"Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 24 маусымдағы № 281 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 26 шілдеде № 13992 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 11 маусымдағы № 59 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.06.2021 № 59 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тізілімінде № 11181 болып тiркелген, 2015 жылғы 26 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерін оқыту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіздері бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.".

      "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігіне субсидия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 21 (жиырма бір) жұмыс күні ішінде;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты – 30 (отыз) минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) жүгінуі кезінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі мынадай:

      "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) бірінші, екінші және үшінші бағыттары бойынша:

      осы стандартқа қосымшаға сәйкес қатысуға арналған өтініш-сауалнама;

      кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік/заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (кәсіпкердің мөрімен (бар болған жағдайда)/қолымен расталған көшірме);

      кәсіпкердің жобаны іске асыруының бизнес-жоспары, онда 180 млн. теңгеден жоғары кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жобаны іске асырудың жалпы құнының кемінде 10 %-ынан төмен емес деңгейде жобаны іске асыруға жеке қаражатының (ақша қаражатының, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінің), оның ішінде қамтамасыз етуге ұсынылатын үшінші тұлғалардың мүлкімен қатысуын қамтамасыз ету мерзімдері, сондай-ақ Бағдарламаның бірінші бағытының шеңберінде қатысуға өтініш берген жағдайда Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлердің – шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары бойынша – ӨҮК шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар жөніндегі деректердің негізінде кірісті өсіруге, жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайтуға және бюджетке төленетін салықтардың көлемін 10 %-ға өсіруге қол жеткізу кезеңдері қамтылады;

      кәсіпкердің – орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектісінің соңғы үш қаржы жылы үшін қаржылық есептерінің көшірмесі, бюджетке төленетін салықтар көлемінің 20 %-ға өсуі және кірістің өсімі туралы талдау жасауға мүмкіндік беретін салық декларациясының көшірмесі қоса беріледі. Орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері кәсіпкерлік қызметті үш жылдан аз жүзеге асырған жағдайда, ақпарат кәсіпкерлік қызметті нақты жүзеге асыру кезеңі үшін беріледі (Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде қатысуға өтініш берген жағдайда);

      өтініш берілетін күнге дейінгі күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқ екені туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасы;

      тауарларды/өнімді экспорт режимінде шығаруды жүзеге асырған кеден органының белгілері қойылған кедендік жүк декларациялары (Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде қатысуға өтініш берген жағдайда);

      Қазақстан Республикасының кедендік шекарасындағы өткізу пунктінде орналасқан кеден органының белгілері қойылған тауарға ілеспе құжаттар (Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде қатысуға өтініш берген жағдайда);

      соңғы есепті кезеңдегі валюталық пайданың тиісті деңгейінің бар-жоғын растайтын құжаттар (Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде қатысуға өтініш берген жағдайда);

      банктің/Даму банкінің/лизингтік компанияның Бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беретін шарттарда кәсіпкерге кредит беру/қаржылық лизинг шартын жасасу немесе кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесін төмендету мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хаты.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады.

      Қолданыстағы кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесін Бағдарламада көзделген мөлшерге дейін төмендету үшін көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) қолдаухатпен екінші деңгейдегі банкке, Даму банкіне, лизингтік компанияға жүгінеді.";

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіздері бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.".

      "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне кредиттер бойынша кепілдіктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырғаннан кейін:

      1) 180 млн. теңгеден жоғары кредиттер бойынша – қаржы агенттігі екінші деңгейдегі банктен/Даму банкінен (бұдан әрі – Банк) құжаттарды алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде.

      Ұсынылған құжаттарға қатысты ескертулер және/немесе қосымша ақпарат беру қажет болған жағдайда, анықталған ескертулер және/немесе ақпаратты беру туралы сұратуды көрсетілетін қызмет беруші оларды жою үшін 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.

      2) 180 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша - қаржы агенттігі Банктен құжаттарды алған күннен бастап – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      Егер көрсетілетін қызметті алушы мен қаржы агенттігінің кепілдігімен алынған кредиттер бойынша онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың жиынтық берешегі 180 млн. теңгеден асатын болса, онда бұдан кейінгі жобаларды қарау 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      – веб-портал қаржы агенттігі Банктен құжаттарды алғаннан кейін – 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде.

      Ұсынылған құжаттарға ескертулер болған және/немесе қосымша ақпарат беру қажет болған жағдайда, анықталған ескертулерді және/немесе ақпарат беру туралы сұратуды қаржы агенттігі жою және/немесе ақпарат ұсыну үшін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Банкке жолдайды. Бұл ретте, қаржы агенттігінің құжаттарды қарау мерзімі жаңартылады.

      Банк қаржы агенттігіне көрсетілетін қызметті алушыдан "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық өтінім алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда, қаржы агенттігі көрсетілетін қызметті алушыға кепілдік беру туралы мәселені қараудан бас тартады.

      3) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты – 30 (отыз) минут;

      4) рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 1 (бір) сағат.";

      6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

      180 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша – қаржы агенттігінің алдын ала кепілдік хаты не қаржы агенттігінің уәкілетті органының теріс шешімінің себептері көрсетіле отырып, бас тарту туралы хабарламасы;

      180 млн. теңгеден астам кредиттер бойынша – Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының хаттамасынан үзінді көшірме.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі:

      қаржы агенттігі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00.-ден 15.00-ге дейін.

      жергілікті атқарушы органдар – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 8.30, 9.00-ден 18.00, 18.30, 19.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00, 14.30-ға дейін.

      Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру кестесі:

      қаржы агенттігі сағат 13.00-ден 15.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырады;

      жергілікті атқарушы органдар сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүргізіледі.

      Веб-портал – техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс күні аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады) техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушіге қажетті құжаттар тізбесі:

      180 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес қатысуға арналған өтініш;

      2) кәсіпкердің кепілдік сомасы есептелген кредит алу мүмкіндігі туралы Банктің оң шешімі бар хаты;

      3) көрсетілетін қызметті алушының кредит бюросына ақпарат беруге және кредит есебін алуға келісімі (осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3, 4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша);

      4) көрсетілетін қызметті алушының қаржы агенттігімен жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісімі (осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша);

      5) кепілдікті тарту туралы шешім қабылдаған көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті органының шешімі.

      180 млн. теңгеден астам кредиттер бойынша:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес, қатысуға арналған өтініш;

      2) кәсіпкер-заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгендігі/қайта тіркелгендігі туралы куәлік немесе анықтама/жеке кәсіпкер ретінде тіркелгенін растайтын құжат (кәсіпкердің (кәсіпкердің-заңды тұлғаның уәкілетті тұлғасының) мөрімен (бар болса) және қолтаңбасымен расталған көшірмесі);

      3) кәсіпкер қаржы агенттігіне жүгінген күнге дейін 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын берілген, бюджетке міндетті төлемдер бойынша берешектің бар/жоғы туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасы;

      4) салық декларациясының көшірмесін және/немесе интернет-ресурстарда орналастырылған қаржылық жағдай туралы талдау жасауға мүмкіндік беретін ақпаратты, бірінші басшысы (заңды тұлғалар үшін) куәландырған дебиторлық және кредиторлық берешектердің таратылып жазылуларымен қоса бере отырып, кәсіпкердің – орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектісінің соңғы үш қаржы жылындағы қаржылық есептерінің көшірмелері (оның ішінде, берешектің пайда болған сомалары, күндері, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің атауы) (кәсіпкер кәсіпкерлік қызметті үш жылдан аз жүзеге асырған жағдайда, ақпарат кәсіпкерлік қызмет нақты жүзеге асырылған кезеңге ұсынылады);

      5) кәсіпкердің кепілдік сомасы есептелген кредит алу мүмкіндігі туралы банктің оң шешімі бар хаты;

      6) қаржы агенттігінің кәсіпкерді кепілдендіру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хатының көшірмесі (банктің мөрімен куәландырылған);

      7) 180 млн. теңгеден астам кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жеке қаражат жобасын (ақша қаражаты, жылжымалы/жылжымайтын мүлік), оның ішінде жобаны іске асырудың жалпы құнының 10 %-нан төмен деңгейде қамтамасыз етуге ұсынылатын үшінші тұлғалардың мүлкімен іске асыруға, сондай-ақ Бағдарламаның екінші бағытының шеңберінде кәсіпкерлердің – шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары бойынша кәсіпкердің жобасын іске асыруға қатысуды қамтамасыз ету мерзімдерін қамтитын кәсіпкердің жобасын іске асыру бизнес-жоспары – кірісті өсіруге қол жеткізу, жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайту және ӨҮК шешімі қабылданған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін бюджетке төленетін салықтардың көлемін 10%-ға өсіру кезеңдері;

      8) кірістің өсімі және бюджетке төленетін салықтар көлемінің 20%-ға өсуі туралы талдау жасауға мүмкіндік беретін салық декларациясының көшірмесін қоса бере отырып, кәсіпкердің – орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектісінің қаржылық есептерінің көшірмесі (Бағдарламаның екінші бағытының шеңберінде қатысуға өтінім берген жағдайда);

      Веб-порталға:

      180 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша

      1) кәсіпкердің ЭСҚ-мен куәландырылған электрондық сұрау салу нысанындағы өтініш;

      2) кредит бюросына ақпарат беруге және кредит есебін алуға электрондық нысандағы келісімі;

      3) оның жеке деректерін жинауға және өңдеуге электрондық нысандағы келісімі;

      4) кепілдік сомасы есептелген кредит алу мүмкіндігі туралы Банктің оң шешімі бар хатының электрондық көшірмесі (сканерленген көшірмесі).

      Жеке кәсіпкерлік субъектісі бойынша, оның ішінде заңды тұлғаны/жеке кәсіпкерді, қызмет түріне лицензияны (егер қызмет түрі лицензияланатын болса) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік жөніндегі мәліметтерді және бюджетке төленетін міндетті төлемдерге берешегінің бар/жоғы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электронды үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алады.

      Деректерді "электронды үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алу техникалық тұрғыдан мүмкін емес болған немесе деректер дұрыс болмаған жағдайда, қаржы агенттігі құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыдан сұратады.

      Құжаттардың қабылдануын растау құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіндегі тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.

      Егер көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлға болып табылған жағдайда, кепілдік тарту туралы шешім қабылдаған көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті органының шешімі қатысушыға немесе басшыға берілген заңды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен келісу форматында расталады. Келісу нысаны барлық қатысушыларға және басшыға порталдағы жеке кабинетіне жіберіледі. Келісуді растау үшін келісу нысанына қатысушыға немесе басшыға берілген заңды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қою талап етіледі.";

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін келісім туралы сұрау салуға берілген теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылуы негіздері бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.";

      "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 48 (қырық сегіз) жұмыс күні ішінде;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты – 30 (отыз) минут;

      3) рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 20 (жиырма) минут.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) жүгінуі кезінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      осы стандартқа қосымшаға сәйкес гранттар беру бойынша конкурстық іріктеуге қатысуға өтінім;

      заңды тұлғаны (дара кәсіпкерді) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

      өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік 30 күн бұрын берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқ екені туралы анықтама;

      өтінім берілген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен (болған жағдайда) расталған анықтама;

      бизнес-жоба;

      Бағдарлама және/немесе Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының шеңберінде кәсіпкердің оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі;

      кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының бар екені туралы банк шотынан үзінді көшірме немесе жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар;

      кәсіпкердің атынан өтінім беру құқығына сенімхат, сенім білдірілген адам төлқұжатының көшірмесі (заңды тұлғаның атынан – заңды тұлға растаған).

      Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінде құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады.";

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіздері бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.".

      "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету" мемлекеттік қызмет стандартында:

      "Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі" деген 2-бөлімде:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) жүгінуі кезінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      еркін нысандағы қатысуға өтінім;

      бизнес-жоспар;

      техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда, жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі;

      жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама.

      Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінде құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады.";

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіздері бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаменті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің баспа және электрондық түрде мерзімді баспасөз басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ұлттық экономика министрі

Қ. Бишімбаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      ______________ Д. Абаев

      2016 жылғы 24 маусым



О внесении изменений и дополнений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 24 апреля 2015 года № 352 "Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере предпринимательства"

Приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 24 июня 2016 года № 281. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 26 июля 2016 года № 13992. Утратил силу приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 11 июня 2021 года № 59.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра национальной экономики РК от 11.06.2021 № 59 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 1) статьи 10 Закона Республики Казахстан от 15 апреля 2013 года "О государственных услугах" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 24 апреля 2015 года № 352 "Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере предпринимательства" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11181, опубликованный 26 мая 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующие изменения:

      в стандарте государственной услуги "Обучение субъектов частного предпринимательства в рамках Единой программы поддержки и развития бизнеса "Дорожная карта бизнеса 2020", утвержденном указанным приказом:

      дополнить пунктом 9-1 следующего содержания:

      "9-1. Услугодатель отказывает в оказании государственной услуги по следующим основаниям:

      1) установление недостоверности документов, представленных услугополучателем для получения государственной услуги, и (или) данных (сведений), содержащихся в них;

      2) несоответствие услугополучателя и (или) представленных материалов, объектов, данных и сведений, необходимых для оказания государственной услуги, требованиям, установленным нормативными правовыми актами Республики Казахстан.";

      в стандарте государственной услуги "Предоставление субсидирования части ставки вознаграждения по кредитам в рамках Единой программы поддержки и развития бизнеса "Дорожная карта бизнеса 2020":

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Срок оказания государственной услуги:

      1) со дня сдачи пакета документов услугодателю – 21 (двадцать один) рабочий день;

      2) максимально допустимое время ожидания для сдачи пакета документов – 30 (тридцать) минут;

      3) максимально допустимое время обслуживания – 20 (двадцать) минут.";

      пункт 9 изложить в следующей редакции:

      "9. Перечень документов, необходимых для оказания государственной услуги при обращении услугополучателя (либо его представителя по доверенности):

      По первому, второму и третьему направлениям Единой программы поддержки и развития бизнеса "Дорожная карта бизнеса 2020" (далее – Программа):

      заявление-анкета на участие согласно приложению к настоящему стандарту;

      свидетельство о государственной регистрации предпринимателя/ справку о государственной регистрации (перерегистрации) юридического лица (копию, заверенную печатью (при наличии)/подписью предпринимателя);

      бизнес-план реализации проекта предпринимателя, содержащий по кредитам/договорам финансового лизинга свыше 180 млн. тенге сроки обеспечения участия в реализации проекта собственных средств (денежных средств, движимого/недвижимого имущества), в том числе имуществом третьих лиц, предоставляемым в обеспечение, на уровне не ниже 10 % от общей стоимости реализации проекта, а также в случае подачи заявления на участие в рамках первого направления Программы/по проектам предпринимателей – субъектов малого предпринимательства в рамках второго направления Программы – этапы по достижению роста дохода, увеличения среднегодовой численности рабочих мест на основе данных по обязательным пенсионным взносам и (или) социальным отчислениям и роста объема уплачиваемых налогов в бюджет на 10 % после 2 (два) финансовых лет с даты решения РКС;

      копию финансовых отчетов предпринимателя – субъекта среднего или крупного предпринимательства за последние три финансовых года с приложением копии налоговой декларации, позволяющей сделать анализ о приросте дохода и росте объема уплачиваемых налогов в бюджет на 20 %. В случае осуществления субъектами среднего и крупного предпринимательства предпринимательской деятельности менее трех лет, информация предоставляется за период фактического осуществления предпринимательской деятельности (в случае подачи заявления на участие в рамках второго направления Программы);

      справку органов государственных доходов об отсутствии задолженности по обязательным платежам в бюджет, выданную не позднее, чем за 30 календарных дней до даты обращения;

      грузовые таможенные декларации с отметками таможенного органа, осуществившего выпуск товаров/продукции в режиме экспорта (в случае подачи заявления на участие в рамках третьего направления Программы);

      товаросопроводительные документы с отметкой таможенного органа, расположенного в пункте пропуска на таможенной границе Республики Казахстан (в случае подачи заявления на участие в рамках третьего направления Программы);

      документы, подтверждающие наличие соответствующего уровня валютной выручки за последний отчетный период (в случае подачи заявления на участие в рамках третьего направления Программы);

      письмо банка/Банка Развития/лизинговой компании с положительным решением о возможности предоставления кредита/заключения договора финансового лизинга или понижения ставки вознаграждения по кредиту/договору финансового лизинга предпринимателя на условиях, позволяющих участвовать в Программе.

      Подтверждением принятия документов является регистрация (штамп, входящий номер и дата) в канцелярии услугодателя, с указанием фамилии и инициалов лица, принявшего документы.

      Для понижения номинальной ставки вознаграждения по действующему кредиту/договору финансового лизинга до размеров, предусмотренных Программой, услугополучатель (либо его представитель по доверенности) обращается с ходатайством в банк второго уровня, Банк Развития, лизинговую компанию.";

      дополнить пунктом 9-1 следующего содержания:

      "9-1. Услугодатель отказывает в оказании государственной услуги по следующим основаниям:

      1) установление недостоверности документов, представленных услугополучателем для получения государственной услуги, и (или) данных (сведений), содержащихся в них;

      2) несоответствие услугополучателя и (или) представленных материалов, объектов, данных и сведений, необходимых для оказания государственной услуги, требованиям, установленным нормативными правовыми актами Республики Казахстан.";

      в стандарте государственной услуги "Предоставление гарантий по кредитам субъектов частного предпринимательства в рамках Единой программы поддержки и развития бизнеса "Дорожная карта бизнеса 2020":

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Срок оказания государственной услуги.

      После сдачи пакета документов услугополучателем:

      1) по кредитам свыше 180 млн.тенге – в течение 10 (десяти) рабочих дней после получения финансовым агентством документов от банка второго уровня/Банка Развития (далее – Банк).

      В случаях наличия замечаний к представленным документам и/или необходимости представления дополнительной информации, услугодателем выявленные замечания и/или запрос о представлении информации направляются услугополучателю для их устранения в течение 3 (трех) рабочих дней.

      2) по кредитам до 180 млн.тенге в течение 5 (пяти) рабочих дней после получения финансовым агентством документов от Банка;

      В случае, если совокупная задолженность услугополучателя и аффилиированных с ним лиц/компаний по кредитам, полученным под гарантию финансового агентства, составит более 180 млн. тенге, то рассмотрение последующих проектов осуществляется в течение 10 (десяти) рабочих дней.

      – веб-портал по кредитам до 180 млн.тенге в течение 5 (пяти) рабочих дней после получения финансовым агентством документов от Банка.

      В случаях наличия замечаний к представленным документам и/или необходимости представления дополнительной информации, выявленные замечания и/или запрос о представлении информации направляются Банку финансовым агентством для устранения и/или представления информации в течение 3 (трех) рабочих дней. При этом, срок рассмотрения документов, финансовым агентством возобновляется.

      В случае непредоставления Банком финансовому агентству пакета документов в течение 5 (пяти) рабочих дней с момента получения от услугополучателя электронной заявки через веб-портал "электронного правительства", финансовое агентство отказывает услугополучателю в рассмотрении вопроса о предоставлении гарантии.

      3) максимально допустимое время ожидания для сдачи пакета документов – 30 (тридцать) минут;

      4) максимально допустимое время обслуживания – 1 (один) час.";

      часть первую пункта 6 изложить в следующей редакции:

      "6. Результат оказания государственной услуги:

      – по кредитам до 180 млн. тенге – предварительное гарантийное письмо либо уведомление об отказе с указанием причин отрицательного решения уполномоченного органа финансового агентства;

      – по кредитам свыше 180 млн. тенге – выписка из протокола заседания Регионального координационного совета.";

      пункт 8 изложить в следующей редакции:

      "8. График работы услугодателя:

      финансового агентства – с понедельника по пятницу с 9.00 до 19.00 часов, перерыв с 13.00 до 15.00 часов, кроме выходных и праздничных дней, в соответствии с трудовым законодательством Республики Казахстан.

      местных исполнительных органов – с понедельника по пятницу с 8.30, 9.00 до 18.00, 18.30, 19.00 часов, перерыв с 13.00 до 14.00, 14.30 часов кроме выходных и праздничных дней, в соответствии с трудовым законодательством Республики Казахстан.

      График приема заявления и выдача результата оказания государственной услуги:

      финансовым агентством осуществляется с 9.00 часов до 18.30 часов с перерывом на обед с 13.00 часов до 15.00 часов;

      местными исполнительными органами осуществляется с 9.00 часов до 17.30 часов с перерывом на обед с 13.00 часов до 14.30 часов.

      Государственная услуга оказывается в порядке очереди, без предварительной записи и ускоренного обслуживания.

      Веб-портал – круглосуточно, за исключением технических перерывов, связанных с проведением технических работы (при обращении услугополучателя после окончания рабочего времени, в выходные и праздничные дни согласно трудовому законодательству Республики Казахстан прием заявлений и выдача результатов оказания государственной услуги осуществляется следующим рабочим днем).";

      пункт 9 изложить в следующей редакции:

      "9. Перечень документов, необходимых для оказания государственной услуги услугодателю:

      по кредитам до 180 млн. тенге:

      1) заявление на участие согласно приложению 1 к настоящему стандарту государственной услуги;

      2) письмо Банка с положительным решением о возможности кредитования предпринимателя с расчетом суммы гарантии;

      3) согласие услугополучателя на предоставление информации в кредитное бюро и получение кредитного отчета (по формам согласно приложениям 3, 4 к настоящему стандарту государственной услуги);

      4) согласие услугополучателя на сбор и обработку его персональных данных финансовым агентством (по форме согласно приложению 5 к настоящему стандарту государственной услуги);

      5) решение уполномоченного органа услугополучателя, принявшего решение о привлечении гарантии.

      по кредитам свыше 180 млн. тенге:

      1) заявление на участие согласно приложению 2 к настоящему стандарту государственной услуги;

      2) свидетельство/справку о государственной регистрации /перерегистрации предпринимателя-юридического лица/документ, подтверждающий регистрацию в качестве индивидуального предпринимателя (копию, заверенную печатью (при наличии) и подписью предпринимателя (уполномоченного лица предпринимателя-юридического лица);

      3) справку органов государственных доходов об отсутствии/наличии задолженности по обязательным платежам в бюджет, выданную не позднее, чем за 30 (тридцать) календарных дней до даты обращения предпринимателя к финансовому агентству;

      4) копию финансовых отчетов предпринимателя – субъекта среднего или крупного предпринимательства за последние три финансовых года с приложением копии налоговой декларации и/или размещенную на интернет-ресурсах информацию, позволяющую сделать анализ о финансовом состоянии, с расшифровками дебиторской и кредиторской задолженности (в т.ч. суммы, даты возникновения задолженности и наименование товаров и услуг), заверенные его первым руководителем (для юридических лиц) (в случае осуществления предпринимателям предпринимательской деятельности менее трех лет, информация предоставляется за период фактического осуществления предпринимательской деятельности);

      5) письмо Банка с положительным решением о возможности кредитования предпринимателя с расчетом суммы гарантии;

      6) копию письма финансового агентства с положительным решением о возможности гарантирования предпринимателя (заверенную печатью Банка);

      7) бизнес-план реализации проекта предпринимателя, содержащий по кредитам/договорам финансового лизинга свыше 180 млн. тенге сроки обеспечения участия в реализации проекта собственных средств (денежных средств, движимого/недвижимого имущества), в том числе имуществом третьих лиц, предоставляемым в обеспечение, на уровне не ниже 10 % от общей стоимости реализации проекта, а также по проектам предпринимателей – субъектов малого предпринимательства в рамках второго направления Программы – этапы по достижению роста дохода, увеличения среднегодовой численности рабочих мест и росту объема уплачиваемых налогов в бюджет на 10 % после 2 (два) финансовых лет с даты решения РКС;

      8) копию финансовых отчетов предпринимателя – субъекта среднего или крупного предпринимательства за последние три финансовых года с приложением копии налоговой декларации, позволяющей сделать анализ о приросте дохода и росте объема уплачиваемых налогов в бюджет на 20 % (в случае подачи заявления на участие в рамках второго направления Программы);

      На веб-портал:

      по кредитам до 180 млн. тенге

      1) заявление в форме электронного запроса, удостоверенного ЭЦП предпринимателя;

      2) согласие на предоставление информации в кредитное бюро и получение кредитного отчета в электронной форме;

      3) согласие на сбор и обработку его персональных данных в электронной форме;

      4) электронную копию (сканированную копию) письма Банка с положительным решением о возможности кредитования с расчетом суммы гарантии.

      Сведения по субъекту частного предпринимательства, в том числе по свидетельству о государственной регистрации юридического лица/индивидуального предпринимателя, лицензии на вид деятельности (если вид деятельности лицензируемый) и сведения об отсутствии/наличии задолженности по обязательным платежам в бюджет услугодатель получает из соответствующих государственных информационных систем через шлюз "электронного правительства".

      В случаях технической невозможности получения данных из соответствующих государственных информационных систем через шлюз "электронного правительства" или недостоверности данных, финансовое агентство запрашивает документы у услугополучателя.

      Подтверждением принятия документов является регистрация (штамп, входящий номер и дата) в канцелярии услугодателя, с указанием фамилии и инициалов лица, принявшего документы.

      В случае, если услугополучатель является юридическим лицом, зарегистрированным в соответствии с законодательством Республики Казахстан, решение уполномоченного органа услугополучателя, принявшего решение о привлечении гарантии, подтверждается в формате согласования электронной цифровой подписью юридического лица, выписанной на участника или руководителя. Форма согласования направляется всем участникам и руководителю в личный кабинет на портале. Для подтверждения согласования требуется подписать форму согласования электронной цифровой подписью юридического лица, выписанной на участника или руководителя.";

      дополнить пунктом 9-1 следующего содержания:

      "9-1. Услугодатель отказывает в оказании государственной услуги по следующим основаниям:

      1) установление недостоверности документов, представленных услугополучателем для получения государственной услуги, и (или) данных (сведений), содержащихся в них;

      2) несоответствие услугополучателя и (или) представленных материалов, объектов, данных и сведений, необходимых для оказания государственной услуги, требованиям, установленным нормативными правовыми актами Республики Казахстан;

      3) отрицательный ответ уполномоченного государственного органа на запрос о согласовании, который требуется для оказания государственной услуги, а также отрицательное заключение экспертизы, исследования либо проверки;

      4) в отношении услугополучателя имеется вступившее в законную силу решение (приговор) суда о запрещении деятельности или отдельных видов деятельности, требующих получения определенной государственной услуги;

      5) в отношении услугополучателя имеется вступившее в законную силу решение суда, на основании которого услугополучатель лишен специального права, связанного с получением государственной услуги.";

      в стандарте государственной услуги "Предоставление государственных грантов в рамках Единой программы поддержки и развития бизнеса "Дорожная карта бизнеса 2020":

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Срок оказания государственной услуги:

      1) со дня сдачи пакета документов услугодателю – 48 (сорок восемь) рабочих дней;

      2) максимально допустимое время ожидания для сдачи пакета

      документов – 30 (тридцать) минут;

      3) максимально допустимое время обслуживания – 20 (двадцать) минут.";

      пункт 9 изложить в следующей редакции:

      "9. Перечень документов, необходимых для оказания государственной услуги при обращении услугополучателя (либо его представителя по доверенности):

      заявка на участие в конкурсном отборе по предоставлению грантов согласно приложению к настоящему стандарту;

      копию свидетельства о государственной регистрации юридического лица (индивидуального предпринимателя);

      справку об отсутствии задолженности по обязательным платежам в бюджет, выданную не позднее, чем за 30 календарных дней до даты обращения;

      справку о средней численности наемных работников на момент подачи заявки, заверенную подписью руководителя и печатью заявителя (при наличии);

      бизнес-проект;

      копию документа, подтверждающего прохождение предпринимателем обучения в рамках Программы и/или Программы занятости 2020;

      выписку из банковского счета о наличии на текущем счете предпринимателя денежных средств или документы, подтверждающие оценочную стоимость движимого и/или недвижимого имущества;

      доверенность на право подачи заявки от имени предпринимателя, копию паспорта поверенного (от имени юридического лица – заверенную юридическим лицом).

      Подтверждением принятия документов является регистрация (штамп, входящий номер и дата) в канцелярии услугодателя, с указанием фамилии и инициалов лица, принявшего документы.";

      дополнить пунктом 9-1 следующего содержания:

      "9-1. Услугодатель отказывает в оказании государственной услуги по следующим основаниям:

      1) установление недостоверности документов, представленных услугополучателем для получения государственной услуги, и (или) данных (сведений), содержащихся в них;

      2) несоответствие услугополучателя и (или) представленных материалов, объектов, данных и сведений, необходимых для оказания государственной услуги, требованиям, установленным нормативными правовыми актами Республики Казахстан.";

      в стандарте государственной услуги "Предоставление поддержки по развитию производственной (индустриальной) инфраструктуры в рамках Единой программы поддержки и развития бизнеса "Дорожная карта бизнеса 2020":

      пункт 9 изложить в следующей редакции:

      "9. Перечень документов, необходимых для оказания государственной услуги при обращении услугополучателя (либо его представителя по доверенности):

      заявка на участие в произвольной форме;

      бизнес-план;

      технико-экономического обоснование проекта, за исключением проектов, не требующих разработки технико-экономического обоснования;

      проектно-сметная документация по проекту.

      Подтверждением принятия документов является регистрация (штамп, входящий номер и дата) в канцелярии услугодателя, с указанием фамилии и инициалов лица, принявшего документы.";

      дополнить пунктом 9-1 следующего содержания:

      "9-1. Услугодатель отказывает в оказании государственной услуги по следующим основаниям:

      1) установление недостоверности документов, представленных услугополучателем для получения государственной услуги, и (или) данных (сведений), содержащихся в них;

      2) несоответствие услугополучателя и (или) представленных материалов, объектов, данных и сведений, необходимых для оказания государственной услуги, требованиям, установленным нормативными правовыми актами Республики Казахстан.".

      2. Департаменту развития предпринимательства Министерства национальной экономики Республики Казахстан обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) направление копии настоящего приказа в печатном и электронном виде на официальное опубликование в периодические печатные издания и информационно-правовую систему "Әділет" в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан, а также в Республиканский центр правовой информации в течение пяти рабочих дней со дня получения зарегистрированного приказа для включения в эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства национальной экономики Республики Казахстан и на интранет-портале государственных органов;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства национальной экономики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра национальной экономики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр национальной


экономики Республики Казахстан

К. Бишимбаев

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр информации и коммуникаций

      Республики Казахстан

      ______________Д. Абаев

      24 июня 2016 год