Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясының кеуде белгілерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2016 жылғы 24 маусымдағы № 54 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 27 шілдеде № 13999 болып тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 14.04.2021 № 37/қе (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны және айырым белгілері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 144 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны және айырым белгілері үлгілерінің сипаттамасы мен суреттерінің 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясын бітіргені туралы кеуде белгісі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес";

      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясының магистратурасын бітіргені туралы кеуде белгісі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 14.04.2021 № 37/қе (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі осы бұйрықты белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілері таныстырылсын.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Комитет Төрағасы


ұлттық қауіпсіздік


генерал-лейтенанты

В. Жұмақанов


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2016 жылғы 24 маусымдағы
№ 54 бұйрығына
1-қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясын бітіргені туралы кеуде белгісі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 14.04.2021 № 37/қе (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


      Ескертпе:

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясын бітіргені туралы кеуде белгісі жиегі күміс түстес көк түсті ромб, өлшемдері: биіктігі – 47мм., ені – 27мм., ортада жапсырылған;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясын бітіруші кеуде белгісінің негізгі мағынасын көрсететін элементтердің семантикасы:

      ромб – жан-жақты белсенділікті білдіреді;

      ромб алаңындағы көк түсті эмаль ой айқындылығын және дәстүрге адалдықты білдіреді;

      ромб ортасында кескін тәріздес көлемді жапсырма, стильденген жеті бұрышты жұлдыздан тұратын күрең (қою қызыл) түсті алтын (сары) түске негізделген, сонымен қатар жеті доғал бұрышты шуағы бар.

      Жақұтты жұлдыздың ортасында кіші қалқан орналасқан.

      Көкшіл (көк) түсті кіші қалқан шеңбері бойынша, алтын (сары) сақиналы жиектелген, мемлекеттік тілде "НАМЫС, АЙБЫН, ОТАН" ұраны жазылған. Жазулар күміс (ақ) түсте орындалған.

      Қалқанның ортасында көгілдір (көк) түстің үстіне алтын (сары) түсті киіз үй күмбезінің айшықты бейнесі – "шаңырақ" орналасқан.


Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясын бітіргені туралы кеуде белгісінің сызбалық бейнесі мен сипаттамасы


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2016 жылғы 24 маусымдағы
№ 54 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясының магистратурасын бітіргені туралы кеуде белгісі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 14.04.2021 № 37/қе (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.



      Ескертпе:

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясының магистратурасын бітіргені туралы кеуде белгісі жиегі алтын түстес ақ түсті ромб, өлшемдері: биіктігі – 47мм., ені – 27мм., ортада жапсырылған;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясын бітіруші кеуде белгісінің негізгі мағынасын көрсететін элементтердің семантикасы:

      ромб – жан-жақты белсенділікті білдіреді;

      ромб алаңындағы ақ түсті эмаль бейбітшілік пен тазалықты білдіреді;

      ромб ортасында кескін тәріздес көлемді жапсырма, стильденген жеті бұрышты жұлдыздан тұратын күрең (қою қызыл) түсті алтын (сары) түске негізделген, сонымен қатар жеті доғал бұрышты шуағы бар.

      Жақұтты жұлдыздың ортасында кіші қалқан орналасқан.

      Көкшіл (көк) түсті кіші қалқан шеңбері бойынша, алтын (сары) сақиналы жиектелген, мемлекеттік тілде "НАМЫС, АЙБЫН, ОТАН" ұраны жазылған. Жазулар күміс (ақ) түсте орындалған.

      Қалқанның ортасында көгілдір (көк) түстің үстіне алтын (сары) түсті киіз үй күмбезінің айшықты бейнесі - "шаңырақ" орналасқан.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясының магистратурасын бітіргені туралы кеуде белгісінің сызбалық бейнесі мен сипаттамасы



Об утверждении нагрудных знаков Пограничной академии Комитета национальной безопасности Республики Казахстан

Приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 24 июня 2016 года № 54. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 27 июля 2016 года № 13999.

      Сноска. Заголовок - в редакции приказа Председателя Комитета национальной безопасности РК от 14.04.2021 № 37/қе (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 8 Описания и рисунков образцов военной формы одежды и знаков различия военнослужащих Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований Республики Казахстан, утвержденных Указом Президента Республики Казахстан от 25 августа 2011 года № 144 "О военной форме одежды и знаках различия военнослужащих Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований Республики Казахстан", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые:

      1) нагрудный знак об окончании Пограничной академии Комитета национальной безопасности Республики Казахстан, согласно приложению 1 к настоящему приказу";

      2) нагрудный знак об окончании магистратуры Пограничной академии Комитета национальной безопасности Республики Казахстан, согласно приложению 2 к настоящему приказу.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции приказа Председателя Комитета национальной безопасности РК от 14.04.2021 № 37/қе (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Пограничной службе Комитета национальной безопасности Республики Казахстан обеспечить в установленном порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и его официальное опубликование.

      3. С настоящим приказом ознакомить военнослужащих органов национальной безопасности Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Председатель Комитета


генерал-лейтенант


национальной безопасности

В. Жумаканов


  Приложение 1
к приказу Председателя
Комитета национальной
безопасности
Республики Казахстан
от 24 июня 2016 года № 54

Нагрудный знак об окончании Пограничной академии Комитета национальной безопасности Республики Казахстан

      Сноска. Приложение 1 - в редакции приказа Председателя Комитета национальной безопасности РК от 14.04.2021 № 37/қе (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).



      Примечание:

      Нагрудный знак об окончании Пограничной академии Комитета национальной безопасности Республики Казахстан представляет собой ромб синего цвета с серебристой окантовкой размером: высота – 47 мм, ширина – 27 мм с накладкой в середине.

      Семантика элементов, отражающих основной смысл нагрудного знака выпускника Пограничной академии Комитета национальной безопасности Республики Казахстан: 

      ромб – символизирует всестороннюю активность;

      эмаль на поле ромбика синего цвета символизирует ясность мысли и верность традициям;

      в центре ромба накладка в виде объемного изображения, состоящая из стилизованной семиконечной звезды бордового (темно-красного) цвета на золотом (желтом) основании, имеющем также семь тупоугольных лучей.

      По центру рубиновой звезды малый щит.

      По окружности малого щита василькового (синего) цвета, окольцованного золотистым (желтым) кантом, нанесена надпись на государственном языке: девиз "НАМЫС. АЙБЫН. ОТАН". Надпись выполнена серебристым (белым) цветом.

      По центру щита – стилизованное изображение свода остова юрты – "шанырак" золотистого (желтого) цвета на бирюзовом (голубом) фоне.

Схематическое изображение и описание нагрудного знака об окончании Пограничной академии Комитета национальной безопасности Республики Казахстан




  Приложение 2
к приказу
Председателя Комитета
национальной безопасности
Республики Казахстан
от 24 июня 2016 года № 54

Нагрудный знак об окончании магистратуры Пограничной академии Комитета национальной безопасности Республики Казахстан

      Сноска. Приложение 2 - в редакции приказа Председателя Комитета национальной безопасности РК от 14.04.2021 № 37/қе (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).



      Примечание:

      Нагрудный знак об окончании магистратуры Пограничной академии Комитета национальной безопасности Республики Казахстан представляет собой ромб белого цвета с золотистой окантовкой размером: высота – 47 мм, ширина – 27 мм с накладкой в середине.

      Семантика элементов, отражающих основной смысл нагрудного знака выпускника Пограничной академии Комитета национальной безопасности Республики Казахстан:

      ромб – символизирует всестороннюю активность;

      эмаль на поле ромбика белого цвета символизирует мир и чистоту;

      накладка в виде объемного изображения, состоящая из стилизованной семиконечной звезды бордового (темно-красного) цвета на золотом (желтом) основании, имеющем также семь тупоугольных лучей.

      По центру рубиновой звезды малый щит.

      По окружности малого щита василькового (синего) цвета, окольцованного золотистым (желтым) кантом, нанесена надпись на государственном языке: девиз "НАМЫС. АЙБЫН. ОТАН". Надпись выполнена серебристым (белым) цветом.

      По центру щита – стилизованное изображение свода остова юрты – "шанырак" золотистого (желтого) цвета на бирюзовом (голубом) фоне.

Схематическое изображение и описание нагрудного знака об окончании магистратуры Пограничной академии Комитета национальной безопасности Республики Казахстан