"Бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 73 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 13 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 26 шілдеде № 13989 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 29 сәуірдегі № 84 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 29.04.2019 № 84 (11.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 50-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 73 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13132 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 24 ақпанда жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін жүргізу қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізу "Автоматтандырылған ұлттық ақпараттық кеңістікке мониторинг" ақпараттық жүйесі бар болған жағдайда, оны қолдана отырып, жүзеге асырылады.";

      5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мониторингке техникалық және әдістемелік қамтамасыз ету бойынша жұмысты орындау үшін уәкілетті орган бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін жүргізу қызметтерін көрсету бойынша мемлекеттік тапсырманы орындауға арналған шарттың негізінде ұйымдарды тартады.";

      6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мониторингке техникалық және әдістемелік қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды орындайтын ұйым мониторинг процесінде, сондай-ақ осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органға жолданған мемлекеттік органдардың хабарламалары бойынша айқындалған Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтамау белгілерін жүргізеді.

      Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтамауы тіркелген құжаттар уәкілетті органға заңнаманың сақталмауы белгіленген сәттен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей электрондық құжат айналымның жүйелерін және ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жолданады.".

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Қазақстан Республикасының аумағында телекоммуникациялар желілері бойынша таратуға тыйым салынған ақпаратардың қолжетімділігі мен жинауға мониторингі аппараттық-бағдарламалық құралдарды пайдалана отырып, мониторингті техникалық және әдістемелік қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды орындайтын ұйым жүзеге асырады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ақпарат және коммуникациялар


министрі

Д. Абаев


О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 января 2016 года № 73 "Об утверждении Правил проведения мониторинга средств массовой информации"

Приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 27 июня 2016 года № 13. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 26 июля 2016 года № 13989. Утратил силу приказом Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 29 апреля 2019 года № 84 (вводится в действие с 11.04.2019)

      Сноска. Утратил силу приказом Министра информации и общественного развития РК от 29.04.2019 № 84 (вводится в действие с 11.04.2019).

      В соответствии с пунктом 2 статьи 50 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 января 2016 года № 73 "Об утверждении Правил проведения мониторинга средств массовой информации" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 13132, опубликованный 24 февраля 2016 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующие изменения:

      в Правилах проведения мониторинга средств массовой информации, утвержденных указанным приказом:

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Мониторинг средств массовой информации осуществляется с использованием информационной системы "Автоматизированный мониторинг национального информационного пространства" при ее наличии.";

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. Для выполнения работ по техническому и методическому обеспечению мониторинга уполномоченный орган привлекает организации на основании договора на выполнение государственного задания по оказанию услуг по проведению мониторинга средств массовой информации.";

      пункт 6 изложить в следующей редакции:

      "6. Организация, выполняющая работы по техническому и методическому обеспечению мониторинга, производит фиксацию признаков несоблюдения законодательства Республики Казахстан, выявленных в процессе мониторинга, а также по уведомлениям государственных органов, направленных в уполномоченный орган по форме, согласно приложению к настоящим Правилам.

      Документы с зафиксированными признаками несоблюдения законодательства Республики Казахстан направляются в уполномоченный орган не позднее трех рабочих дней с момента фиксации признаков несоблюдения законодательства с использованием систем электронного документооборота и информационных систем.";

      пункт 14 изложить в следующей редакции:

      "14. Мониторинг доступности и свод информации, запрещенной к распространению по сетям телекоммуникаций на территории Республики Казахстан, осуществляется организацией, выполняющей работы по техническому и методическому обеспечению мониторинга, с использованием аппаратно-программных средств.".

      2. Комитету государственного контроля в области связи, информатизации и средств массовой информации Министерства информации и коммуникаций Республики Казахстан обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) направление копии настоящего приказа в печатном и электронном виде на официальное опубликование в периодические печатные издания и информационно-правовую систему "Әділет" в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан, а также в Республиканский центр правовой информации в течение пяти рабочих дней со дня получения зарегистрированного приказа для включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства информации и коммуникаций Республики Казахстан и на интранет-портале государственных органов;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства информации и коммуникаций Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра информации и коммуникаций Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр


информации и коммуникаций


Республики Казахстан

Д. Абаев