"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 28 маусымдағы № 197 және "Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 17 маусымдағы № 264 бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 320/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 19 қыркүйекте № 29662 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 28 маусымдағы № 197 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8568 болып тіркелген);

      2) "Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 17 маусымдағы № 264 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13964 болып тіркелген).

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады