржы агенттігіне аударады.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Субсидиялау шартының нысанында:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Бұдан әрі "қаржы агенттігі" деп аталатын "Даму" кәсіпкерлікті
дамыту қоры" акционерлік қоғамының атынан _____________ негізінде
әрекет ететін __________________________________________ бір тараптан
және бұдан әрі "банк/лизингтік компания" деп аталатын "_______
банк/даму банкі/лизингтік компания" акционерлік қоғамының/ЖШС-нің
атынан _____________ негізінде әрекет ететін
_____________________________________________________ екінші тараптан
және бұдан әрі "Алушы" деп аталатын __________________________ атынан
_____________ негізінде әрекет ететін
_______________________________________, бірлесіп "Тараптар", ал жеке
алғанда "Тарап" деп немесе жоғарыда көрсетілгендей аталып,
төмендегілер туралы осы субсидиялау шартын (бұдан әрі – Шарт):
"Бизнестің жол картасы -2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы 2020" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысына (бұдан әрі – Бағдарлама);
"Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Субсидиялау қағидалары);
жөніндегі Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының 20___ жылғы ___________ № ____ хаттамасына сәйкес жасалды.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Субсидиялау қағидаларына сәйкес субсидиялау республикалық бюджет қаражатының есебінен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген нысаналы трансферт есебінен жүргізіледі.";
14-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) республикалық бюджеттен қаражат алмаған және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан нысаналы трансферт алмаған жағдайда, субсидияларды аудармауға;";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Алушы:
1) қаржы агенттігінен банкке/лизингтік компанияға сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бір бөлігінде субсидияларды төлеуді талап етуге;
2) субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 75 күннен кешіктірмей банкке/лизингтік компанияға субсидиялау шартының қолданылу мерзімін ұзартуға өтінім беруге құқылы.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Банк/лизингтік компания:
1) Осы Шарт жасалғаннан кейін осы Шарттың барлық қолданылу мерзімінде Алушының кредиті/лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемесін ұлғайтпауға;
2) Осы Шарт Субсидиялау қағидаларында көзделген мерзімде уақтылы жасалмаған жағдайда кідірту себептерін түсіндіре отырып, ресми хатпен қаржы агенттігін хабардар етуге міндетті;
3) қаржы агенттігінің тиісті хабарламасының негізінде Алушының жобасы бойынша қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан субсидиялардың сомасын ай сайын есептен шығаруды жүзеге асыруға міндетті, бұл ретте банктің/лизингтік компанияның шоттардағы қаражаттың ағымдағы жалпы қалдықтарын есептен шығаруға құқығы жоқ. Кәсіпкер кредит/лизинг бойынша жоспарлы төлемді нақты өтеген күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткеннен кейін сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бір бөлігін өтеу үшін қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан субсидиялар сомасы есептен шығарылған жағдайда банк/лизингтік компания қаржы агенттігіне 100 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді;
4) Алушы кредит/лизинг бойынша төлемді уақтылы өтемеген жағдайда, оның ішінде сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бір бөлігін уақтылы өтемеген жағдайда немесе Алушы 3 (үш) ай қатарынан (қаржылық лизинг шарты бойынша қатарынан 2 (екі) және одан көп рет) банктің/лизингтік компанияның алдында төлемдерді төлеу бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайда, Алушы берешекті өтегенге дейін сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бір бөлігін өтеу үшін қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан қаражатты есептен шығаруды жүргізбеуге және бұл туралы қаржы агенттігіне 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабарлауға міндетті. Осы тармақшада көзделген жағдайлар басталған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткеннен кейін хабарламаған/хабарлаған жағдайда, банк/лизингтік компания қаржы агенттігіне 100 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді;
5) Алушының кредиті/лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау тоқтатылған, Алушының кредиті/лизингі бойынша негізгі борыш мерзімінен бұрын ішінара/толық өтелген жағдайда,
7 (жеті) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне өзара есеп айырысулардың салыстырып тексеру актісін беруге міндетті. Бұл ретте банк/лизингтік компания салыстырып тексеру актісінде іс жүзінде есептен шығарылған субсидиялардың сомасы мен күндерін көрсетеді, ал қаржы агенттігі субсидиялардың аударылған сомасы мен күндерін көрсетеді. Алушы негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара/толық өтеген күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткеннен кейін хабарламаған/хабарлаған жағдайда, банк/лизингтік компания қаржы агенттігіне 100 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді;
6) Алушы субсидиялардың сомасын дербес төлеген жағдайда, кейін, қаржы агенттігі қаражатты өтеген кезде қаржы агенттігі хабарламасының негізінде субсидиялардың тиісті сомасын есептен шығаруға және Алушының ағымдағы шотына аударуға;
7) қаржы агенттігіне Алушының субсидияланатын кредитінің/лизингінің төлем тәртібіне қатысты деректерді беруге;
8) жобаға мониторинг жүргізу үшін қажетті құжаттарды беруге, қаржы агенттігімен және Алушымен мониторингтік есептерге қол қоюға;
9) осы Шарттың талаптарын орындауға әсерін тигізуі мүмкін барлық жағдайлар туралы қаржы агенттігіне уақтылы хабарлауға;
10) осы Шарттың қолданылау мерзімі ішінде кредиттің/лизингтің сомасын және (немесе) кредит/лизинг бойынша сыйақының номиналдық мөлшерлемесін өзгертпеуге;
11) банк/лизингтік компания тарапынан Бағдарламада көзделген өндіріп алынуы мүмкін комиссияны қоспағанда, ӨҮК қолданыстағы кредитті/қаржылық лизинг шартын субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда, Алушыға бұрын алынған комиссияларды, алымдарды және (немесе) ағымдағы қаржы жылындағы басқа да төлемдерді өтеуге;
12) Алушы кредит/лизинг бойынша негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара/толық өтеген жағдайда, қаржы агенттігіне кредит/лизинг бойынша негізгі борыштың мерзімінен бұрын ішінара/толық өтелу фактісі туралы хабарлауға міндетті.
Алушының кредиті/лизингі бойынша негізгі борыш мерзімінен бұрын ішінара өтелген жағдайда, банк/лизингтік компания банктік қарыз шартына/қаржылық лизинг шартына қосымша келісім жасаған кезде қаржы агенттігіне негізгі борышты ішінара өтеу күнінен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде төлемдерді өтеу кестесін өзгерте отырып, субсидиялау шартына тиісті қосымша келісімді қоса берумен банктік қарыз шартына/қаржылық лизинг шартына қосымша келісімнің көшірмесін жолдайды;
13) қаржы агенттігінен субсидиялар сомасын атаулы аудару туралы хабарлама алмаған жағдайда, Алушыға сыйақы мөлшерлемесін толық көлемде өтеу туралы хабарлауға;
14) осы Шарттың 16-тармағының 2-тармақшасына сәйкес келіп түскен Алушының өтінімін қарау нәтижесі оң болған кезде ӨҮК-ке күнтізбелік 60 күннен кешіктірмей субсидиялау шартының қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтініш жасауға міндетті.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кепілдік шартының нысанында:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Бұдан әрі "Кепілгер" деп аталатын "Даму" кәсіпкерлікті дамыту
қоры" акционерлік қоғамының атынан ________ негізінде әрекет ететін
________ бір тараптан,
бұдан әрі "Банк" деп аталатын "_______" акционерлік қоғамының
атынан ________ негізінде әрекет ететін ________ екінші тараптан және
бұдан әрі "Қарыз алушы" деп аталатын ___________________________ атынан _____________________________
(Қарыз алушының толық атауы)
______________________________________________ негізінде әрекет ететін _____________________________________ үшінші тараптан,
бұдан әрі бірлесіп Тараптар, ал жеке алғанда жоғарыда көрсетілгендей немесе "Тарап" деп аталатындар,
"Бизнестің жол картасы - 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы 2020" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысына (бұдан әрі – Бағдарлама);
"Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидаларына (бұдан әрі – Кепілдік беру қағидалары) сәйкес жасасты.";
16-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) Кепілгер кепілдік бойынша міндеттемелерді орындаған жағдайда осы Шарттың 31-тармағын орындағаннан кейін 20 (жиырма) жұмыс күні мерзімінен кешіктірмей Кепілгерге Банктің Қарыз алушыға талап қою құқығын куәландыратын құжаттар мен ақпаратты беруге және Кепілгерге бұл талаптарды қамтамасыз ететін құқықтарды осы Шартта белгіленген көлемде беруге міндетті. Банктің құжаттары Кепілгерге түпнұсқаларда, ал мұны жасау мүмкін болмаған жағдайда нотариат куәландырған көшірмелер түрінде тапсырылады. Құжаттарды Банктен Кепілгерге тапсыру құжаттарды қабылдау-тапсыру актісін жасаумен жүзеге асырылады;";
32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"32. Егер осы Шарттың 31-тармағын орындағаннан кейін Қарыз алушының Кепілгер алдындағы берешегі өтелмейтін болса/толық көлемде өтелмейтін болса, Банк кепілдік бойынша міндеттемелерді орындаған Кепілгерге өзі сатпаған барлық мүлікті, сондай-ақ кепілдіктер, кепілгерліктер бойынша құқықтарды және Кредит шартында Қарыз алушының міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету ретінде көрсетілген т.б. және Банкке Кепілгер орындаған міндеттемелер көлемінде қамтамасыз етуді бере отырып, шарт бойынша кепіл ұстаушы ретінде Банкке тиесілі құқықтарды беруге міндеттенеді.
Осы Шарттың 31-тармағын орындаған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде Банк Кепілгерге қабылдау-тапсыру актісі бойынша мынадай құжаттарды:
Кредит шартына қосымша келісімдермен бірге оның түпнұсқасын немесе нотариат куәландырған көшірмесін;
қамтамасыз етуді беру туралы шартқа қосымша келісімдермен бірге оның түпнұсқасын немесе нотариат куәландырған көшірмелерін;
кепіл мүлкіне құқық белгілейтін құжаттар мен Кепілгердің талап етуі бойынша өзге де құжаттарды тапсыруға міндеттенеді.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Грант ұсыну туралы шарттың нысанында:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Шарт (бұдан әрі – Шарт) мыналардың арасында:
1) "Бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісі":
_______________________________________________________________
атынан ________________ негізінде әрекет ететін_________________ және
2) "Қаржы агенттігі":
"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы атынан________________________________________негізінде әрекет ететін _________________________ және
3) Кәсіпкер:
_______________________________________________________________
атынан_________________ негізінде әрекет ететін ____________________,
бірлесіп "Тараптар", ал әрқайсысы жеке алғанда "Тарап" немесе жоғарыда көрсетілгендей аталатындар:
"Бизнестің жол картасы -2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы 2020" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысына (бұдан әрі – Бағдарлама);
"Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру қағидаларына;
жөніндегі Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының 20___ жылғы ___________ № ____ хаттамасына;
бюджеттік қаражаттарды бөлу туралы 20___ жылғы ___________ № ____ бұйрығына сәйкес жасасты.";
1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) кәсіпкер – өз қызметін Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектісі;";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Грант ұсыну туралы шарттың нысанында 4-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның баспа және электрондық түрдегі көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялануға жіберілуін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Ұлттық экономика министрі | Қ. Бишімбаев |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 8 маусымдағы № 244 бұйрығына қосымша |
|
Грант ұсыну туралы шартқа 4-қосымша |
Нысаналы бизнес-бағдарламаның (бизнес-жобаның)
іс-шараларының орындалуы туралы есептің нысаны
№ р/н | Іс-шараның атауы | Орындалу мерзімі | Орындаудың нақты мерзімі | Іс-шараның орындалуын растайтын құжаттар |
Кестенің жалғасы
Шартқа сәйкес меншікті қаражаттың пайдаланылу кезеңі | Меншікті қаражатты пайдаланудың нақты кезеңі | Шарт бойынша меншікті қаражаттың сомасы, теңге | Меншікті қаражатты пайдаланудың нақты сомасы, теңге | Растайтын құжаттар |
Нысаналы бизнес-бағдарлама (бизнес-жоба) грантының қаржы
қаражатының пайдаланылуы туралы есептің нысаны
Шарт бойынша | Іс жүзінде пайдаланылған сома | Пайдалануды растау үшін ұсынылған құжаттар | |||||
№ п/п | Нысан алы мақсаты | Грант сомасы, теңге | Меншікті қаражат сомасы, теңге | Грант, теңге | Меншікті қаражат, теңге | Грант (атауы, құжат №, күні) | Меншікті қаражат (атауы, құжат №, күні) |
Кестенің жалғасы
№ | Шарт бойынша іс-шараның атауы | Шарт бойынша орындау мезгілі | Іс-жүзінде орындалған күні | Пайдалануды растау үшін ұсынылған құжаттар |
Бағдарламаның өңірлік Қаржы агенттігі Кәсіпкер
үйлестірушісі
/_______________/ /_______________/ /_______________/