«Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 12-2) тармақшасына, 13-1-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес астық қабылдау кәсіпорындары бойынша, сондай-ақ олардың жылдық қаржылық есептіліктері және аудиторлық есептері бойынша астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне деректерді беру нысаны мен көлемі;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне деректерді беру мерзімділігі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін бес жұмыс күні ішінде Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;
3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы және Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрлеріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ 2016 жылғы 23 шілдеден бұрын қолданысқа енгізілмейді.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы Қазақстан Республикасының
министрінің міндетін атқарушы Қаржы министрі
______________ Е. Нысанбаев ___________ Б. Сұлтанов
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
_____________ Д. Абаев
2016 жылғы 30 маусым
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының
2016 жылғы 23 маусымдағы № 276. және.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2016 жылғы 29 маусымдағы № 348.
бірлескен бұйрығына
1-қосымша
Астық қабылдау кәсіпорындары бойынша, сондай-ақ олардың жылдық
қаржылық есептіліктері және аудиторлық есептері бойынша
деректерді астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік
электрондық тізіліміне беру нысаны мен көлемі
Ақпараттық жүйеде тіркелетін іс-қимыл (деректерді енгізу / өзгерту/ұйымды /электрондық есепті қаржы есебінен немесе аудиторлық есептіліктен жою), оны жүргізу күні |
Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімде тіркелетін іс-қимылы (есепке алу объектісін енгізу, өзекті ету, алып тастау) |
Ұйымның БСН |
Ұйымның қазақ және орыс тілдеріндегі атауы |
Орналасқан жері (индекс, облыс, өңір, елдімекен, көше, үй нөмірі, электрондық мекенжайы, веб-сайты, телефон нөмірі, мекенжайдың тіркеу коды (МТК)) |
Сала (қызметтің негізгі түрі) |
Ұйымның ұйымдық-құқықтық нысаны |
Ұйымның соңғы қайта тіркелген күні |
Ұйым бойынша ескертпе |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
кестенің жалғасы
Бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) |
Бірінші басшының ЖСН |
Бас бухгалтердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) |
Бас бухгалтердің ЖСН |
Қаржылық есептілік /аудиторлық есеп кезеңі |
Қаржылық есептіліктің /аудиторлық есептің сипаттамасы |
Қаржылық есептілікті бекіту күні |
Аудиторлық есепті күні |
Аудитордың БСН |
Аудитордың атауы |
Қаржылық есептілік/аудиторлық есептілік бар файл |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
18 |
19 |
20 |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЖСН - Жеке сәйкестендіру нөмірі
БСН – Бизнес-сәйкестендіру нөмірі
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының
2016 жылғы 23 маусымдағы № 276. және.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2016 жылғы 29 маусымдағы № 348.
бірлескен бұйрығына
2-қосымша
Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық
тізіліміне деректерді беру мерзімділігі
№ |
Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне берілетін деректердің атауы |
Деректерді беруді және/немесе оларға қолжетімділікті қамтамасыз ететін мемлекеттік орган |
Беру нысаны |
Беру мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Астық қабылдау кәсіпорындары бойынша, сондай-ақ олардың жылдық қаржылық есептіліктері және аудиторлық есептері бойынша |
Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласында қызметті реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган |
Электрондық нысанда |
Күн сайын, ведомстволық ақпараттық жүйеде есепке алу объектісімен іс-қимыл жүргізілген күннен бастап |