Кәсіпкерлік саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 11 маусымдағы № 59 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 17 маусымда № 23051 болып тіркелді

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды ұсыну" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беруді ұсыну" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жүргізу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне бұйрықтың осы тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Иргалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2021 жылғы 11 маусымдағы
№ 59 Бұйрыққа
1-қосымша

"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды ұсыну" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды ұсыну" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына, "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысына сәйкес әзірленді және "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды ұсыну" мемлекеттік қызметін көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      2. "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызметті жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетеді.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне осы Субсидиялау қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш пен өтініш-сауалнама ұсынады не "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) арқылы жібереді.

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ оны ұсыну ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілді.

      Веб-портал арқылы жүгінген кезде "жеке кабинетке" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушыдан өтініш келіп түскен сәттен бастап 30 (отыз) минут ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, оны кіріс хат-хабарларын тіркеу журналына тіркейді, одан кейін оны көрсетілетін қызметті берушінің өңірлік филиалының жауапты орындаушысына қарауға береді.

      Толық емес құжаттар топтамасы не белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар ұсынылған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде банкке/даму банкіне/лизингтік компанияға/көрсетілетін қызметті алушыға ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды қайта өңдеу үшін қайтарады.

      Құжаттарды веб-портал арқылы берген кезде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту құжаттарды қабылдаған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің өңірлік филиалының жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының өтініші тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды және құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушінің бас офисінің жауапты жұмыскерінің қарауына электрондық пошта арқылы жібереді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің бас офисінің жауапты жұмыскері 1 (бір) жұмыс күні ішінде жобаның Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларының шарттарына сәйкестігі тұрғысынан тексеруді жүзеге асырады және құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушінің кредит комитетінің хатшысына жібереді.

      Құжаттар топтамасы бойынша кемшіліктер болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің кредит комитетінің хатшысы құжаттар топтамасы алынған күннен кейінгі 4 (төртінші) жұмыс күнінде көрсетілетін қызметті алушының жобасын көрсетілетін қызметті берушінің кредит комитетінің қарауына шығарады, ол субсидиялау мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кредит комитетінің хатшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің кредит комитеті отырысының хаттамасына қол қояды және оны көрсетілетін қызметті берушінің өңірлік филиалының жауапты орындаушысына жібереді, ол мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қалыптастырады және көрсетілетін қызметті алушыға – көрсетілетін қызметті берушінің кредит комитетінің субсидиялау мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы шешімінің хаттамасынан үзінді, субсидиялау мүмкін болмаған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту ұсынады.

      Веб-портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      Ақпараттық жүйенің техникалық ақауы болған жағдайда, техникалық ақауды жою кезеңіне көрсетілетін қызметті берушінің электрондық сұрау салуды қарау мерзімі ұзартылады.

      Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      5. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

      көрсетілетін қызметті беруші тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайда, 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Заңның 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.

  "Бизнестің жол қартасы-2025"
бизнесті қолдау мен дамытудың
мемлекеттік бағдарламасы
шеңберінде сыйақы
мөлшерлемесінің бір бөлігін
субсидиялауды ұсыну"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Өтініш

      "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама)/ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген басым жобаларға кредит беру тетігіне (бұдан әрі – Тетік):

      ( қажетті бағытты белгілеңіз )


Бағдарлама шеңберінде "Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін салалық қолдау" екінші бағыты


Тетік шеңберінде басым жобаларға кредит беру

      шеңберінде қатысу және ____________ жылғы № ____ банктік қарыз шарты/қаржылық лизинг шарты негізінде берілген кредит/қаржы лизингі шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін мынадай шарттарда субсидиялау нысанында мемлекеттік қолдау алу мақсатында:

Кредиттің нысаналы мақсаты


Кредит/лизинг сомасы


Сыйақы мөлшерлемесі


Кредит валютасы


Кредит/лизинг мерзімі


      субсидиялауды мақұлдаған жағдайда, кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша номиналдық сыйақы мөлшерлемесін Бағдарламаға/Тетікке қатысуға мүмкіндік беретін деңгейге дейін төмендету мүмкіндігін қарауды сұраймын.

      _______________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы, күні) мөр орны (бар болса)

  "Бизнестің жол картасы-2025"
бизнесті қолдау мен дамытудың
мемлекеттік бағдарламасы
шеңберінде сыйақы
мөлшерлемесінің бір бөлігін
субсидиялауды ұсыну"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  Қайда: ______________________
  көсетілетін қызметті беруші
  Кімнен _____________________
  (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

№ __________ өтініш-сауалнама

      "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына/ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген басым жобаларға кредит беру тетігіне (бұдан әрі – Тетік) сәйкес кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау туралы мәселені Көрсетілетін қызметті берушінің _____________________ жөніндегі уәкілетті органының қарауына шығаруға бастамашылық етуіңізді сұраймын:

      1. Бағдарламаның/Тетіктің бағыттары (бағытты "v" белгісімен белгілеу керек)


Бағдарлама шеңберінде "Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін салалық қолдау" екінші бағыты


Тетік шеңберінде басым жобаларға кредит беру

      2. Кредиттік желі ашу/банктік қарыз ұсыну туралы мәлімет

Банктің атауы


Кредиттің нысаналы мақсаты


Кредит/лизинг сомасы


Сыйақы мөлшерлемесі


Кредит валютасы


Кредит/лизинг мерзімі


Бағдарлама шеңберінде өзінің қатысуы*


      *180 (бір жүз сексен) млн. теңгеден астам кредиттер бойынша көрсетілетін қызметті алушы жобаны іске асыруға өз қаражатының (ақшалай қаражатының, жылжымалы/ жылжымайтын мүлкінің), оның ішінде қамтамасыз етуге ұсынылатын үшінші тұлғалардың мүлкімен жобаны іске асырудың жалпы құнының 10 %-ынан төмен емес деңгейде қатысуын қамтамасыз етеді.

      Кредит бойынша міндеттемелердің орындалуына жобаны іске асыруға тікелей қатыспайтын жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз ету ұсынылған жағдайда, бұл мүлік жобаға өзінің қатысуы ретінде қаралмайды.

      Бұл ретте сомасы 180 (бір жүз сексен) млн. теңгеден аспайтын кредиттер бойынша жобаны іске асыруға өзінің қатысуы талап етілмейді.

      3. Кредиттік қаражатты болжамды игеру

Сома (банктік қарыз шарты (бұдан әрі – БҚШ/транш)

Ай. Жыл

1

2







      4. Қатысушы туралы мәліметтер

Көрсетілетін қызметті алушының атауы


Құрылтайшы(лар) туралы деректер


Заңды мекенжайы


Нақты мекенжайы


Пошталық мекенжайы


Мемлекеттік тіркелген/қайта тіркелген күні, мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлігінің №


Қызмет түрлері


Жетекшілік ететін ведомство, холдинг немесе негізгі компания


Жұмыс тәжірибесі


      5. Басшылық

      Бірінші басшы

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


Лауазымы


Жұмыс/үй телефон нөмірі (бұдан әрі – жұм/үй тел.)


Туған жылы мен жері


Жеке куәлігінің №, сериясы


Тұратын (нақты) жері


Тіркелген жері


Жұмыс тәжірибесі


      Бас бухгалтер

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


Жұмыс/үй тел.


Туған жылы мен жері


Жеке куәлігінің №, сериясы


Тұратын (нақты) жері


Тіркелген жері


Жұмыс тәжірибесі


      Байланыс жасайтын адам

(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) лауазымы, телефоны)


      6. Меншік иелері

      (құрылтайшы, қатысушылар, акционерлік қоғам үшін – акциялардың 5% және одан көп пайызына иелік ететін акционерлер)

Атауы/тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

%

Деректемелері

1

2

3
















      7. Ағымдағы қызмет туралы ақпарат

Сала (ЭҚЖЖ сәйкес)


Кіші сала (ЭҚЖЖ сәйкес)


Өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің түрлері


Жылдық айналым


Соңғы есепті күнге пайда немесе шығын


Жұмыскерлердің нақты саны, оның ішінде әйелдердің саны


Жобаның атауы (қысқаша сипаты)


Жобаның іске асырылатын жері (облыс, қала)


Жұмыс орындарының саны


      8. Банктік шоттар туралы ақпарат

      Банктік деректемелер (қызмет көрсететін банктердің барлығындағы ағымдағы және жинақ шоттарының бәрін көрсету керек):

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      9. Тарих

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмысының процесінде пайдаланылған банктік несиелердің, лизингтік мәмілелердің өтелгендерімен қатар, қазіргі уақытта өтелмегендерінің барлығы көрсетіледі.

Кредитор / Лизинг беруші

Сомасы

Берілген күні

Сыйақыны өтеу шарттары

Негізгі борышты өтеу шарттары

БҚШ/қаржылық лизинг шарты (бұдан әрі – ҚЛШ) бойынша өтеу мерзімі

Нақты өтеу мерзімі

1

2

3

4

5

6

7

1.







2.







      10. Қолданыстағы кредит/қолданыстағы лизинг туралы ақпарат

      Күні және валюта бағамы: ___________/___________.

Р/с №

Банк/лизингтік компания

БҚШ/ҚЛШ деректемелері (№, күні)

Сыйақы мөлшерлемесі, %

Кредит/лизинг валютасы

Кредит/лизинг сомасы

Көрсетілген күнге негізгі борыш бойынша берешек қалдығы

Кредит/ лизинг мерзімі аяқталатын күн

Кредит/ лизинг мақсаты (қысқаша си-паты)

1

2

3

4

5

6

7

8

9




























      11. Басқа мемлекеттік бағдарламаларға және көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қолданылатын мемлекеттік қолдау шараларына қатысу туралы ақпарат

Р/с №

Мемлекеттік бағдарлама/ мемлекеттік қолдау шарасының атауы

Мемлекеттік даму институтының атауы

Қосымша ақпарат

1

2

3

4









      12. Кепілдіктер мен келісімдер

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге төмендегіні мәлімдейді және оған кепілдік береді:

      1. Осы өтінішпен бірге не көрсетілетін қызметті берушінің сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті берушіге берілетін (берілген) немесе табысталатын барлық деректер, ақпарат және құжаттама дұрыс әрі төменде көрсетілген күнгі шындыққа толық сәйкес келеді, көрсетілген деректер өзгерген жағдайда көрсетілетін қызметті берушіге хабарлауға кепілдік береді.

      2. Көрсетілетін қызметті берушінің алғаш талап етуі бойынша осы өтінішті қарау шеңберінде талап етілген банктік және коммерциялық құпиясы бар кез келген ақпарат пен құжаттарды беруге және жария етуге кепілдік береді.

      3. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті алушының жарғылық құзыреті осы өтінішке қол қоятын адамға осы өтінішті беруге мүмкіндік беретінін растайды.

      4. Көрсетілген деректер мен ақпараттың дұрыс емес екені анықталған жағдайда, көрсетілген деректердің дұрыс емес екенін растайтын мәліметтер анықталған уақытта осы өтініштің кез келген кезеңде кері қайтарылатынына келісемін, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші кері қайтару себептерін хабарлайды.

      Осы өтініш арқылы көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге төмендегілермен келісетінін растайды:

      1. Көрсетілетін қызметті берушіге осы өтініште көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты және кәсіпкер берген құжаттарды тексеру және қарау мақсатында мүдделі үшінші тұлғаларға беруге рұқсат етіледі.

      2. Осы өтініште қамтылған барлық мәліметтер, сондай-ақ көрсетілетін қызметті беруші талап еткен барлық құжаттар Бағдарлама шеңберінде субсидиялау үшін ғана ұсынылады.

      3. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы өзі туралы хабарлайтын кез келген ақпаратты тексеру құқығын өзіне қалдырады, ал көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар және өтініштің түпнұсқасы көрсетілетін қызметті берушіде, оның ішінде субсидиялау берілмеген жағдайда сақталады.

      4. Субсидиялау туралы мәселені қарау тәртібімен танысқанын растаймын.

      13. Қосымшалар

      (________ бағыты бойынша көзделген құжаттар)

      __________________________________________________ ____________

      (Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы, күні)

  "Бизнестің жол картасы-2025"
бизнесті қолдау мен дамытудың
мемлекеттік бағдарламасы
шеңберінде сыйақы
мөлшерлемесінің бір бөлігін
субсидиялауды ұсыну"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
3-қосымша

"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) арқылы

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

5 (бес) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті органы отырысының хаттамасынан үзінді не Қағидаларға осы қосымшаның 9-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабы бар хабарлама.
Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз және (немесе) электрондық түрінде.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 15.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
2) веб-портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы не өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетілетін, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжаттың негізінде әрекет ететін оның өкілі жүгінген кезде:
Банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның оң шешімі бар көрсетілетін қызметті алушы Көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш-сауалнамамен жүгінеді, оған мыналар қоса беріледі:
1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжат, (көрсетілетін қызметті алушының қолымен және мөрімен (бар болса) расталған көшірме), жеке кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама ("электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден);
2) көрсетілетін қызметті алушы жобасының бизнес-жоспары, онда мыналар қамтылады:
Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде жобаны іске асыруға өз қаражатының (ақшасының, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінің) және/немесе 180 (бір жүз сексен) млн. теңгеден асатын кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша үшінші тұлғалар мүлкінің қатысуын қамтамасыз ету мерзімдері (бұл ретте мүліктің мұндай қатысуы жобаны іске асырудың жалпы құнының кемінде 10 %-ы деңгейінде қамтамасыз етіледі);
көрсетілетін қызметті беруші субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде 10 %-ға жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе еңбекақы төлеу қоры көлемінің ұлғаюы немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу бойынша немесе төленетін салықтар (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемінің өсуі бойынша кезеңдер (осы абзацтың талабы Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде қатысуға өтініш берілген жағдайда қолданылады);
Тетік бойынша:
жұмыс органы/көрсетілетін қызметті беруші 100 % инвестициялық мақсаттарға берілетін кредиттік қаражат бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде 10 %-ға жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу шарты;
жұмыс органы/көрсетілетін қызметті беруші қарыз алушының бір жобасы шеңберінде 50 %-дан аспайтын мөлшерде айналым қаражатын толықтыруға және инвестициялық мақсаттарға берілетін кредит қаражаты бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде 10 %-ға жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе өндіріс көлемін (ақшалай мәнде) ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу шарты (Тетіктің талаптарына сәйкес салық төлеуден босатылмаған кәсіпорындар салықтық төлемдердің ұлғаюын қамтамасыз етеді);
жұмыс органы/көрсетілетін қызметті беруші 100 % айналым қаражатын толықтыру мақсатына берілетін кредит қаражаты бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жылдың қорытындысы бойынша салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде 10 %-ға жұмыс орындарының орташа жылдық санын немесе салық төлемдерін сақтау/ұлғайту немесе өндіріс көлемін (ақшалай мәнде) ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу шарты (Тетіктің талаптарына сәйкес салық төлеуден босатылмаған кәсіпорындар салықтық төлемдердің ұлғаюын қамтамасыз етеді);
3) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарларды өткізуді растайтын тауарларға ілеспе құжаттардың көшірмелері (бар болса);
4) соңғы есепті кезеңге валюталық түсімнің тиісті деңгейінің болуын растайтын құжаттар (Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде қатысуға өтініш берген жағдайда).
Веб-портал арқылы:
көрсетілетін қызметті алушы электрондық өтінімді "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді, оған мыналар қоса беріледі:
1) көрсетілетін қызметті алушының жобасын іске асыру бизнес-жоспарының электрондық көшірмесі не жоба бойынша сараптамалық қорытынды (техникалық-экономикалық қорытынды/банктің/лизингтік компанияның тиісті жұмыскерінің экономикалық қорытындысы, бұл құжаттар болмаған жағдайда, жобаның мәнін ашатын басқа да құжаттар), оның ішінде мыналарды қамтитын мәліметтер:
Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде жобаны іске асыруға өз қаражатының (ақшасының, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінің) және/немесе 180 (бір жүз сексен) млн. теңгеден асатын кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша үшінші тұлғалар мүлкінің қатысуын қамтамасыз ету мерзімдері (бұл ретте мүліктің мұндай қатысуы жобаны іске асырудың жалпы құнының кемінде 10 %-ы деңгейінде қамтамасыз етіледі);
Көрсетілетін қызметті беруші субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде 10 %-ға жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе еңбекақы төлеу қоры көлемінің ұлғаюы немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу бойынша немесе төленетін салықтар (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемінің өсуі бойынша кезеңдер (осы абзацтың талабы Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде қатысуға өтініш берілген жағдайда қолданылады);
Тетік бойынша:
жұмыс органы/көрсетілетін қызметті беруші 100 % инвестициялық мақсаттарға берілетін кредиттік қаражат бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде 10 %-ға жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу шарты;
жұмыс органы/көрсетілетін қызметті беруші қарыз алушының бір жобасы шеңберінде 50 %-дан аспайтын мөлшерде айналым қаражатын толықтыруға және инвестициялық мақсаттарға берілетін кредит қаражаты бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде 10 %-ға жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе өндіріс көлемін (ақшалай мәнде) ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу шарты (Тетіктің талаптарына сәйкес салық төлеуден босатылмаған кәсіпорындар, салықтық төлемдердің ұлғаюын қамтамасыз етеді);
жұмыс органы/көрсетілетін қызметті беруші 100 % айналым қаражатын толықтыру мақсатына берілетін кредит қаражаты бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жылдың қорытындысы бойынша салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде 10 %-ға жұмыс орындарының орташа жылдық санын немесе салық төлемдерін сақтау/ұлғайту немесе өндіріс көлемін (ақшалай мәнде) ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу шарты (Тетіктің талаптарына сәйкес салық төлеуден босатылмаған кәсіпорындар, салықтық төлемдердің ұлғаюын қамтамасыз етеді);
2) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бірінің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарларды өткізуді растайтын тауарлардың ілеспе құжаттарының электрондық көшірмелері (Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде қатысуға өтініш берген жағдайда);
3) соңғы есепті кезеңге валюталық түсімнің тиісті деңгейін растайтын электрондық құжаттар (Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде қатысуға өтініш берген жағдайда);
4) банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның Бағдарламаға/Тетікке қатысуға мүмкіндік беретін шарттармен кредит беру/қаржы лизингі шартын жасау немесе көрсетілетін қызметті алушының кредит/қаржы лизингі шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесін азайту мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хатының электрондық көшірмесі.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі бойынша, оның ішінде заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік және жеке кәсіпкерді, кәсіпкерлік субъектісінің санатын тіркеу туралы хабарлама бойынша мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген басым жобаларға кредит беру тетігінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
Кәсіпкер және (немесе) ұсынылған материалдар Бағдарламаның/Тетіктің шарттарына сәйкес келмеген жағдайда, қаржы агенттігі дәлелді бас тартуды жібереді.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті веб-портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.
Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 30 (отыз) минут.
Қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 20 (жиырма) минут.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2021 жылғы 11 маусымдағы
№ 59 Бұйрыққа
2-қосымша

"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беруді ұсыну" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беруді ұсыну" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Кепілдік беру қағидалары) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына, "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысына сәйкес әзірленді және "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беруді ұсыну" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін айқындайды (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) осы Кепілдік беру қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметті жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетеді.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      3. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) арқылы жүзеге асырылады.

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Кепілдік беру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында жазылды.

      5. Веб-портал арқылы жүгінген кезде "жеке кабинетке" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      6. Құжаттарды веб-портал арқылы берген кезде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту құжаттарды қабылдаған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады.

      Веб-портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      7. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушыдан өтініш келіп түскен сәттен бастап 2 (екі) сағат ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, оны кіріс хат-хабарларын тіркеу журналына тіркейді, содан кейін оны көрсетілетін қызметті берушінің өңірлік филиалының жауапты орындаушысына қарауға береді.

      8. Көрсетілетін қызметті беруші екінші деңгейдегі банктен/даму банкінен (бұдан әрі – Банк) құжаттарды алғаннан кейін 180 (бір жүз сексен) миллион теңгеге (бұдан әрі – млн. теңге) дейінгі кредиттер бойынша:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің өңірлік филиалының жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының өтініші тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды және құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушінің бас офисінің жауапты жұмыскерінің қарауына электрондық пошта арқылы жібереді;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің бас офисінің жауапты жұмыскері 1 (бір) жұмыс күні ішінде жобаның Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру қағидаларының шарттарына сәйкестігі тұрғысынан тексеруді жүзеге асырады және құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушінің кредит комитетінің хатшысына жібереді;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің кредит комитетінің хатшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жобаны көрсетілетін қызметті берушінің кредит комитетінің қарауына шығарады, ол кепілдіктер беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің кредит комитетінің хатшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің кредит комитеті отырысының хаттамасына қол қояды және оны көрсетілетін қызметті берушінің өңірлік филиалының жауапты орындаушысына жібереді, ол мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің кредит комитетінің кепілдіктер беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы шешімінің хаттамасынан үзіндіні қалыптастырады және оны көрсетілетін қызметті алушыға береді, кепілдіктер беру мүмкін болмаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартады.

      9. 180 (бір жүз сексен) млн. теңгеден жоғары кредиттер бойынша көрсетілетін қызметті беруші Банктен құжаттар топтамасын алғаннан кейін:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің өңірлік филиалының жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының өтініші тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды тексереді және құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушінің бас офисінің жауапты жұмыскерінің қарауына электрондық пошта арқылы жібереді;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің бас офисінің жауапты жұмыскері 6 (алты) жұмыс күні ішінде қаржы-шаруашылық қызметті талдауды, тәуекел-менеджментін кеңейтілген тексеруді қоса алғанда, жобаның "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысының шарттарына сәйкестігі тұрғысынан тексеруді жүзеге асырады және құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушінің кредит комитетінің хатшысына жолдайды;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің кредит комитетінің хатшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жобаны көрсетілетін қызметті берушінің кредит комитетінің қарауына шығарады, ол кепілдіктер беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің кредит комитетінің хатшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің кредит комитеті отырысының хаттамасына қол қояды және оны көрсетілетін қызметті берушінің өңірлік филиалының жауапты орындаушысына жібереді, ол мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің кредит комитетінің кепілдіктер беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы шешімінің хаттамасынан үзіндіні қалыптастырады және оны көрсетілетін қызметті алушыға береді, кепілдіктер беру мүмкін болмаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартады.

      10. Егер көрсетілетін қызметті берушінің кепілдігімен алынған кредиттер бойынша көрсетілетін қызметті алушының және онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың жиынтық берешегі 180 млн. теңгеден асатын болса, онда кейінгі жобаларды қарау 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Ақпараттық жүйенің техникалық ақауы болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші техникалық ақауды жою кезеңіне өзінің электрондық сұрау салуды қарау мерзімін ұзартады.

      11. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      12. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

      көрсетілетін қызметті беруші тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайда, 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Заңның 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.

  "Бизнестің жол картасы-2025"
бизнесті қолдау мен дамытудың
мемлекеттік бағдарламасы
шеңберінде кредиттер бойынша
кепілдіктер беруді ұсыну"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
1-қосымша

"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беруді ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы

2

Көрсетілетін мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) арқылы

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері

180 (бір жүз сексен) миллион теңгеге (бұдан әрі – млн. теңге) дейінгі кредиттер бойынша – көрсетілетін қызметті беруші екінші деңгейдегі банктен/даму банкінен құжаттарды алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
180 (бір жүз сексен) млн. теңгеден жоғары кредиттер бойынша – көрсетілетін қызметті беруші екінші деңгейдегі банктен/даму банкінен құжаттарды алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз нысанда

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті органы отырысының хаттамасынан үзінді не Қағидаларда осы қосымшаның 9-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабы бар хабарлама.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз нысанда.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 15.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанға дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
2) веб-портал – техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

1. Жалпы құжаттар:

Р/с №

Құжаттардың атауы

Нысан

1

2

3

1

Банктен алынатын құжаттардың тізбесіне ілеспе хат

түпнұсқа/электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қолданылатын электрондық формат

2

Құжаттар топтамасындағы барлық құжаттар тізбесі немесе құжаттарды қабылдап алу-беру актісі

банктің уәкілетті жұмыскері қол қойған және банктің мөрімен/мөртабанымен куәландырылған түпнұсқа/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

3

Банктен кредит алуға арналған өтінім

банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

4

Банктің уәкілетті органының көрсетілетін қызметті берушінің кепілдігімен кредит беру туралы шешімі, банктің кредиттік, кепілдік, заң және тәуекелдерді басқару басқармаларының сараптамалық қорытындылары

банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

5

Соңғы есепті күндегі жағдай бойынша көрсетілетін қызметті алушының қаржылық құжаттары (берешектің туындау күні, берешекті өтеу жоспарланатын күн және берешектің нысаны көрсетіле отырып, кредиторлық және дебиторлық берешектің таратылып жазылуы, негізгі құралдардың, тауар-материалдық қорлардың (бұдан әрі – ТМҚ) таратылып жазылуы, соңғы 12 айдағы кірістер мен шығыстар туралы есеп (дара кәсіпкерлер үшін)**

банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

6

Көрсетілетін қызметті алушының мөрімен расталған жыл басындағы және соңғы есепті күндегі жағдай бойынша (берешектің туындау күні, берешекті өтеу жоспарланатын күн және берешектің нысаны көрсетіле отырып, кредиторлық және дебиторлық берешектің таратылып жазылуы, негізгі құралдардың, ТМҚ-ның таратылып жазылуы) көрсетілетін қызметті алушының қаржылық құжаттары (заңды тұлғалар үшін)**

банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

7

Кірістер мен шығыстар туралы есептердің баптарын таратып жазу – өткізу кірісі, өзіндік құны, кезең шығыстары, басқа да кірістер мен шығыстар, қаралатын кезеңдегі өткізілген өнімнің ақшалай және заттай мәндегі көлемі**

банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

8

Қызмет көрсететін банктің толық деректемелерін көрсетуді қоса алғанда, қызмет көрсететін банктен несие берешегінің бар-жоғы, соңғы 12 айдағы айналымдар, сондай-ақ құжаттарды қарау сәтіндегі жағдай бойынша мерзімінде төленбеген (№ 2 картотека) есеп айырысу құжаттары туралы анықтама

банк нысаны бойынша түпнұсқа (күнтізбелік 30 күнге дейін түпнұсқамен салыстырып тексерілген көшірмеге рұқсат етіледі)/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

9

Несие берешегінің, оның ішінде басқа қаржылық ұйымдардағы мерзімі өткен берешегінің (банктерден басқа, кредиттері болған кезде) бар-жоғы туралы анықтамалар

түпнұсқа (күнтізбелік 30 күнге дейін түпнұсқамен салыстырып тексерілген көшірмеге рұқсат етіледі)/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

10

Банктердегі барлық шоттары туралы мәліметтер

хаттың түпнұсқасы/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

11

Лицензиялар***, патенттер, квоталар (өтініш беруші қызметінің түрі лицензияланатын немесе қарыз қаражаты бағытталатын тауарлар мен көрсетілген қызметтердің жекелеген түрлерін өткізу лицензияланатын жағдайда)

лицензия туралы ақпаратты қамтитын мәліметтерді уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады

12

Жобаны іске асыру бойынша құжаттар (бар болса):
1) келісімшарттар, сатып алу-сату шарттары, ниет шарттары, жұмыстар жүргізу, қызметтер көрсету шарттары, орындаған жұмыстар актісі, төлем шоттары;
2) жоспарланатын жұмыстар бойынша смета, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге тиісті рұқсат (егер кредит құрылыс, реконструкциялау саласында пайдалану үшін берілген жағдайда);
3) жобаға өзі қатысатындығын растайтын құжаттар;
4) қаралатын жоба бойынша шешімдер қабылдау үшін банк пайдаланатын құжаттар.

банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

13

Бизнес-жоспар

банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырып тексерген түпнұсқа немесе көшірме/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

14

Соңғы және ағымдағы жылы қолданыстағы және аяқталған келісімшарттар (бар болса)

көшірмелер/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

15

Кредиттік келісімдер (қолданыстағы кредиттер бар болса)

көшірмелер/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

16

Банк атынан банк қарызы, кепілі және кепілдік шартын жасайтын тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар

банктің мөрімен расталған көшірмелер (банк кепілдік шартын жасаған кезде ұсынуы мүмкін)/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

* Қаржылық лизинг шарттары бойынша Тетікке сәйкес осы тізім бойынша лизингтік компаниялар да ұсынады;
** 360 млн. теңгеден асатын кредиттер бойынша.
Ескертпе: қаржылық есептіліктің ескіру мерзімі банк құжаттар топтамасын ұсынған күні 6 айдан аспауы.
2. Көрсетілетін қызметті алушының құқықтық мәртебесі мен өкілеттіктерін айқындайтын құжаттар*
1. Егер көрсетілетін қызметті алушы дара кәсіпкер болып табылса:

Р/с №

Құжаттың атауы

Нысан

1

2

3

1

Жеке басты куәландыратын құжат

жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады

2

Дара кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама***

дара кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады

3

Қол қою үлгілері, мөрдің бедері (бар болса) көрсетілген құжат

банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырып тексерген түпнұсқа не көшірме/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

4

Көрсетілетін қызметті алушының/кепілгердің кредиттік бюроға ақпарат беруге және кредиттік есеп алуға келісімі

түпнұсқа көрсетілетін қызметті берушінің атына беріледі/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

5

Көрсетілетін қызметті алушының/кепілгердің дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімі

түпнұсқа көрсетілетін қызметті берушінің атына беріледі/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

2. Егер көрсетілетін қызметті алушы "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңның 6 және 6-1-баптарына сәйкес тіркелген заңды тұлға болып табылған жағдайда.

Р/с №

Құжаттың атауы

Нысан

1

2

3

1

Жарғы, оған енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

2

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік/анықтама***

заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады

3

Көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті органының бірінші басшыны тағайындау туралы шешімі

түпнұсқа не банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме

4

Банкте және көрсетілетін қызметті берушіде көрсетілетін қызметті алушы атынан құжаттарға қол қоюға уәкілеттік берілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат, сондай-ақ оның өкілеттілігін растайтын құжаттар

жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

5

Көрсетілетін қызметті алушының кепілдіктер тарту туралы шешім қабылдаған уәкілетті органының шешімі

көрсетілетін қызметті беруші бекіткен нысан бойынша түпнұсқа/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

6

Көрсетілетін қызметті алушының кредит тарту туралы шешім қабылдаған уәкілетті органының шешімі

банк бекіткен нысан бойынша түпнұсқа/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

7

Бірінші басшы, бас бухгалтер қолтаңбаларының және көрсетілетін қызметті алушының мөр бедерінің (бар болса) үлгілері көрсетілген құжат

банктің уәкілетті органының түпнұсқасымен салыстырып тексерілген көшірме/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

8

Көрсетілетін қызметті алушының/құрылтайшының/кепілгердің кредиттік бюроға ақпарат беруге және кредиттік есеп алуға келісімі

түпнұсқа көрсетілетін қызметті берушінің атына ұсынылады/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

Ескертпе:
*** Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі, оның ішінде заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік және дара кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама, кәсіпкерлік субъектісінің санаты, лицензиясы жөніндегі мәліметтерді уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Мемлекеттік қызметті "электрондық үкімет"
веб-порталы арқылы алу кезінде жоғарыда көрсетілген мәліметтерді қоспағанда, өтінішке құжаттардың электрондық көшірмелері қоса беріледі.
Бірнеше беттен тұратын құжат ұсынылған жағдайда мұндай құжат тігілген және нөмірленген не құжаттың әр парағында уәкілетті тұлғалардың қолымен және мөрімен/мөртаңбасымен куәландырылады.

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) жоба экономикалық тұрғыдан орынсыз және тиімсіз болған;
2) жоба Бағдарлама шарттарына сәйкес келмеген;
3) Бағдарламаға әлеуетті қатысушының және онымен үлестес заңды және жеке тұлғалардың кредиттік тарихы теріс болған жағдайда.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті веб-портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты веб-порталдағы "жеке кабинет" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.
Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 30 (отыз) минут.
Қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 1 (бір) сағат.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2021 жылғы 11 маусымдағы
№ 59 Бұйрыққа
3-қосымша

"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Гранттар қағидалары) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін айқындайды (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Гранттар қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметті жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетеді.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті беруші:

      1) осы Гранттар қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беруге конкурс өткізу туралы хабарландыруды облыстық өңірлік апталық баспа басылымында жариялауды;

      2) өтінімдерді қабылдау кезеңін субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеуді жүзеге асырады.

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне не "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) және (немесе) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) арқылы осы Гранттар қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беруге конкурсқа қатысуға өтінімді және "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 8-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырады. Бұл ретте конкурсқа қатысу үшін көрсетілетін қызметті алушы бір ғана өтінім береді.

      Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Гранттар қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес Стандартында келтірілген.

      5. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері (бұдан әрі – жауапты орындаушы) соңғы өтінім тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және мемлекеттік грант алуға үміткер көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын не белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынған жағдайда, сондай-ақ дәйексіз және дұрыс емес мәліметтер ұсынған жағдайда, оның ішінде бизнес-жобаның қаржылық-экономикалық негіздемесінде де дәйексіз және дұрыс емес мәліметтер болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды нақты кемшіліктерді көрсете отырып, 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға пысықтау үшін қайтарады.

      6. Стандарттың 8-тармағында көзделген ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда жауапты орындаушы 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру қағидаларының 15-тармағына (бұдан әрі – Мемлекеттік гранттар беру қағидалары) сәйкес көрсетілетін қызметті беруші құратын, гранттар беруге үміткер кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қарауына өтінім шығарады.

      7. Комиссия өтінімді Мемлекеттік гранттар беру қағидаларында көрсетілген мәліметтер мен талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

      8. Комиссия өтініш қарауға келіп түскен күннен бастап 9 (тоғыз) жұмыс күні ішінде мемлекеттік грант беру/бермеу туралы шешім шығарады, ол хаттамамен рәсімделеді.

      Комиссия осы Гранттар қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес Комиссия мүшелерінің көрсетілетін қызметті алушының бизнес-идеялары жобасын бағалау өлшем шарттары бойынша қойған балына сәйкес шығарады.

      Егер жоба Конкурстық комиссияның дауыс берген мүшелерінің мүмкін болатын ең көп балдары сомасының 70 %-ынан астамын жинаса, жобаны Комиссия мақұлдаған болып есептеледі.

      Хаттамаға Комиссия мүшелері, хатшысы қол қояды және төраға бекітеді.

      9. Жауапты орындаушы осы Гранттар қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру жөніндегі конкурстық комиссия отырысының хаттамасынан үзінді көшірме" негізінде Комиссия хаттамасына қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын (бұдан әрі – грант беру туралы шарт) не дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына енгізеді.

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде грант беру туралы шартқа немесе дәлелді бас тартуға қол қояды. Жауапты орындаушы 1 (бір) жұмыс күні ішінде Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер Стандарттың 9-тармағында көрсетілген.

      11. Көрсетілетін қызметті алушыдан өтініш қағаз жеткізгіште түскен кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолы қойылып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушыдан өтініш веб-портал арқылы түскен кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      12. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен Мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметті көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      13. Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлға ретінде тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Нұр-Сұлтан қаласы Мемлекеттік корпорациясы қызметкерінің көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын жолдауы курьер арқылы күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде, барлық басқа өңірлердің Мемлекеттік корпорациясы күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде пошта байланысы арқылы жүзеге асырылады.

      14. Осы Гранттар қағидаларының 5-тармағының талаптары орындалған жағдайда мемлекеттік қызметті электрондық түрде көрсету және көрсетілетін қызметті алушы өтінімді электрондық үкімет веб-порталы арқылы жіберген жағдайда:

      1) өтінім субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеледі. Деректері субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің "Заңды тұлғалар" немесе "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорымен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталған көрсетілетін қызметті алушының субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде жеке шотының болуы.

      Субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде жеке шоттың болуы көрсетілетін қызметті алушыға өтінімді субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеуді өз бетінше жүзеге асыруға мүмкіндік береді, бұл жағдайда өтінім беру талап етілмейді және ол осындай тіркеу жүргізілген сәттен бастап берілген болып есептеледі;

      2) есепке алу мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін, субсидиялаудың ақпараттық жүйесі мен мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесінің ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде алынған, бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқтығы туралы мәліметтерді растау;

      3) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі мен "Зейнетақы мен жәрдемақы төлеудің орталықтандырылған дерек қоры" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде алынған көрсетілетін қызметті алушының халықтың әлеуметтік осал топтарына жататындығы туралы мәліметтерді растау (қажет болған жағдайда);

      4) бизнес-жобаға қатысатын жылжымайтын мүлікпен бірлесіп қаржыландыруды растау мақсатында – көрсетілетін қызметті алушыда субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен және "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік дерекқорымен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталған жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығындағы жер учаскесі(лері)нің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің болуы (халықтың әлеуметтік осал топтарын қоспағанда);

      5) бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы мүлікпен бірлесіп қаржыландыруды растау мақсатында – көрсетілетін қызметті алушыда субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің ауыл шаруашылығы техникасының мемлекеттік тізілімімен және/немесе "Автомобиль" деректер базасымен ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы расталған жылжымалы мүліктің болуы (халықтың әлеуметтік осал топтарын қоспағанда).

      Өтінімдер конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде қабылданады.

      15. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттарды алуға үміткер көрсетілетін қызметті алушылар өтінімге Стандарттың 8-тармағында көрсетілген PDF форматында құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса береді.

      16. Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы және (немесе) жеке кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама туралы мәліметтерді, заңды тұлғаның/жеке кәсіпкердің қызмет түрлері туралы мәліметтерді, тарату, қайта ұйымдастыру немесе банкроттық сатылары туралы, сондай-ақ қызметті тоқтату туралы мәліметтерді, бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша қарыздың бар/жоқ екендігі туралы мәліметтерді, жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің болуы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      17. Веб-портал арқылы тізілім деректеріне қолжетімділік беру үшін:

      1) көрсетілетін қызметті алушы, көрсетілетін қызметті беруші, қаржы агенттігі, уәкілетті орган (бұдан әрі – пайдаланушылар) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде ЭЦҚ көмегімен дербес тіркеледі;

      2) көрсетілетін қызметті беруші жыл сайын көрсетілетін қызметтерді жеткізушіге ЭЦҚ бар өз жұмыскерлерінің өзектілендірілген тізімдерін жібереді.

      "Жеке кабинетте" тіркелу үшін субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің пайдаланушылары мына мәліметтерді көрсетеді:

      1) жеке тұлғалар және жеке кәсіпкерлер үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда);

      2) заңды тұлғалар үшін – бизнес-сәйкестендіру нөмірі ( бұдан әрі – БСН), толық атауы; бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) және ЖСН;

      3) байланыс деректері (пошталық мекенжайы, телефоны, электрондық пошта мекенжайы);

      4) екінші деңгейдегі банктегі банктік шоттың деректемелері.

      Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде пайдаланушы бір жұмыс күні ішінде "жеке кабинетке" енгізілген жеке шоттың деректерін өзгертеді.

      Субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділік уәкілетті органға тұрақты түрде онлайн-режимде өтеусіз негізде беріледі.

      Уәкілетті орган жыл сайын субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділігі бар көрсетілетін қызметтерді жеткізушіге дербес деректерді қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес жауапты адамдардың тізімін жібереді.

      18. Көрсетілетін қызметті беруші өтінімді тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оның қабылданғанын растайды.

      Веб-портал арқылы жүгінген кезде "жеке кабинетке" Мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      19. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын Гранттар қағидаларында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      20. Көрсетілетін қызметті беруші өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде:

      1) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілетін қызметті алушының мақұлданған өтінімдерінің тізбесін қалыптастырады;

      2) ақпараттық жүйе арқылы конкурстық комиссия отырыстарының кестесін қалыптастырады.

      Конкурстық комиссияның отырысына Комиссия мүшелерінің жартысынан астамы қатысса, ол заңды деп есептеледі. Комиссия дауыс беру күні осы Гранттар қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының жобасын бағалау өлшемшарттары бойынша комиссия мүшелері қойған баллдар негізінде шешім шығарады.

      Егер жоба Комиссияның дауыс берген мүшелерінің мүмкін болатын ең көп балдары сомасының 70 %-ынан астамын жинаса, жобаны конкурстық комиссия мақұлдаған болып есептеледі.

      Комиссия отырысының хаттамасы веб-портал арқылы қалыптастырылады, ЭЦҚ арқылы Комиссияның мүшелері, хатшысы қол қояды және Комиссияның төрағасы бекітеді.

      Комиссияның хаттамасын бекіту кезінде өтінімдерді беру кезектілігіне сәйкес қаржыландыру жоспарында бюджет қаражатының көлемін автоматты түрде резервтеу жүргізіледі.

      21. Бюджет қаражаты болған жағдайда веб-портал арқылы өткізілген конкурс нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші:

      1) грант беру туралы электрондық шартты қалыптастырады және оны Комиссияның хаттамасы бекітілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне келісуге жібереді;

      2) қаржы агенттігі мемлекеттік грантты беру туралы шарттың жобасын келіскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының, қаржы агенттігінің грант беру туралы шартқа қол қоюын қамтамасыз етеді.

      22. Комиссияның оң шешімін алған жобалар бойынша бюджет қаражатының жетіспеушілігі туындаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыларға гранттар төлеуді тоқтата тұру туралы тиісті автоматты түрдегі хабарлама жіберіледі.

      23. Қосымша қаражат алған кезде өтінімдерді беру кезектілігіне сәйкес қаржыландыру жоспарында бюджет қаражатының көлемдерін автоматты түрде резервтеу жүргізіледі.

      24. Комиссия отырысы хаттамасының қолданылу мерзімі өткеннен кейін веб-портал өтінімдері грант беру туралы шарттарға қол қоюға арналған тізілімде кезекте тұрған көрсетілетін қызметті алушыларға автоматты түрде хабарлама жібереді.

      25. Қосымша қаражат алғаннан кейін және Комиссия отырысының хаттамасы қолданыста болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының және қаржы агенттігінің грант беру туралы шартқа қол қоюын қамтамасыз етеді.

      Осы Гранттар қағидалары күшіне енген күні қолданыстағы және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркелген шарттар қаржыландыруға жатады. Қағаз шарттарды электрондық форматқа ауыстыруды және оларды субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеуді көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті жеткізуші осы Гранттар қағидалары күшіне енген күннен бастап 2 (екі) ай ішінде жүзеге асырады.

      26. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда грант беру туралы шарт жасасу не мемлекеттік грант беру бойынша Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

      27. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер Стандарттың 9-тармағында көрсетілген.

      Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен Мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      28. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

      көрсетілетін қызметті беруші тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайда, 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Заңның 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.

  "Бизнестің жол картасы-2025"
бизнесті қолдау мен дамытудың
мемлекеттік бағдарламасы
шеңберінде жаңа бизнес-
идеяларды іске асыруға
мемлекеттік гранттар беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
1-қосымша

Конкурс өткізу туралы хабарландыру

      Конкурсты ұйымдастырушы: ____________________________________

      Орналасқан жері: ______________________________________________;

      пошталық мекенжайы: __________________________________________;

      электрондық пошта мекенжайы:__________________________________;

      байланыс телефоны:____________________________________________

      Конкурстың нысанасы: "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру.

      Конкурс нысаны: ашық конкурс.

      Конкурсқа қатысу үшін өтінім беру орны: __________________________

      Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер көрсетілген мекенжай бойынша жеке өзі, пошта арқылы, электрондық нысанда "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша өтінімді және конкурстық құжаттаманың толық пакетін ұсынады.

      Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 20___ жылғы "____" ______________ бастап 20___ жылғы "___"______________ қоса алғанда, жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін (жергілікті уақытпен)

      Өтінімдерді берудің басталатын күні мен уақыты: 20___ жылғы "___"______________ сағат 10.00-ден бастап (жергілікті уақытпен)

      Өтінімдерді берудің аяқталатын күні мен уақыты: 20___ жылғы "___"______________ сағат 13.00-ге дейін (жергілікті уақытпен).

      Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды.

  "Бизнестің жол картасы-2025"
бизнесті қолдау мен дамытудың
мемлекеттік бағдарламасы
шеңберінде жаңа бизнес-
идеяларды іске асыруға
мемлекеттік гранттар беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
  Қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант беруге арналған конкурстық іріктеуге қатысуға өтінім

      ____________________ облысының (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)

      _________________________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Ұсынылған материалдарды қарауды сұраймын және жас және ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру үшін конкурстық іріктеуге қатысатынымды мәлімдеймін.

      1. Өтініш беруші туралы мәліметтер:

      заңды тұлға үшін:

      атауы ___________________________________________________________

      Бизнес сәйкестендіру нөмірі________________________________________

      басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      ________________________________________________________________

      Басшының жеке сәйкестендіру нөмірі _______________________________

      мекенжайы _____________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі_____________________________________________

      жеке тұлға, жеке кәсіпкер үшін:

      атауы _______________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      ________________________________________________________________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі_________________________________________

      жеке басын куәландыратын құжат:

      нөмірі __________________________________________________________

      кім берді ________________________________________________________

      берілген күні ____________________________________________________

      мекенжайы _____________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі_________________________________________

      Жеке тұлға, дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама:

      орналасқан жері _____________________________________________

      хабарлама күні ______________________________________________

      2. Шағын кәсіпкерлік субъектісінде екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шоттың болуы туралы мәліметтер:

      Банк деректемелері: _____________________________________________

      Банктің атауы: _________________________________________________

      Банк сәйкестендіру коды _________________________________

      ИИК (жеке сәйкестендіру коды)___________________________________

      Бизнес сәйкестендіру нөмірі)________________________________

      Кбе (бенефициар коды)__________________________________________

      3. Сұратылған ақша қаражаты, барлығы, _________________ мың теңге;

      оның ішінде жылдар бойынша: 20 __жылға – _____мың теңге, 20 __ жылға – _____мың теңге, 20 __ жылға – ___ _ _ мың теңге.

      Мыналарды:

      1) бұрын берілген бюджеттік кредиттер бойынша мерзімі өткен берешектің жоқтығын;

      2) осы өтінімде қамтылған мәліметтер, сондай-ақ көрсетілетін қызметті беруші талап еткен барлық құжаттар Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік гранттар беру үшін ғана ұсынылғанын растаймын.

      Мен:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің бірінші талабы бойынша осы өтінімді қарау шеңберінде талап етілген банктік және коммерциялық құпияны қамтитын кез келген ақпарат пен құжаттарды ұсынуға және ашуға;

      2) өтінімде көрсетілген деректер өзгерген жағдайда көрсетілетін қызметті берушіні дереу хабардар етуге кепілдік беремін.

      Мыналарға:

      1) көрсетілетін қызметті беруші мен конкурстық комиссияның ұсынылған мәліметтерге тексеру жүргізуіне;

      2) көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген деректердің дұрыстығын тексеруі мүмкін;

      3) көрсетілген деректер мен ақпараттың дұрыс еместігі анықталған жағдайда, осы өтінім оны қараудың кез келген кезеңінде қабылданбайтындығына;

      4) көрсетілетін қызметті беруші осы өтінімде көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты және көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды тексеру және қарау мақсатында мүдделі үшінші тұлғаларға ұсынуға құқылы екендігіне;

      5) көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы өзі туралы хабарлаған кез келген ақпаратты тексеру құқығын өзіне қалдыратындығына, ал көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар және өтінімнің түпнұсқасы мемлекеттік грант ұсынылмаса да, көрсетілетін қызметті берушіде сақталатындығына;

      6) көрсетілетін қызметті берушінің осы өтінімді қарауға қабылдауына, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының ықтимал шығыстары (нысаналы грантты алу үшін қажетті құжаттарды рәсімдеуге) көрсетілетін қызметті берушінің нысаналы грантты беруіне немесе көрсетілетін қызметті алушыға келтірілген залалдардың орнын толтыруға міндеттеме болып табылмайтындығына келісемін.

      "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін конкурс шарттарымен және Мемлекеттік гранттар беру қағидаларымен таныстым.

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректер мен өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісім беремін.

      Өтінім қағаз нысанында берілген кезде:

      осы өтінімге ұсынылатын құжаттар тізбесіне сәйкес құжаттардың көшірмелерін қоса беремін.

      Өтінім берушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (толық): _________________

      Қолы: _________________ Күні: ____________

      * өтінімнің әрбір бетіне қол қою қажет

      Мөр орны (болған жағдайда)

      Өтінім электрондық нысанда берілген кезде:

      Өтінім беруші 20__ жылғы "__" ______ сағат 00:00-де қол қойды және жіберді:

      Электрондық цифрлық қолтаңба деректері.

      Электрондық цифрлық қолтаңба қойылған күні мен уақыты

      Өтінімді қабылдау туралы хабарлама:

      Көрсетілетін қызметті беруші 20 __ жылғы "__" сағат 00:00-де қабылдады:

      Электрондық цифрлық қолтаңба деректері

      Электрондық цифрлық қолтаңба қойылған күні мен уақыты

  Жаңа бизнес-идеяларды іске
асыру үшін мемлекеттік грант
беруге арналған конкурстық
іріктеуге қатысуға өтінімге
қосымша
  Нысан

Жоба туралы мәліметтер

      1. Жалпы ақпарат:

      жобаның атауы ________________________________________________;

      жобаның қысқаша сипаттамасы __________________________________;

      жобаны іске асыру орны ________________________________________;

      жобаны іске қосу күні __________________________________________;

      қызметтің бейінді бағыты (*жоба облыс орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Семей қалаларында іске асырылған жағдайда толтырылады) _________________________________________;

      өнімді/қызметті пайдаланушылардың мақсатты аудиториясы ____________________;

      жер учаскесінің және/немесе үй-жайдың болуы (жалға алу немесе жеке меншік) ______;

      учаскенің және/немесе үй-жайдың кадастрлық нөмірі (болған жағдайда) ___________;

      қажетті жабдықтың/қосалқы материалдардың болуы (болған жағдайда, тізбелеу): __________________________________________.

      2. Жобаны/өнімді нарыққа ілгерілету стратегиясы:

      өнім нарығының көлемі мен сыйымдылығы, жоба іске асырылатын саланың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талдау ________________________________________;

      ұсынылатын өнім алуға қабілетті нарықтың әлеуетті үлесін негіздеу ______________;

      зерттелетін нарықтардағы негізгі үрдістер, күтілетін өзгерістер ___________________;

      өнімді әлеуетті тұтынушылармен уағдаластықтардың болуы және өнімді сатып алуға дайындығын растайтын құжаттар (ниет хаттамалары, алдын ала жеткізу шарттары, жеткізу шарттары) __________________________________

      __________________________________________________________;

      осы нарықта өнімді табысты өткізуге елеулі ықпал ететін факторлардың болуы (баға саясаты, өнімнің техникалық сипаттамалары бойынша артықшылығы, нарықтағы беделі, контрагенттермен қарым-қатынасы, еңбек ұжымы, өнімнің қатардағылардан өзге сапасы, географиялық және өзге де ерекшеліктері) _______________________________________________________ __________________________________________________________.

      3. Жоба командасы:

      жалдамалы қызметкерлер саны ___________________________________;

      кәсіпкерлік қызмет саласындағы және іске асыру жоспарланып отырған саладағы жұмыс тәжірибесі (тиісті құзыреттің, шеберліктің, дағдылардың немесе білімнің болуы) _______________________________________________.

      4. Жобаны іске асыру:

      жобаның өзін-өзі ақтау мерзімі, ай __________________________________;

Шығыстардың түрлері

Шығыстар баптарының атауы

Шығыстар сомасы, мың теңге

Меншік қаражат



Грант қаражаты



Барлығы:



      5. Жоба бойынша күтілетін экономикалық тиімділік:

Жылдар

Факт

Болжам

ағымдағы жылы

1-жыл

2-жыл

3-жыл

Құрылатын жұмыс орындарының саны, адам



-

-

Салықтар түріндегі түсімдер сомасы, мың теңге





Таза пайда, мың теңге





      6. Тәуекелдерді басқару:

Тәуекел түрлері

Тәуекелдің басталу ықтималдығы

Тәуекелді реттеу тәсілдері

Мүліктік (өндірістік және қаржылық қызметті жүзеге асыру процесінде кәсіпорынның өз мүлкінің бір бөлігін жоғалтуы, оның бүлінуі және табыс алмауы ықтималдығы)



Маркетингтік (тауардың сату көлемінің немесе бағасының төмендеуіне байланысты пайда алмау ықтималдығы)



Салалық (саланың экономикалық жай-күйінің өзгеруі нәтижесінде борышкердің өз міндеттемелерін орындамауы салдарынан шығындардың ықтималдығы)



      7. Ұсынылған құжаттар туралы мәліметтер (өтінімді электрондық нысанда берген кезде көрсету):

№ р/с

Құжаттың атауы

Электрондық файлдың атауы (pdf форматы)

1

2

3

1

Бизнес-жоба


2

Кәсіпкердің Бағдарлама және/немесе Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" бағдарламасы курстарында қысқа мерзімді оқудан өткенін растайтын құжат.


3

Кәсіпкердің шотында ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10% ақша қаражатының болуы туралы банктік шоттан үзінді көшірме немесе жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар.


      5. Қосымша мәліметтер (бағалау шәкілі бойынша бағаланады):

      1) бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігін сипаттаңыз (нарықтық қажеттілікті пысықтау-маркетингтік талдау) (жобаны бағалау өтінімде көрсетілген деректерге негізделеді);

      2) сіздің пікіріңіз бойынша бизнес-жобаның енгізілуге дайындығын сипаттаңыз (өндірісті іске қосу үшін жобаның дайындық деңгейі);

      3) жобаны іске асырудан қандай экономикалық пайда бар екенін сипаттаңыз;

      4) сіздің ойыңызша, осы жоба бойынша өзін-өзі ақтау мерзімі жобаны тиімді басқару үшін қаншалықты жеткілікті екенін сипаттаңыз;

      5) осы жоба бойынша жаңа жұмыс орындарын есептеу кезінде нені басшылыққа алғаныңызды, бұл сан қажетті нәтижелерге қол жеткізуге сәйкес келетіндігін сипаттаңыз;

      6) осы жобаны іске асыру үшін кәсіпкердің жұмыс тәжірибесін оның мақсатқа жету үшін сәйкестігі бөлігінде сипаттаңыз;

      7) сіздің ойыңызша, жобаны іске асырудан таза пайда алу қаншалықты тұрақты болатынын сипаттаңыз (жобаны іске асыруға маусымдардың, мереке күндерінің әсеріне байланысты бағаланады);

      8) тәуекелдер туындаған жағдайда (экономикалық, маркетингтік) жобаны басқа салаға қайта бағдарлау бойынша жоспарланған іс-әрекеттеріңізді сипаттаңыз (бағалау кезінде өтінімде көрсетілген деректерді басшылыққа алу, сондай-ақ жобаның бағыттылығына сүйену қажет);

      9) жобаны іске асыру үшін өткізу нарықтарын, әлеуетті сатып алушыларды іздеу бойынша бар әзірлемелерді немесе әлеуетті тапсырыс берушілермен алдын ала уағдаластықтарды сипаттаңыз;

      10) бизнес-идеяның жаңалығын сипаттаңыз (түпнұсқалығы, қолданылуы, пайдалылығы, іске асыру мүмкіндігі, аналогтарының болуы) (мүгедектер үшін қолданылмайды).

  "Бизнестің жол картасы-2025"
бизнесті қолдау мен дамытудың
мемлекеттік бағдарламасы
шеңберінде жаңа бизнес-
идеяларды іске асыруға
мемлекеттік гранттар беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
3- қосымша

"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарының кеңсесі, "электрондық үкіметтің" веб-порталы, Мемлекеттік корпорация

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

29 (жиырма тоғыз) жұмыс күн

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электронды (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Грант беру туралы шарт не мемлекеттік грант беру бойынша Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электронды және (немесе) қағаз түрінде.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет жеделдетіп қызмет көрсетусіз "электрондық" кезек тәртібімен көрсетіледі, электрондық кезекті "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы броньдауға болады.
"Электрондық үкіметтің" веб-порталы – техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады)

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алуға үміткер көрсетілетін қызметті алушылар көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді және Заңның 4-бабының 4) тармақшасына сәйкес мынадай құжаттарды.
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжатты (сәйкестендіру үшін);
2) көрсетілетін қызметті берушінің веб-порталына орналастырылатын мемлекеттік гранттар беру нысаны бойынша мемлекеттік гранттар беру конкурстық іріктеуге қатысуға өтінімді;
3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік/жеке кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама (тиісті ақпараттық жүйелерден алынады);
4) өтініш берілетін күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқ екені туралы анықтаманы;
5) өтінім берілген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен (болған жағдайда) расталған анықтаманы;
6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру қағидаларына (бұдан әрі – Мемлекеттік гранттар беру қағидалары) 3 – қосымшаға сәйкес нысан бойынша бизнес-жоспар түрінде дайындалған бизнес-жобаны;
7) ескіру мерзімі 2 (екі) жылдан аспайтын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" бағдарламасының шеңберінде көрсетілетін қызметті алушының оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесін;
8) үшінші тұлға өтінім берген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының атынан өтінім беру құқығына нотариалды куәландырылған сенімхатты;
9) берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10 %-ы мөлшерінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды бірлесіп қаржыландыруды (ақшалай қаражатпен, бизнес-жобаға қатыстырылған жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) растайтын құжаттар, көрсетілетін қызметті алушының ағымдағы шотында ақша қаражатының бар екені туралы банк шотынан үзінді көшірме немесе бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттарды ұсынады (халықтың әлеуметтiк осал топтарын қоспағанда). Бұл ретте жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің болуы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады;
10) көрсетілетін қызметті алушыда халықтың әлеуметтік осал топтарына жатқызу мәртебесінің болуын растайтын құжатты ұсынады. Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушының мәртебесі туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда және Мемлекеттік гранттар беру қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті веб-портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде:
1) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 30 (отыз) минут;
2) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 20 (жиырма) минут.

  Бизнестің жол картасы-2025"
бизнесті қолдау мен дамытудың
мемлекеттік бағдарламасы
шеңберінде жаңа бизнес-
идеяларды іске асыруға
мемлекеттік гранттар беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
  4-қосымша

Көрсетілетін қызметті алушы жобасын бизнес-идеялар шеңберінде бағалау өлшемшарттары

№ р/с

Өлшемшарт атауы

Сипаттамасы мен салмағы

1.

Бизнес-жобаның жаңашылдығы (талап халықтың әлеуметтiк осал топтары үшін міндетті емес).

Балдар сомасы

2.

Бизнес-жобаның тиімділігі

Балдар сомасы

3.

Дайындық дәрежесі

Балдар сомасы

4.

Меншікті инфрақұрылымының болуы

2 балл – жобаны іске асыру үшін талап етілетін меншікті инфрақұрылымның болуы; 1 балл – бизнес-жобада оны іске асыру үшін жеткілікті инфрақұрылым құру көзделген.

5.

Көрсетілетін қызметті алушының бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды бірлесе қаржыландыру (ақшалай қаражатпен, бизнес-жобаға қатыстырылған жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) (талап халықтың әлеуметтiк осал топтары үшін міндетті емес).

2 балл – 20 % жоғары 1 балл – 10 %-дан 20 %-ға дейін

6.

Жобаның аналогтармен салыстырғандағы артықшылықтары

1 – 2 балл – бар/0 балл – жоқ

7.

Жобаның экономикалық орындылығы

балдар сомасы

      1) Бизнес-жоба жаңашылдығын бағалау.

Бизнес-жоба жаңашылдығының өлшемшарттары

Балдар

Жобаның өзектілігі мен бірегейлігі (бизнес-жобаны іске асыру өңірінде аналогтардың болмауы)

2 балл – аналогтардың болмауы; 1 балл – аналогтар бар, дегенмен бизнес-жобаны іске асыру бағыты жаңа және өңір үшін перспективалы.

Жобада ұсынылған шешімдердің жаңашылдығы (өткізу арналары, маркетингтік стратегия құру, өнімнің материалы/өндіру тәсілі )

2 балл – сәйкес келеді; 1 балл – ішінара сәйкес келеді; 0 балл – сәйкес келмейді.

Жобаның технологиялық деңгейі (технологиялық жарақтандырудың болуы)

2 балл – жобада заманауи технологиялар қолданылады; 1 балл – бар 0 балл – жоқ.

Өндірілетін тауарға/көрсетілетін қызметке патенттің болуы (зияткерлік меншік объектісінің болуы)

2 балл–бар; 0 балл – жоқ.

Бизнесті кеңейту мүмкіндігі (оның ішінде нарыққа өнімді немесе бизнес-процесті ілгерілету стратегиясының болуы, нарық қажеттілігінің болуы, қаржыландыруға жеке капиталды тарту перспективасы).

2 балл – сәйкес келеді; 1 балл – ішінара сәйкес келеді; 0 балл – сәйкес келмейді.

ЖИЫНЫ

балдар сомасы

      2) Бизнес-жоба тиімділігін бағалау.

Тиімділік өлшемшарттары

Балдар

Бизнес-жобаның өтелу мерзімі

2 балл – 3 жылдан артық емес; 1 балл – 3 жылдан астам; 0 балл – 7 жылдан астам.

Бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігі (бәсекеге қабілетті артықшылықтардың болуы)

1 – 2 балл – бар;
0 балл – жоқ

Бір өнім берушіге не сатып алушылардың шағын тобына тәуекелділік

1 – 2 балл – жоқ;
0 балл – иә

Тауарды/негізгі құралдарды/шикізат пен материалдарды жеткізуге және қызметтер көрсету/жұмыстар орындау/технологияларды/франшизаларды/патентті сатып алу шарттарының/келісімшарттарының болуы.

2 балл – бар;
1 балл – жоқ.

Бизнес-жобаны іске асыру үшін жеке үй-жайының болуы

2 балл – бар; 1 балл – жалға алынатын үй-жай.

ЖИЫНЫ

балдар сомасы

      3) Бизнес-жобаның даярлық деңгейін бағалау

Бағалау өлшемшарттары

Балдар

Өткізу нарығының болуы және бизнес-жобаның ұсынылатын нәтижелерін коммерцияландыру мүмкіндігі

2 балл – қажеттілік пен өнімді нарыққа ілгерілету арналары бар; 1 балл – нарықтағы бәсекелестік тұрғысынан қажеттілік деңгейі төмен, ілгерілету арналары тиімсіз; 0 балл – жоқ.

Білікті мамандар командасының болуы

2 балл – бар;
0 балл – жоқ.

Жобаларды жүзеге асыруда тәжірибенің болуы

2 балл – 3 жылдан артық тәжірибе; 1 балл – 3 жылға дейін;

Бизнесті әртараптандыру (тәуекелдер (экономикалық, маркетингтік) туындаған жағдайда жобаны басқа салаға қайта бағдарлау мүмкін бе).

2 балл – мүмкін;
1 балл – минималды инвестициялармен мүмкін; 0 балл – мүмкін емес.

Жобаның құны (бизнес-жобаны толықтай аяқтауға меншікті және тартылған капиталдың жеткіліктілігі, салыстырмалы талдау жүргізу)

2 балл – жеткілікті, көрнекі салыстырмалы талдау бар; 1 балл – жоба қосымша қаражат тартуды талап етеді, бұл ретте бизнес-жобада тартудың әдістері мен көздері ашып көрсетіледі.

ЖИЫНЫ

балдар сомасы

      4) Жобаның экономикалық орындылығын бағалау

Бағалау өлшемшарттары

Балдар

Жұмыс орындарын құру

2 балл – жоба жұмыс орындарының жеткілікті санын құруды білдіреді; 1 балл – белгіленген жұмыс орындарының мәлімделген санын құра алмау тәуекелі бар.

Бизнес-жобаның өңір үшін маңыздылығы (іске асыру саласы, әлеуметтік-экономикалық әсердің болуы)

1 – 2 балл – бар;
0 балл – жоқ

ЖИЫНЫ

балдар сомасы

  "Бизнестің жол картасы-2025"
бизнесті қолдау мен дамытудың
мемлекеттік бағдарламасы
шеңберінде жаңа бизнес-
идеяларды іске асыруға
мемлекеттік гранттар беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру жөніндегі конкурстық комиссия отырысының хаттамасынан үзінді көшірме.

Өткізу орны


Өткізу күні


Комиссия төрағасы


Қатысқан Комиссия мүшелері


Қатыспаған Комиссия мүшелері


Шақырылғандар


Комиссия хатшысы


      Комиссия қарады:

№ р/с

1-мәселенің (жобаның) атауы

1


      Комиссия шешті:

      Мына көрсетілетін қызметті алушыға бизнес-жобаны іске асыру үшін мемлекеттік грант беру ұсынылады/ұсынылмайды:

№ р/с

Көрсетілетін қызметті алушының атауы

Бизнес-жобаның атауы (қысқаша сипаттамасы)

Бизнес-жобаны іске асыру орны (облыс, қала, аудан)

Көрсетілетін қызметті алушыны тіркеу орны

1

2

3

4

5

1






Көрсетілетін қызметті алушының жобасын іске асыру жоспарланып отырған өңір экономикасы саласының атауы

Грант сомасы (теңге)

Жұмыс орындарын құру (жоспар, грант ұсынылған жағдайда)

6

7

8





Гранттың нысаналы мақсаты

Көрсетілетін қызметті алушының бизнес-жобасы жинаған қорытынды балл

Жоба бойынша қорытынды

9

10

11




      "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру жөніндегі конкурстық комиссия отырысының ___________ облысындағы 20___ жылғы "___"__________ №____ хаттамасы.

      Комиссия хатшысы __________________________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2021 жылғы 11 маусымдағы
№ 59 Бұйрыққа
4-қосымша

"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жүргізу " мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жүргізу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Инфрақұрылым қағидалары) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі –Заң) 10-бабының 1) тармақшасына, "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысына сәйкес әзірленді және "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жүргізу" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Инфрақұрылым қағидаларына сәйкес, шағын және орта бизнес субъектілері болып табылатын, жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік қызметті тегін негізде көрсетеді.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жүргізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 8-тармағында көзделген құжаттар тізбесін осы Инфрақұрылым қағидасының 1-қосымшасына сәйкес ұсынады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне не "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) және (немесе) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал) осы Инфрақұрылым қағидаларына 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды қаржыландыруға өтінім және өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жүргізуді қаржыландыруға арналған конкурстық іріктеуге қатысу үшін электрондық өтінім (бұдан әрі – Өтінім) ұсынады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі стандартта келтірілген.

      4. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері (бұдан әрі – жауапты орындаушы) Өтінім тіркелген кезден бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Құжаттар Мемлекеттік корпорация арқылы қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес толық емес құжаттар топтамасын, сондай-ақ қолданыс мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорация жұмыскері ұсынылған құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Құжаттарды веб-портал арқылы ұсыну кезінде Өтінімді одан әрі қараудан дәлелді түрде бас тарту көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" құжаттар қабылданған кезден бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) расталған электрондық құжат түрінде жіберіледі.

      5. Ұсынылған құжаттар стандарттың 8-тармағында көзделгендей толық болған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 5 (бес) жұмыс күні ішінде Өңірлік үйлестіруші кеңестің (бұдан әрі – ӨҮК) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы – 2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жүргізу қағидаларының шарттарына сәйкестігіне қарап, шешім қабылдауы үшін өтінім шығарады.

      6. Жауапты орындаушы ӨҮК хаттамасына қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ӨҮК шешімінің негізінде ӨҮК отырысы хаттамасынан мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын, не уәжді бас тарту дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына енгізеді.

      7. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне немесе уәжді бас тартуға қол қояды. Жауапты орындаушы 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері стандарттың 9-тармағында көрсетілген.

      8. Көрсетілетін қызметті алушыдан өтініш көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі не Мемлекеттік корпорация арқылы қағаз жеткізгіште түскен кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолы қойылып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жіберіледі. Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі аяқталуға 1 (бір) жұмыс күні қалғанға дейін жеткізуді қамтамасыз етеді.

      9. Өткізілетін отырыс шеңберінде ӨҮК мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының және ол іске асыратын жобалардың Бағдарлама өлшемшарттарына сәйкестігін тексеру;

      2) ӨҮК мүшелері арасында көрсетілетін қызметті алушының жобасын және қоса берілетін құжаттарды, оның ішінде құрылатын тұрақты жұмыс орындары, бюджетке түсетін салық түсімдері, көрсетілетін қызметті алушының жобаларын іске асыру қорытындылары бойынша өнім өндіру көлемдері туралы болжамды ақпаратты қарау және талқылау;

      3) талқылау нәтижелері бойынша ӨҮК бағдарламаға сәйкестігі тұрғысынан өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды салуды (реконструкциялауды) қаржыландырудың мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды.

      10.Өтінім беру субсидиялаудың ақпараттық жүйесі арқылы электрондық түрде жүзеге асырылады.

      11. Көрсетілетін қызметті беруші бюджеттік инвестициялық жобаларды (бұдан әрі – БИЖ) одан әрі іске асыру жөнінде шаралар қабылдау үшін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне құжаттардың толық топтамасын қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті алушылар жобаларының тізімін, ӨҮК хаттамасын жібереді.

      12. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі:

      1) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға –кәсіпкерлердің мақұлданған жобалары және осы Инфрақұрылым қағидаларының 8, 9 және 10 тармақтарының өлшемшарттарына сәйкес келетін индустриялық аймақ құру немесе дамыту жобалары бойынша;

      2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға –жергілікті бюджет қаражаты есебінен инфрақұрылым жүргізуді жоспарлап отырған және құрылыс құнының 10%-ы мөлшерінде жобаларды қоса қаржыландыруды көздейтін көрсетілетін қызметті алушылардың мақұлданған жобалары бойынша қаражат бөлудің қажеттілігі туралы бюджеттік өтінім қалыптастырады және жібереді.

      13. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджеттік өтінімде қамтылған ақпарат пен есептердің дұрыстығы мен толықтығын қамтамасыз етеді.

      14. Бюджеттік өтінім келіп түскеннен кейін уәкілетті орган мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:

      1) бюджет процесі шеңберінде бюджеттік өтінімнің Бағдарлама шарттарына және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкестігін қарайды;

      2) қажет болған жағдайда жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен БИЖ-ді іріктеу бойынша неғұрлым толық талдау және шешім қабылдау үшін қажетті қосымша мәліметтер мен құжаттарды сұратады;

      3) құжаттардың толық топтамасы бар БИЖ тізбесін қалыптастырады;

      4) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жинақталған бюджеттік өтінімді шығыстар көлемін негіздеу үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді;

      5) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне бюджет комиссиясы қарауының және шешімінің қорытындылары бойынша өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды салуды (реконструкциялауды) қаржыландыру мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы хабарлайды.

      15. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық/жергілікті уәкілетті орган мыналарды жүзеге асырады:

      1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамасына, әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, қолданыстағы заттай нормаларға және стратегиялық жоспарлар жобаларына немесе стратегиялық жоспарлардың өзгерістер мен толықтырулар жобаларына және бюджеттік бағдарламалар жобаларына сәйкестігі тұрғысынан қарайды, бұл ретте бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде сондай-ақ әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың түрлері бойынша есептеу кезіндегі бағдар ретінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бағаларының дерекқоры пайдаланылады.

      Бюджеттік өтінім Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының оны жасау және ұсыну жөніндегі талаптарына сәйкес келмеген кезде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық/жергілікті уәкілетті орган оны қарамастан, бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне қайтарады;

      2) материалдарды қарау қорытындылары бойынша бюджеттік өтінімдер мен бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындылар қалыптастырады және тиісті бюджеттік комиссияның қарауына жібереді;

      3) уәкілетті органға/жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне бюджеттік комиссияның шешімі туралы хабарлайды;

      4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің/жергілікті атқарушы органдардың республикалық бюджет туралы заңды іске асыру/мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешімін іске асыру туралы қаулысының жобасын әзірлейді.

      16. Республикалық бюджет туралы заңға және мәслихаттардың кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттер туралы шешімдеріне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың қаулыларына, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің кезекті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді іске асыру туралы шешіміне, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына, бюджеттік бағдарламаларға, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтініміне, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттік сыныптамасына, республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің анықтамалығына сәйкес қаржыландырудың жеке жоспарлары, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарлары, төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспары, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары әзірленеді.

      17. Өтінім субсидиялаудың ақпараттық жүйесі арқылы электрондық түрде жүзеге асырылуы мүмкін.

      18. Көрсетілетін қызметті алушының жобаларына және индустриялық аймақтарға жетіспейтін инфрақұрылымды қаржыландыру мынадай шарттар сақталған жағдайда беріледі:

      1) "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы осы Инфрақұрылым қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Өтінім беру.

      2) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде Өтінімді тіркеу;

      3) деректері субсидиялаудың ақпараттық жүйесі "Заңды тұлғалар" немесе "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорларымен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталған, көрсетілетін қызметті алушының субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде жеке шотының болуы.

      Субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде жеке шоттың болуы көрсетілетін қызметті алушының Өтінімді субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеуді өз бетінше жүзеге асыруға мүмкіндік береді, бұл жағдайда Өтінім беру талап етілмейді және ол осындай тіркеу жүргізілген кезден бастап берілген болып есептеледі.

      19. Көрсетілетін қызметті алушының жобалары мен индустриялық аймақтарға жетіспейтін инфрақұрылымды қаржыландыруды алуға үміткерлер көрсетілетін қызметті алушы Өтінімге PDF форматындағы мынадай құжаттардың электрондық көшірмелерін ұсынады:

      1) бизнес-жоспар;

      2) уәкілетті орган бекіткен Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамалар жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингтеу және іске асырылуын бағалау қағидаларына сәйкес ТЭН әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда, жобаның ТЭН-і;

      3) сараптаманың оң қорытындысы бар жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама.

      20. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі бойынша, оның ішінде заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік және дара кәсіпкерді тіркеу, субъектінің санаты туралы хабарлама бойынша мәліметтер автоматты түрде "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы айқындалады.

      21. Өтінімдерді қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері (заңды мекенжайы) бойынша жүзеге асырылады.

      Веб-портал (бұдан әрі – жеке кабинет) арқылы тізілім деректеріне қолжетімділік беру үшін:

      1) көрсетілетін қызметті алушылар субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде ЭЦҚ арқылы өз бетінше тіркеледі;

      2) көрсетілетін қызметті беруші жыл сайын көрсетілетін қызметтерді жеткізушіге ЭЦҚ бар өз жұмыскерлерінің жаңартылған тізімдерін, сондай-ақ ӨҮК мүшелерінің жаңартылған тізімдерін жібереді.

      22. Жеке кабинетте тіркелу үшін көрсетілетін қызметті алушы мынадай мәліметтерді көрсетеді:

      1) дара кәсіпкерлер үшін – жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда);

      2) заңды тұлғалар үшін – бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), толық атауы; бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) және ЖСН;

      3) байланыс деректері (пошталық мекенжайы, телефоны, электрондық пошта мекенжайы);

      4) екінші деңгейдегі банктегі банктік шот деректемелері.

      Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде көрсетілетін қызметті алушы бір жұмыс күні ішінде жеке кабинетке енгізілген жеке шоттың деректерін өзгертеді.

      23. Көрсетілетін қызметті алушы Өтінімді жеке кабинетте қалыптастыру мен тіркеуді мынадай тәртіппен жүргізеді:

      1) субсидиялаудың ақпараттық жүйесін осы Инфрақұрылым қағидаларының 43-тармағы 3) тармақшасының талаптарына сәйкестігін тексеру үшін қажетті мәліметтер енгізе отырып Өтінім қалыптастырылады;

      2) Өтінім көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қол қою арқылы субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеледі және көрсетілетін қызметті берушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады. Веб-порталда көрсетілген көрсетілетін қызметті берушінің электрондық мекенжайына Өтінімнің қарауға түскені туралы электрондық хабарлама жіберіледі.

      Егер Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі өтінімді ӨҮК қарауына жіберген кезге дейін тіркелген өтінімде қателіктер анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы қайтарып алу себебін көрсете отырып, Өтінімді қайтарып алуға құқылы.

      24. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға Өтінімді тіркеген кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде:

      1) тиісті хабарламаға ЭЦҚ-ны пайдалана отырып қол қою арқылы оның қабылданғанын растайды. Бұл хабарлама көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде қолжетімді болады;

      2) ӨҮК үшін көрсетілетін қызметті алушының жобалары бойынша ұсынымдар әзірлейді;

      3) ӨҮК барлық мүшелерін өтінім бойынша дауыс беру қажеттігі туралы хабардар етеді. Бұл хабарлама ӨҮК әрбір мүшесінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

      25. Көрсетілетін қызметті алушы және/немесе мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдар, объектілер, деректер мен мәліметтер Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші Өтінімді тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде кәсіпкерге уәжді бас тарту жібереді.

      26. Дауыс берудің аяқталу күні көрсетілетін қызметті беруші Өтінімді қабылдағанын растаған күннен бастап бесінші жұмыс күніне белгіленеді.

      Дауыс беруді ӨҮК әрбір мүшесі субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде отырыс өткізбей жеке жүзеге асырады.

      27. ӨҮК конкурстық іріктеуді жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Инфрақұрылым қағидаларына сәйкес веб-порталда:

      1) көрсетілетін қызметті алушының жобалары мен қоса берілетін құжаттарды Бағдарлама өлшемшарттарына, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушылар жобаларын іске асыру нәтижелері бойынша құрылатын тұрақты жұмыс орындары, бюджетке түсетін салықтық түсімдер, өнім өндіру көлемдері туралы болжамды ақпаратты қарауды;

      2) "келісемін" немесе "қарсымын" тармақтарын белгілеу әдісімен дауыс беру және жобаларды конкурсқа жіберуді жүзеге асырады.

      Дауыс беру қорытындысы бойынша дауыстар саны қосылады және субсидиялаудың ақпараттық жүйесі автоматты түрде қорытынды шешімді айқындалады.

      Егер көрсетілетін қызметті алушының жобасына субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркелген ӨҮК мүшелері санының үштен екісінен кем дауыс берілген жағдайда, субсидиялаудың ақпараттық жүйесі хаттама қалыптастырудан бас тартады және көрсетілетін қызметті берушіге өткізілмеген конкурс туралы хабарлама жібереді.

      28. ӨҮК шешімі ӨҮК отырысы өткізілген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде тиісті хаттамамен ресімделеді. Хаттамаға ЭЦҚ пайдалана отырып ӨҮК құрамы қол қояды. ӨҮК хаттамасына қол қойылғаннан кейін жоба бойынша көрсетілетін қызметті алушының құжаттамасы БИЖ-ді одан әрі іске асыру жөнінде шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің, көрсетілетін қызметті алушының және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

      29. "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жүргізуді мақұлдау немесе беруден бас тарту туралы ӨҮК хаттамасының үзінді көшірмесі ӨҮК хаттамасына қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ресімделеді және көрсетілетін қызметті алушыға субсидиялаудың ақпараттық жүйесі арқылы қағаз немесе электрондық нысанда жіберіледі.

      30. Бағдарламаға қатысушыларының жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізудегі әрі қарайғы өзара іс-қимылы осы инфрақұрылымды жүргізу қағидаларының 24-31 тармақтарында айқындалған тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі ақпараттық жүйесіне Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      31. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

      көрсетілетін қызметті беруші тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайда, 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Заңның 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.

  "Бизнестің жол картасы-2025"
бизнесті қолдау мен мен
дамытудың мемлекеттік
бағдарламасы шеңберінде
өндірістік (индустриялық)
инфрақұрылым жүргізу"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
1-қосымша

"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жүргізу қағидалары" мемлекеттік қызметін көрсету стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Нұрсұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

Облыстардың, Нұрсұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарының кеңсесі, "электрондық үкіметтің" веб-порталы, Мемлекеттік корпорация.

3.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

11 (он бір) жұмыс күні

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Қағаз/электронды (ішінара автоматты) түрде

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысы хаттамасынан үзінді не стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап

6.

Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметті көрсету кезінде алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі.

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі үзіліссіз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейінгі жұмыс кестесіне сәйкес.
Мемлекеттік қызмет жеделдетілген қызмет көрсетусіз, "электрондық" кезек тәртібімен көрсетіледі, электрондық кезекті "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы броньдауға болады.
"Электрондық үкімет" веб – порталы техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады)

8.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

қағаз түрінде:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жүргізуді қаржыландыруға өтінім;
2) бизнес-жоспар;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау және бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 болып тіркелген) (бұдан әрі-қағидалар) сәйкес техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда, жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі;
4) жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама (кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысымен).
Порталда:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жүргізуді қаржыландыруға электрондық өтінім;
2) Қағидаларға сәйкес техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда, жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі;
3) жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама (ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысымен)

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Инфрақұрылым қағидасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10.

Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде:
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілген ең ұзақ күту уақыты 30 (отыз) минут;
3) қызмет көрсетуге рұқсат етілген ең ұзақ уақыт 20 (жиырма) минут.

  "Бизнестің жол картасы-2025"
бизнесті қолдау мен дамытудың
мемлекеттік бағдарламасы
шеңберінде өндірістік
(индустриялық) инфрақұрылым
жүргізу қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жүргізуді қаржыландыруға өтінім

      _____________________________________________________________

      _____________________________________________________________

      (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) (заңды тұлғаның ұйымдық- құқықтық нысаны, атауы; көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), паспорт деректері)

      _____________________________________________________________

      _____________________________________________________________

      (заңды тұлғаның орналасқан жері, пошталық мекенжайы; көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері)

      _____________________________________________________________

      жобаны іске асыру орны

      _____________________________________________________________

      (қала (аудан) коды көрсетілген байланыс телефонының нөмірі, электрондық пошта мекенжайы)

      ______________________________________________________________

      (банктік деректемелер)

      _______________________________________________________________

      (қызметтің бейінді бағыттарын көрсету)

      _______________________________________________________________

      (экономика саласын көрсету, экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша коды ( ЭҚЖЖ)

      _______________________________________________________________

      (ұйым басшысы (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы, байланыс телефоны)

      ________________________________________________________________

      жобаның жауапты орындаушысы (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы, байланыс телефоны)

      ______________________________________________________________

      қажетті ақша қаражаты (меншікті қаражат, қарыз қаражаты)

      ______________________________________________________________

      инфрақұрылымды түзету немесе жақсарту қажеттілігінің негіздемесі.

      "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жүргізуді қаржыландыруға арналған конкурстық іріктеуге қатысу туралы мәлімдейді. Көрсетілетін қызметті алушы жоғарыда көрсетілген көрсетілген шарттармен танысты және Бағдарламаға сәйкес қажетті құжаттарды тіркейді.

      ______________________________________________________________

      Қолы (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы)

      20___жылғы "____" ___________ № өтінім "____" сағат "___" минут.

      Мен өзім ұсынған мәліметтердің дұрыс екенін растаймын және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің мәліметтерді тексеруіне қарсы емеспін. Көрсетілетін қызметті алушы осы өтінімге қол қою арқылы мынаны мәлімдейді және оған кепілдік береді:

      1. Барлық деректер, ақпарат пен құжаттама дұрыс болып табылады және төменде көрсетілген күнгі шындыққа толық сәйкес келеді.

      2. Көрсетілетін қызметті алушы өзінің жарғылық құзыреті осы өтінішке қол қоятын адамға осы өтінішті беруге мүмкіндік беретінін растайды.

      3. Көрсетілген деректер мен ақпараттың дұрыс еместігі анықталған жағдайда, көрсетілген деректердің дұрыс еместігін растайтын мәліметтер анықталған кез келген кезеңде осы өтінімнен бас тартылатынымен келісемін.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы арқылы мыналарға келісім береді:

      1. Өңірлік қызметті беруші тексеру және қарау мақсатында осы өтінімде көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты және көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды мүдделі үшінші тұлғаларға ұсынуға құқылы.

      2. Осы өтінімдегі барлық мәліметтер, сондай-ақ барлық талап етілген құжаттар "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жүргізуді қаржыландыру үшін ғана ұсынылған.

      3. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жүргізу бойынша мемлекеттік қолдауды ұсыну туралы мәселені қарау тәртібімен таныстым және келісемін.

______________________________
Жетекші (дара кәсіпкердің
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

______________________________
(қолы) (қолтаңбаны толық жазу)

  "Бизнестің жол картасы-2025"
бизнесті қолдау мен дамытудың
мемлекеттік бағдарламасы
шеңберінде өндірістік
(индустриялық)
инфрақұрылымды жүргізу
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

      1. __________ облысында (республикалық маңызы бар қалада, астанада)

      ______________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, дара кәсіпкердің аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі)

      2. "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жүргізуді қаржыландыруға арналған конкурстық іріктеуге қатысу туралы ұсынылып отырған материалдарды қарауды сұраймын.

      3. Өтініш беруші туралы мәліметтер:

      заңды тұлға үшін: атауы ___________________________________________________________

      Бизнес сәйкестендіру нөмірі ________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) _____________________________

      басшының жеке сәйкестендіру нөмірі ________________________________

      мекенжайы ______________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі _____________________________________________

      жеке кәсіпкер үшін:

      атауы ___________________________________________________________

      аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі______________________________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі _________________________________________

      жеке басын куәландыратын құжат:

      нөмірі __________________________________________________________

      кім берді ________________________________________________________

      берілген күні _____________________________________________________

      мекенжайы ______________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі _____________________________________________

      Дара кәсіпкер ретінде қызметі басталғаны туралы хабарлама:

      орналасқан жері __________________________________________________

      хабарлама күні ___________________________________________________

      4. Көрсетілетін қызметті алушының екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шотының болуы туралы мәліметтер:

      Банк деректемелері: ______________________________________________

      Банктің атауы: ___________________________________________________

      Банк сәйкестендіру коды __________________________________________

      Жеке сәйкестендіру коды __________________________________________

      Бизнес сәйкестендіру нөмірі _______________________________________

      Кбе (бенефициар коды) ___________________________________________

      5. Жоба туралы мәліметтер:

      жобаның атауы __________________________________________________

      жобаның қысқаша сипаттамасы ____________________________________

      жобаны іске асыру орны __________________________________________

      қызметтің бейінді бағыты (*жоба облыс орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Семей қалаларында іске асырылған жағдайда толтырылады):

      ________________________________________________________________

      қажетті инфрақұрылым түрі ________________________________________

      инфрақұрылымды жүргізу немесе жақсарту қажеттігінің негіздемесі ________________________________________________________________

      құрылыстың құны, мың теңге ______________________________________

      жобаның құны (инвестициялар), мың теңге __________________________

      салық салу жүйесі: _______________________________________________

      экономика саласын көрсету: _______________________________________

      ЭҚЖЖ (экономика саласын көрсету, экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша коды):

      _________________________________________

      жалдамалы жұмыскерлер саны _____________________________________

      6. Жоба бойынша күтілетін экономикалық тиімділік:

Р/с №

Жылдар

Факт

Болжам

ағымдағы жыл

1-ші жыл

2-ші жыл

3-ші жыл

1

2

3

4



5

6

1

Құрылатын жұмыс орындар саны, адам





-

-

2

Салықтар түріндегі түсімдер сомасы, мың теңге







3

Шығарылатын өнім көлемі, мың теңге







      7. Берілген құжаттар туралы мәліметтер:

Р/с

Құжаттың атауы

Электрондық файлдың атауы (pdf. форматында)

1

2

3

1

Бизнес-жоспар


2

Жобаның ТЭН-і


3

Жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама


      Мыналарға кепілдік берем:

      1) Көрсетілетін қызметті берушінің бірінші талабы бойынша осы өтінімді қарау шеңберінде талап етілген, банктік және коммерциялық құпияны қамтитын кез келген ақпарат пен құжаттарды беруге және ашуға;

      2) өтінімде көрсетілген деректер өзгерген жағдайда, дереу көрсетілетін қызметті берушіге хабарлаймын.

      Мыналармен келісемін:

      1) көрсетілетін қызметті беруші және өңірлік үйлестіруші комиссия ұсынылған мәліметтерге тексеру жүргізеді;

      2) көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген деректердің дұрыстығын тексереді;

      3) осы өтінімде қамтылған мәліметтер, сондай-ақ барлық талап етілген құжаттар "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жүргізуді қаржыландыру үшін ғана ұсынылды;

      4) көрсетілген деректер мен ақпараттың дұрыс еместігі анықталған жағдайда, осы өтінімнен қаралып жатқан кез келген кезеңінде бас тартылады;

      5) көрсетілетін қызметті беруші тексеру және қарау мақсатында осы өтінімде көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты және көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды мүдделі үшінші тұлғаларға ұсынуға құқылы;

      Конкурс шарттарымен және "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жүргізу қағидаларымен таныстым.

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дұрыс емес мәліметтердің ұсынылғаны үшін жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеуге және пайдалануға келісім беремін.

      Өтініш беруші 20__ жылғы "___" __________ сағат 00:00 қол қойды және жіберді:

      Электрондық цифрлық қолтаңба деректері

      Электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған күні мен уақыты

      Өтінімді қабылдау туралы хабарлама:

      Көрсетілетін қызметті беруші 20__ жылғы "___" ________сағат 00:00 қабылдады.

      Электрондық цифрлық қолтаңба деректері

      Электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған күні мен уақыты

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2021 жылғы 11 маусымдағы
№ 59 Бұйрыққа
5-қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11181 болып тіркелген).

      2. "Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 760 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13233 болып тіркелген).

      3. "Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 24 маусымдағы № 281 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13992 тіркелген).

      4. "Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 15 наурыздағы № 118 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15022 тіркелген).

      5. "Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 10 шілдедегі № 273 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15529 болып тіркелген).

      6. "Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 сәуірдегі № 28 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18596 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады