Мәдениет саласындағы кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 96 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 12 сәуірде № 18501 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 3-тармағының 2), 4) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес мәдениет саласындағы кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде оның Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Мұхамедиұлы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, қорғаныс

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2019 жылғы 10 сәуірдегі
№ 96 бұйрығына
қосымша

Мәдениет саласындағы күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Фильмді ұлттық деп тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы 5 қазандағы № 109 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6613 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2010 жылғы 30 қарашада № 506-512 (26355) болып жарияланған).

      2. "Фильмді ұлттық деп тану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы 5 қазандағы № 109 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 25 қыркүйектегі № 228 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8847 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2013 жылғы 6 қарашада № 247 (28186) болып жарияланған).

      3. "Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 155 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10164 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 6 ақпанда жарияланған).

      4. "Фильмге прокаттау куәлігінің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 366 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12460 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2016 жылғы 5 мамырда № 85 (28813) болып жарияланған).

      5. "Фильмді ұлттық деп тану қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы 5 қазандағы № 109 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 180 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14005 болып тіркелген, 2018 жылғы 9 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      6. "Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 155 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 184 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14044 болып тіркелген, 2018 жылғы 11 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      7. "Мәдениет саласындағы кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 2 наурыздағы № 53 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15223 болып тіркелген, 2017 жылғы 26 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін мәдениет саласындағы бұйрықтары тізбесінің 1-тармағы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады