«Мәдениет туралы» 2016 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 28) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрiнiң 2007 жылғы 28 наурыздағы № 93 «Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4632 болып тiркелген, 2007 жылғы наурызда-сәуірде Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. «Халықтық» (үлгілі) атағына үміткер көркемөнерпаздар ұжымдарының шығармашылық деңгейін анықтау үшін, облыстық, Астана, Алматы қалаларының мәдениет басқармалары құрамына мәдениет саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) өкілі және жанр бойынша мамандар кіретін көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.».
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электронды және қағаз түріндегі көшірмелерін ресми жариялау үшін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін он күннің ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы