"Фильмді ұлттық деп тану қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы 5 қазандағы № 109 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 180 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 27 шілдеде № 14005 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 96 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 10.04.2019 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы "Мәдениет туралы" Заңының 28-1-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Фильмді ұлттық деп тану қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы 5 қазандағы № 109 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6613 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2010 жылғы 30 қарашада № 506-512 (26355) болып жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Фильмді ұлттық деп тану қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "1. Қоса беріліп отырған Фильмді ұлттық деп тану қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Фильмді ұлттық деп тану қағидасында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Фильмді ұлттық деп тану қағидалары";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "1. Осы фильмді ұлттық деп тану Қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы" 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 28-1-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында фильмді ұлттық деп тану тәртібін айқындайды.";

      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Қазақстан Республикасының азаматы және (немесе) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген заңды тұлға (бұдан әрі – өтініш иесі) фильмнің продюсерлері болып табылса;":

      4-тармақта:

      бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Фильмді ұлттық деп тану үшін өтініш иесі мәдениет саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) келесі құжаттарды мемлекеттік немесе орыс тілдерінде тапсырады:";

      1) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) уәкілетті органның басшысының атына фильмді ұлттық деп тануға еркін нысандағы өтініш. Өтініште міндетті түрде мынадай мәліметтер көрсетіледі:";

      1) тармақшасының он бесіншісі абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "өтініш берген күн және өтініш берушінің қолы;";

      4) тармақшасының абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) заңды тұлғаның – продюсердің мемлекеттік тіркеуі (қайта тіркеу) туралы куәлігінің* немесе анықтамасының және оның құрылтай құжаттарының көшірмелері немесе жеке тұлға – продюсердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;";

      5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Осы Қағидаларының 4-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттар, уәкілетті органға түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Егер құжаттар осы Қағидаларының 4-тармағына сәйкес келмеген жағдайда, құжаттар қаралмастан, уәкілетті органға келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіге қайта қайтарылады.

      6. Ұсынылған құжаттарды қарастыру үшін уәкілетті орган, уәкілетті органның өкілдерінен және кинематография саласындағы мамандардан тұратын комиссия құрады. Комиссия төрағадан, комиссия мүшелерінен және хатшысынан тұрады.

      Комиссияның шешімі оның отырысына қатысқан комиссия мүшелері мен төрағасының жалпы санының көпшілік дауысымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      Комиссия хатшысы дауыс беру құқығына ие болмайды.

      Комиссия хаттамамен рәсімделетін фильмді ұлттық деп тану немесе фильмді ұлттық деп танудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      7. Комиссияның фильмді ұлттық деп тану туралы шешімі комиссия хаттамасының негізінде уәкілетті органның басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен рәсімделеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгiленген тәртiпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде төлнұсқасына толық сәйкес келетін оның графикалық форматтағы көшірмелерін "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жолдауды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электронды және қағаз түріндегі көшірмелерін ресми жариялау үшін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      4) ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      5) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Мәдениет және спорт министрі

А. Мұхамедиұлы


О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра культуры Республики Казахстан от 5 октября 2010 года № 109 "Об утверждении Правил признания фильма национальным"

Приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 27 июня 2016 года № 180. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 27 июля 2016 года № 14005. Утратил силу приказом Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 10 апреля 2019 года № 96 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратил силу приказом Министра культуры и спорта РК от 10.04.2019 № 96 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 3 статьи 28-1 Закона Республики Казахстан от 15 декабря 2006 года "О культуре" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра культуры Республики Казахстан от 5 октября 2010 года № 109 "Об утверждении Правил признания фильма национальным" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6613, опубликованный в газете "Казахстанская правда" от 7 декабря 2010 года № 331 (26392), следующие изменения:

      в заголовок внесены изменения на государственном языке, текст на русском языке не меняется;

      в пункт 1 внесены изменения на государственном языке, текст на русском языке не меняется;

      в Правилах признания фильма национальным, утвержденных указанным приказом:

      в заголовок внесены изменения на государственном языке, текст на русском языке не меняется;

      в пункт 1 внесены изменения на государственном языке, текст на русском языке не меняется;

      подпункт 3) пункта 2 изложить в следующей редакции:

      "3) продюсерами фильма являются гражданин Республики Казахстан и (или) юридическое лицо (далее – заявитель), в установленном порядке зарегистрированное на территории Республики Казахстан;";

      в пункте 4:

      абзац первый изложить в следующей редакции:

      "4. Для признания фильма национальным заявитель представляет в уполномоченный орган в области культуры (далее – уполномоченный орган) следующие документы на государственном или русском языках:";

      абзац первый подпункта 1) изложить в следующей редакции:

      "1) в произвольной форме заявление на признание фильма национальным на имя руководителя уполномоченного органа. В заявлении в обязательном порядке указываются следующие сведения:";

      абзац пятнадцатый подпункта 1) изложить в следующей редакции:

      "дата подачи заявления и подпись заявителя;";

      абзац первый подпункта 4) изложить в следующей редакции:

      "4) копии свидетельства* или справки о государственной регистрации (перерегистрации) юридического лица - продюсера и его учредительных документов или копия документа, удостоверяющего личность физического лица – продюсера;";

      пункты 5, 6 и 7 изложить в следующей редакции:

      "5. Документы, представленные в соответствии с пунктом 4 настоящих Правил, подлежат рассмотрению в течение десяти рабочих дней со дня их поступления в уполномоченный орган.

      В случае если документы не соответствуют пункту 4 настоящих Правил, документы возвращаются заявителю без рассмотрения в течение трех рабочих дней со дня их поступления в уполномоченный орган.

      6. Для рассмотрения представленных документов уполномоченным органом создается комиссия, которая формируется из представителей уполномоченного органа и специалистов в отрасли кинематографии. Комиссия состоит из председателя, членов и секретаря комиссии.

      Решение комиссии принимается открытым голосованием и считается принятым, если подано большинство голосов от общего количества присутствующих членов и председателя комиссии. В случае равенства голосов принятым считается решение, за которое проголосовал председатель комиссии.

      Секретарь комиссии право голоса не имеет.

      Комиссия принимает решение о признании фильма национальным или об отказе в признании фильма национальным, которое оформляется протоколом.

      7. Решение комиссии о признании фильма национальным оформляется приказом руководителя уполномоченного органа или лица, исполняющего его обязанности, на основании протокола комиссии.".

      2. Департаменту по делам культуры и искусства Министерства культуры и спорта Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа направление его копий в графическом формате в полном соответствии с подлинником для официального опубликования в информационно-правовой системе "Әділет";

      3) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан" копий настоящего приказа в бумажном и электронном виде, заверенные электронной цифровой подписью лица, уполномоченного подписывать настоящий приказ, для официального опубликования, включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан, Государственный реестр нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      4) размещение настоящего приказа в течение десяти календарных дней после официального опубликования на интернет-ресурсе Министерства культуры и спорта Республики Казахстан;

      5) в течение десяти рабочих дней после исполнения мероприятий, предусмотренных настоящим пунктом, представление в Департамент юридической службы Министерства культуры и спорта Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра культуры и спорта Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр культуры и спорта


Республики Казахстан

А. Мухамедиулы