"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгі нысанын, Субсидиялау шартының, Кепілдік шартының, Грант беру туралы шарттың нысандарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 736 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 желтоқсанда № 12480 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 11 тамыздағы № 299 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.08.2017 № 299 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы 2020" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысына, "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 шілдедегі № 599 қаулысына, "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 cәуірдегі № 234 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 08.06.2016 № 244 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгі нысаны;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Субсидиялау шартының нысаны;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Кепілдік шартының нысаны;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Грант беру туралы шарттың нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаменті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялануға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ұлттық экономика министрі

Е. Досаев


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 26 қарашадағы
№ 736 бұйрығына
1-қосымша

      нысан

"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасы шеңберінде субсидиялау және
кепілдік беру туралы үлгі шарт

____________ қ.

201 жылғы "____" __________


      Осы "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарт (бұдан әрі – Шарт):

      бірлесіп "Тараптар", ал әрқайсысы жеке алғанда "Тарап" деп немесе төменде көрсетілгендей аталатын,

      1) "Бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісі":

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      атынан ______________________________________________ негізінде

      әрекет ететін __________________________________________________ және

      2) "Қаржы агенттігі":

      "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының атынан

      ____________________________ негізінде әрекет ететін ________________

      _____________________________________________________________________

      арасында:

      "Бизнестің жол картасы -2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы 2020" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысына (бұдан әрі – Бағдарлама);

      "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Субсидиялау қағидалары) және "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидаларына (бұдан әрі – Кепілдік беру қағидалары) сәйкес жасалды.

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 08.06.2016 № 244 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Терминдер мен анықтамалар

      1. Осы Шартта мынадай негізгі терминдер мен қысқартулар

      қолданылады:

      1) Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым салалары –

      экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес экономиканың

      басым секторлары (бұдан әрі - ЭҚЖЖ);

      2) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі – облыс әкімі

      айқындайтын қаланың/ауданның Бағдарламаны қалада немесе аудандық

      деңгейде іске асыруға жауапты құрылымдық бөлімшесі;

      3) Бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісі – облыс (астана,

      республикалық маңызы бар қала) деңгейінде Бағдарламаны іске асыруға

      жауапты, облыс (астана, республикалық маңызы бар қала) әкімі

      айқындайтын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;

      4) банк – Бағдарламаға қатысатын екінші деңгейдегі банк;

      5) банк-төлем агенті – лизингтік компанияның/исламдық лизингтік

      компанияның уәкілетті банкі, қаржы агенттігімен келісілуге тиіс және

      лизингтік компанияның/исламдық лизингтік компанияның жобалар бойынша

      субсидияларды аудару мен есептен шығаруға арналған арнайы шотын

      жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға тиіс;

      6) банктік қарыз шарты – банк пен кәсіпкер арасында жасалған

      жазбаша келісім, оның шарттары бойынша банк кәсіпкерге кредит,

      сондай-ақ банкте кредиттік желі ашу туралы келісім береді. Кредиттік

      желі ашу туралы келісім де банктік қарыз шартына жатады;

      7) банктік кредит (бұдан әрі - кредит) - банктік қарыз шартының

      негізінде мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және

      нысаналы пайдалану шарттарында банк кәсіпкерге беретін ақшалай

      қаражат сомасы;

      8) бірінші бағыт – моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді

      мекендер кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау;

      9) даму банкі – "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы

      және (немесе) оның үлестес лизингтік компаниясы;

      10) екінші бағыт – экономиканың басым секторларында және өңдеу

      өнеркәсібі салаларында қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлерді салалық

      қолдау;

      11) ислам банкі – "Қазақстан Республикасындағы банктер және

      банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-1-тарауында

      көзделген банк қызметін жүзеге асыратын, лицензияның негізінде

      Бағдарламаға қатысатын екінші деңгейдегі банк;

      12) исламдық қаржыландыру бойынша субсидиялау (бұдан әрі –

      субсидиялау) - болашақта кәсіпкердің операциялық қызметіне жататын

      белгілі бір шарттарды орындауға айырбас ретінде кредиттер/лизинг

      бойынша сыйақы ретінде ислам банкке/ исламдық лизингтік компанияға

      кәсіпкер төлейтін шығыстарды ішінара өтеу үшін пайдаланылатын

      кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылай қолдау нысаны;

      13) исламдық қаржыландыру жөніндегі субсидиялау шарты–кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша қаржы агенттігі/ ислам банкі/исламдық лизингтік компания және кәсіпкер арасында жасалған үш жақты жазбаша келісім, оның шарттары бойынша қаржы агенттігі кәсіпкерді ислам банкі/исламдық лизингтік компания берген қаржыландыру бойынша тауарға үстеме бағаны/ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның табысын құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігін ішінара субсидиялайды;

      14) исламдық лизингтік компания – "Қаржы лизингі туралы"

      Қазақстан Республикасы Заңының 2-1 тарауларына сәйкес өз қызметін

      жүзеге асыратын, акционерлік қоғам түрінде құрылған, банк болып

      табылмайтын, Бағдарламаға қатысушы заңды тұлға болып табылады;

      15) кәсіпкер – жеке кәсіпкерлік субъектісі, оның ішінде өз қызметін Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес жүзеге асыратын ісін жаңа бастап келе жатқан жас кәсіпкер, ісін жаңа бастап келе жатқан кәсіпкер;

      16) кепілдік – банктік қарыз шарты бойынша негізгі борыштың бір

      бөлігін төлеу бойынша кепілдік шартынан туындайтын кәсіпкер

      міндеттемелерін орындау үшін кепілдік сомасының шегінде қаржы

      агенттігінің Банк алдында жауап беру міндеттемесі;

      17) кепілдік беру – кәсіпкерлерді Бағдарламада, осы Кепілдік

      беру қағидаларында және кепілдік шартында айқындалатын шарттарда

      кәсіпкердің кредит бойынша міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету

      ретінде ішінара кепілдік беру түрінде пайдаланылатын мемлекеттік

      қолдау нысаны;

      18) кепілдік шарты – қаржы агенттігі/банк және кәсіпкер

      арасында жасалған кепілдік беру туралы үшжақты жазбаша келісім;

      19) қаржылық лизинг шарты – лизингтік компания/банк/даму банк

      және кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім, оның шарттары

      бойынша лизингтік компания/банк/даму банк кәсіпкерге қаржылық лизинг береді;

      20) лизингтік компания – Бағдарламаға қатысатын лизингтік

      компания;

      21) лизингтік мәміле (лизинг) – лизингке қатысушылардың

      азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге және

      тоқтатуға бағытталған келісілген іс-қимылдар жиынтығы;

      22) Өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – ӨҮК) – облыстардың,

      Астана және Алматы қалаларының әкімдері құратын және басқаратын

      консультативтік-кеңесші орган, жалпы санының кемінде 50 %-ына

      бизнес-қоғамдастықтың өкілдері қатысады;

      23) субсидиялар – субсидиялау шарттарының/исламдық қаржыландыру жөніндегі субсидиялау шарттарының негізінде кәсіпкерлерді субсидиялау шеңберінде банкке/даму банкіне/ислам банкіне/лизингтік компанияға/исламдық лизингтік компанияға өтеусіз және қайтарымсыз негізде қаржы агенттігі төлейтін мерзімді төлемдер;

      24) субсидиялау – болашақта кәсіпкердің операциялық қызметіне

      жататын белгілі бір шарттарды орындауға айырбас ретінде

      кредиттер/лизинг бойынша сыйақы ретінде банкке/даму банкіне/лизингтік

      компанияға кәсіпкер төлейтін шығыстарды ішінара өтеу үшін

      пайдаланылатын кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылай қолдау нысаны;

      25) субсидиялау шарты – қаржы агенттігі/банк/даму

      банк/лизингтік компания және кәсіпкер арасында жасалатын үшжақты

      жазбаша келісім, оның шарттары бойынша қаржы агенттігі кәсіпкердің

      банк/даму банк/лизингтік компания берген кредиті/лизингі бойынша

      сыйақы мөлшерлемесін кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін

      нысан бойынша ішінара субсидиялайды;

      26) уәкілетті орган – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган;

      27) үшінші бағыт – кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін

      төмендету.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 08.06.2016 № 244 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Шарттың нысанасы

      2. Осы Шарттың талаптары бойынша Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі республикалық бюджет және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан нысаналы трансферт қаражаты есебінен жергілікті бюджетке берілген, субсидиялау мен кепілдік беру үшін көзделген қаражатты қаржы агенттігіне аударады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 08.06.2016 № 244 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Тараптардың құқықтары және міндеттері

      3. Қаржы агенттігі:

      1) осы Шартта белгіленген міндеттемелерді орындау мерзімдерінің

      сақталуына бақылауды жүзеге асыруға және олардың уақтылы орындалуын

      талап етуге;

      2) Бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісінің осы Шарт бойынша

      ақшалай қаражатты уақтылы аударуын бақылауға және талап етуге;

      3) Қаржы агенттігі Бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісіне

      кәсіпкерлерді субсидиялауға арналған қаражатты аудару қажеттігінің

      туындағаны туралы хабарламаны жіберген жағдайда және хабарлама

      жіберілген күннен бастап бір ай ішінде қаражатты алмаған жағдайда,

      қаржы агенттігі Бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісінен қажетті

      қаражатты алғанға дейін банкке/даму банкіне/ислам банкіне/лизингтік

      компанияға/исламдық лизингтік компанияға субсидияларды аудармауға;

      4) Қағидаларда және Қазақстан Республикасының заңнамасында

      көзделген жағдайларда субсидиялар төлеуді тоқтатуға құқылы.

      4. Қаржы агенттігі:

      1) банкте/даму банкінде/ислам банкінде/банк-төлем агентінде

      ашылған арнайы ағымдағы шотқа субсидиялардың сомасын аударуға;

      2) Бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісіне кәсіпкерлерді

      субсидиялау үшін қаражат аудару қажеттігінің туындағаны туралы

      уақтылы хабарлауға;

      3) Қаржы агенттігі әрбір кепілдік беру шартына қол қойылғаннан

      кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісіне

      тиісті жазбаша хабарлама жібереді;

      4) Бағдарламада көзделген мониторингті жүргізуге міндеттенеді;

      5) Бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісіне кәсіпкерлерді

      субсидиялауға арналған қаражатты аудару қажеттігінің туындағаны

      туралы хабарлайды.

      5. Бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісі кәсіпкерлердің

      субсидияларының төленуіне бақылауды жүзеге асыруға құқылы.

      6. Бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісі:

      1) қаржы агенттігіне субсидиялау үшін қаражат аударуға;

      2) Бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісі субсидиялау үшін

      көзделген қаражат келіп түскен сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні

      ішінде тиісті қаржы жылында Бағдарламаның бірінші, екінші және үшінші

      бағыттарын іске асыру үшін бөлінген соманың 50 %-ы мөлшеріндегі

      қаражатты қаржы агенттігіне, қаржы агенттігі көрсеткен шотқа

      аударуға;

      3) Бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісі қаржы агенттігінен

      хабарламаны алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Кепілдік беру

      шартында белгіленген, берілген әрбір кепілдік сомасының 20 %-ы

      мөлшерінде қаржы агенттігіне ақы төлеуге;

      4) Бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісі кәсіпкердің құжаттарын

      қабылдауға және жобаларды субсидиялау және кепілдік беру үшін

      бөлінген қаражаттың шегінде ғана ӨҮК-тің қарауына шығаруға;

      5) Бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісі қаржы агенттінінің

      хабарламасын алғаннан кейін 1 (бір) ай ішінде төлемдер жөніндегі

      қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізуге және аударуға

      міндеттенеді.

4. Тараптардың жауапкершілігі

      7. Осы Шартта Тараптардың әрқайсысы осы Шарттан туындайтын

      міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты

      болады.

      8. Бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісі мен қаржы агенттігінің

      арасында тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-не

      дейінгі мерзімде есептелген қаражат және осы Шарттың шеңберінде

      субсидиялау көлемі бойынша салыстырып тексеру актілеріне қол

      қойылады.

      9. Бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісі мен қаржы агенттігінің

      арасында тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың 25-не дейінгі

      мерзімде есептелген қаражат және кепілдік беру көлемі бойынша

      салыстырып тексеру актілеріне қол қойылады.

5. Еңсерілмейтін күш жағдайлары

      10. Еңсерілмейтін күш жағдайлары – кез келген Тараптың Шарт

      бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара орындауы мүмкін

      болмайтын жағдайлар (су тасқындарын, жер сілкіністерін, жарылыстарды,

      дауылдарды, індеттерді, эпизоотияларды, стихиялық өрттерді,

      ереуілдерді, соғысты, көтерілістерді, мемлекеттік органдардың ресми

      актілерін қоса алғанда, бірақ бұлармен шектелмейді). Бұл ретте

      еңсерілмейтін күш жағдайларының сипаты, әрекет ету кезеңі, басталу

      фактісі уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті құжаттарымен

      расталуға тиіс.

      11. Егер Тараптар еңсерілмейтін күш жағдайларының салдарынан

      Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны үшін немесе тиісінше

      орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

      12. Еңсерілмейтін күш жағдайлары басталған кезде Шарт бойынша

      өзінің міндеттемелерін орындауы мүмкін болмаған Тарап осындай

      жағдайлар басталған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде басқа

      Тарапқа осындай жағдайлар жөнінде уақтылы хабарлауға тиіс.

      13. Уақтылы хабарлама болмаған жағдайда, Тарап басқа Тарапқа

      хабарламаудың немесе уақтылы хабарламаудың салдарынан келтірілген

      залалды өтеуге міндетті.

      14. Еңсерілмейтін күш жағдайларының туындауы Шартты орындау

      мерзімінің аталған жағдайлар әрекет еткен кезеңге сай ұзартылуын

      туындатады.

      15. Егер осындай жағдайлар 2 (екі) айдан астам уақытқа созылса,

      онда Тараптардың әрқайсысы Шарт бойынша міндеттемелерді одан әрі

      орындаудан бас тартуға құқылы.

6. Дауларды шешу

      16. Шартқа байланысты немесе одан туындайтын барлық даулар және

      келіспеушіліктер Тараптардың арасында келіссөздер арқылы шешіледі.

      Реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот

      тәртібімен шешіледі.

7. Шарттың талаптарын өзгерту

      17. Шарттың ережелері Қазақстан Республикасының заңнамасында

      көзделген тәртіппен өзгертілуі және (немесе) толықтырылуы мүмкін.

      Тараптардың келісімі бойынша жазбаша нысанда жасалған және

      Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған және фирмалық мөрмен

      бекітілген өзгерістер мен толықтырулар ғана жарамды және Тараптар

      үшін міндетті болып танылады.

8. Қорытынды ережелер

      18. Тараптардың құқықтық мәртебесі өзгерген жағдайда, Шарт

      бойынша және Шартты орындау жөніндегі барлық құқықтар мен міндеттер,

      оның ішінде туындаған даулар мен келіспеушіліктерді реттеуге

      байланысты туындаған құқықтар мен міндеттер Тараптардың құқықтық

      мирасқорларына өтеді.

      19. Осы Шарт Тараптардың осы Шарттың мәніне байланысты толық

      өзара түсіністігі болып табылады және олардың арасында Шарттың мәніне

      қатысты болған барлық бұрынғы жазбаша немесе ауызша келісімдер мен

      уағдаластықтарды алмастырады.

      20. Осы Шарт Тараптардың әрқайсысы үшін мемлекеттік және орыс

      тілдерінде ___ (__________) данадан әрқайсысының заңды күші бірдей

      мемлекеттік және орыс тілдерінде ___ (______) бірдей данада жасалды.

      21. Осы Шарт барлық Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне

      енеді және Тараптар Шарт бойынша өздерінің міндеттемелерін толық

      орындағанға дейін қолданылады.

      22. Осы Шартта көзделмеген қалған барлық жағдайларда Тараптар

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.

      23. Тараптардың заңды мекенжайлары, банктік деректемелері және

      қолдары.

Бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісі

" " мемлекеттік мекемесі

Қаржы агенттігі

"Даму" кәсіпкерлікті дамыту

қоры" акционерлік қоғамы

Қазақстан Республикасы

__________________________ қаласы

__________________________ көшесі

тел.______________________

БСН ______________________

ЖСК KZ ___________________

БСК ______________________

КБЕ ______________________

"_________" мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы

__________________________ қаласы

__________________________ көшесі

тел.______________________

БСН ______________________

ЖСК KZ ___________________

БСК ______________________

КБЕ ______________________

"__________" АҚ

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 26 қарашадағы
№ 736 бұйрығына
2-қосымша

      нысан

№ ___ субсидиялау шарты

_____ қ.

20___ жылғы "___" __________

      Бұдан әрі "қаржы агенттігі" деп аталатын "Даму" кәсіпкерлікті

      дамыту қоры" акционерлік қоғамының атынан _____________ негізінде

      әрекет ететін __________________________________________ бір тараптан

      және бұдан әрі "банк/лизингтік компания" деп аталатын "_______

      банк/даму банкі/лизингтік компания" акционерлік қоғамының/ЖШС-нің

      атынан _____________ негізінде әрекет ететін

      _____________________________________________________ екінші тараптан

      және бұдан әрі "Алушы" деп аталатын __________________________ атынан

      _____________ негізінде әрекет ететін

      _______________________________________, бірлесіп "Тараптар", ал жеке

      алғанда "Тарап" деп немесе жоғарыда көрсетілгендей аталып,

      төмендегілер туралы осы субсидиялау шартын (бұдан әрі – Шарт):

      "Бизнестің жол картасы -2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы 2020" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысына (бұдан әрі – Бағдарлама);

      "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Субсидиялау қағидалары);

      жөніндегі Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының 20___ жылғы ___________ № ____ хаттамасына сәйкес жасалды.

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 08.06.2016 № 244 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Терминдер мен анықтамалар

      1. Осы Шартта мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар

      қолданылады:

      1) жоба – кіріс алуға бағытталған және Қазақстан

      Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бастамашылық қызмет

      ретінде кәсіпкер жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметтің түрлі

      бағыттарындағы іс-қимылдар мен іс-шаралардың жиынтығы. Бір жобаның

      аясында бірнеше қаржыландыру алуға болады;

      2) Өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – ӨҮК) – облыстардың,

      Астана және Алматы қалаларының әкімдері құратын және басқаратын

      консультативтік-кеңесші орган, жалпы санының кемінде 50 %-ына

      бизнес-қоғамдастықтың өкілдері қатысады;

      3) субсидиялау – болашақта кәсіпкердің операциялық қызметіне

      жататын белгілі бір шарттарды орындауға айырбас ретінде

      кредиттер/лизинг бойынша сыйақы ретінде банкке/лизингтік компанияға

      кәсіпкер төлейтін шығыстарды ішінара өтеу үшін пайдаланылатын

      кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылай қолдау нысаны.

2. Шарттың нысанасы

      2. Осы Шарттың талаптары бойынша қаржы агенттігі ______________

      (қаржы ұйымының атауы) алынған кредит бойынша Алушының сыйақы

      мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды мынадай талаптарда жүзеге

      асырады:

Банктік қарыз шарты/

Қаржылық лизинг шарты

______________ жылғы № ____

Нысаналы мақсаты


Осы Шарт жасалған күндегі

кредиттің/лизингтің сомасы


Кредиттің/лизингтің

валютасы


Сыйақы мөлшерлемесі


Кредиттің/лизингтің мерзімі



      3. Субсидиялау қағидаларына сәйкес субсидиялау республикалық бюджет қаражатының есебінен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген нысаналы трансферт есебінен жүргізіледі.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 08.06.2016 № 244 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Осы Шарт жасалғаннан кейін банк/лизингтік компания қаржы

      агенттігіне мынадай құжаттарды:

      1) өтеу кестесін қоса бере отырып, Алушымен жасалған банктік

      қарыз шартын/қаржылық лизинг шартын (лауазымды тұлғаның қолымен және

      банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның мөрімен расталған

      көшірме);

      2) жаңа кредиттің/лизингтің берілгені туралы банктің/лизингтік

      компанияның анықтамасын немесе Алушының жаңа кредитті/лизингті алу

      фактісін растайтын құжатты береді.

      5. Субсидиялау Бағдарламаның "______________________" (бағыттың

      аты) _______________бағытының шеңберінде жүзеге асырылады.

      6. Кредит/лизинг бойынша ________ мөлшеріндегі сыйақы

      мөлшерлемесінің бір бөлігі субсидиялануға жатады, бұл ретте осы

      Шарттың қосымшасына сәйкес Субсидиялау шартының өтеу кестесіне сәйкес

      нысан бойынша сыйақы мөлшерлемесінің ______ мөлшеріндегі бір бөлігін

      қаржы агенттігі төлейді, ал сыйақы мөлшерлемесінің ________

      мөлшеріндегі қалған бөлігін Алушы төлейді.

      7. Мерзімі өткен несиелік берешек бойынша банк/даму

      банкі/лизингтік компания есептеген және Алушы төлемеген сыйақылар

      субсидиялануға жатпайды.

      8. Субсидиялау мерзімі __________________ жылдан бастап

      саналады.

      9. Қаржы агенттігі осы Шарттың қосымшасына сәйкес Субсидиялау

      шартының өтеу кестесіне сәйкес нысан бойынша субсидиялау үшін

      көзделген қаражатты банкте/банк-төлем агентінде ашылған ағымдағы

      шотқа ай сайын аванстық төлемдермен аударуды жүзеге асырады.

      10. Субсидиялау мерзімінің басталуы: ____________ ж.

      11. Қаржы агенттігі осы Шартқа қол қойылғаннан кейін

      субсидияларды төлейді.

      12. Тараптар осы Шарттың шеңберінде төлем жасалатын күн демалыс

      күніне немесе мереке күніне сай келген жағдайда төлем аталған күннен

      кейінгі жұмыс күні жасалады деп келісті.

3. Тараптардың құқықтары және міндеттері

      13. Қаржы агенттігі осы Шарттың талаптарында субсидиялау үшін

      жеткілікті соманы банкте/банк-төлем агентінде ашылған ағымдағы шотқа

      уақтылы толтыруға міндетті.

      14. Қаржы агенттігі:

      1) республикалық бюджеттен қаражат алмаған және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан нысаналы трансферт алмаған жағдайда, субсидияларды аудармауға;

      2) қаражаттың нысаналы пайдаланылуы тұрғысында Алушыға

      тексерулер жүргізуге құқылы. Алушыдан кредиттің нысаналы

      пайдаланылуын растайтын құжаттар мен мәліметтерді талап етуге;

      3) банктен/лизингтік компаниядан Алушы туралы, сондай-ақ

      Бағдарламаға қатысатын банктік қарыз шартының/қаржылық лизинг

      шартының іске асырылуы туралы құжаттарды және ақпаратты сұратуға және

      алуға;

      4) банкке/лизингтік компанияға және Алушыға алдын ала жазбаша

      хабарлай отырып, банк/лизингтік компания мен Алушының арасындағы

      банктік қарыз шартында/қаржылық лизинг шартында көзделген құқықтардың

      шеңберінде Жоба іске асырылатын жерге жарты жылда кемінде 1 (бір) рет

      бара отырып, жобаның және (немесе) Алушының Бағдарлама талаптарына

      сәйкестігіне мониторингті, субсидиялау жүзеге асырылатын қаражаттың

      нысаналы пайдаланылуына мониторингті жүзеге асыруға;

      5) уәкілетті органға есеп беру мақсатында кредиттер/лизинг

      бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау бөлігінде Бағдарламаның іске

      асырылуына мониторингті жүзеге асыруға құқылы. Осыған байланысты осы

      Шарт қолданылған мерзім ішінде Бағдарламаны іске асыру шеңберінде

      Алушыдан оның қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы

      қажетті мәліметтерді қосымша сұратуға;

      6) осы Шартта белгіленген, Тараптар үшін көзделген Алушының

      міндеттемелерді орындау мерзімінің сақталуын бақылауды жүзеге асыруға

      және Алушының оларды уақтылы орындауын талап етуге;

      7) жедел қызметіне араласпай, банкке/лизингтік компанияға бара

      отырып, банкке жазбаша хабарлаумен осы Шарттың іске асырылуына

      тексеруді жүзеге асыруға;

      8) жобаның және (немесе) Алушының Бағдарламаның талаптарына

      және (немесе) ӨҮК шешіміне сәйкес келмеуі, жаңа кредитті мақсатсыз

      пайдалану/Алушының қаржылық лизинг шарты бойынша лизинг нысанасын

      алмауы, банктік қарыз шарты/қаржылық лизинг шарты бойынша мерзімі

      өткен берешегінің болуы, сонымен қатар шоттарға тыйым салу және

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген лизинг нысанасын

      кері талап ету жағдайлары анықталған кезде субсидиялауды тоқтата

      тұруға құқылы;

      9) Алушыны субсидиялауды тоқтату туралы мәселені ӨҮК-тің

      қарауына шығаруға;

      10) жарнама науқанын жүргізген кезде, қаржы агенттігінің ресми

      сайтында ақпаратты орналастырған кезде осы Шартты орындау шеңберінде

      Алушыдан немесе Банктен алынған Алушы туралы ақпаратты пайдалануға,

      сондай-ақ Алушыдан алынған келісіммен оны үшінші тұлғаларға беруге;

      11) Субсидиялар қағидаларында көзделген жағдайларда осы Шартты

      соттан тыс тәртіппен мерзімінен бұрын біржақты бұзуға құқылы.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 08.06.2016 № 244 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Алушы:

      1) банктік қарыз шарты/қаржылық лизинг шарты бойынша өз

      міндеттемелерін уақтылы және толық көлемде орындауға;

      2) банкке/лизингтік компанияға сыйақы мөлшерлемесінің

      субсидияланбайтын бір бөлігінде сыйақыны банктік қарыз

      шартына/қаржылық лизинг шартына сәйкес өтеу кестесіне сай төлейді;

      3) қаржы агенттігіне жазбаша сұратуы бойынша кредиттің нысаналы

      пайдаланылуына, жобаның және (немесе) Алушының Бағдарлама талаптарына

      сәйкестігіне жоба іске асырылатын аумақта тексерулер жүргізу құқығын

      беруге;

      4) қаржы агенттігінің жазбаша сұратуы бойынша бағдарламаның,

      банктік қарыз шартының/қаржылық лизинг шартының және осы Шарттың

      талаптарын орындауға байланысты құжаттар мен ақпаратты беруге;

      5) қаржы агенттігінің бірінші талабы бойынша қаржы агенттігіне

      Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық құпия

      болып табылатын, Бағдарламаның тиімділігін мониторингілеу үшін қаржы

      агенттігі пайдаланатын мынадай:

      кірістер;

      жұмыскерлер саны;

      жұмыскерлердің есептелген кірістері және жеке тұлғаларға өзге

      де төлемдер бойынша шығыстар;

      бір жұмыскерге орташа айлық жалақы;

      салықтық төлемдер сомасы туралы мәліметтерді Қазақстан

      Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің қаржы

      агенттігіне ұсынуға келісімін беру туралы өтінішті қаржы агенттігіне

      беруге;

      6) тараптардың алдын ала жазбаша келісімінсіз осы Шарттың

      талаптары және оны іске асыру туралы ақпаратты үшінші тұлғаларға

      бермеуге және жария етпеуге міндетті.

      16. Алушы:

      1) қаржы агенттігінен банкке/лизингтік компанияға сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бір бөлігінде субсидияларды төлеуді талап етуге;

      2) субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 75 күннен кешіктірмей банкке/лизингтік компанияға субсидиялау шартының қолданылу мерзімін ұзартуға өтінім беруге құқылы.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 08.06.2016 № 244 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Банк/лизингтік компания:

      1) Осы Шарт жасалғаннан кейін осы Шарттың барлық қолданылу мерзімінде Алушының кредиті/лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемесін ұлғайтпауға;

      2) Осы Шарт Субсидиялау қағидаларында көзделген мерзімде уақтылы жасалмаған жағдайда кідірту себептерін түсіндіре отырып, ресми хатпен қаржы агенттігін хабардар етуге міндетті;

      3) қаржы агенттігінің тиісті хабарламасының негізінде Алушының жобасы бойынша қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан субсидиялардың сомасын ай сайын есептен шығаруды жүзеге асыруға міндетті, бұл ретте банктің/лизингтік компанияның шоттардағы қаражаттың ағымдағы жалпы қалдықтарын есептен шығаруға құқығы жоқ. Кәсіпкер кредит/лизинг бойынша жоспарлы төлемді нақты өтеген күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткеннен кейін сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бір бөлігін өтеу үшін қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан субсидиялар сомасы есептен шығарылған жағдайда банк/лизингтік компания қаржы агенттігіне 100 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді;

      4) Алушы кредит/лизинг бойынша төлемді уақтылы өтемеген жағдайда, оның ішінде сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бір бөлігін уақтылы өтемеген жағдайда немесе Алушы 3 (үш) ай қатарынан (қаржылық лизинг шарты бойынша қатарынан 2 (екі) және одан көп рет) банктің/лизингтік компанияның алдында төлемдерді төлеу бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайда, Алушы берешекті өтегенге дейін сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бір бөлігін өтеу үшін қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан қаражатты есептен шығаруды жүргізбеуге және бұл туралы қаржы агенттігіне 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабарлауға міндетті. Осы тармақшада көзделген жағдайлар басталған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткеннен кейін хабарламаған/хабарлаған жағдайда, банк/лизингтік компания қаржы агенттігіне 100 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді;

      5) Алушының кредиті/лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау тоқтатылған, Алушының кредиті/лизингі бойынша негізгі борыш мерзімінен бұрын ішінара/толық өтелген жағдайда,

      7 (жеті) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне өзара есеп айырысулардың салыстырып тексеру актісін беруге міндетті. Бұл ретте банк/лизингтік компания салыстырып тексеру актісінде іс жүзінде есептен шығарылған субсидиялардың сомасы мен күндерін көрсетеді, ал қаржы агенттігі субсидиялардың аударылған сомасы мен күндерін көрсетеді. Алушы негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара/толық өтеген күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткеннен кейін хабарламаған/хабарлаған жағдайда, банк/лизингтік компания қаржы агенттігіне 100 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді;

      6) Алушы субсидиялардың сомасын дербес төлеген жағдайда, кейін, қаржы агенттігі қаражатты өтеген кезде қаржы агенттігі хабарламасының негізінде субсидиялардың тиісті сомасын есептен шығаруға және Алушының ағымдағы шотына аударуға;

      7) қаржы агенттігіне Алушының субсидияланатын кредитінің/лизингінің төлем тәртібіне қатысты деректерді беруге;

      8) жобаға мониторинг жүргізу үшін қажетті құжаттарды беруге, қаржы агенттігімен және Алушымен мониторингтік есептерге қол қоюға;

      9) осы Шарттың талаптарын орындауға әсерін тигізуі мүмкін барлық жағдайлар туралы қаржы агенттігіне уақтылы хабарлауға;

      10) осы Шарттың қолданылау мерзімі ішінде кредиттің/лизингтің сомасын және (немесе) кредит/лизинг бойынша сыйақының номиналдық мөлшерлемесін өзгертпеуге;

      11) банк/лизингтік компания тарапынан Бағдарламада көзделген өндіріп алынуы мүмкін комиссияны қоспағанда, ӨҮК қолданыстағы кредитті/қаржылық лизинг шартын субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда, Алушыға бұрын алынған комиссияларды, алымдарды және (немесе) ағымдағы қаржы жылындағы басқа да төлемдерді өтеуге;

      12) Алушы кредит/лизинг бойынша негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара/толық өтеген жағдайда, қаржы агенттігіне кредит/лизинг бойынша негізгі борыштың мерзімінен бұрын ішінара/толық өтелу фактісі туралы хабарлауға міндетті.

      Алушының кредиті/лизингі бойынша негізгі борыш мерзімінен бұрын ішінара өтелген жағдайда, банк/лизингтік компания банктік қарыз шартына/қаржылық лизинг шартына қосымша келісім жасаған кезде қаржы агенттігіне негізгі борышты ішінара өтеу күнінен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде төлемдерді өтеу кестесін өзгерте отырып, субсидиялау шартына тиісті қосымша келісімді қоса берумен банктік қарыз шартына/қаржылық лизинг шартына қосымша келісімнің көшірмесін жолдайды;

      13) қаржы агенттігінен субсидиялар сомасын атаулы аудару туралы хабарлама алмаған жағдайда, Алушыға сыйақы мөлшерлемесін толық көлемде өтеу туралы хабарлауға;

      14) осы Шарттың 16-тармағының 2-тармақшасына сәйкес келіп түскен Алушының өтінімін қарау нәтижесі оң болған кезде ӨҮК-ке күнтізбелік 60 күннен кешіктірмей субсидиялау шартының қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтініш жасауға міндетті.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 08.06.2016 № 244 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Банк/ лизингтік компания:

      қаржы агенттігінен осы Шарттың шеңберінде көзделген

      субсидияларды уақтылы аударуды талап етуге;

      субсидиялау тоқтатылған жағдайда банк қолданыстағы кредит

      бойынша Алушыға бұрын қолданыста болған қаржыландыру шарттарын (оның

      ішінде сыйақы мөлшерлемесін, комиссияларды, алымдарды және (немесе)

      басқа төлемдерді және өзге де шарттарды) белгілеуге құқылы.

4. Шарттың қолданылу мерзімі

      19. Осы Шарт субсидиялау мерзімінің басталуын ескере отырып,

      Тараптар оған қол қойған күнінен бастап күшіне енеді және 20___ жылғы

      _____________ дейін, ал орындалмаған міндеттемелер бөлігінде олар

      толық орындалғанға дейін қолданылады.

      20. Қаржы агенттігі Субсидиялау қағидаларында көрсетілген

      жағдайларда осы Шартты біржақты тәртіппен бұзады.

5. Жауапкершілік

      21. Тараптар осы Шарт бойынша осы Шарттан туындайтын

      міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін

      осы Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес

      жауапкершілікте болады.

      22. Кредитті/лизингті уақтылы және толық қайтару бойынша

      міндеттемелерді тиісінше орындамағаны және сыйақы мөлшерлемесінің

      субсидияланбайтын бір бөлігін өтемегені үшін банктің/лизингтік

      компанияның алдындағы барлық жауапкершілікті Қазақстан

      Республикасының қолданыстағы заңнамасына және банктік қарыз

      шартына/қаржылық лизинг шартына сәйкес Алушы атқарады. Бұл ретте

      осындай жауапкершілікті ешбір жағдайда қаржы агенттігіне жүктеуге

      болмайды.

6. Еңсерілмейтін күш жағдайлары

      23. Егер форс-мажор жағдайларының салдарынан Тараптар осы Шарт бойынша өздерінің міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

      24. Форс-мажор жағдайлары туындаған кезде осы Шарт бойынша өз

      міндеттемелерін орындауы мүмкін болмаған Тарап осындай жағдайлар орын

      алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде басқа Тарапқа осындай

      жағдайлар туралы уақтылы хабарлайды. Бұл ретте форс-мажор

      жағдайларының сипаты, әрекет ету кезеңі, басталу фактісі уәкілетті

      мемлекеттік органдардың тиісті құжаттарымен расталуы тиіс.

      25. Уақтылы хабарлама болмаған жағдайда, Тарап басқа Тарапқа

      хабарламаудың немесе уақтылы хабарламаудың салдарынан келтірілген

      зиянды өтейді.

      26. Форс-мажор жағдайларының туындауы осы Шартты орындау

      мерзімінің аталған жағдайлар әрекет еткен кезеңге сай ұзартылуын

      туындатады.

      27. Егер осындай жағдайлар қатарынан 3 (үш) айдан астам уақыт

      созылса, онда кез келген Тарап осы Шарт бойынша міндеттемелерді одан

      әрі орындаудан бас тартуға құқылы.

7. Дауларды шешу

      28. Осы Шартты орындауға байланысты туындаған қандай да бір дау

      болған жағдайда, кез келген Тарап барлық дауларды келіссөздер арқылы

      реттеуге күш-жігерлерін салады.

      29. Егер туындаған дауды келіссөздер арқылы шешу мүмкін

      болмаса, осы дау және оған қатысты басқа да мәселелер Қазақстан

      Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі және реттеледі.

8. Құпиялылық

      30. Осы арқылы Тараптар осы Шарттың талаптарына қатысты болатын

      ақпараттың, банктік құпияның, сондай-ақ қаржылық, коммерциялық және

      осы Шартты жасасу және орындау барысында алынған басқа да ақпараттың

      құпия болып табылатынымен және осы Шартта және Қазақстан

      Республикасының қолданыстағы заңнамасында тікелей көзделген

      жағдайларды қоспағанда, аталған ақпаратты үшінші тұлғаларға жария

      етуге болмайтынымен келіседі.

      31. Осы Шартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында

      тікелей көзделген жағдайларда ғана Тараптың құпия ақпаратты үшінші

      тұлғаларға беруіне, оны жариялауына немесе басқа да жолмен жария

      етуіне болады.

      32. Тараптар осы Шарттың барының және оның талаптарының

      құпиялылығын сақтау үшін барлық қажетті шараларды, оның ішінде

      құқықтық сипаттағы шараларды қабылдайды. Тараптардың лауазымды

      тұлғаларына және қызметкерлеріне осы Шартты іске асыру барысында

      алынған мәліметтерді үшінші тұлғаларға жария етуге немесе беруге

      тыйым салынады.

      33. Кез келген Тарап осы Шарттың талаптарын бұза отырып құпия

      ақпаратты жария еткен немесе таратқан жағдайда, кінәлі Тарап осындай

      ақпаратты жария етудің салдарынан басқа Тарапқа келтірілген ықтимал

      зиянды өтей отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген

      жауапкершілікті атқаратын болады.

      34. Алушы осы Шартқа қол қоя отырып, қаржы агенттігіне Алушының

      алдын ала жазбаша келісімінсіз бұқаралық ақпарат құралдарында Алушы

      туралы мәліметтерді орналастыруға, сондай-ақ осы Шарттың шеңберінде

      алынған Алушы туралы кез келген мәліметтерді (оның ішінде банктік

      құпияны) үшінші тұлғаларға жария етуге келісім береді.

9. Қорытынды ережелер

      35. Осы Шартқа қол қоюмен Алушы қаржы агенттігіне:

      1) субсидиялау жүзеге асырылатын осы Кредит шарты шеңберінде

      қаржы агенттігі алған ақпарат пен құжаттарды, оның ішінде банктік

      және коммерциялық құпияны мүдделі үшінші тұлғаларға беруге;

      2) қаржы агенттігінің бұқаралық ақпарат құралдарында Алушының

      атауын, жоба іске асырылатын өңірдің атауын, Алушы жобасының атауы

      мен сипаттамасын, сондай-ақ саласын жариялауына келісім береді.

      36. Алушы қаржы агенттігіне мыналарды мәлімдейді және оларға

      кепілдік береді:

      1) Алушы осы Шартта көрсетілген растаулар мен кепілдіктердің

      шынайы екенін және шындыққа сәйкес келетінін растайды;

      2) Қаржы агенттігі көрсетілген растаулар мен кепілдіктердің

      шындыққа сәйкес келетінін тексеруге міндетті емес;

      3) Алушы өз бизнесіне, қаржылық жағдайына, активтеріне және

      өзінің міндеттемелері бойынша жауап беру қабілетіне кері әсерін

      тигізуі мүмкін ешқандай жағдайлардан хабардар емес.

      37. Осы Шарттың ережелері өзгертілуі және (немесе) толықтырылуы

      мүмкін. Осы Шартта көзделген жағдайларды қоспағанда, Тараптардың

      келісімі бойынша жазбаша нысанда жасалған және Тараптардың уәкілетті

      өкілдері қол қойған өзгерістер мен толықтырулар ғана Тараптар үшін

      жарамды және міндетті болып танылады.

      38. Осы Шарт Тараптардың әрқайсысы үшін мемлекеттік және орыс

      тілдерінде ___ (__________) данадан әрқайсысының заңды күші бірдей

      мемлекеттік және орыс тілдерінде ___ (______) бірдей данада жасалды.

      39. Осы Шартта көзделмеген қалған барлық жағдайларда Тараптар

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.

10. Тараптардың мекенжайлары, банктік деректемелері және қолдары

Қаржы агенттігі

Банк/

лизингтік компания

Алушы

_______________

М.О.

_______________

М.О.

_______________

М.О.

  Субсидиялау шартына
қосымша

      нысан

Субсидиялау шартына өтеу кестесі

      Сәйкестендіру коды: (IBAN форматындағы бірегей 20 таңбалы код)

Негізгі борышты өтеу күні

Негізгі борыштың қалдық сомасы

Негізгі борышты өтеу сомасы

Қаржы агенттігі төлейтiн сыйақы сомасы

Алушы төлейтiн сыйақы сомасы

Есептелген сыйақы сомасының жиыны


























Қаржы агенттігі

Банк/

лизингтік компания

Алушы

________________

М.О.

______________

М.О.

________________

М.О.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 26 қарашадағы
№ 736 бұйрығына
3-қосымша

      нысан

№ _____ кепілдік шарты

__________ қ.

20___ ж. "___" ____________

      Бұдан әрі "Кепілгер" деп аталатын "Даму" кәсіпкерлікті дамыту

      қоры" акционерлік қоғамының атынан ________ негізінде әрекет ететін

      ________ бір тараптан,

      бұдан әрі "Банк" деп аталатын "_______" акционерлік қоғамының

      атынан ________ негізінде әрекет ететін ________ екінші тараптан және

      бұдан әрі "Қарыз алушы" деп аталатын ___________________________ атынан _____________________________

      (Қарыз алушының толық атауы)

      ______________________________________________ негізінде әрекет ететін _____________________________________ үшінші тараптан,

      бұдан әрі бірлесіп Тараптар, ал жеке алғанда жоғарыда көрсетілгендей немесе "Тарап" деп аталатындар,

      "Бизнестің жол картасы - 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы 2020" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысына (бұдан әрі – Бағдарлама);

      "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидаларына (бұдан әрі – Кепілдік беру қағидалары) сәйкес жасасты.

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 08.06.2016 № 244 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Терминдер мен анықтамалар

      1. Осы Шартта мынадай анықтамалар қолданылады:

      1) банктік кредит (бұдан әрі – кредит) – банктік қарыз шартының

      негізінде мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және

      нысаналы пайдалану шарттарында Банк Кәсіпкерге беретін ақшалай

      қаражат сомасы.

      Ислам банкі үшін кредит қаржыландыру – Кәсіпкерге Ислам банкі

      қаржыландыру шартына сәйкес ұсынатын тауар үшін төлемді кейінге

      шегеру немесе бөліп төлеу ретінде түсініледі;

      2) банктік қарыз шарты – банк пен кәсіпкер арасында жасалған

      жазбаша келісім, оның шарттары бойынша банк кәсіпкерге кредит,

      сондай-ақ банкте кредит желісін ашу туралы келісім береді.

      Ислам банкі үшін банктік қарыз шарты қаржыландыру шарты - Ислам

      банкі мен Кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім ретінде

      түсініледі, оның шарттары бойынша Ислам банкі Кәсіпкерге - тауарларды

      сатып алушыға немесе сатушыға коммерциялық кредит береді. Бас

      қаржыландыру келісімі де қаржыландыру шартына жатады, оның шеңберінде

      Ислам банкі мен Кәсіпкер коммерциялық кредит беру (қаржыландыру)

      туралы жеке шарттар жасасады. Тауар сатудың тауардың бағасы мен

      тауардың үстеме бағасынан қалыптасатын бағасы бойынша төлемді кейінге

      қалдыру немесе бөліп төлеу арқылы Кәсіпкерге (бұдан әрі – Қарыз

      алушы) тауар сату жолымен саудадағы делдал ретінде Кәсіпкердің сауда

      қызметін Ислам банктерінің қаржыландыруы коммерциялық кредит деп

      түсініледі;

      3) кепілдік – банктік қарыз шарты бойынша негізгі борыштың бір

      бөлігін төлеу бойынша кепілдік шартынан туындайтын кәсіпкер

      міндеттемелерін орындау үшін кепілдік сомасының шегінде Қаржы

      агенттігінің Банк алдында жауап беру міндеттемесі;

      4) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – кредит бойынша сыйақының

      банктік қарыз шартын жасасу кезінде сол шартта белгіленген

      мөлшерлемесі, оны банктік қарыз шартында көзделген жағдайларда Банк

      бір жақты тәртіппен не тараптардың келісімі бойынша өзгерте алады.

      Ислам банкі үшін тауардың үстеме бағасы – Ислам банкінің

      коммерциялық кредит беруге байланысты тауар бағасынан түсетін пайыз

      (пайда) түрінде не тіркелген сома түрінде көрсетілуі мүмкін кірісі

      номиналды сыйақы мөлшерлемесі деп түсініледі.

2. Шарттың нысанасы

      2. Осы Шарттың талаптарында Кепілгер Банк алдында Қарыз

      алушының Банк пен Қарыз алушының арасында жасалған кредит шарты

      бойынша есептелген сыйақы, комиссиялар, тұрақсыздық айыбы, өсімақы,

      айыппұл санкцияларының, борышты өндіріп алу бойынша сот шығасыларының

      сомасын, кредит шарты бойынша Қарыз алушының міндеттемелерді

      орындамауынан және (немесе) тиісінше орындамауынан туындаған банктің

      өзге шығындарын есептемегенде, негізгі борыштың бір бөлігін төлеу

      бойынша міндеттемелерін орындауы үшін жауап беруге міндеттенеді:

      1) кредит шартының атауы және нөмірі: ________________________;

      2) кредит шартын жасасу күні: ________________________________;

      3) кредит сомасы: ____________________________________________;

      4) кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі: _______________________;

      5) кредиттің мерзімі: ________________________________________;

      Кредиттің нысаналы мақсаты: __________________________________;

      Осы тармақтағы мәліметтер кредит шартының талаптарына сәйкес

      көрсетіледі.

      3. Осы Шарт бойынша Кепілгердің Банк алдындағы жауапкершілігі

      ________________ (______________) теңге _______________ тиын

      мөлшеріндегі кепілдік сомасымен шектелген, бұл негізгі борыш

      сомасының ___________ % құрайды.

      4. Кепілдік бойынша Кепілгер міндеттемелерінің мөлшері Кепілгер

      орындаған талап сомасына азаяды.

      5. Кепілгер берілген кепілдіктің бастапқы мөлшерін азайтуға

      құқылы емес.

      Бұл ретте кредит желісінің жаңартылмайтын лимиті бойынша

      негізгі борышты өтеу/ішінара өтеу кезінде кепілдік сомасы қатысу

      мөлшеріне көбейтілген негізгі борышты өтеу сомасына тең сомаға

      азайтылады, ол кепілдік сомасының негізгі борыш сомасына пайыздық

      мәндегі арақатынасы болып табылады. Кредит желісінің жаңартылатын

      лимиті бойынша кепілдік сомасы Кредит шартында көрсетілген

      қолжетімділік кезеңі аяқталғаннан кейін жүргізілген негізгі борышты

      өтеу сомасына пропорционалды азайтылады.

      6. Кепілдік Қарыз алушы кредит шарты бойынша негізгі борыш

      сомасын қайтару бойынша міндеттемені орындамаған жағдайда ғана

      орындалуға жатады. Талап қою және Кепілдікті орындау тәртібі осы

      Шартта белгіленеді.

      7. Осы Шартқа қол қою арқылы Қарыз алушы Кепілгерге Қарыз

      алушыға, кредит шарты мен оның орындалуына қатысты кез келген

      ақпаратты, оның ішінде кредит шарты бойынша өтелген сома туралы,

      кредит шарты бойынша несиелік берешектің қалдығы туралы мәліметтерді

      беру құқығын Банкке ұсынады. Қарыз алушы өзі туралы дербес деректерді

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жинауға және өңдеуге

      сөзсіз және қайтарып алынбайтын келісімін де береді (жеке тұлғалар

      үшін).

      8. Қарыз алушы осы Шартқа қол қою арқылы Кепілгердің Кепілгер

      акционеріне және мемлекеттік органдарға мынадай мәліметтерді ұсынуға

      келісімін береді: Қарыз алушының фирмалық атауы, Қарыз алушының

      Бағдарламаға қатысуы, Қарыз алушы жобасының атауы, Қарыз алушының

      жобасы іске асырылатын өңір және сала, кредиттің сомасы және мерзімі,

      кепілдік сомасы, кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі, кепілдік бойынша

      комиссияның мөлшері. Қарыз алушы Кепілгерге осы тармақта көрсетілген

      мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Кепілгердің

      интернет-ресурсында да жариялау құқығын береді.

      9. Кредит шарты бойынша Қарыз алушы міндеттемелерінің

      орындалуын қамтамасыз ету ретінде кредит шартында Қарыз алушы

      міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету ретінде көрсетілмеген

      және (немесе) кредит шартына және (немесе) кепілдік шартына

      Кепілгердің алдын ала жазбаша келісімінсіз енгізілген мүлік,

      құқықтар, кепілдіктер, кепілгерліктер және өзгелері қолданыла

      алмайды.

      Осы талапты сақтамау кепілдіктің тоқтатылуына алып келеді, ал

      Кепілгер кепілдікті толық немесе ішінара орындаған жағдайларда

      Кепілгердің жазбаша талаптарын алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс

      күні ішінде Банктің кепілдік бойынша алған барлық сомасын Кепілгерге

      қайтару міндетінің орындалуына әкеп соғады.

      10. Қамтамасыз етілу ретінде кредит шарты бойынша қабылданған

      мүлік Кепілдік шартының қолданылу мерзімі ішінде Қарыз алушының және

      (немесе) үшінші тұлғаның (Кепілгермен жазбаша келісілген жағдайды

      қоспағанда) басқа міндеттемелері бойынша қамтамасыз етілу ретінде

      қолданылмайды.

      11. Қарыз алушы Кепілгерге кепілдік берген үшін кепілдіктің

      мөлшерінен __% (___ пайыз) мөлшерлемені ескере отырып, комиссия

      төлейді, ол ______________ (_________ жазбаша ________) теңгені

      құрайды.

      12. Кепілдік жарамдылығының міндетті шарты Кепілгердің мынадай

      талаптарды сақтауы болып табылады:

      1. ___________________________________________________________;

      2. ___________________________________________________________;

      3. ___________________________________________________________.

3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      13. Кепілгер:

      1) Банктің талаптарын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні

      мерзімінен кешіктірмей осы Шарттың талаптарында Банк кепілдігі

      бойынша төлем жүргізуге міндетті.

      14. Кепілгер:

      1) Банктен және Қарыз алушыдан осы Шартта белгіленген

      міндеттемелердің орындалуын талап етуге;

      2) Банктен Қарыз алушының кредитті нысаналы пайдаланылуына

      бақылауды және Банк пен Қарыз алушының осы Шартты және (немесе)

      кредит шартын орындауына мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті толық

      және анық ақпаратты, сондай-ақ осы Шартқа байланысты басқа да қажетті

      ақпаратты, оның ішінде банктік, коммерциялық және өзге де заңмен

      қорғалатын құпияны сақтау жөніндегі талаптарды сақтай отырып,

      Кепілгер өкілдерінің Банкке баруы жолымен де ақпарат алуға;

      3) кредит шарты бойынша қаржыландырылған жобаның іске асырылу

      барысын тексеру мақсатында Қарыз алушы жобасының іске асырылу орнына

      баруды жүзеге асыруға;

      4) осы Шарттың талаптарына сәйкес ұсынылған кепілдік сомасының

      шегінде кепілдік бойынша міндеттемелерді орындау туралы Кепілгерге

      қойылатын Банктің талабы осы Шарттың талаптарын бұза отырып қойылған

      болса (бұдан әрі - талап), сондай-ақ осы Шарттың 22-тармағына сәйкес

      Кепілгер жүргізген мониторинг барысында осы Шарттың 4-бөлімінде

      көрсетілген Шарт талаптарының бұзылуы анықталса сәйкес Банкке жазбаша

      дәлелді жауап жіберу жолымен талапты орындаудан бас тартуға;

      5) Қарыз алушы беруі мүмкін, тіпті Қарыз алушы борышын таныған

      және (немесе) Қарыз алушы Банкке өз қарсылығын білдіруден бас тартқан

      жағдайда да Банктің талаптарына қарсылық білдіруге;

      6) Қарыз алушыдан және Банктен Кепілгердің сұранысын алған

      күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні мерзімінен кешіктірмей Қарыз

      алушының Кредит шарты бойынша міндеттемелерді орындауы, оның ішінде

      жасалған Кредит шарты талаптарының жол берілген бұзушылықтары туралы

      ақпарат беруді талап етуге;

      7) Банктен (Кепілгер кепілдік бойынша міндеттемелерді орындаған

      жағдайда) Банктің Қарыз алушыға қоятын талаптарын растайтын құжаттар

      мен ақпаратты беруді және осы талаптарды қамтамасыз ететін құқықтарды

      Кепілгерге осы Шартта белгіленген көлемде беруді талап етуге;

      8) Қарыз алушыдан (Кепілгер кепілдік бойынша міндеттемелерді

      орындаған жағдайда) Кепілгерге кепілдік бойынша жүргізілген төлем

      сомасын толық көлемде өтеуді және Қарыз алушы үшін жауапкершілікпен

      байланысты келтірілген өзге де залалды өтеуді талап етуге;

      9) Қарыз алушының кез келген шотынан Қазақстан Республикасының

      заңнамасында қөзделген тәртіппен осы Шарт бойынша туындаған берешек

      сомасын акцептсіз тәртіпте алуға (есептен шығару) немесе Банкте

      ашылған Қарыз алушының банктік шоттарынан ақшаны банктік шоттарды

      тікелей дебеттеу арқылы есептеп шығаруға құқылы. Қарыз алушының

      банктік шоттарын тікелей дебеттеу үшін осы Шарттың көшірмесі және

      Қарыз алушының Кепілгер алдындағы берешегін растайтын құжаттардың

      көшірмелері негіз болып табылады. Ол Қарыз алушының Банкте ашылған

      шоттарынан тікелей дебеттеу арқылы төлемдерді жүзеге асыруға келісімі

      болып табылады;

      10) осы Шартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында

      көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.

      15. Қарыз алушы:

      1) Банкке растаушы құжаттарды бере отырып, кредитті кредит

      шартында белгіленген нысаналы мақсатына сәйкес пайдалануға;

      2) Банктің және (немесе) Кепілгердің бірінші талабы бойынша

      оның өкілдеріне кредиттің нысаналы пайдаланылуын, оның қамтамасыз

      етілуін және Қарыз алушының қаржы-шаруашылық қызметін оның өндірістік

      (сауда) объектілерін тікелей қарау және (немесе) Банкке және (немесе)

      Кепілгерге қажетті шарттарда (мерзімі, көлемі) қаржы-шаруашылық

      қызметі туралы құжаттар мен ақпаратты беру жолымен тексеруге

      мүмкіндік беруге;

      3) дереу, алайда Кредит шартының талаптары бұзылған күннен

      кейінгі 5 (бес) жұмыс күні мерзімінен кешіктірмей кез келген жағдайда

      Кепілгерге кредит шартының барлық жол берілген бұзушылықтары туралы,

      оның ішінде негізгі борыштың және (немесе) кредитті пайдаланғаны үшін

      сыйақы сомасын төлеудің (қайтару) мерзімін кешіктіру туралы,

      сондай-ақ Қарыз алушының Кредит шарты бойынша өз міндеттемелерін

      орындауға әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін барлық жағдайлар туралы

      жазбаша хабарлауға;

      4) Банк Кредит шарты бойынша міндеттемелерді орындау туралы

      талап қойған жағдайда өз міндеттемелерін тиісінше орындауға қатысты

      қалыптасып отырған жағдайда барлық ақылға сыйымды және қолжетімді

      шаралардың барлығын қабылдауға;

      5) Кепілгер кепілдік бойынша міндеттемелерді орындаған жағдайда

      Кепілгерге толық көлемде Кепілгер кепілдік бойынша жүргізген

      төлемдердің сомасын толық көлемде өтеуге және (Кепілгердің тиісті

      талаптары бар болған жағдайда) Қарыз алушының Кепілгер алдындағы

      берешегінің сомасына есептелген сыйақыны Кепілгер Банкке кепілдік

      бойынша соманы аударған күннен бастап Қарыз алушының ақшаны

      Кепілгерге нақты қайтару күніне дейін Банкке кепілдік бойынша

      төленген сомада төлеуге, Кредит шартында көрсетілген мөлшерлеме

      бойынша, сондай-ақ Қарыз алушы үшін жауапкершілікпен байланысты

      Кепілгер шеккен басқа да шығындарды Кепілгердің талабында көрсетілген

      тәртіппен және мерзімде өтеуге міндетті. Осы Шартта көрсетілген

      Кепілгердің банктік шотына ақшаны аудару күні Қарыз алушының

      Кепілгерге ақшаны нақты қайтару күні болып есептеледі;

      6) Кепілгерден Кредит шарты бойынша міндеттемелердің орындалуы,

      оның ішінде жасалған Кредит шарты талаптарының жол берілген бұзылуы

      туралы ақпаратты беру жөнінде жазбаша сұраным алған кезде оны алған

      күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні мерзімінен кешіктірмей Кепілгерге

      сұранымда көрсетілген ақпаратты жазбаша нысанда беруге;

      7) банк деректемелері және (немесе) орналасқан жері өзгерген

      кезде 3 (үш) жұмыс күні ішінде Банкті және Кепілгерді жазбаша

      хабардар етуге;

      8) Кепілгердің шешімі бойынша Кредит шарты бойынша сатылып

      алынатын жылжымайтын мүлікті сақтандыруды жүзеге асыруға;

      9) осы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындамаған және

      (немесе) тиісінше орындамаған жағдайда Кепілгердің алдында барлық өз

      мүлкімен жауапты болуға;

      10) Кепілгердің бірінші талабы бойынша Кепілгерге Қазақстан

      Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық құпия болып

      табылатын, Бағдарламаның тиімділігін мониторингілеу үшін Кепілгер

      пайдаланатын мынадай:

      кірістер;

      жұмыскерлер саны;

      жұмыскерлердің есептелген кірістері және жеке тұлғаларға өзге

      де төлемдер бойынша шығыстар;

      бір жұмыскерге орташа айлық жалақы;

      салықтық төлемдер сомасы туралы мәліметтерді Қазақстан

      Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің қаржы

      агенттігіне ұсынуға келісімін беру туралы өтінішті Кепілгерге беруге;

      16. Банк:

      1) Кредит шартының талаптары өзгерген кезде (Кепілгер

      жауапкершілігінің ұлғаюына немесе Кепілгер үшін өзге де қолайсыз

      салдарларға әкелетін) дереу, алайда кез келген жағдайда Кредит

      шартына өзгерістер енгізілген күннен кейінгі 10 (он) жұмыс күні

      мерзімінен кешіктірмей Кепілгерге бұл туралы жазбаша хабарлауға

      міндетті.

      2) Кредит шартына Кепілгер жауапкершілігінің ұлғаюына немесе

      Кепілгер үшін өзге де қолайсыз салдарларға әкелетін өзгерістер

      енгізілген кезде Банк Кепілгерден осындай өзгерістерді енгізуге алдын

      ала жазбаша келісім алуға міндетті.

      Шарттың осы тармағының екінші абзацында көрсетілген өзгерістер

      Кредит шартына Кепілгердің алдын ала жазбаша келісімінсіз енгізілген

      жағдайда, кепілдік тоқтатылады;

      2) Кепілгерден Кредит шарты бойынша міндеттемелердің орындалуы,

      оның ішінде жасалған Кредит шарты талаптарының жол берілген

      бұзушылықтары туралы ақпарат беру жөнінде жазбаша сұраным алған кезде

      оны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні мерзімінен кешіктірмей

      Кепілгерге сұранымда көрсетілген ақпаратты жазбаша нысанда ұсынуға;

      3) Қарыз алушының Кредит шарты бойынша өз міндеттемелерін толық

      көлемде орындағаны (оның ішінде міндеттемелерін мерзімінен бұрын

      орындаған жағдайда да) туралы 5 (бес) жұмыс күні мерзімінен

      кешіктірмей Кепілгерге жазбаша хабарлауға;

      4) осы Шартта белгіленген жағдайларда Кепілгерге осы Шартта

      белгіленген тәртіппен және мерзімде ақшаны қайтаруды жүзеге асыруға;

      5) Кепілгер кепілдік бойынша міндеттемелерді орындаған жағдайда

      Кепілгерден Банк алған барлық сома Кредит шарты бойынша негізгі

      борышты өтеуге жіберілуі тиіс;

      6) Кепілгер кепілдік бойынша міндеттемелерді орындаған жағдайда осы Шарттың 31-тармағын орындағаннан кейін 20 (жиырма) жұмыс күні мерзімінен кешіктірмей Кепілгерге Банктің Қарыз алушыға талап қою құқығын куәландыратын құжаттар мен ақпаратты беруге және Кепілгерге бұл талаптарды қамтамасыз ететін құқықтарды осы Шартта белгіленген көлемде беруге міндетті. Банктің құжаттары Кепілгерге түпнұсқаларда, ал мұны жасау мүмкін болмаған жағдайда нотариат куәландырған көшірмелер түрінде тапсырылады. Құжаттарды Банктен Кепілгерге тапсыру құжаттарды қабылдау-тапсыру актісін жасаумен жүзеге асырылады;

      7) Қарыз алушы Кредит шарты бойынша негізгі борышты төлеу

      бойынша өз міндеттемелерін орындамаған (тиісінше орындамаған)

      жағдайда Кепілгерге осы Шартта белгіленген тәртіппен және мерзімде

      Қарыз алушының кредиттік досьесіне мониторинг жүргізу үшін

      қолжетімділік беруге;

      8) Кепілгердің кепілдікті орындау нәтижесінде алған құқықтарын

      жүзеге асыруға кедергі келтірмеуге;

      9) осы Шартта белгіленген өзге де міндеттемелерді тиісінше

      орындауға міндетті.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 08.06.2016 № 244 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Банк:

      1) Қарыз алушы Кредит шарты бойынша негізгі борышты төлеу

      бойынша өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда (тиісінше

      орындамаған) Кепілгерге осы Шартта белгіленген тәртіппен және

      мерзімде талап қоюға;

      2) Кепілгерден және Қарыз алушыдан осы Шартта көзделген өзге де

      міндеттемелердің орындалуын талап етуге;

      3) Кепілгердің шешімі бойынша кепілдік беру

      тоқтатылған/кепілдіктің қолданылу мерзімі аяқталған жағдайда Банк

      қолданыстағы кредит бойынша Қарыз алушыға бұрын қолданылған

      қаржыландыру шарттарын (оның ішінде сыйақы мөлшерлемесін,

      комиссияларды, алымдарды және (немесе) өзге де төлемдер мен басқа да

      шарттарды) осы Шартты жасағанға дейін/жаңа кредит берген жағдайда –

      Банктің ұйғарымына қарай қаржыландырудың стандартты шарттарын

      белгілеуге құқылы.

      18. Осы Шартты орындау кезінде Банктің Қазақстан Республикасы

      Үкіметінің дағдарысқа қарсы/тұрақтандыру бағдарламаларын іске асыру

      шеңберінде Кепілгер Банкке орналастырған қаражат есебінен Кепілгер

      алдында өз міндеттемелерін төмендетуге құқығы жоқ.

4. Кепілдікті орындау тәртібі

      19. Қарыз алушы негізгі борыштың сомасын және (немесе) Кредит

      шарты бойынша сыйақы сомасын өтеу бойынша міндеттемелерді орындамаған

      күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні мерзімінен кешіктірмей Банк бұл

      туралы Қарыз алушының Банк алдындағы берешегінің бар екендігі туралы

      анықтаманы және Банктің Қарыз алушыға жіберген мерзімі өткен

      берешегін өтеу туралы жазбаша талабының көшірмесін қоса бере отырып

      Кепілгерге жазбаша хабарлайды.

      20. Қарыз алушы Кредит шарты бойынша негізгі борыштың сомасын

      өтеу бойынша міндеттемелерді орындамаған күннен бастап күнтізбелік

      120 (жүз жиырма) күн ішінде Банк Қарыз алушыдан және қамтамасыз етуді

      берген тұлғалардан мерзімі өткен берешекті алу мақсатында қалыптасып

      отырған жағдайда барлық ақылға сыйымды және қолжетімді шараларды

      қабылдауға құқылы (оның ішінде қамтамасыз етуден ақы өндіріп алу,

      үшінші тұлғалардың (кепілдікті қоспағанда) банк кепілдігі,

      кепілдіктері/кепілгерліктері бойынша талаптар қою, Қарыз алушының

      шоттарына төлем талап-тапсырмаларын қою және т.б. жолмен).

      21. Банктің Қарыз алушыдан берешекті өндіріп алу жөнінде

      қабылдаған шараларының нәтижесінде алынған сома Кепілгерге талап

      қойылғанға дейін мынадай кезекпен Қарыз алушының берешегін өтеуге

      жіберіледі:

      1) Кредит шарты бойынша сыйақыны және тұрақсыздық айыбын өтеу;

      2) Кредит шарты бойынша мерзімі өткен негізгі борышты өтеу;

      3) Кредит шарты бойынша негізгі борышты өтеу;

      4) Кредит шарты бойынша өзге де берешектерді өтеу.

      Қарыз алушының берешегін өтеуді Банк ақшаны алған күннен кейін

      1 (бір) жұмыс күні ішінде жүргізуі тиіс. Бұл ретте кепілдік сомасы

      негізгі борышты (оның ішінде мерзімі өткен) өтеудің қатысу мөлшеріне

      көбейтілген сомасына тең сомаға азаяды.

      22. Егер Қарыз алушы Кредит шарты бойынша негізгі борыштың

      сомасын өтеу бойынша міндеттемелерді орындамаған күннен бастап

      күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде Қарыз алушы Кредит шарты бойынша

      негізгі борыш сомасын өтеу бойынша міндеттемелерді

      орындамаса/тиісінше орындамаса, Кепілгер осы Шарттың талаптарын

      сақтау тұрғысынан мониторинг жүргізеді.

      23. Егер Қарыз алушы Кредит шарты бойынша негізгі борыштың

      сомасын өтеу бойынша міндеттемелерді орындамаған күннен бастап 120

      (бір жүз жиырма) күн ішінде Кредит шарты бойынша негізгі борыштың

      сомасын өтеу бойынша міндеттемелерді орындамаса/тиісінше орындамаса,

      Банк Кепілгерге талап қоюға құқылы.

      24. Талапта мыналар:

      1) кепілдік шартының деректемелері;

      2) кредит шартының деректемелері;

      3) Қарыз алушының атауы;

      4) Кепілгердің кепілдік бойынша төлем сомасының есептеулері;

      5) ақшаны аударуға жататын Банк шотының деректемелері

      көрсетілуі тиіс.

      25. Талапқа:

      1) Қарыз алушының Банк алдындағы берешегінің бар екендігі

      туралы анықтама;

      2) Қарыз алушының кредит қаражатын алуын растайтын құжаттың

      көшірмесі;

      3) Банктің Қарыз алушыға жолдаған талабының (наразылығының)

      көшірмесі;

      4) Қарыз алушының Банктің талабына (наразылығына) жауабының

      көшірмесі (бар болса);

      5) Банктің Кредит шарты бойынша берешекті өндіріп алу жөніндегі

      қолданған шаралары және растайтын құжаттарды қоса бере отырып (бар

      болса), қабылданған шаралардың нәтижесінде алынған сома туралы

      ақпарат;

      6) берешекті өндіріп алу туралы сот шешімінің көшірмесі (бар

      болса);

      7) орындау парақтарының көшірмесі (бар болса);

      8) Кредит шартына қосымша келісімдердің көшірмесі (бар болса);

      9) Қарыз алушының Банк алдындағы берешектерін және берешекті

      өтеу бойынша Банк қабылдаған шараларды (бар болса) растайтын басқа да

      құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.

      26. Талапта көрсетілген сома осы Шарттың талаптарына сәйкес

      болуы тиіс, алайда кез келген жағдайда осы Шарттың 3-тармағында

      белгіленген кепілдіктің шекті сомасынан аса алмайды.

      27. Банк Талапты Кепілгерге осы Шартта көрсетілген мекенжай

      бойынша тапсырысты хат жіберу немесе қолма-қол беру жолымен

      жібереді.

      28. Талап Кепілгерге ағымдағы жұмыс күні Астана уақыты бойынша

      сағат 16.00-ге дейін қойылуы мүмкін. Астана уақыты бойынша сағат

      16.00-ден кейін қойылған талап келесі жұмыс күні қойылған деп

      саналады.

      29. Банктің талабын алғаннан кейін, алайда кез келген жағдайда,

      ол қанағаттандырылғанға дейін Кепілгер Қарыз алушыны Банк қойған

      талаптар туралы осы Шартта көрсетілген Қарыз алушының мекенжайы

      бойынша тапсырысты хатпен хабарлама жіберу жолымен немесе Қарыз

      алушының қолын қойғызып қолма-қол беру жолымен жазбаша нысанда

      хабардар етеді. Хабарлама тапсырысты хатпен жіберілген кезде пошта

      мекемесі берген құжатта көрсетілген күннен кейін 3 (үшінші) күні

      хабарлама алынды деп саналады.

      30. Кепілгер Банктің талаптарын және осы Шартта көзделген

      барлық құжаттарды алған күннен бастап, сондай-ақ талаптарға және

      ұсынылған құжаттарға қарсылығы болмаған кезде 10 (он) жұмыс күні

      мерзімінен кешіктірмей талапта көрсетілген сома мөлшерінде Банкке

      төлем жүргізеді немесе Банкке барлық қарсылықтарын көрсетіп хат

      жібереді.

      31. Банк кепілді қамтамасыз етуді іске асыру бойынша жұмыс

      жүргізеді. Қарыз алушының берешегін өндіру бойынша шаралардың

      нәтижесінде, оның ішінде қамтамасыз етуді іске асыру арқылы Банк

      алған барлық сома Кепілгер мен Банктің арасында мынадай кезектілікпен

      бөлінеді:

      1) Кредит шарты бойынша Банктің алдында сыйақыны өтеу;

      2) Қарыз алушының Банк алдындағы негізгі борышының қалдық

      сомасын өтеу;

      3) Қарыз алушының Кепілгер алдындағы берешегін өтеу;

      4) Қарыз алушының Банк алдындағы Кредит шарты бойынша

      тұрақсыздық айыбы мен басқа да берешегін өтеу.

      Бұл ретте ақшаны бөлу Банк оларды алған күнінен бастап 5

      (бес)жұмыс күні ішінде жүзеге асырылуы тиіс.

      32. Егер осы Шарттың 31-тармағын орындағаннан кейін Қарыз алушының Кепілгер алдындағы берешегі өтелмейтін болса/толық көлемде өтелмейтін болса, Банк кепілдік бойынша міндеттемелерді орындаған Кепілгерге өзі сатпаған барлық мүлікті, сондай-ақ кепілдіктер, кепілгерліктер бойынша құқықтарды және Кредит шартында Қарыз алушының міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету ретінде көрсетілген т.б. және Банкке Кепілгер орындаған міндеттемелер көлемінде қамтамасыз етуді бере отырып, шарт бойынша кепіл ұстаушы ретінде Банкке тиесілі құқықтарды беруге міндеттенеді.

      Осы Шарттың 31-тармағын орындаған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде Банк Кепілгерге қабылдау-тапсыру актісі бойынша мынадай құжаттарды:

      Кредит шартына қосымша келісімдермен бірге оның түпнұсқасын немесе нотариат куәландырған көшірмесін;

      қамтамасыз етуді беру туралы шартқа қосымша келісімдермен бірге оның түпнұсқасын немесе нотариат куәландырған көшірмелерін;

      кепіл мүлкіне құқық белгілейтін құжаттар мен Кепілгердің талап етуі бойынша өзге де құжаттарды тапсыруға міндеттенеді.

      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 08.06.2016 № 244 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

5. Кепілдіктің қолданылу мерзімі

      33. Кепілдік ____ жылғы "___" қоса алғандағы мерзімге

      беріледі.

      34. Кепілдіктің қолданылуы мынадай жағдайлардың кез келгені

      болған кезде:

      1) кепілдікпен қамтамасыз етілген кредит шарты бойынша негізгі

      борыштың сомасын толық өтеу кезінде;

      2) осы Шартта көрсетілген кепілдік мерзімі аяқталған кезде;

      3) егер Кепілгер жаңа борышкер үшін жауап беруге келісімін

      бермесе, кепілдікпен қамтамасыз етілген Кредит шарты бойынша борышты

      өзге адамға аударған кезде;

      4) егер кепілдікпен қамтамасыз етілген міндеттемелерді орындау

      мерзімі басталғаннан кейін Банк Қарыз алушы немесе Кепілгер ұсынған

      тиісті орындауды қабылдаудан бас тартқан болса;

      5) Кепілгердің алдын ала жазбаша келісімінсіз жауапкершілікті

      арттыруға алып келетін немесе алып келуі мүмкін Кредит шартының кез

      келген талаптарының өзгеруі;

      6) анық емес мәліметтер (ақпарат) және (немесе) құжаттардың

      берілуі Қарыз алушының тарапынан алаяқтық әрекеттерден туындаған және

      оны заңнамада белгіленген тәртіппен дәлелдеген жағдайларды

      қоспағанда, Банк Кепілгерге анық емес мәліметтер (ақпарат) және

      (немесе) Кепілгердің кепілдік беру туралы шешім қабылдауы үшін

      қажетті құжаттар берген жағдайда;

      7) осы Шарттың 12-тармағында көзделген міндеттемелер мен

      шарттарды Қарыз алушы және (немесе) Банк орындамаған немесе тиісінше

      орындамаған жағдайда;

      8) кредитті мақсатқа сай емес пайдалану фактілері анықталған

      кезде;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында, Бағдарламада

      және (немесе) осы Шартта көзделген өзге де негіздер бойынша

      тоқтатылады.

6. Тараптардың жауапкершілігі

      35. Кепілгер Банкке талапта көрсетілген соманы уақтылы

      төлемеген жағдайда, Кепілгер Банкке мерзімі өткен әрбір күн үшін

      уақтылы төленбеген соманың 0,01 % (нөл бүтін жүзден бір пайыз)

      мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді.

      36. Банк Кепілгерге осы Шарттың талаптарына сәйкес Кепілгерге

      тиесілі кез келген соманы уақтылы қайтармаған жағдайда Банк

      Кепілгерге мерзімі өткен әрбір күн үшін уақтылы төленбеген соманың

      0,01 % (нөл бүтін жүзден бір пайыз) мөлшерінде тұрақсыздық айыбын

      (өсімпұл) төлейді.

      37. Банк осы Шарттың 16-тармағының 5) тармақшасында белгіленген

      міндеттемелерді бұзған жағдайда, Банк Кепілгерге мерзімі өткен әрбір

      күн үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы

      заңда белгіленген бес еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде

      тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді.

      38. Қарыз алушы осы Шарттың 15-тармағының 3), 5), 6), 7)

      тармақшаларында белгіленген міндеттемелерді бұзған жағдайда, Қарыз

      алушы Кепілгерге мерзімі өткен әрбір күн үшін тиісті қаржы жылына

      арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бір айлық

      есептік көрсеткіш мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді.

      39. Тұрақсыздық айыбын төлеу талабы кінәлі Тарап құқығын бұзған

      Тараптың құқығы болып табылады. Тараптың тұрақсыздық айыбын төлеуді

      талап ету құқығын пайдалануы тұрақсыздық айыбын төлеу туралы жазбаша

      талапты жіберу болып саналады. Тұрақсыздық айыбын төлеу кінәлі

      Тарапты осы Шарттың талаптарын тиісінше орындаудан босатпайды.

      40. Банк Кредит шартын және Кепіл шартын(тарын) тиісінше

      ресімдеу және тіркеу үшін, сондай-ақ кредитті беру шарттарының

      Кепілгердің Уәкілетті органының шешімінде көрсетілген шарттарға

      сәйкестігі үшін толық жауапкершілікте болады. Аталған міндеттемелер

      Банк тарапынан бұзылған жағдайлар анықталған кезде Кепілгер

      кепілдіктің күшін жоюға құқылы.

7. Қорытынды ережелер

      41. Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар жазбаша нысанда

      ресімделуі, Тараптардың уәкілетті өкілдерінің қолдары қойылуы және

      Тараптардың мөрлерінің бедерлерімен бекітілуі тиіс.

      42. Осы Шарттың өзгеруіне, бұзылуына және орындалуына

      байланысты барлық даулар мен келіспеушіліктерді Тараптар келіссөздер

      және талқылаулар жолымен шешетін болады, егер келіссөздер нәтижесінде

      Тараптар келісімге келмесе, онда осындай дау Қазақстан

      Республикасының заңнамаларында көзделген сот тәртібімен қаралатын

      болады.

      43. Осы Шарт Тараптардың әрқайсысы үшін мемлекеттік және орыс

      тілдерінде ___ (__________) данадан әрқайсысының заңды күші бірдей

      мемлекеттік және орыс тілдерінде ___ (______) бірдей данада жасалды.

      44. Осы Шартта көзделмеген өзге жағдайлардың бәрінде Тараптар

      Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.

      45. Кредит шартының көшірмесі осы Шарттың ажырамас бөлігі болып

      табылады.

      46. Тараптардың келісімі бойынша Кепілгер осы Шарт бойынша өз

      міндеттемелерінің орындалуы үшін өз қаражаты шегінде ғана жауап

      береді.

8. Тараптардың орналасқан жері, деректемелері және қолдары

Қарыз алушы:

Кепілгер:

Банк:

/____________/

/________________/

/_________/

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 26 қарашадағы
№ 736 бұйрығына
4-қосымша

      нысан

№ _______грант ұсыну туралы
шарт

____________ қ.

20__ж. "___" ___________

      Осы Шарт (бұдан әрі – Шарт) мыналардың арасында:

      1) "Бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісі":

      _______________________________________________________________

      атынан ________________ негізінде әрекет ететін_________________ және

      2) "Қаржы агенттігі":

      "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы атынан________________________________________негізінде әрекет ететін _________________________ және

      3) Кәсіпкер:

      _______________________________________________________________

      атынан_________________ негізінде әрекет ететін ____________________,

      бірлесіп "Тараптар", ал әрқайсысы жеке алғанда "Тарап" немесе жоғарыда көрсетілгендей аталатындар:

      "Бизнестің жол картасы -2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы 2020" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысына (бұдан әрі – Бағдарлама);

      "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру қағидаларына;

      жөніндегі Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының 20___ жылғы ___________ № ____ хаттамасына;

      бюджеттік қаражаттарды бөлу туралы 20___ жылғы ___________ № ____ бұйрығына сәйкес жасасты.

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 08.06.2016 № 244 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Терминдер мен анықтамалар

      1. Осы Шартта мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) Бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісі – облыс (астана,

      республикалық маңызы бар қала) әкімі айқындайтын облыстық (астана,

      республикалық маңызы бар қала) деңгейде Бағдарламаның іске асырылуына

      жауапты жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;

      2) бизнес – бағдарлама (бизнес-жоба) – кәсіпкердің өз бизнесін

      құру (тауарлар шығару, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету)

      мүмкіндігін ашатын, сипаттау, есептеу, болжау нысанында орындалған

      жоспары;

      3) кәсіпкер – өз қызметін Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектісі;

      4) Өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – ӨҮК) – облыстардың,

      Астана және Алматы қалаларының әкімдері құратын және басқаратын

      консультативтік-кеңесші орган, жалпы санының кемінде 50 %-ына

      бизнес-қоғамдастықтың өкілдері қатысады.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 08.06.2016 № 244 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Шарттың нысанасы

      2. Осы Шарттың талаптарына сәйкес Бағдарламаның Өңірлік

      үйлестірушісі кәсіпкерге нысаналы бизнес-бағдарламаны (бизнес-жобаны)

      іске асыру үшін оның кәсіпкерлік қызметіне қолдау ретінде грант

      ұсынуға міндеттенеді, өз кезегінде, кәсіпкер грантты осы Шартқа

      1-қосымшаға сәйкес нысаналы бизнес-бағдарламаның (бизнес-жобаның)

      іс-шаралар жоспарын іске асыруға пайдалануға міндеттенеді.

3. Шарттың қолданылу мерзімі

      3. Шарт Тараптар оған қол қойған күнінен бастап күшіне енеді

      және олар осы Шарт бойынша өздерінің міндеттемелерін толық

      орындағанға дейін қолданылады.

4. Гранттың көлемі мен ұсынылу тәртібі

      4. Шарт бойынша ұсынылатын грант мөлшері ___ (___) теңгені

      құрайды.

      5. Грантты ұсыну осы Шартқа 2-қосымшаға сәйкес грант беру

      кестесіне сәйкес транштармен жүзеге асырылуы мүмкін.

      6. Әрбір траншты беру осы Шартқа 3-қосымшаға сәйкес кәсіпкерден

      траншты беру туралы өтінім ұсынылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні

      ішінде ақшалай қаражатты кәсіпкердің ағымдағы шотына аудару жолымен

      жүзеге асырылады, өтінімге грант қаражатының одан әрі пайдаланылуын

      растайтын құжаттар (сатып алу-cату шарттары, ниет шарты, шот-фактура,

      төлем шоттары және т.б.) қоса беріледі.

      7. Осы Шартта белгіленген талаптарға сәйкес осы Шарт бұзылған

      жағдайда Бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісінің кәсіпкерге ақшалай

      қаражатты аударуы жүзеге асырылмайды.

5. Грантты пайдалану тәртібі, мерзімдері мен шарттары

      8. Кәсіпкер грант қаражатын Шарттың қолданылу мерзімі ішінде

      нысаналы бизнес-бағдарламаның (бизнес-жобаның) іс-шаралар жоспарына

      сәйкес пайдаланады.

      9. Шарт бойынша кәсіпкерге аударылған ақшалай қаражат

      кәсіпкердің нысаналы бизнес-бағдарламасын (бизнес-жобасын) іске

      асырумен байланысты нысаналы мақсатқа ие. Ұсынылған гранттың нысаналы

      пайдаланылуын бақылауды қаржы агенттігі жүзеге асырады.

      10. Грант қаражаты есебінен сатып алынған немесе алынған барлық

      мүлік кәсіпкердің нысаналы бизнес-бағдарламасының (бизнес–жобасының)

      мақсаттарына сәйкес, ал бизнес-бағдарлама (бизнес–жоба) аяқталғаннан

      кейін кәсіпкердің кәсіпкерлік қызметті жүргізуіне пайдаланылуы тиіс.

6. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      11. Шарттың қолданылуы шеңберінде Бағдарламаның Өңірлік

      үйлестірушісі:

      1) кәсіпкерге осы Шартта көзделген тәртіппен грант беруге;

      2) осы Шартқа сәйкес кәсіпкерлердің нысаналы

      бизнес-бағдарламаның (бизнес–жобаның) іс–шараларын орындауы және

      қаржы қаражатын пайдалануы туралы қаржы агенттігінің тиісінше

      ресімделген жазбаша есебін қабылдауға;

      3) осы Шартта көзделген жағдайларда Шарттың мерзімінен бұрын

      бұзылуы туралы кәсіпкерге хабарлауға міндеттенеді.

      12. Шарттың қолданылу шеңберінде Бағдарламаның Өңірлік

      үйлестірушісі:

      1) Шартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген

      жағдайларда кәсіпкерге грант қаражатын беруден бас тартуға;

      2) пайдаланылмаған қаражатты қайтаруды талап етуге;

      3) нысаналы пайдаланылуы бойынша пайдаланылмаған қаражаттың

      қайтарылуын талап етуге құқылы.

      13. Шарттың қолданылуы шеңберінде қаржы агенттігі:

      1) грант қаражатының нысаналы пайдаланылуына бақылауды жүзеге

      асыруға;

      2) кәсіпкерден Шарт бойынша міндеттемелерді тиісінше орындауды

      және грантты орындауда анықталған кемшіліктерді дереу жоюды талап

      етуге;

      3) Осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде қаржы агенттігі грантты

      игеру және нысаналы пайдалану мониторингін жүргізуге, кәсіпкердің осы

      Шарттың талаптарын сақтауын тексеруге, оның ішінде қаржы агенттігі

      өкілдерінің кәсіпкерге баруы арқылы тексеруге құқылы.

      4) Кәсіпкерден Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын

      растайтын материалдарды талап етуге құқылы.

      14. Шарттың қолданылу шеңберінде кәсіпкер:

      1) нысаналы бизнес-бағдарламаның (бизнес-жоба) іс-шараларын

      уақтылы және тиісінше жүргізуге;

      2) қаржы агенттігінің талабы бойынша грантты пайдалану кезінде

      анықталған кемшіліктерді дереу жоюға;

      3) қаржы агенттігінің талабы бойынша Шарт бойынша

      міндеттемелердің орындалуын растайтын материалдарды және жазбаша

      түсініктемелерді қаржы агенттігінің жазбаша талабын алған сәттен

      бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде беруге;

      4) қаржы агенттігі сұратқан ақпаратты сұратылған сәттен бастап

      5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынуға;

      5) қаржы агенттігіне Шартты орындауға байланысты құжаттарға

      кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз етуге;

      6) тиісті шешім қабылданған күні осы Шартқа сәйкес

      тағайындалған жауапты тұлғаның ауысуы туралы қаржы агенттігіне

      хабардар етуге;

      7) грантты нысаналы бағыты бойынша ғана пайдалануға;

      8) Бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісіне Шарттың қолданылу

      мерзімі ішінде барлық деңгейдегі бюджеттерге немесе мемлекеттік

      бюджеттен тыс қорларға төлемдер бойынша берешектің жоқтығына кепілдік

      беруге;

      9) Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін Бағдарламаның

      Өңірлік үйлестірушісіне грант қаражатының пайдаланылмаған бір бөлігін

      тиісті талаптарды алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде

      қайтаруға;

      10) қаржы агенттігіне осы Шартты жасасқан сәттен бастап 10 (он)

      жұмыс күні ішінде мынадай ақпараттарды: байланыс ақпаратын, алдағы

      жылға арналған іс-шаралар жоспарын, қаржылық есептілікті, қызмет

      туралы тоқсан сайынғы есептілікті, өзге де мәліметтерді электронды

      түрде ұсынуға және тоқсан сайын жаңартып отыруға міндеттенеді;

      11) Кәсіпкер қаржы агенттігі мониторинг жүргізген кезде қаржы

      агенттігіне жәрдемдесуге, сондай-ақ қаржы агенттігіне мониторинг

      жүргізу үшін қажетті құжаттарды беруге міндетті.

      15. Кәсіпкер қаржы агенттігіне нысаналы бизнес-бағдарламаның

      (бизнес-жобаның) іс-шараларының орындалуы және қаржы қаражатының

      пайдаланылуы туралы жазбаша есептер беруге, атап айтқанда:

      1) 20__ ж. " " __________ бастап 20__ ж. " " ___________

      кезеңде ағымдағы есепті беруге;

      2) 20__ ж. " " ___________ бастап 20__ ж. " " ___________

      кезеңде қорытынды есепті беруге міндетті.

      16. Шарттың қолданылуы шеңберінде кәсіпкер:

      1) Бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісінен Шарт бойынша

      міндеттемелердің тиісінше орындалуын талап етуге;

      2) грант қаражатының ағымдағы шотқа уақтылы аударылуын талап

      етуге құқылы;

      17. Нысаналы бизнес-бағдарламаның (бизнес-жобаның)

      іс-шараларының орындалуы және нысаналы бизнес-бағдарлама

      (бизнес-жобаның) грантының қаржы қаражатының пайдаланылуы туралы

      жазбаша есептер басшының қолымен және кәсіпкердің мөрімен расталған

      нысаналы бизнес-бағдарламаның (бизнес-жобаның) іс-шаралары,

      қорытындылары және есептік құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып

      жұмсалуы туралы ақпаратты қамтуы тиіс.

      Нысаналы бизнес-бағдарламаның (бизнес-жобаның) іс-шараларының

      орындалуы туралы және нысаналы бизнес-бағдарлама грантының

      (бизнес-жобаның) қаржы қаражатының пайдаланылуы туралы есептер осы

      Шартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады, олардың шартта

      көзделген деректемелерінің болуы, тігілген, нөмірленген, басшының,

      бухгалтердің және кәсіпкердің жауапты тұлғасының қолдары қойылуы,

      оның мөрімен куәландырылуы тиіс.

      Жазбаша есепке қоса берілетін есепті құжаттар нысаналы

      бизнес-бағдарламаның (бизнес-жобаны) іс-шараларының уақтылы және

      тиісінше өткізілуін, грант қаражатының нысаналы пайдаланылуын

      құжаттамалық растайды, әрбір шаруашылық операцияның мазмұнын толық

      көрсетуі тиіс, тиісінше ресімделуі (яғни қажетті деректемелері,

      мәліметтері және тиісінше нысаны болуы) қажет.

      18. Грантты пайдалану қорытындылары бойынша Бағдарламаның

      Өңірлік үйлестірушісі, қаржы агенттігі және кәсіпкер осы Шартқа

      5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша грант беру туралы шартқа грантты

      пайдалану актісіне қол қояды

7. Тараптардың жауапкершілігі

      19. Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше

      орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы

      заңнамасына сәйкес жауапты болады.

      20. Кәсіпкер Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін тиісінше

      орындамаған, грант қаражатын нысаналы пайдаланбаған, Шарт талаптарын

      өзгеше бұзған жағдайларда, жазбаша есептерді, жазбаша есепке қоса

      берілетін есептік құжаттарды, Шарт бойынша міндеттемелердің

      орындалғанын растайтын материалдарды ұсынбаған, уақтылы ұсынбаған,

      толық көлемде ұсынбаған және (немесе) тиісінше ресімделмеген кезде,

      грантты орындаудың анықталған кемшіліктерін дереу жоюдан бас тарту не

      жалтару немесе қаржы агенттігіне жалған мәліметтерді ұсыну кезінде

      қаржы агенттігі ӨҮК-ке және Бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісіне

      Шартты мерзімінен бұрын бұзу туралы және Қазақстан Республикасының

      заңнамасында көзделген тәртіппен грантты ұсынудан бас

      тарту/пайдаланылмаған қаражатты қайтаруды талап ету туралы ұсыныспен

      жүгінуге құқылы.

      Шартты бұзу туралы шешімді ӨҮК қабылдайды.

      21. ӨҮК шешімінің негізінде Бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісі

      грант қаражатын қайтару бойынша жұмыс жүргізеді.

      22. Шарт Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген

      тәртіппен ӨҮК тиісінше шешім қабылдаған күннен бастап бұзылған болып

      саналады, Бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісі кәсіпкерге ӨҮК шешім

      қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде міндетті хабарлауы

      тиіс.

      23. Тараптар еңсерілмейтін күш, яғни Тараптардың еркінен және

      ниетінен тыс туындаған және соғысты, толқуларды, қоғамдық

      тәртіпсіздіктерді, жер сілкінісін, өртті, жарылысты, су тасқынын және

      басқа да зілзала апаттарын қоса алғанда болжанбайтын немесе болмай

      қоймайтын жағдайлар туындаған кезде Шарт бойынша міндеттемелерді

      ішінара немесе толық орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

      Еңсерілмес күш салдарынан өз міндеттемелерін орындамайтын Тарап басқа

      Тарапты Шарт бойынша міндеттемелерді орындау кедергілері мен оның

      әсері туралы дереу хабардар етуі тиіс.

8. Дауларды шешу тәртібі

      24. Тараптар арасында Шарттан туындауы мүмкін барлық даулар мен

      келіспеушіліктер келіссөздер арқылы шешілетін болады.

      25. 10 (он) жұмыс күні ішінде келіссөздер жолымен келісімге қол

      жеткізілмеген жағдайда Тараптар арасындағы дау Қазақстан

      Республикасының заңнамасына сәйкес шешілуге жатады.

9. Шарттың өзге де талаптары

      26. Шартқа кез келген өзгерістер мен толықтырулар ӨҮК шешімінің

      негізінде жазбаша түрде қосымша келісім нысанында ресімделеді және

      оған Тараптардың уәкілетті тұлғалары қол қояды.

      27. Кәсіпкер өзінің пошталық және банктік деректемелерінің

      өзгергені туралы осындай өзгерістер болған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс

      күні ішінде Бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісі мен қаржы агенттігіне

      хабардар етуге міндеттенеді.

      28. Осы Шарт Тараптардың әрқайсысы үшін мемлекеттік және орыс

      тілдерінде ___ (__________) данадан әрқайсысының заңды күші бірдей

      мемлекеттік және орыс тілдерінде ___ (______) бірдей данада жасалды.

10. Тараптардың деректемелері мен қолдары

Бағдарламаның Өңірлік

үйлестірушісі

Қаржы агенттігі

Кәсіпкер

/_______________/

/_______________/

/_______________/

  Грант ұсыну туралы шартқа
1-қосымша

      нысан

Нысаналы бизнес-бағдарламаның (бизнес-жобаның)
іс-шаралар жоспары

р/н

Іс-шараның атауы

Орындалу мерзімі

Сұратылатын

сома, теңге













Бағдарламаның

Өңірлік үйлестірушісі

Қаржы агенттігі

Кәсіпкер

/______________/

/______________/

/______________/

  Грант ұсыну туралы шартқа
2-қосымша

      нысан

Грантты беру кестесі

р/н

Грантты беру күні

Грантты

нысаналы пайдалану

Грант сомасы













  Грант ұсыну туралы шартқа
3-қосымша

      нысан

      ___________________________

      Кәсіпкерлік және өнеркәсіп

      басқармасы

Транш беруге арналған өтінім

_________________қ.

20__ж. "__" ____________

      Грант ұсыну туралы 20__ ж. "___" ___________ № _______ шарттың

      (бұдан әрі – Шарт) 5-тармағына сәйкес Шартқа 1-қосымшада көрсетілген

      Нысаналы бизнес-бағдарламаның іс-шаралар жоспарына сәйкес ___________

      бизнес-жобасын іске асыру үшін _______ (___________) теңге сомасында

      кезекті грант траншын беруді сұраймын.

      Грант траншының қаражаты ____________________________________________

      нысаналы бағытына сәйкес пайдаланылатын болады.

Лауазымы


ТАӘ

(қолы/мөр)



  Грант ұсыну туралы шартқа
4-қосымша

Нысаналы бизнес-бағдарламаның (бизнес-жобаның)
іс-шараларының орындалуы туралы есептің нысаны

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 08.06.2016 № 244 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

р/н

Іс-шараның атауы

Орындалу мерзімі

Орындаудың нақты мерзімі

Іс-шараның орындалуын растайтын құжаттар






     

      Кестенің жалғасы

Шартқа сәйкес меншікті қаражаттың пайдаланылу кезеңі

Меншікті қаражатты пайдаланудың нақты кезеңі

Шарт бойынша меншікті қаражаттың сомасы, теңге

Меншікті қаражатты пайдаланудың нақты сомасы, теңге

Растайтын құжаттар






Нысаналы бизнес-бағдарлама (бизнес-жоба) грантының қаржы
қаражатының пайдаланылуы туралы есептің нысаны



Шарт бойынша

Іс жүзінде пайдаланылған сома

Пайдалануды растау үшін ұсынылған құжаттар

п/п

Нысан алы мақсаты

Грант сомасы, теңге

Меншікті қаражат сомасы, теңге

Грант, теңге

Меншікті қаражат, теңге

Грант (атауы, құжат №, күні)

Меншікті қаражат (атауы, құжат №, күні)










      Кестенің жалғасы

Шарт бойынша іс-шараның атауы

Шарт бойынша орындау мезгілі

Іс-жүзінде орындалған күні

Пайдалануды растау үшін ұсынылған құжаттар







      Бағдарламаның өңірлік Қаржы агенттігі Кәсіпкер

      үйлестірушісі

      /_______________/ /_______________/ /_______________/

  Грант ұсыну туралы шартқа
5-қосымша

      нысан

Грант ұсыну туралы 20__ жылғы "____" _________ № ___
шартқа грантты пайдалану
актісі

____________ қаласы

20_ ж. " " ___________


      _____________________________________________ негізінде әрекет ететін

      _____________________________ атынан ________________________________

      (бұдан әрі – Бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісі) бір тараптан және

      ________________________ негізінде әрекет ететін _____________ атынан

      _______________________________ (бұдан әрі – қаржы агенттігі) бір

      тараптан және ______________________________________ негізінде әрекет

      ететін _____________________ атынан __________________________ (бұдан

      әрі – кәсіпкер) екінші тараптан, бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар,

      төмендегілер туралы осы актіні жасасты:

      1. Бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісі кәсіпкерге Шарттың

      талаптарына сәйкес грантты ұсынды.

      2. Кәсіпкердің Бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісіне Шарт

      бойынша міндеттемелерді орындау бөлігінде наразылықтары жоқ.

      3. Кәсіпкер нысаналы бизнес-бағдарламаны (бизнес-жобаны)

      Шарттың талаптарына сәйкес іске асырды.

      4. Қаржы агенттігінің кәсіпкерге Шарт бойынша міндеттемелерді

      орындау бөлігінде наразылықтары жоқ.

      Тараптардың қолдары

      Бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісі

      Қаржы агенттігі

      Кәсіпкер

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады