«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары - резиденттерімен моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасудың, оның талаптары мен үлгі нысанының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2010 жылғы 11 маусымдағы № 113 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6299 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетіне 2010 жылғы 23 маусымда № 245-247 (26093) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының кеден одағының бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы» Кеден одағы комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімін, «Кеден одағына және Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттердiң аумақтарында «Моторлы көліктік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру» ұғымын қолдану шарттары туралы» Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 72 шешімін іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 71) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасудың ережесінде:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының кеден одағының бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы» Кеден одағы комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімін, «Осы Ереже «Кеден одағына және Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттердiң аумақтарында «Моторлы көліктік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру» ұғымын қолдану шарттары туралы» Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 72 шешімін (бұдан әрі – Шешім) іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 71) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары - резиденттерімен 8701, 8702, 8703, 8704, 8705 ЕАЭО СЭҚ ТН тауар позициялары моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім (бұдан әрі – келісім) жасасудың тәртібі мен талаптарын айқындайды.»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Келісім азаматтық-құқықтық шарт болып табылады және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – уәкілетті орган) мен Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы - резиденті (бұдан әрі – заңды тұлға) арасында азаматтық заңнамаға, Қазақстан Республикасының ратификацияланған халықаралық шарттарына және осы Ережеге қосымшаға сәйкес және үлгі нысаны бойынша жасалады.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Келісім автомобильдерді өнеркәсіптік құрастыру үшін, сондай-ақ осы Ереженің 6-тармағында, «8701-8705 тауарлық позициясының моторлы көлік құралдарын, олардың тораптары мен агрегаттарын өнеркәсіптік құрастыруға арналған» Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің позицияларында көрсетілген технологиялық операцияларды орындау кезінде шығарылатын автомобильдер үшін әкелінетін автокомпоненттерді кедендік декларациялауға негіз (рұқсат) болып табылады.»;
5 және 5-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Шешім күшіне енгенге дейін келісім жасасқан заңды тұлғалар үшін 8703 ЕАЭО СЭҚ ТН тауар позициясының моторлы көлік құралдарын шығару кезінде келісімнің міндетті талаптары заңды тұлғада келісімге қол қойылған күні кемінде екі миллиард теңге сомасына өндірістік активтердің болуы, тиісті көпжақты келісім жасасқан екіден аспайтын заңды тұлғалар үшін жиынтықтай алғанда жылына кемінде елу мың моторлы көлік құралы немесе кемінде жиырма бес мың моторлы көлік құралы болатын өндірістік қуаттылықтарының болуы, сондай-ақ заңды тұлғаның келісімге қол қойған сәттен бастап сексен төрт айдан аспайтын мерзімдегі міндеттемесінің болуы, 8703 ЕАЭО СЭҚ ТН тауар позициясының моторлы көлік құралдарының кемінде бір моделін өнеркәсіптік құрастыруды бастауды қамтамасыз етуі болып табылады.
Шешім күшіне енгеннен кейін жан-жақты келісім жасасқан заңды тұлғалар үшін 8703 ЕАЭО СЭҚ ТН тауар позициясының моторлы көлік құралдарын шығару кезінде келісімнің міндетті талаптары 8703 ЕАЭО СЭҚ ТН тауар позициясының моторлы көлік құралдарының кемінде бір моделін өнеркәсіптік құрастыруды бастауды қамтамасыз ету болып табылады.
5-1. 8701, 8702, 8704, 8705 ЕАЭО СЭҚ ТН тауар позициясының моторлы көлік құралдарын шығару кезінде келісімнің міндеті талаптары заңды тұлғаның келісімге қол қойылған күнінен бастап алты ай ішінде кемінде бес жүз миллион теңге сомаға өндірістік активтерді қалыптастыру, сондай-ақ мыналарды қамтамасыз ету болып табылады:
8701, 8704, 8705 ЕАЭО СЭҚ ТН тауар позициялары бойынша жобалы қуаты екі ауысымды жұмыс режимінде жылына кемінде он мың моторлы көлік құралдары;
8702 ЕАЭО СЭҚ ТН тауар позициясы бойынша жобалы қуаты жылына кемінде бір мың екі жүз моторлы көлік құралы;
8701, 8704, 8705 ЕАЭО СЭҚ ТН тауар позицияларының бірі бойынша моторлы көлік құралдарының кемінде бір моделін өнеркәсіптік құрастыруды бастау.»;
8 және 8-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Шешім күшіне енгенге дейін келісім жасасқан заңды тұлғалармен жан-жақты келісімдерді қоспағанда, Шешім күшіне енгеннен кейін 8703 ЕАЭО СЭҚ ТН тауар позициясының моторлы көлік құралдарына қатысты жаңа келісімдер жасасуға жол берілмейді.
Өнеркәсіптік құрастыруға өту мерзімі жан-жақты Келісім тараптарының бірі қабылдаған ең жоғары мерзімнен аспауы тиіс.
8-1. 8701, 8702, 8704, 8705 ЕАЭО СЭҚ ТН тауарлар позициясының моторлы көлік құралдарына қатысты келісімдер жасасуға Шешім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде беріледі.»;
қосымшада:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«8701, 8702, 8703, 8704, 8705 ЕАЭО СЭҚ ТН тауар позициясының моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім»;
1.1, 1.2 және 1.3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1.1. Осы келісімнің мәні Қазақстан Республикасының мемлекеттік қолдауын ескере отырып, отандық автомобильдер өндірісін дамытуға бағытталған ЕАЭО шеңберінде «өнеркәсіптік құрастыру» ұғымын қолдана отырып, 8701, 8702, 8703, 8704, 8705 ЕАЭО СЭҚ ТН тауар позицияларының моторлы көлік құралдарын шығару кезінде өзара міндеттемелер мен кепілдіктерді белгілеу және іске асыру жөніндегі талаптардың өзара іс-қимылы болып табылады.
Моторлы көлік құралдарын «өнеркәсіптік құрастыру» дегенде өзіне мынадай технологиялық операцияларды орындауды:
шанақты дәнекерлеу, бояу және монтаждау;
салонның жабдықтарын монтаждау;
күш агрегатын, руль механизмін, шығару жүйесін монтаждау;
электр жабдықтарын, аспа элементтерін монтаждау;
экстерьер элементтерін монтаждау;
дайын моторлы көлік құралдарына бақылау сынақтарын жүргізуді қамтитын технологиялық процестердің негізінде, екі ауысымды жұмыс режимі кезінде кәсіпорынның жобалық өндірістік қуатын 8703 ЕАЭО СЭҚ ТН тауар позициясы үшін жылына тиісті көпжақты келісім жасасқан екіден аспайтын заңды тұлғалар үшін жиынтықтай алғанда жылына кемінде елу мың моторлы көлік құралы немесе кемінде жиырма бес мың моторлы көлік құралы болатын өндірістік қуаттылықтарының болуы, 8701, 8704 және 8705 ЕАЭО СЭҚ ТН тауар позициялары үшін жылына кемінде он мың бірлік, 8702 ЕАЭО СЭҚ ТН тауар позициясы үшін жылына кемінде бір мың екі жүз бірлік қамтамасыз ететін сериялы өндіріс жүйесі түсініледі.
1.2. Осы келісім автомобильдерді өнеркәсіптік құрастыру үшін, сондай-ақ осы келісімнің 2.3.2-тармағында көрсетілген технологиялық операцияларды орындау кезінде шығарылатын автомобильдер үшін әкелінетін автокомпоненттерді «8701-8705 тауарлық позициясының моторлы көлік құралдарын, олардың тораптары мен агрегаттарын өнеркәсіптік құрастыруға арналған» Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің позицияларындағы кедендік декларациялауға негіз (рұқсат) болып табылады.
Автокомпоненттер ретінде моторлы көліктік құралдарын өндіруге қажетті тетіктер, тораптар, жинақтау бұйымдары, материалдар, химиялық және лак - бояу өнімдері түсініледі.
1.3. Тараптар серіктестігі (өзара іс-қимылы) Тараптардың:
1) 8703 ЕАЭО СЭҚ ТН тауар позицияларының моторлы көлік құралдарын шығару кезінде Өндірушінің келісімге қол қойылған күні кемінде екі миллиард теңге сомаға өндірістік активтердің болуы туралы талаптарды орындауды қамтамасыз ету немесе 8701, 8702, 8703, 8704, 8705 ЕАЭО СЭҚ ТН тауар позицияларының моторлы көлік құралдарын шығару кезінде келісімге қол қойылған күннен бастап алты ай ішінде кемінде бес жүз миллион теңге сомаға өндірістік активтерді қалыптастыру, сондай-ақ 8701, 8702, 8703, 8704, 8705 ЕАЭО СЭҚ ТН тауар позицияларының моторлы көлік құралдарының кемінде бір моделін өнеркәсіптік құрастыруды бастау;
2) Уәкілетті органның «өнеркәсіптік құрастыру» ұғымын қолдана отырып 8701, 8702, 8703, 8704, 8705 ЕАЭО СЭҚ ТН тауар позицияларының моторлы көлік құралдарын шығару кезінде Өндірушінің келісімнің талаптарын сақтауына кепілдік беру бойынша міндеттемелерді қабылдағанда жасалады.»;
2.1.1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2.1.1. келісімде көрсетілген мерзімде, бірақ 2020 жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірмей мынадай тауар позициясының моторлы көлік құралдарын кемінде бір моделін өнеркәсіптік құрастыруды іске қосуды қамтамасыз етуге 8701, 8702, 8703, 8704, 8705 ЕАЭО СЭҚ ТН.»;
2.2.1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2.2.1. осы келісім талаптарының нашарлау жағына өзгеруіне алып келетін (артықшылықтардың қолданылу шарттары және/немесе мерзімінің «өнеркәсіптік құрастыру» ұғымын қолдану шартының және тағыда басқа өзгеруі) 8701, 8702, 8703, 8704, 8705 ЕАЭО СЭҚ ТН тауар позицияларының моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу ережесі өзгерген жағдайда келісім талаптарын өзгертпеуге міндеттенеді.»;
3.2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3.2. Өндіруші келісімге қол қойылған күннен бастап сексен айдан кеш емес уәкілетті органға «8701-8705 тауарлық позициясының моторлы көлік құралдарын, олардың тораптары мен агрегаттарын өнеркәсіптік құрастыруға арналған» Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің позициялары бойынша әкелінетін және жіктелетін автокомпоненттер тізбесінің (бұдан әрі – Тізбе) жобасын, сондай-ақ өз тарапынан қол қойған Тізбенің екі данасын жібереді.»;
3.4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3.4. Өндіруші келісімге қол қойылған күннен бастап сексен төрт ай өткенге соң өндірісі «өнеркәсіптік құрастыру» режимінде жүзеге асырылатын моделдер үшін «8701-8705 тауарлық позициясының моторлы көлік құралдарын, олардың тораптары мен агрегаттарын өнеркәсіптік құрастыруға арналған» Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің позициялары бойынша автокомпоненттерді жіктеу, бұл Тізбеде көрсетілген автокомпоненттерге ғана таратылады.»;
3.5-тармақ алынып тасталсын;
3.6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3.6. Өндіруші Тізбеге енгізілген автокомпоненттерді «8701-8705 тауарлық позициясының моторлы көлік құралдарын, олардың тораптары мен агрегаттарын өнеркәсіптік құрастыруға арналған» тауар позицияларында емес, ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары бойынша оларды жіктеу жолымен әкелу кедендік баждың қолданыстағы ставкаларын қолданып, әкелуді жүзеге асыруға құқылы.».».
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі Ә. Исекешев
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_____________Б. Сұлтанов
2016 жылғы 25 сәуір
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_____________Қ. Бишімбаев
2016 жылғы 20 маусым