Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының кейбір бұйрықтары мен бұйрығының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2025 жылғы 13 мамырдағы № 49/қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 15 мамырда № 36113 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының кейбір бұйрықтары мен құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің Материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
Е. Сагимбаев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2025 жылғы 13 мамырдағы
№ 49/қе бұйрығына
қосымша/

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының күші жойылған кейбір бұйрықтары мен құрылымдық элементтерінің тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Академиясын бітіргені туралы белгілерінің және ішкі ведомстволық айырым реквизиттерінің сипаттамалары мен нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 26 тамыздағы № 271 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9769 болып тіркелген).

      2. "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің күнделікті-далалық киім нысандарының түстерін және әскери қызметшілерінің далалық киім нысанының үлгісі мен түстерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 16 желтоқсандағы № 99/қбп бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12400 болып тіркелген).

      3. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясының кеуде белгілерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2016 жылғы 24 маусымдағы № 54 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13999 болып тіркелген).

      4. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полициясы органдары әскери қызметшілері арнайы киімінің және айырым белгісінің үлгісін, түсін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2017 жылғы 15 наурыздағы № 13/қбп бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15004 болып тіркелген).

      5. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясын бітіргені туралы белгілерінің және ішкі ведомстволық айырым реквизиттерінің сипаттамалары мен нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 26 тамыздағы № 271 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2017 жылғы 3 сәуірдегі № 17 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15107 болып тіркелген).

      6. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Авиация қызметінің және Шекара қызметінің теңіз бөлімшелері әскери қызметшілерінің жеңдегі белгілерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2017 жылғы 17 шілдедегі № 48/қе бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15503 болып тіркелген).

      7. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полициясы органдары әскери қызметшілері арнайы киімінің және айырым белгісінің үлгісін, түсін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2017 жылғы 15 наурыздағы № 13/қбп бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 12 ақпандағы № 5/қбп бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20051 болып тіркелген).

      8. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі академиясының кеуде белгілерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2016 жылғы 24 маусымдағы № 54 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2021 жылғы 14 сәуірдегі № 37/қе бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22564 болып тіркелген).

      9. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2021 жылғы 15 қазандағы № 104/қе бұйрығымен бекітілген өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының кейбір бұйрықтары тізбесінің 2-тармағы және 1-қосымшасы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24831 болып тіркелген).

      10. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясын бітіргені туралы белгілерінің және ішкі ведомстволық айырым реквизиттерінің сипаттамалары мен нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 26 тамыздағы № 271 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022 жылғы 17 қарашадағы № 81/қе бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30657 болып тіркелген).

      _____________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады