Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2016 жылғы 17 маусымдағы № 264 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 22 шілдеде № 13964 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 320/НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 12.09.2022 № 320/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 28 маусымдағы № 197 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8568 болып тіркелген, 2013 жылғы 6 тамыздағы № 115 (2316) "Заң газетінде" жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құнын айқындау әдістемесінде:

      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жалақыға, оның ішінде "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығына, "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес айқындалатын қызметкерлері тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін заңды және жеке тұлғалардың еңбек ақысын төлеу шығыстары;";

      2) Күші жойылды – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 19.02.2020 № 68/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 19.02.2020 № 68/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;

      2) осы бұйрық мемлекеттiк тiркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
М. Құсайынов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникация министрі

      ________________ Д. Абаев

      2016 жылғы "___" __________



О внесении изменений в некоторые приказы уполномоченного органа в сфере оказания государственных услуг

Приказ и.о. Министра национальной экономики Республики Казахстан от 17 июня 2016 года № 264. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 22 июля 2016 года № 13964. Утратил силу приказом Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 12 сентября 2022 года № 320/НҚ.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК от 12.09.2022 № 320/НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в некоторые приказы уполномоченного органа в сфере оказания государственных услуг следующие изменения:

      1) в приказ исполняющего обязанности Министра экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан от 28 июня 2013 года № 197 "Об утверждении Методики определения стоимости государственной услуги" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 8568, опубликованный в "Юридической газете" от 6 августа 2013 года за № 115 (2490):

      в Методике определения стоимости государственной услуги, утвержденной указанным приказом:

      подпункт 1) пункта 4 изложить в следующей редакции:

      "1) расходы на заработную плату, в том числе, оплату труда, определяемую в соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 17 января 2004 года № 1284 "О единой системе оплаты труда работников органов Республики Казахстан, содержащихся за счет государственного бюджета и сметы (бюджета) Национального Банка Республики Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1193 "О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий", физических и юридических лиц, работники которых непосредственно оказывают государственные услуги;";

      2) утратил силу приказом Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК от 19.02.2020 № 68/НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Сноска. Пункт 1 с изменением, внесенным приказом Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК от 19.02.2020 № 68/НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Департаменту развития системы государственного управления Министерства национальной экономики Республики Казахстан обеспечить в установленном законодательством порядке:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа его направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и в информационно-правовой системе "Әділет", а также в течение пяти рабочих дней в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" Министерства юстиции Республики Казахстан для размещения в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства национальной экономики Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства национальной экономики Республики Казахстан сведений об исполнений мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) пункта 2 настоящего приказа.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра национальной экономики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Исполняющий обязанности


Министра национальной экономики


Республики Казахстан

М. Кусаинов

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр информации и коммуникаций

      Республики Казахстан

      _________________ Д.Абаев

      "_____" ___________ 2016 года