Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары – резиденттерімен моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасудың, оның талаптары мен үлгі нысанының кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2010 жылғы 11 маусымдағы N 113 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 18 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6299 болып енгізілді

      "Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының кеден одағының бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы" Кеден одағы комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімін, "Кеден одағына және Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттердiң аумақтарында "Моторлы көліктік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру" ұғымын қолдану шарттары туралы" Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 72 шешімін іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 71) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.04.2016 № 394 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       1. Қоса беріліп отырған моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасудың ережелері бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 25.06.2014 № 243 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

       4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Премьер-Министрінің орынбасары -


Индустрия және жаңа технологиялар


министрі

Ә. Исекешев


  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Индустрия және жаңа технологиялар
министрінің
2010 жылғы 11 маусымдағы № 113
бұйрығымен бекітілген

Моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасудың ережесі

      "Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының кеден одағының бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы" Кеден одағы комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімін, "Осы Ереже "Кеден одағына және Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттердiң аумақтарында "Моторлы көліктік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру" ұғымын қолдану шарттары туралы" Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 72 шешімін (бұдан әрі – Шешім) іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 71) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары - резиденттерімен 8701, 8702, 8703, 8704, 8705 ЕАЭО СЭҚ ТН тауар позициялары моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім (бұдан әрі – келісім) жасасудың тәртібі мен талаптарын айқындайды.

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.04.2016 № 394 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Келісім азаматтық-құқықтық шарт болып табылады және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – уәкілетті орган) мен Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы - резиденті (бұдан әрі – заңды тұлға) арасында азаматтық заңнамаға, Қазақстан Республикасының ратификацияланған халықаралық шарттарына және осы Ережеге қосымшаға сәйкес және үлгі нысаны бойынша жасалады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.04.2016 № 394 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       2. Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:

      автокомпонеттер – моторлы көліктік құралдарын өндіруге қажетті тетіктер, тораптар, жинақтау бұйымдары, материалдар, химиялық және лак - бояу өнімдері;

      моторлы көліктік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру – Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімімен белгіленген кәсіпорынның жобалы өндірістік қуаттылығын қамтамасыз ететін технологиялық процестер негізіндегі сериялық өндіріс жүйесі, ол мына технологиялық операциялардың орындалуын қамтиды:

      шанақты дәнекерлеу, бояу және жинау;

      салонды жабдықпен монтаждау;

      күш агрегатын, руль тетігін шығару жүйесін монтаждау;

      электр-жабдығын, аспа элементтерін монтаждау;

      экстерьер элементін монтаждау;

      дайын моторлы көлік құралдарына бақылау сынақтарын жүргізу.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 25.06.2014 № 243 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

       3. Өнеркәсіптік құрастыру кезінде жеке операциялар басқа қазақстандық заңды тұлғалармен бірігіп жүргізілуі мүмкін.

      4. Келісім автомобильдерді өнеркәсіптік құрастыру үшін, сондай-ақ осы Ереженің 6-тармағында, "8701-8705 тауарлық позициясының моторлы көлік құралдарын, олардың тораптары мен агрегаттарын өнеркәсіптік құрастыруға арналған" Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің позицияларында көрсетілген технологиялық операцияларды орындау кезінде шығарылатын автомобильдер үшін әкелінетін автокомпоненттерді кедендік декларациялауға негіз (рұқсат) болып табылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.04.2016 № 394 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Келісім талаптары

      5. Шешім күшіне енгенге дейін келісім жасасқан заңды тұлғалар үшін 8703 ЕАЭО СЭҚ ТН тауар позициясының моторлы көлік құралдарын шығару кезінде келісімнің міндетті талаптары заңды тұлғада келісімге қол қойылған күні кемінде екі миллиард теңге сомасына өндірістік активтердің болуы, тиісті көпжақты келісім жасасқан екіден аспайтын заңды тұлғалар үшін жиынтықтай алғанда жылына кемінде елу мың моторлы көлік құралы немесе кемінде жиырма бес мың моторлы көлік құралы болатын өндірістік қуаттылықтарының болуы, сондай-ақ заңды тұлғаның келісімге қол қойған сәттен бастап сексен төрт айдан аспайтын мерзімдегі міндеттемесінің болуы, 8703 ЕАЭО СЭҚ ТН тауар позициясының моторлы көлік құралдарының кемінде бір моделін өнеркәсіптік құрастыруды бастауды қамтамасыз етуі болып табылады.

      Шешім күшіне енгеннен кейін жан-жақты келісім жасасқан заңды тұлғалар үшін 8703 ЕАЭО СЭҚ ТН тауар позициясының моторлы көлік құралдарын шығару кезінде келісімнің міндетті талаптары 8703 ЕАЭО СЭҚ ТН тауар позициясының моторлы көлік құралдарының кемінде бір моделін өнеркәсіптік құрастыруды бастауды қамтамасыз ету болып табылады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.04.2016 № 394 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       5-1. 8701, 8702, 8704, 8705 ЕАЭО СЭҚ ТН тауар позициясының моторлы көлік құралдарын шығару кезінде келісімнің міндеті талаптары заңды тұлғаның келісімге қол қойылған күнінен бастап алты ай ішінде кемінде бес жүз миллион теңге сомаға өндірістік активтерді қалыптастыру, сондай-ақ мыналарды қамтамасыз ету болып табылады:

      8701, 8704, 8705 ЕАЭО СЭҚ ТН тауар позициялары бойынша жобалы қуаты екі ауысымды жұмыс режимінде жылына кемінде он мың моторлы көлік құралдары;

      8702 ЕАЭО СЭҚ ТН тауар позициясы бойынша жобалы қуаты жылына кемінде бір мың екі жүз моторлы көлік құралы;

      8701, 8704, 8705 ЕАЭО СЭҚ ТН тауар позицияларының бірі бойынша моторлы көлік құралдарының кемінде бір моделін өнеркәсіптік құрастыруды бастау.

      Ескерту. Ереже 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 25.06.2014 № 243 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.04.2016 № 394 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

       6. Келісімнің қолданыс мерзімі ішінде моторлы көлік құралдарының жеке моделдерін өнеркәсіптік құрастыруға дейін және кейін заңды тұлғалар мынадай технологиялық операцияларды орындау кезінде моторлы көлік құралдарының басқа моделдерінің кез келген санын шығару құқығына ие:

      қозғалтқышты орнату және бекіту, басқару тетіктерін қозғалтқышқа қосу;

      артқы аспаларды орнату;

      газ шығару жүйесін орнату;

      ернеулік электр тізбектерін тексеріп, аккумулятор батареяларын орнату және қосу;

      жүру доңғалақтарын орнату;

      тежеуіштік және салқындатқыш сұйықтықпен толтыру;

      тежеуіш жүйесінің тиімділігін тексеру;

      дайын моторлы көлік құралдарына бақылау сынақтарын жүргізу.

      7. Келісімде келісім кезеңдерін іске асыруды жылдарға шаққандағы және моторлы көлік құралдары өндірісі басталған күнді көрсете отырып, кәсіпорынның шанақты дәнекерлеуді, бояу мен жинау бойынша операциялар ұйымдастыру мерзімін көрсете отырып, жоспар-кестесі анықталуы тиіс.

      8. Шешім күшіне енгенге дейін келісім жасасқан заңды тұлғалармен жан-жақты келісімдерді қоспағанда, Шешім күшіне енгеннен кейін 8703 ЕАЭО СЭҚ ТН тауар позициясының моторлы көлік құралдарына қатысты жаңа келісімдер жасасуға жол берілмейді.

      Өнеркәсіптік құрастыруға өту мерзімі жан-жақты Келісім тараптарының бірі қабылдаған ең жоғары мерзімнен аспауы тиіс.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.04.2016 № 394 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       8-1. 8701, 8702, 8704, 8705 ЕАЭО СЭҚ ТН тауарлар позициясының моторлы көлік құралдарына қатысты келісімдер жасасуға Шешім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде беріледі.

      Ескерту. Ереже 8-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 25.06.2014 № 243 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.04.2016 № 394 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

       9. Осы Ереже шарттарының нашарлау жағына қарай (шарттарды және/немесе преференция қолданысы мерзімін, "өнеркәсіптік құрастыру" ұғымы шарттары қолданысын және т.б. өзгерту) өзгеруіне әкелетін өзгеріске жатпайды.

3. Келісімді жасасу тәртібі

      10. Келісімді жасасу үшін заңды тұлға уәкілетті органға өтініш береді.

      11. Өтінішке мына құжаттар қоса беріледі:

      келісім жобасы;

      келісім кезеңдерін жылдарға шаққанда және өндіріс күнін көрсете отырып, моторлы көлік құралдары өндірісінің болжамды бастауы, кәсіпорынның шанақты дәнекерлеуді, бояу мен жинауды ұйымдастыру мерзімі көрсетілген іске асыру жоспар-кестесінің жобасы;

      осы Ереженің 5-тармағына сәйкес келісімге қол қойылған күнге және 5-1 тармағына сәйкес Келісімге қол қойылғаннан кейін 6 ай өткен соң заңды тұлғада өндірістік активтердің болуын растайтын аудиттелген қаржы есеп-қисабы.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 25.06.2014 № 243 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

       12. Уәкілетті орган осы Ереженің 11-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттарды 10 жұмыс күні ішінде қарайды. Ұсынылған құжаттар осы Ережеде қарастырылған талаптарға сай болмаған жағдайда, заңды тұлғаға келісімді жасасудың мүмкіндігі жоқ себебімен уәжделенген бас тарту жіберіледі.

      13. 5 жұмыс күні ішінде қарау нәтижесі бойынша заңды тұлғамен келісім жасалады.

  Моторлы көлік құралдарын
өнеркәсіптік құрастыру туралы
келісімді жасасу ережесіне
Қосымша

      Үлгі нысан

8701, 8702, 8703, 8704, 8705 ЕАЭО СЭҚ ТН тауар позициясының
моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы
келісім

      Ескерту. Келісімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.04.2016 № 394 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       Астана қ. _______________

       (күні, айы, жылы)

      Осы келісім бұдан әрі Тараптар деп аталатындар __________________

       (ереже немесе бұйрықтың)

      негізінде әрекет ететін __________________________________ атынан

      (басшының немесе оның міндетін атқарушы А.Ә.Т.)

      ____________________________________(бұдан әрі – Уәкілетті орган) (уәкілетті органның атауы)

      мен ____________________________________ негізінде әрекет ететін

      (жарғының немесе сенімхаттың)

      __________________________________________________________ атынан

      (бірінші басшының немесе өзге уәкілетті тұлғаның А.Ә.Т.)

      ________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының атауы)

      арасында жасалды (бұдан әрі - Өндіруші).

      Мынаны назарға ала отырып:

      1) Уәкілетті органға осы келісімді жасасу және орындалуын бақылауға тікелей байланысты құқықтар берілгенін;

      2) Уәкілетті орган мен Өндіруші келісім оның талаптарын іске асыру кезінде олардың өзара құқықтары мен міндеттерін реттейтіні туралы келісті.

      Уәкілетті орган мен Өндіруші төмендегілер туралы осы келісімді жасады.

1. Келісімнің мәні

      1.1. Осы келісімнің мәні Қазақстан Республикасының мемлекеттік қолдауын ескере отырып, отандық автомобильдер өндірісін дамытуға бағытталған ЕАЭО шеңберінде "өнеркәсіптік құрастыру" ұғымын қолдана отырып, 8701, 8702, 8703, 8704, 8705 ЕАЭО СЭҚ ТН тауар позицияларының моторлы көлік құралдарын шығару кезінде өзара міндеттемелер мен кепілдіктерді белгілеу және іске асыру жөніндегі талаптардың өзара іс-қимылы болып табылады.

      Моторлы көлік құралдарын "өнеркәсіптік құрастыру" дегенде өзіне мынадай технологиялық операцияларды орындауды:

      шанақты дәнекерлеу, бояу және монтаждау;

      салонның жабдықтарын монтаждау;

      күш агрегатын, руль механизмін, шығару жүйесін монтаждау;

      электр жабдықтарын, аспа элементтерін монтаждау;

      экстерьер элементтерін монтаждау;

      дайын моторлы көлік құралдарына бақылау сынақтарын жүргізуді қамтитын технологиялық процестердің негізінде, екі ауысымды жұмыс режимі кезінде кәсіпорынның жобалық өндірістік қуатын 8703 ЕАЭО СЭҚ ТН тауар позициясы үшін жылына тиісті көпжақты келісім жасасқан екіден аспайтын заңды тұлғалар үшін жиынтықтай алғанда жылына кемінде елу мың моторлы көлік құралы немесе кемінде жиырма бес мың моторлы көлік құралы болатын өндірістік қуаттылықтарының болуы, 8701, 8704 және 8705 ЕАЭО СЭҚ ТН тауар позициялары үшін жылына кемінде он мың бірлік, 8702 ЕАЭО СЭҚ ТН тауар позициясы үшін жылына кемінде бір мың екі жүз бірлік қамтамасыз ететін сериялы өндіріс жүйесі түсініледі.

      Ескерту. 1.1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.04.2016 № 394 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       1.2. Осы келісім автомобильдерді өнеркәсіптік құрастыру үшін, сондай-ақ осы келісімнің 2.3.2-тармағында көрсетілген технологиялық операцияларды орындау кезінде шығарылатын автомобильдер үшін әкелінетін автокомпоненттерді "8701-8705 тауарлық позициясының моторлы көлік құралдарын, олардың тораптары мен агрегаттарын өнеркәсіптік құрастыруға арналған" Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің позицияларындағы кедендік декларациялауға негіз (рұқсат) болып табылады.

      Автокомпоненттер ретінде моторлы көліктік құралдарын өндіруге қажетті тетіктер, тораптар, жинақтау бұйымдары, материалдар, химиялық және лак - бояу өнімдері түсініледі.

      Ескерту. 1.2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.04.2016 № 394 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       1.3. Тараптар серіктестігі (өзара іс-қимылы) Тараптардың:

      1) 8703 ЕАЭО СЭҚ ТН тауар позицияларының моторлы көлік құралдарын шығару кезінде Өндірушінің келісімге қол қойылған күні кемінде екі миллиард теңге сомаға өндірістік активтердің болуы туралы талаптарды орындауды қамтамасыз ету немесе 8701, 8702, 8703, 8704, 8705 ЕАЭО СЭҚ ТН тауар позицияларының моторлы көлік құралдарын шығару кезінде келісімге қол қойылған күннен бастап алты ай ішінде кемінде бес жүз миллион теңге сомаға өндірістік активтерді қалыптастыру, сондай-ақ 8701, 8702, 8703, 8704, 8705 ЕАЭО СЭҚ ТН тауар позицияларының моторлы көлік құралдарының кемінде бір моделін өнеркәсіптік құрастыруды бастау;

      2) Уәкілетті органның "өнеркәсіптік құрастыру" ұғымын қолдана отырып 8701, 8702, 8703, 8704, 8705 ЕАЭО СЭҚ ТН тауар позицияларының моторлы көлік құралдарын шығару кезінде Өндірушінің келісімнің талаптарын сақтауына кепілдік беру бойынша міндеттемелерді қабылдағанда жасалады.

      Ескерту. 1.3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.04.2016 № 394 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Тараптардың міндеттері

      2.1. Өндіруші мыналарға міндеттенеді:

      2.1.1. келісімде көрсетілген мерзімде, бірақ 2020 жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірмей мынадай тауар позициясының моторлы көлік құралдарын кемінде бір моделін өнеркәсіптік құрастыруды іске қосуды қамтамасыз етуге 8701, 8702, 8703, 8704, 8705 ЕАЭО СЭҚ ТН.

      Ескерту. 2.1.1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.04.2016 № 394 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       2.1.2. келісім кезеңдерін іске асыруды осы келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын жоспар-кестеге сәйкес жүзеге асыруға.

      2.1.3. Есеп беретін жылдан кейінгі әрбір күнтізбелік жылдың 1 сәуіріне дейін әкелінетін тауарларға кедендік декларациялау жүзеге асырылатын кедендік органмен, уәкілетті органға уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша мынадай құжаттарды ұсынады:

      келісім кезеңдерін іске асыру жоспар-кестесін орындау туралы мәлімет;

      шығарылған жеңіл автомобильдер және өзге көліктік құралдар саны туралы есепті шанақ санын, маркасын, моделін, типін, қозғалтқыш көлемін, қабылдап беру қорабының түрін, шанақты бояу түстерін көрсетіп, шығару көлемдері туралы мәлімет;

      Қазақстан Республикасының аумағына нақты әкелінген кеден одағының қатысушылары болып табылатын мемлекеттерден шығатын және моторлық көлік құралдарының өнеркәсіптік жиынтығында пайдаланылатын автокомпоненттер туралы есеп;

      кеден одағына қатысушылары болып табылмайтын мемлекеттерден шығатын моторлық көлік құралдарының өнеркәсіптік құрастыруда пайдаланылатын автокомпоненттер туралы есеп;

      кеден одағына қатысушылары болып табылмайтын мемлекеттерден шығатын, пайдаланыламайтын автокомпоненттер туралы есеп;

      есептік жыл ішіндегі бухгалтерлік есеп;

      2.2. Уәкілетті орган өз құзыретінің шегінде:

      2.2.1. осы келісім талаптарының нашарлау жағына өзгеруіне алып келетін (артықшылықтардың қолданылу шарттары және/немесе мерзімінің "өнеркәсіптік құрастыру" ұғымын қолдану шартының және тағыда басқа өзгеруі) 8701, 8702, 8703, 8704, 8705 ЕАЭО СЭҚ ТН тауар позицияларының моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу ережесі өзгерген жағдайда келісім талаптарын өзгертпеуге міндеттенеді.

      Ескерту. 2.2.1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.04.2016 № 394 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       2.3. Өндіруші:

      2.3.1. келісім талаптарына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін кез келген әрекетті өзіне алған міндеттемелерді іске асыру үшін кірісуге;

      2.3.2. Келісімнің қолданыс мерзімі ішінде моторлы көлік құралдарының жеке моделдерін өнеркәсіптік құрастыруға дейін және кейін мынадай технологиялық операцияларды орындау кезінде моторлы көлік құралдарының басқа моделдерінің шығару:

      қозғалтқышты орнату және бекіту, басқару тетіктерін қозғалтқышқа қосу;

      артқы аспаларды орнату;

      газ шығару жүйесін орнату;

      ернеулік электр тізбектерін тексеріп, аккумулятор батареяларын орнату және қосу;

      жүру доңғалақтарын орнату;

      тежеуіштік және салқындатқыш сұйықтықпен толтыру;

      тежеуіш жүйесінің тиімділігін тексеру;

      дайын моторлы көлік құралдарына бақылау сынақтарын жүргізу.

      2.4. Уәкілетті орган:

      2.4.1. келісімді жасау, келісімді жасау және тіркеу шарттары мен тәртіптерін белгілеуге;

      2.4.2. келісім талаптарының іске асырылуына бақылау жүргізуге, сондай-ақ қажет ақпаратты сұратуға;

      2.4.3. "өнеркәсіптік құрастыру" режимінде өндіруді жүзеге асыратын өндірушіні мемлекеттік қолдаудың қосымша шараларын енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеуге және Қазақстан Республикасы Үкіметіне бекітуге ұсынуға;

      2.4.4. Уәкілетті орган туралы ережеде және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге құқықтарға құқылы.

3. Өндірушінің өндірісі "өнеркәсіптік құрастыру" режимінде жүзеге асырылатын моделдері бойынша міндеттемелерін орындау

      3.1. Өндіруші келісімге қол қойылған күннен бастап 84 ай өткенге дейін уәкілетті органға Шанақты дәнекерлеу, бояу және құрастыру бойынша өндірістік қуаттылықтарды пайдалануға енгізу актісін беруге міндетті.

      3.2. Өндіруші келісімге қол қойылған күннен бастап сексен айдан кеш емес уәкілетті органға "8701-8705 тауарлық позициясының моторлы көлік құралдарын, олардың тораптары мен агрегаттарын өнеркәсіптік құрастыруға арналған" Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің позициялары бойынша әкелінетін және жіктелетін автокомпоненттер тізбесінің (бұдан әрі – Тізбе) жобасын, сондай-ақ өз тарапынан қол қойған Тізбенің екі данасын жібереді.

      Ескерту. 3.2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.04.2016 № 394 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       3.3. Уәкілетті орган Тізбе жобасын оны алған күннен бастап 30 (отыз) күнге дейінгі мерзімде қарастырады және Өндірушіге ол қол қойған Тізбені, не қол қоюдан өздігінен бас тарту туралы хабарламаны жібереді.

      3.4. Өндіруші келісімге қол қойылған күннен бастап сексен төрт ай өткенге соң өндірісі "өнеркәсіптік құрастыру" режимінде жүзеге асырылатын моделдер үшін "8701-8705 тауарлық позициясының моторлы көлік құралдарын, олардың тораптары мен агрегаттарын өнеркәсіптік құрастыруға арналған" Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің позициялары бойынша автокомпоненттерді жіктеу, бұл Тізбеде көрсетілген автокомпоненттерге ғана таратылады.

      Ескерту. 3.4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.04.2016 № 394 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3.5. Алып тасталды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.04.2016 № 394 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3.6. Өндіруші Тізбеге енгізілген автокомпоненттерді "8701-8705 тауарлық позициясының моторлы көлік құралдарын, олардың тораптары мен агрегаттарын өнеркәсіптік құрастыруға арналған" тауар позицияларында емес, ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары бойынша оларды жіктеу жолымен әкелу кедендік баждың қолданыстағы ставкаларын қолданып, әкелуді жүзеге асыруға құқылы.

      Ескерту. 3.6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.04.2016 № 394 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4. Тараптардың жауапкершілігі

      4.1. Міндеттемелері мен кепілдіктерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.

      4.2. Автокомпоненттерді мақсатсыз пайдалану анықталған жағдайда, уәкілетті орган немесе кедендік орган 10 күнтізбелік күннен кеш емес мерзімде заңды тұлға автокомпоненттерді мақсатсыз пайдалану фактілерін анықтау туралы хабарламаны жібереді. Заңды тұлға Қазақстан Республикасының кеден заңнамасымен көзделген тәртіпте оларды пайдалану оларды әкетуге мақсатына сәйкес келмеген автокомпоненттерге өсімпұлды есептей отырып, кедендік бажды төлеуге міндетті. Кері жағдайда, Келісім бұзылады және "8701-8705 тауарлық позициясының моторлы көлік құралдарын, олардың тораптары мен агрегаттарын өнеркәсіптік құрастыруға арналған" Біріңғай кедендік тариф позициясындағы автокомпоненттерді әкелуге рұқсат жойылады.

      4.3. Келісімнің басқа тармақтары орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда уәкілетті орган заңды тұлғаға анықталған бұзушылықтарды көрсете отырып, бір ай ішінде бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жібереді.

      Анықталған бұзушылықтарды жоймау немесе тиісінше жоймау келісімді Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен көзделген тәртіпте бұзуға негіздеме болып табылады.

5. Форс-мажор

      5.1. Тараптардың ешқайсысы егер орындамау немесе кідіріс кешіктіру белгісіз күштердің (форс-мажор) жайларынан туындаған болса, келісім бойынша қандай да бір міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапты болмайды.

      5.2. Форс-мажорға әскери шиленіс, табиғи апаттар, дүлей апаттар өзге де (өрт, күрделі апаттар, коммуникациялардың істен шығуы және т.б.) және басқа төтенше, жол беруге болмайтын жағдайлар жатады.

      5.3. Форс-мажорлық жағдайлардан туындаған келісім бойынша жұмысты толық немесе ішінара тоқтату жөніндегі өзгеріс форс-мажор әрекеті мерзімін келісімді іске асыру мерзімі ұзартыла отырып келісім кезеңдерін іске асыру жоспар-кестесіне енгізіледі.

      5.4. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған жағдайда зиян шеккен Тарап, басқа Тарапты 15 жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлама беру жолымен, оқиғаның басталу күні және форс-мажорлық жағдайларды сипаттай отырып хабардар етеді.

      5.5. Форс-мажорлық жағдайлар туындағанда, Тараптар болған жағдайды шешу жолдарын іздеуге келіссөз жүргізеді және ол жағдайлардың әсерін барынша азайтуға бар күш-жігерін салады.

6. Құпиялылық

      6.1. Тараптар Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес келісімнің қолданыс кезеңі ішінде іске асыру бойынша жұмысқа жататын барлық құжаттар, ақпараттар және есеп берулер жөніндегі құпияларды сақтау шарттарын орындайды.

      6.2. Тараптардың ешқайсысы, басқа Тараптан жазбаша келісімді алмай, келісім мазмұнына қатысты ақпаратты немесе құпиялы болып саналатын осы - келісім ережелерін, өзге де ақпараттарды мына жағдайлардан басқа жария етуге құқы жоқ:

      1) егер ақпарат сот тергеуінде пайдаланылатын болса;

      2) егер ақпаратты Тараптардың біріне келісім бойынша қызмет көрсететін үшінші тұлға ұсынатын болса, мұндай үшінші тұлға мұндай ақпараттың құпиялылық шарттарын сақтау міндеттемесін өзіне алса және ол ақпараттарды Тараптармен белгіленген мақсаттарда және Тараптармен анықталған мерзімде қолданатын болса;

      3) егер ақпарат Тарап келісім бойынша қаржы қаражат алатын банкіге немесе басқа қаржы ұйымдарына ұсынылатын жағдайда, мұндай банк немесе қаржы ұйымы мұндай ақпараттың құпиялылығын сақтау міндеттемесін өзіне алған жағдайда;

      4) егер кез келген ақпаратты ала алатын, оның ішінде Өндірушінің кез келген банктік шотына, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі шетел банктеріндегі банктік шоттарына жататын банктік құпия болып табылатын ақпараттарға рұқсаты бар салық органдарына немесе Қазақстан Республикасының басқа өкілетті мемлекеттік органдарына ұсынылатын болса.

7. Дауды реттеу

      7.1. Осы келісімді түсіндіруге және қолдануға қатысты Тараптар арасындағы кез келген дау консультациялар және келіссөздер жолымен шешіледі.

      7.2. Реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешіледі.

8. Қорытынды ережелер, келісімнің күшіне енуі және қолданысын тоқтатуы

      8.1. Осы келісім 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін әрекет етеді.

      Ескерту. 8.1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 25.06.2014 № 243 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

       8.2. осы Нұсқаулық шарттарын өзгертуді нашарлау жағына әкеп соғатын уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актілерін қабылдау жағдайында келісім мазмұны өзгертуге жатпайды.

      8.3. Осы келісім қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес түсіндіріледі және реттеледі.

      8.4. Астана қ. 2014 ж. "__" ________ әрқайсысы қазақ және орыс тілінде, бірдей заңды күші бар екі данада, әр тарапқа 1 (бір) данадан жасалады. Егер келіспеушіліктер болған жағдайда, осы келісімнің ережелерін талқылауда, тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.

      Ескерту. 8.4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 25.06.2014 № 243 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

       Тараптар қолы

      _____________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады